Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 1338 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 683 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 683 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 149-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларында:

      3 және 4-бағандарда:

      реттік нөмірі 1-жолда:

      1) тармақшадағы "28" және "40" деген сандар "5" және "15" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "35" және "50" деген сандар "15" және "20" деген сандармен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "14" және "20" деген сандар "4" және "8" деген сандармен ауыстырылсын;

      4) тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарындағы "35" және "50", "38" және "55", "42" және "60", "45" және "65" деген сандар тиісінше "20" және "30", "22" және "32", "30" және "40", "35" және "45" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-жолдардағы "28" және "40" деген сандар "5" және "15" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов