Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 648 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру ережесiн және қолайсыз табиғат құбылысы фактiсi бойынша зерттеу актiсiнiң нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1010 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 431-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1010 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану  туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 425 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 266-құжат).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов