Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы N 561 Қаулысы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 32-бабы 15) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылы 31 наурыздағы N 101  бұйрығын
(Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 3547 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған N 14 2005 ж. мамыр, 62-құжат), "Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылы 31 наурыздағы N 101  бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 36  Бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 4069 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы Ережеде:

      8-тармақтағы "11" деген цифр "7" деген цифрмен ауыстырылсын;

      8-1 тармақ алып тасталынсын.

      2. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                        З. Балиева