Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 428 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 454
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 19, 200-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларында:
1-тармақта:
1) тармақшаның үшінші және он бірінші абзацтарында "тұрғын үйге" деген сөздер "көп пәтерлі тұрғын үйге" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшада "мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін тіркегені үшін" деген сөздер "жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын бергені үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы "50 пайызын" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) заңдық талаптарды тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткіштің 25 пайызын";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтары) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мынадай ставкалар бойынша мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлеген кезде екі жұмыс күні ішінде жеделдетілген тәртіппен жүргізіледі:*
1) меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқасы) құқықтарының туындауын тіркегені үшін:
пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектілерімен), шаруашылық құрылыстарына - алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті;
көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да ұқсас объектілерімен), тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа - алым төлеген күні қолданыстағы елу есе айлық есептік көрсеткішті;
гараждарға - алым төлеген күні қолданыстағы жиырма есе айлық есептік көрсеткішті;
мыналардан тұратын тұрғын үйге жатпайтын мүліктік кешендерге (үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға):
бір объектіден - алым төлеген күні қолданыстағы елу есе айлық есептік көрсеткішті;
жеке тұрған екіден беске дейінгі объектіден - алым төлеген күні қолданыстағы елу бес есе айлық есептік көрсеткішті;
жеке тұрған алтыдан онға дейінгі объектіден - алым төлеген күні қолданыстағы алпыс есе айлық есептік көрсеткішті;
жеке тұрған оннан астам объектіден - алым төлеген күні қолданыстағы алпыс бес есе айлық есептік көрсеткішті;
2) меншік, жерді пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) - алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті;
3) ипотекалық куәлік бергені және оны кейіннен басқа иесіне беруді тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы қырық айлық есептік көрсеткішті;
4) құқық иесінің деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендірілген сипаттамасының өзгерістерін тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті;
5) опат болуы, бұзылуы нәтижесінде және құқығының ауысуына байланысты емес өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықтарының тоқтатылуын тіркегені үшін — алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті;
6) құқығының үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықтың тоқтатылуын тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүлік ипотекасының тоқтатылуын тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті;
7) олар бойынша міндеттемелер ипотекамен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша талаптардан қайтуды тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті;
8) құқықтың (құқық ауыртпалығының) немесе өзге де заңи фактілердің туындауына негіз болып табылатын шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде құқықтың немесе құқық ауыртпалығының өзгеруін тіркегені үшін — алым төлеген күні қолданыстағы қырық есе айлық есептік көрсеткішті;
9) жылжымайтын мүлікке өзге құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауыртпалықтарын тіркегені үшін - алым төлеген күні қолданыстағы қырық екі есе айлық есептік көрсеткішті құрайды.";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе: * 3-тармақта көзделген ставкалар Алматы, Ақтау, Көкшетау, Қостанай қалаларында қолданылады.".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов