Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі N 431 және 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 шілде N 1040. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1349 қаулысымен (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі)

      "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 359 U000359_ Жарлығын іске асыру мақсатында:
      1. Орталық атқарушы органдардың басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 359 Жарлығымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - Жоспар) белгіленген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және тоқсан сайын, есептік тоқсанынан кейінгі айдың 5-ші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігіне Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат беріп отырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі

 

агенттігі есептік тоқсанынан кейінгі айдың 10-ыншы күнінен кешіктірмей

Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы

жиынтық ақпарат беріп отырсын.

     3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.А. Өтембаевқа жүктелсін.


     Премьер-Министр



  Оқығандар:

Қобдалиева Н.М.

Орынбекова Д.К.