Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 8 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 25.07.2013 № 365 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Банктердің және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық қызметі органдарымен өзара қарым-қатынасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5439 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 13 (1436) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      барлық мәтін бойынша «сыйақы ретінде танылуын», «тануды» деген сөздерден кейін «мұндай сыйақыны есептеуді тоқтата тұру жолымен» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Б. Жәмішев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банк Төрағасы
      ____________________
      2010 жыл 12 қаңтар