Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 16 мамырдағы N 454 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 891 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 428 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 428 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тіркегенi үшiн алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 454  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 200-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тіркегенi үшiн алым ставкаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік тiркегенi үшiн нөлдiк алым ставкасы белгiленсiн:
      "1) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен мемлекеттiк органдар салық салатын (жүргізетiн) жылжымайтын мүлiкке құқық ауыртпалығын;
      2) республикалық меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган және оның аумақтық органдары үшiн мемлекеттiк меншiкке жатқызылған жылжымайтын мүлiкке құқықты;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген белгiлi бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде және мерзiмде жүргiзiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезеңмен тiркеу кезiндегi жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi.".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi