Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 және 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 1230 қаулыларына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы N 176 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) (Ескерту. 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 1230 қаулысында :
      2-тармақтың 1) тармақшасында "өз кесiмдерiн" деген сөздердiң алдынан "бекiтiлген штат санының лимитi шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі