Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 788 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1127 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қылмыстық кодексiнің 42 бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығарылған сот үкіміне және қылмыстық атқару инспекциясының жолдамасына сәйкес жұмыс берушілер сотталған азаматтарды аудан аумағында көгалдандыру, жасыл көшеттерді отырғызу, көркейту, санитарлық тазалау, құрылыс, жолдарды және оның аймағын тазалау қызметтеріне тартылуын қамтамасыз етсін.

      2. Сотталғандар жазасын өтеуге аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жіберілсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Б.Жарылғаповаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                             С.Ө.Трұмов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Г.Н.Демеуова

      Д.Шүкірбаева
      Аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
      28 мамыр 2009 жыл