Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 1143 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 45
Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2006 жылғы 13 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында қабылдаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға (бұдан әрі - Конвенция және хаттама) қол қойылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Бірғаным Сарықызы Әйтімоваға Конвенцияға және хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев