Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен м

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 681 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-5-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлу үшін қажетті квота көлемінің резерві үшін экономиканың басым секторларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 25 мамырдағы
№ 685 қаулысымен  
бекітілген     

Парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлу үшін қажетті квота көлемінің резерві үшін экономиканың басым секторларының тізбесі

      1. Агроөнеркәсіп секторы.
      2. Көлік.
      3. Мұнай химиясы.
      4. Мұнай-газ секторы.
      5. Тау-кен металлургия секторы.
      6. Химия өнеркәсібі.
      7. Энергетика.