Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1010 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 425 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 648 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 648 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптар көлемін айқындау үшін комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру ережесін және қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бойынша зерттеу актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1010 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 431-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптар көлемін айқындау үшін комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру ережесінде:
      2-тармақтың жетінші абзацында, 10-тармақтың екінші абзацында және 13-тармақта «сақтандырушымен», «сақтандырушының», «сақтандырушы» деген сөздерден кейін «немесе өзара сақтандыру қоғамымен», «немесе өзара сақтандыру қоғамының», «немесе өзара сақтандыру қоғамы» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «агент - жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдингтің құрамына кіретін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;
      қолайсыз табиғат құбылысының фактісі бойынша зерттеу актісі (бұдан әрі - зерттеу актісі) — Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңында талаптар көзделген, егістің ішінара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат;»;
      төртінші абзацтағы «(Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және оның аумақтық органдары)» деген сөздер алып тасталсын;
      бесінші абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы - өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға.»;
      5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органның, өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, агенттің, сақтанушының, сақтандырушының немесе өзара сақтандыру қоғамының өкілдері кіреді.»;
      6-тармақтың бірінші абзацындағы «статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, агентке, сақтандырушы мен сақтанушыға» деген сөздер «агентке, сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы мен сақтанушыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      «12-1. Комиссия мүшелерінің үштен екі бөлігінің қолдары болған кезде зерттеу актісі қабылданған болып есептеледі.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бойынша зерттеу актісінің нысанында:
      «Комиссия мүшелері» деген жолда:
      «1.______________________________________________» деген тармақ
      (статистика жөніндегі уәкілетті орган өкілінің Т.А.Ә.)
алып тасталсын;
      3-тармақтағы «сақтандырушы» деген сөзден кейін «немесе өзара сақтандыру қоғамы» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
      1) «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға арналған бюджеттік қаражаттарды басқару үшін агентті анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 997 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 35, 467-құжат);
      2) «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 43, 475-құжат).
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов