Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы N 1077 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "2010" деген сандар "2011" деген сандармен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "2010" деген сандар "2011" деген сандармен ауыстырылсын;
"Паспорт" деген бөлімде:
"Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаны іске асыруға Ұлттық почта операторының жарғылық капиталын ұлғайтуға республикалық бюджеттен 10,8 млрд. теңге, оның ішінде 2005 жылы - 1,4 млрд. теңге, 2006 жылы - 2,0 млрд. теңге, 2007 жылы - 2,4 млрд. теңге, 2008 жылы - 2,0 млрд. теңге, 2009 жылы - 1,0 млрд. теңге, 2010 жылы - 1,0 млрд. теңге, 2011 жылы - 1,0 млрд. теңге мөлшерінде қаражат қажет. 2005 - 2011 жылдарға болжамды қаржы шығыстарын нақтылау тиісті кезеңге арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады";
"Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже" деген жолда:
үшінші және төртінші сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын:
"2011 жылдың соңына дейін мерзімді басылымдарға жазылуды 1,9 есеге, хаттар мен бандерольдерді жеткізуді - 4,7 есеге, сәлемдемелерді жіберуді - 3 есеге ұлғайту жоспарланып отыр. 2011 жылдың аяғына дейін компанияның таза кірісін шамамен 4 есеге, еңбек өнімділігін - 2,8 есеге, ал айлық орташа жалақыны - 4,2 есеге ұлғайту болжануда.";
мынадай мазмұндағы бесінші сөйлеммен толықтырылсын:
"2011 жылдың соңына дейін құрылыс есебінен өзінің почта байланысы желілерін көбейту арқылы ауылдық жерлерде почта байланысы бөлімшелерін күрделі және техникалық жайластыру деңгейі 25,7 %-ға; ауылдық жерлерде Интернетке қоғамдық қолжеткізу пункттерінің желісі 142 бірлікке; жоғары сапалы деңгейде көрсетілетін почта-қаржы қызметтерінің кеңейтілген түр-түрімен ауыл тұрғындарын қамту 2 есеге артады";
"Ұлттық почта операторының материалдық-техникалық базасын жаңғырту және жаңаша технологияларды енгізу" деген 5.1-кіші бөлімде:
бірінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осыған байланысты 2005 - 2011 жылдар ішінде перспективалы ауылдық почта байланысы бөлімшелері қазіргі заманғы почта жабдықтарымен, көлік құралдарымен жабдықталатын болады, почта байланысы бөлімшелерін салу, күрделі жөндеу жүргізу және техникалық нығайтуды жүргізу жоспарлануда.";
"Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Осылайша, 2005 - 2011 жылдары республикалық бюджеттен берілетін қаражат есебінен Ұлттық почта операторының жарғылық капиталын қосымша 10,8 млрд. теңгеге, оның ішінде 2005 жылы - 1,4 млрд. теңгеге, 2006 жылы - 2,0 млрд. теңгеге, 2007 жылы - 2,4 млрд. теңгеге, 2008 жылы - 2,0 млрд. теңгеге, 2009 жылы - 1,0 млрд. теңгеге, 2010 жылы - 1,0 млрд. теңгеге, 2011 жылы - 1,0 млрд. теңгеге ұлғайту талап етіледі. 2005 - 2011 жылдарға арналған болжамды қаржы шығыстарын нақтылау тиісті кезеңге арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Тартылған қаржы көздері мынадай іс-шараларды іске асыруға бағытталатын болады (2-кесте).";
"Инвестиция бағыттары" деген 2-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
" 2-кесте
Инвестиция бағыттары
млрд. теңге
Іс-шаралар атауы |
Қолданыстағы бюджеттік бағдарлама 2004 ж. |
Жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар, барлығы |
Оның ішінде жылдар бойынша |
||||||
2005ж. |
2006ж. |
2007ж. |
2008ж. |
2009ж. |
2010ж. |
2011ж. |
|||
1. Инфрақұрылымды дамыту: |
|||||||||
ауылдық жерлерде |
0,4 |
6,83 |
0,73 |
1,10 |
2,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
|
қалаларда |
2,04 |
0,33 |
0,61 |
1,10 |
|||||
2. Магистральды тасымалдау жүйесін жетілдіру |
1,02 |
0,05 |
0,06 |
091 |
|||||
3. Почта-жинақтау қызметін дамыту |
0,88 |
0,33 |
0,2 |
0,35 |
|||||
Жиыны: |
0,4 |
10,77 |
1,44 |
1,97 |
2,36 |
2,00 |
1,00 |
1,00 |
1,00 |
";
"Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер" деген 7-бөлімде:
екінші абзацтағы "3 рет" деген сөздер "4 ретке дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мерзімді басылымға жазылуды 1,7 есеге немесе жыл сайынғы өсуді орташа 5-10 % қамтамасыз етіп, қосымша 84,7 млн. данаға, хаттар мен бандерольдарды жеткізуді - 4 есеге немесе жыл сайын орташа есеппен 15% өсіріп, 48,1 млн. бірлікке, сәлемдемелер жіберуді - 3 есеге (жыл сайын орташа есеппен 11%) немесе 2,4 млн. бірлікке өсіру";
оныншы абзацта:
"4,3 есе - 564,7 млн. теңгеге", "26 %", "3,9 есе", "55,4 мың теңгеге" деген сөздер тиісінше "4 есеге - 606,8 млн. теңгеге дейін", "25 %", "4,2 есеге", "59,1 мың теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
"почта байланысы бөлімшелерін салу есебінен өзінің почта байланысы желісін көбейту арқылы ауылдық жерлерде почта байланысы бөлімшелерін күрделі және техникалық жайластыру деңгейін 25,7 %-ға көтеру; ауылдық жерлерде Интернетке қоғамдық қолжеткізу пункттерінің желісін 142 бірлікке кеңейту; жоғары сапалы деңгейде көрсетілетін почта-қаржы қызметтерінің кеңейтілген түр-түрімен ауыл тұрғындарын қамтуды 2 есеге арттыру.";
"Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
"Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдық жерлерде почта-жинақтау жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар" деген 1.2-кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1.2.8, 1.2.9-жолдармен толықтырылсын:
"
1.2.8 |
142 АПББ жиһазбен қамтамасыз ету |
АБА-ға ақпарат ұсыну |
"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша) |
2008ж. |
80,8 |
Республикалық бюджет |
1.2.9 |
Құрылыс пен техникалық бекемдеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау: 2008 жылы - |
АБА-ға ақпарат ұсыну |
"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша) |
|
|
Республикалық бюджет |
2009 жылы - 88 АПББ; |
2009 ж. II тоқсан |
1 000,0 |
||||
2010 жылы - 82 АПББ; |
2010 ж. |
1 000,0 |
||||
2011 жылы - 82 АПББ |
2011ж. |
1 000,0 |
"; "Почта-жинақтау қызметтерін дамыту бойынша іс-шаралар" деген 1.5-кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1.5.6, 1.5.7, 1.5.8-жолдармен толықтырылсын:
"
1.5.6 |
142 жиынтық мөлшерінде компьютерлік техника сатып алу |
АБА-ға ақпарат ұсыну |
"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша) |
2008ж. |
124,7 |
Республикалық бюджет |
1.5.7 |
Саны 142 бірлік телекоммуникациялық жабдық сатып алу |
АБА-ға ақпарат ұсыну |
"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша) |
2008ж. IV тоқсан - 2009ж. III тоқсан |
181,7 |
Республикалық бюджет |
1.5.8 |
АПББ үшін саны 142 бірлік "Қазпочта" АҚ қоғамдық қол жеткізу пунктін басқару жүйесін орнату |
АБА-ға ақпарат ұсыну |
"Қазпочта" АҚ (келісім бойынша) |
2008ж. IV тоқсан - 2009ж. III тоқсан |
14,2 |
Республикалық бюджет |
";
"
Барлық қаражат (млн. теңге), соның ішінде |
5778,4 |
|||||
2005 жылы |
1444,7 |
|||||
2006 жылы |
1971,7 |
|||||
2007 жылы |
2362,0 |
";
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Барлық қаражат (млн. теңге), соның ішінде |
10778,4 |
|||||
2005 жылы |
1444,7 |
|||||
2006 жылы |
1971,7 |
|||||
2007 жылы |
2362,0 |
|||||
2008 жылы |
2 000,0 |
|||||
2009 жылы |
1 000,0 |
|||||
2010 жылы |
1 000,0 |
|||||
2011 жылы |
1 000,0 |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов