Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы N 783 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1349 Қаулысымен.

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына  және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне "Tabani Corporation" компаниясының пайдасына шығарылған Астана қаласы сотының 2005 жылғы 17 мамырдағы қосымша шешімін орындауға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резервінен 1333950 (бір миллион үш жүз отыз үш мың тоғыз жүз елу) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов