Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардың үлгiлiк жарғысы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 1382 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 852 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасында құрылысты қаржыландыру мен несиелеудiң тәртiбi мен шарттарының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      1. "Құрылысты қаржыландыру мен кредиттеудiң Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 қыркүйектегi N 864 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 37, 432-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 қыркүйектегi N 864 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 желтоқсандағы N 1213 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 47, 570-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр қаулыларына өзгерiстер енгiзу және кейбiр қаулыларының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 9 маусымдағы N 809 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 20, 233-құжат).
 

     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

       мiндетiн атқарушы