Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру ережесiн және қолайсыз табиғат құбылысы фактiсi бойынша з

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы N 1010 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 648 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға  368-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 1-жолының 5-бағанында "корпоративтiк желiмен басқару үшiн серверлер," деген сөздерден кейiн "ведомство дерекқорының серверi үшiн процессор мен жад," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер" деген 7-тармақтың бiрiншi абзацында:
      "корпоративтiк желiмен басқару үшiн сервер - 1 бiрлiк," деген сөздерден кейiн "ведомство дерекқорының серверi үшiн процессор мен жад 1 жиынтық," деген сөздермен толықтырылсын;
      "қолданушылардың жұмыс станциялары" деген сөздерден кейiн "417" деген сандар "567" деген сандармен ауыстырылсын;
      "iркілсiз жұмыс iстеу көздері" деген сөздерден кейiн "417" деген сандар "567" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі