Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 683 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Жедел тәртiппен жүргiзiлетiн жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 149-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 1338 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 56-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шiлдедегi № 820 қаулысының 17-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат).