Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптарының көлемін айқындау үшін комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру қағидаларын және қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бой

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 9-2/175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10683 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 321 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.10.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарының көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру қағидалары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бойынша зерттеп-қарау актісінің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің


міндетін атқарушы

С. Омаров


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 9-2/175 бұйрығына
1-қосымша

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы
органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк
алқаптарының көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның
жұмысын ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарының көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзiрлендi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарының көлемiн айқындау үшiн комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

      1) агент - жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдингтің құрамына кіретін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;

      2) қолайсыз табиғат құбылысының фактісі бойынша зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі - зерттеп-қарау актісі) Заңда талаптары көзделген, егістің ішінара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат;

      3) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын өсiмдiк шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      4) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;

      5) сақтанушы - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және сақтандырушымен немесе өзара сақтандыру қоғамымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан тұлға;

      6) өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы - өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға.

2. Қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк
алқаптарының көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның
жұмысын ұйымдастыру тәртiбi

      3. Сақтанушыдан комиссия құру туралы өтiнiш алған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы өтiнiштi комиссия құру туралы өтiнiштердi тiркеу журналына тiркейдi.

      Өтiнiштiң көшiрмесi қабылданған күнi мен кiрiс нөмiрi белгiсiмен сақтанушыға қайтарылады.

      4. Сақтанушыдан өтiнiш алынған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарының көлемiн айқындау үшiн комиссия құрылады.

      5. Комиссияның құрамы, оның төрағасы және хатшысы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен айқындалады.

      Комиссияның құрамына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, агенттiң, сақтандырушының немесе қоғамның және сақтанушының өкiлдерi кiредi.

      6. Комиссия құру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы бір жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органға, агентке, сақтандырушыға немесе қоғамға және сақтанушыға комиссияның жұмысын ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiбередi.

      Хабарламада сақтанушының мекен-жайы, оның өтiнiшiн тiркеу нөмiрi мен күнi, сақтанушының өтiнiшiнде көрсетiлген қолайсыз табиғат құбылысының түрi, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi қаулысының нөмiрi мен күнi, сондай-ақ қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарды байқап қарауды жүргiзу күнi, мерзiмi және орны көрсетiледi.

      Комиссияның зерттеп-қарау үшiн шығу мерзiмi комиссия құру туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнінен кешiктiрiлмей белгiленедi. Сақтанушыны қоспағанда, комиссия мүшелерiнiң қандай да бiрi оларды тиiстi түрде хабардар еткенде болмаған кезде комиссия зерттеп-қараудi жүргiзедi және комиссия хатшысы комиссия мүшесiнiң болмауы фактiсiн зерттеп-қарау актiсiнде белгiлейдi.

      7. Қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптарды зерттеп-қарау кезiнде сақтанушы комиссияға:

      1) егiстiктердің картасын (схемасын);

      2) Заңның 5-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша қолайсыз табиғат құбылысының болуы фактiсiн растайтын гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне сәйкес қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасын (бұдан әрі - анықтама) (егiске ұзақ мерзiмдi қолайсыз табиғат құбылысының әсерi жағдайында);

      3) гидрометеорологиялық қызмет органына және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органға берілген өзiне қабылданған күні туралы белгiсi бар анықтама беру туралы өтiнiштiң көшiрмесiн (егiске қысқа мерзiмдi қолайсыз табиғат құбылысының әсерi жағдайында) ұсынады.

      8. Комиссия сақтанушы мәлiмдеген егiстiк алқабын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 316 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерінің тізімінде № 4707 болып тіркелген) бекітілген Егiстiктің жойылған алқаптарын анықтау әдiстемесi бойынша зерттеп қарайды және зерттеп-қарау нәтижелерi бойынша өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң: толық немесе iшiнара жойылу дәрежесiн айқындайды.

      9. Комиссия зерттеу нәтижелерi бойынша зерттеу күнi қолайсыз табиғат құбылысының әрбiр фактiсi жеке немесе олардың жиынтығы және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрi бойынша үш данада зерттеп-қарау актiсiн жасайды.

      Зерттеп-қарау актiсiне барлық комиссия мүшелерi қол қояды, содан кейiн агенттiң, сақтандырушының немесе өзара сақтандыру қоғамының және сақтанушының өкiлдерiне берiледi.

      Егер комиссия мүшелерiнiң бipeуi қабылданған шешiмге келiспеген және зерттеп-қарау актiсiне қол қоймаған жағдайда, ол комиссияға өзiнiң бас тарту себептерiн жазбаша нысанда ұсынуға және оларды зерттеп-қарау актiсiне қоса беруге міндетті.

      10. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының өкiлi - комиссия хатшысы зерттеп-қарау актiсiн жасауға жауапты болып табылады.

      11. Комиссия мүшелерінің үштен екі бөлігінің қолдары болған кезде зерттеп-қарау актісі қабылданған болып есептеледі.

      12. Сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы зерттеп-қарау актiсiн сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн есептеу кезiнде қолданады.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 9-2/175 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Қолайсыз табиғат құбылысы фактісі бойынша зерттеп-қарау актісі

      20___жылғы "__" _________

      ____________________ облысы

      ____________________ ауданы

      ____________________ауылы (елді мекен)

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      өтініші бойынша құрылған және _______________ ауданы (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің 20 ___ жылғы "__"________№ ________ қаулысының негізінде жұмыс істейтін мынадай құрамдағы комиссия:

      1. Комиссияның төрағасы:

      _____________________________________________________________________

      (ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы

      өкілінің Т.А.Ә.)

      2. Комиссияның хатшысы:

      _____________________________________________________________________

      (ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган

      өкілінің Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері:

      1.___________________________________________________________________

      (агент өкілінің Т.А.Ә.)

      2.___________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың

      жергілікті атқарушы органы немесе ауданның (облыстық маңызы бар

      қаланың) жергілікті атқарушы органы өкілінің Т.А.Ә.)

      3.___________________________________________________________________

      (сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы өкілінің Т.А.Ә.)

      4.___________________________________________________________________

      (сақтанушы өкілінің Т.А.Ә.)

      ___________________________________ облысы ___________________ ауданы

      ___________________ауылдық округінде орналасқан _____________________

      (сақтанушының атауы)

      __________________________________ егістік алқапты зерттеуді жүргізді

      (өсімдік шаруашылығы өнімінің түрі)

      және мынаны анықтады:

      Өсімдік шаруашылығындағы 20___жылғы "__"_________№_______ міндетті

      сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған егістік алқап _________

      гектарды құрайды ___________________________ 1 гектарына _____ теңге

      (өсімдік шаруашылығы өнімінің түрі)

      нормативі бойынша сақтандырылды

р/с

Алқап №

Іс жүзінде сақтандырылған алқап, гектар

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының № және жасалған күні

Қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптардың көлемі, гектар

Егістердің толық немесе ішінара жойылуын айқындай отырып, қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған егістік алқаптардың жай-күйін сипаттау

1






...







Барлығы






      Тұжырым:_____________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: _______________ ________________

      (қолы) (күні)

      Комиссия мүшелері:

      _______________ ________________

      (қолы) (күні)

      _______________ ________________

      (қолы) (күні)

      _______________ ________________

      (қолы) (күні)

      _______________ ________________

      (қолы) (күні)

      Комиссия хатшысы _______________ ________________

      (қолы) (күні)

      Ауданның (облыстық маңызы

      бар қаланың) жергілікті

      атқарушы органы мөрінің орны