Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 маусымдағы N 197к қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi  Заңына және "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 16 маусымдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1-тармақта:
      "152" деген сандардан кейiн "152-1" деген сандармен толықтырылсын;
      "161" деген сандардан кейiн "161-1" деген сандармен толықтырылсын;
      "268" деген сандардан кейiн "268-1" деген сандармен толықтырылсын;
      "274" деген сандардан кейiн "274-1" деген сандармен толықтырылсын;
      "290" деген сандардан кейiн "290-1, 290-2" деген сандармен толықтырылсын;
      "291" деген сандардан кейін "291-1, 291-2" деген сандармен толықтырылсын;
      "322" деген сандардан кейiн "322-1" деген сандармен толықтырылсын;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгі бойынша:
      көрсетілген қаулыға  1-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 740684 мың теңге (жетi жүз қырық миллион алты жүз сексен төрт мың теңге).";
      2-тармақта "2002 жылғы 11 ақпандағы N 806" деген сөздер "2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "339" деген сандар "355" деген сандармен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  33-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 7508401 мың теңге (жеті миллиард бес жүз сегіз миллион төрт жүз бip мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 4-жолда:
      "Сыртқы iстер министрлігі орталық аппаратын" деген сөздерден кейiн "және шетелдiк мекемелерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      "293" деген сандар "318" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "- офистік жабдық сатып алу - 100 бiрлiк.";
      7-бағанда "Сыртқы iстер министрлігі" деген сөздерден кейiн "мен шетелдiк мекемелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  34-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1588665 мың теңге (бip миллиард бес жүз сексен сегiз миллион алты жүз алпыс бес мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 2-жолда мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "жарналарды" деген сөз "және ерiктi қаржы жарналарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  35-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 193082 мың теңге (бір жүз тоқсан үш миллион сексен екi мың теңге).";
      көрсетiлген қаулыға  36-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 2560190 мың теңге (екі миллиард бес жүз алпыс миллион бiр жүз тоқсан мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "381,75" деген сандар "98,75" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  37-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 571906 мың теңге (бес жүз жетпiс бір миллион тоғыз жүз алты мың теңге).";
      көрсетiлген қаулыға  41-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1950676 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз елу миллион алты жүз жетпiс алты мың теңге).";
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бойынша: көрсетілген қаулыға  46-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 6123095 мың теңге (алты миллиард бір жүз жиырма үш миллион тоқсан бес мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 2-жолда "байланыс кешенiн (автоматты электронды коммутаторды, ҚТ диапазонының жабдығын, ақпарат беру құрылғылары кешенiмен УҚТ диапазонының радиостанцияларын) - 1 жинақ;" деген сөздерден кейiн "тренажерлердi - 34 дана" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулыға  49-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 3067341 мың теңге (үш миллиард алпыс жетi миллион үш жүз қырық бір мың теңге).";
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша:
      көрсетілген қаулыға  54-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 4953765 мың теңге (төрт миллиард тоғыз жүз елу үш миллион жеті жүз алпыс бес мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 2-жолда "388" деген сандар "400" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмiрi 5-жолда "33" деген сандар "45" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  59-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 7095962 мың теңге (жеті миллиард тоқсан бес миллион тоғыз жүз алпыс екі мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттік нөмiрi 3-жолдың екiншi абзацында "7950-7970", "1265-1275", "10650-10670" деген сандар тиiсiнше "8901-8921", "1452-1462", "13738-13758" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "11 асыл тұқымды мал шаруашылығының 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан республикалық және жергiлiктi бюджеттер алдындағы салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiн өтеу.";
      көрсетілген қаулыға  62-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 2120203 мың теңге (екі миллиард бiр жүз жиырма миллион екi жүз үш мың теңге).";
      4-тармақтың мемлекеттiк тiлдегі мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң және ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу жөніндегі өнеркәсiптiң тиiмдiлігін арттыру.";
      5-тармақтың мемлекеттiк тілдегі мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң және ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындардың мемлекеттiк қаржы қаражатына қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және оларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру.";
      көрсетiлген қаулыға  66-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 66303 мың теңге (алпыс алты миллион үш жүз үш мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттік нөмiрi 2-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Импреджило" фирмасына кешiктiрiлген төлемдер бойынша пайыздарды төлеу.";
      көрсетiлген қаулыға  67-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 52624 мың теңге (елу екi миллион алты жүз жиырма төрт мың теңге).";
      көрсетiлген қаулыға  68-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 5638 мың теңге (бec миллион алты жүз отыз сегіз мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 2-жолының 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Екiншi жарты жылдықтан бастап";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "III тоқсан";
      көрсетiлген қаулыға  73-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 773035 мың теңге (жетi жүз жетпiс үш миллион отыз бес мың теңге).";
      көрсетiлген қаулыға  74-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1394305 мың теңге (бір миллиард үш жүз тоқсан төрт миллион үш жүз бес мың теңге).";
      көрсетілген қаулыға  75-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 3144466 мың теңге (үш миллиард бiр жүз қырық төрт миллион төрт жүз алпыс алты мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      peттік нөмiрi 2-жолда:
      в) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Арнасай бөгетінiң төменгі беткейiн нығайту;";
      мынадай мазмұндағы ж), з) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "ж) Қызылорда қаласының қорғау қоғандарын күшейту: қорғау қоғандарының беткейiн нығайту; бар қоғандарды қайта жаңарту;
      з) Қызылқұм каналында айналма реттеуіш салу: су тастау құрылысын салу;";
      реттік нөмiрi 3-жолда:
      мынадай мазмұндағы н) тармақшасымен толықтырылсын:
      "н) Yш автомобиль, ұйымдастыру техникасын және жиhаз сатып алуға арналған келiсiм-шарттар құнының бір бөлігіне ақы төлеу;";
      7-тармақта "20" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  76-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 627402 мың теңге (алты жүз жиырма жетi миллион төрт жүз екi мың теңге).";
      көрсетiлген қаулыға  79-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 388 мың теңге (үш жүз сексен сегiз мың теңге).";
      2-тармақ ", "Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшiн қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын әзiрлеу және жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 наурыздағы N 264  қаулысы " деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  81-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 28365 мың теңге (жиырма сегіз миллион үш жүз алпыс бес мың теңге).";
      көрсетілген қаулыға  85-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 16201 мың теңге (он алты миллион екі жүз бір мың теңге).";
      көрсетілген қаулыға  87-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 368775 мың теңге (үш жүз алпыс сегіз миллион жетi жүз жетпiс бес мың теңге).";
      көрсетiлген қаулыға  90-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 8533 мың теңге (сегіз миллион бес жүз отыз үш мың теңге).";
      2-тармақ ", "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы "Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерiн көбейту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 1 сәуiрдегi  Заңы " деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулыға  93-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 55906 мың теңге (елу бес миллион тоғыз жүз алты мың теңге).";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Заңнамада белгiленген тракторист-машинистің жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру, сондай-ақ тракторлардың және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердің, арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздігінен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердiң жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру жөнiндегі мемлекеттiк функцияларды қамтамасыз ету.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздігінен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi жол қозғалысына қатысуға мемлекеттік тіркеу үшiн тіркеу нөмiрi белгiлерiн, техникалық паспорттарды және тракторист-машинистердiң куәлігін жасауды ұйымдастыру.";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тракторшы-машинистердiң Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекiткен нысан бойынша үлгілерге сәйкес келетiн куәлiктерiнiң 25 000 бiрлігін сатып алу.";
      көрсетiлген қаулыға  96-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 79796 мың теңге (жетпiс тоғыз миллион жетi жүз тоқсан алты мың теңге).";
      2-тармақ ", "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiздеу" салалық жобасын қаржыландыру үшін Азия Даму Банкiнiң қарызын тарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 54  қаулысы " деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттік нөмiрi 2-жолда:
      1) тармақшада "6, 9" деген сандар тиiсiнше "5, 3" деген сандармен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "1%" деген сөздер "0,5%" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  97-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 142692 мың теңге (бір жүз қырық екі миллион алты жүз тоқсан екi мың теңге).";
      2-тармақ ", "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ислам Даму Банкi арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшiн қарыз туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 мамырдағы  Заңы " деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  100-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 4374 мың теңге (төрт миллион үш жүз жетпiс төрт мың теңге).";
      көрсетілген қаулыға 102-қосымша алынып тасталсын;
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  113-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1736 мың теңге (бiр миллион жетi жүз отыз алты мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "10" деген сандар "20" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға  115-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 4666862 мың теңге (төрт миллиард алты жүз алпыс алты миллион сегіз жүз алпыс екі мың теңге).";
      көрсетілген қаулыға  118-қосымшада :
      бағдарламаның атауында және 6-тармақ кестесiнiң 4-бағанында peттік нөмiрi 1-жолда "жұмыс icтеуi" деген сөздер "қызметi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  123-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 31609259 мың теңге (отыз бiр миллиард алты жүз тоғыз миллион екi жүз елу тоғыз мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 2-жолда "10 964 235", "5 069 718", "1 307 376", "674 023", "109 895", "281 974", "241 484", "4 342 474", "2 159 321", "2 183 153", "244 667" деген сандар тиiсiнше"9 891 414", "4 573 660", "1 179 453", "608 072", "99 142", "254 384", "217 855", "3 917 574", "1 948 037", "1 969 537", "220 727" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 3-жолда "13 238 320", "815 643", "943 970", "6 331 325", "1 000 000", "215 544", "152 500", "87 829" деген сандар тиiсiнше "12 232 235", "661 694", "860 839", "5 562 320", "910 085", "184 238", "113 545", "68 175" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмiрi 4-жолда "5 071 786", "3 199 311", "510 692", "200 097", "150 219", "17 583", "45 116", "97 677", "1 299 850", "783 281", "516 569", "61 933" деген сандар тиiсiнше "8 575 525", "6 886 267", "460 722", "180 518", "135 521", "15 862", "40 701", "88 120", "1 172 663", "706 639", "466 024", "55 873" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға  126-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 14397941 мың теңге (он төрт миллиард үш жүз тоқсан жеті миллион тоғыз жүз қырық бiр мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 2-жолда "9758298" деген сандар "9723145" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 4-жолда "3170216" деген сандар "3158796" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  127-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 2357240 мың теңге (екi миллиард үш жүз елу жетi миллион екi жүз қырық мың теңге).";
      көрсетілген қаулыға  129-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 121200 мың теңге (бiр жүз жиырма бiр миллион екi жүз мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "1 тақырып бойынша аэроғарыш саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу.";
      7-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы жабынның құлау себептерiнiң түпкiлiктi келiсiлген нұсқасын қабылдау үшін аэроғарыш саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу - 1 есеп";
      көрсетiлген қаулыға  138-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 10578780 мың теңге (он миллиард бес жүз жетпiс сегіз миллион жетi жүз сексен мың теңге).";
      7-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: ", N 54, N 55, N 56 және N 57 көшелердi, Қабанбай батыр даңғылы мен N 2 көше қиылысын; Қабанбай батыр даңғылы мен N 1 көше қиылысын, "Шұбар - 3" Қазақстан Республикасы Президентiнiң резиденциясына кiреберiстiң N 2 учаскесiн салу, қайта жаңарту және жобалау; көпiр құрылысын қоса алғанда, Абай даңғылын Можайский көшесiнен және көпiрден Оңтүстік-Шығыс шағын ауданына дейiн салу (Астана қаласындағы асфальт-бетон жабылған инженерлiк желiлердiң бір бөлігін шығарып).";
      көрсетiлген қаулыға  139-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1303670 мың теңге (бір миллиард үш жүз үш миллион алты жүз жетпiс мың теңге).";
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бойынша:
      көрсетілген қаулыға  141-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 12882350 мың теңге (он екi миллиард сегіз жүз сексен екi миллион үш жүз елу мың теңге).";
      2-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: ", "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы Заңы";
      4-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі дайындық іс-шараларын жүзеге асыру.";
      5-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: "Бухгалтерлiк есептi стандарттау жөніндегі халықаралық комитет қоры мен Қаржы министрлігі арасындағы 5 жылға арналған Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын мемлекеттік тiлде жариялау құқығынан шартты түрде бас тарту туралы лицензиялық келiсiм жасасу шеңберiнде Бухгалтерлiк есептi стандарттау жөніндегі халықаралық комитет қорына қаламақы төлеу, халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын мемлекеттiк тiлге аудару.";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттік нөмiрi 2-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бухгалтерлiк есептi стандарттау жөнiндегi халықаралық комитет қоры мен Қаржы министрлігі арасындағы 5 жыл мерзiмге арналған Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын мемлекеттiк тілде жариялау құқығынан шартты түрде бас тарту туралы лицензиялық келiсiм жасасу шеңберiнде Бухгалтерлiк есепті стандарттау жөніндегі халықаралық комитет қорына қаламақы төлеу. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын мемлекеттiк тiлге аудару.";
      7-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ұйымдардың қаржылық есеп берудi жасауын қамтамасыз ету.";
      көрсетілген қаулыға  148-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1 106400 мың теңге (бiр миллиард бiр жүз алты миллион төрт жүз мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 6-бағанында "жылдың" деген сөздiң алдынан "2004" деген сандармен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  150-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 12100980 мың теңге (он екi миллиард бір жүз миллион тоғыз жүз сексен мың теңге).";
      4, 5-тармақтар "сәйкес" және "қаражат шегiнде" деген сөздерден кейiн тиiсiнше мынадай сөздермен толықтырылсын:
      ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған қарыз алушы үшiн мемлекет кепiлдiк берген қарызды мерзiмiнен бұрын өтеудi көздейтiн "Мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының  25-бабына сәйкес";
      көрсетiлген қаулыға  152-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 37548987 мың теңге (отыз жетi миллиард бес жүз қырық сегіз миллион тоғыз жүз сексен жеті мың теңге).";
      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес көрсетiлген қаулыға 152-1-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулыға  155-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 49764 мың теңге (қырық тоғыз миллион жеті жүз алпыс төрт мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2004 жылғы 20 ақпанға дейiн";
      көрсетілген қаулыға  159-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1990 мың теңге (бiр миллион тоғыз жүз тоқсан мың теңге).";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы  Заңы , "Tұрғын үй құрылыс жинақ банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуiрдегі N 364  қаулысы , "Тұрғын үй құрылыс жинақтауларына салымдар бойынша сыйлық (мемлекет сыйлығы) төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 439 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 444  қаулысы .";
      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлген қаулыға 161-1-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  162-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 9309670 мың теңге (тоғыз миллиард үш жүз тоғыз миллион алты жүз жетпiс мың теңге).";
      көрсетiлген қаулыға  163-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 134395118 мың теңге (бір жүз отыз төрт миллиард үш жүз тоқсан бес миллион бір жүз он сегіз мың теңге).";
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  165-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 184000 мың теңге (бір жүз сексен төрт миллион теңге).";
      көрсетілген қаулыға  166-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 122901 мың теңге (бір жүз жиырма екi миллион тоғыз жүз бiр мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттік нөмiрi 1-жолда:
      1) тармақшада:
      "жүйенің "Шығыстарды орта мерзiмдi болжамдау" модулін әзiрлеу" деген сөздер "жүйені дамыту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "- "Бюджеттiң шығыс бөлігінiң жобасын қалыптастыру" кiшi жүйесiн дамыту;
      - "ББӘ-нiң бюджеттік өтiнiмдерiн қалыптастыру" кiшi жүйесiн дамыту;
      - "Әкiмшiлендiру" кiшi жүйесiн дамыту және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiнде енгізу;";
      6) тармақшада:
      "компьютерлер - 100 дана" деген сөздер "компьютерлер - 50 дана, ноутбуктер - 20 дана, кондиционерлер - 2 дана" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) Министрлiктің ақпараттық жүйелерiнiң жұмыс iстеуi үшiн арнайы жабдықталған серверлiк үй-жайды дайындау жөніндегі қызметтердi сатып алу:
      - құрылымдалған кабельдiк жүйе (ҚКЖ) құру, 1 жиынтық жабдық пен шығыс материалдарын сатып алу;
      - газды өрт сөндiру жүйесiн құру, 1 жиынтық жабдық пен шығыс материалдарын сатып алу;
      - қол жетімділікті шектеу және бақылау жүйесiн құру, 1 жиынтық жабдық пен шығыс материалдарын сатып алу;
      - ауаны баптау жүйесін құру және 2 дана прецизиялық кондиционер мен шығыс материалдарын сатып алу;
      - жерге қосу контуры мен электрмен қоректендіру жүйесін (қалқандар - 5 дана) және шығыс материалдарын құру;
      - қолдан жасалған едендi орнату, әрлеу және қайта жоспарлау жұмыстары;
      - монтаждау, инсталляциялық, iске қосу-реттеу жұмыстары;
      - "Министрлiктер үйi" ғимаратының құрылымдалған кабельдiк жүйесiне қосымша жұмыс орындарын қосу;
      - электр монтаждау қызметтерiн және серверлiк жабдықты құрылымдалған кабельдiк жүйеге (ҚКЖ) қосу жөнiндегi қызметтердi алу;
      - телекоммуникациялық жабдық (концентратор - 16 дана, телекоммуникациялық дiңгек - 3 дана).";
      көрсетiлген қаулыға  169-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 10651333 мың теңге (он миллиард алты жүз елу бір миллион үш жүз отыз үш мың теңге).";
      2-тармақ ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ кестесiнiң 6-бағанында "Бiрiншi тоқсан" деген сөздер "Жыл бойы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  171-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 22156 мың теңге (жиырма екi миллион бiр жүз елу алты мың теңге).";
      2 және 5-тармақтарда "(1997 жылғы 4 шiлде)" деген сөздер "(1997 жылғы 4 маусым)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  172-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 173086 мың теңге (бiр жүз жетпiс үш миллион сексен алты мың теңге).";
      2-тармақ ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты Қазақстан халқына  Жолдауы " деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мынадай:
      - елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын таңдау және оның перспективалары;
      - iшкi және әлемдiк экономика дамуының мониторингі;
      - басқарудың бағдарламалық-мақсатты әдiсiн жетiлдiру;
      - Қазақстан экономикасының проблемаларын зерттеу;
      - стратегиялық, индикативтiк және бюджеттік жоспарлау жүйесiн жетiлдiру;
      - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі үшiн болжамдық-талдамалық жұмыстар;
      - ел экономикасының жекелеген секторларын кластерлiк дамыту перспективаларын зерттеу;
      - мемлекеттiк қызметтiң бәсекеге қабiлеттiлiгін арттыру жөніндегі және әкiмшiлiк реформалардың шетелдiк тәжiрибесiн зерттеулер;
      - өнеркәсiп салаларындағы еңбек өнiмдiлігін талдау бағыттары және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да талдамалы бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдамалық зерттеулер жүргізу.";
      көрсетiлген қаулыға  173-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1222890 мың теңге (бір миллиард екi жүз жиырма екi миллион сегіз жүз тоқсан мың теңгe).";
      7-тармақ "үрдiстерiн айқындау" деген сөздерден кейiн "және Қазақстанның бәсекелік артықшылықтарын анықтау" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 177-қосымша алынып тасталсын;
      Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  190-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 324940 мың теңге (үш жүз жиырма төрт миллион тоғыз жүз қырық мың теңге).";
      2-тармақта:
      "8, 21, 27" деген сандар "8, 12, 21, 27, 30, 35" деген сандармен ауыстырылсын;
      "; "Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305  қаулысы , "Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 20  қаулысы " деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ "; министрлiктiң бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау рәсімдерін, сондай-ақ бiлiм алушыларды аралық аттестаттауды жүргiзу бөлігіндегi функцияларын орындауын қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ "; бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау және бiлiм алушыларды аралық аттестаттау нысанында бiлiм сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 2-жолының 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын;
      "41 бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізу және мемлекеттiк аттестаттау рәсiмiн жүргізу үшiн аттестаттау комиссияларының шығындарын қаржыландыру.";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 6-жолмен толықтырылсын:
"6  101   Бiлiм беру      Бiлiм беру     Жыл    Қазақстан
          ұйымдарын       ұйымдарын      бойы   Республикасының
          мемлекеттік     мемлекеттік           Бiлiм және
          аттестаттауды   аттестаттау           ғылым
          және білiм      кезiнде               министрлігі
          алушыларды      студенттердi
          аралық          кешенді
          аттестаттауды   тестілеудi
          жүргізу кезiнде ұйымдастыру,
          бiлiм           Кешендi
          алушыларды      тестілеуге
          тестілеуді      жататын
          ұйымдастыру     студенттердiң
                          жоспарланып
                          отырған
                          контингентi -
                          11190 адам.
                          Медициналық           Бiлiм беру мен
                          мамандықтар           тестілеудің
                          бойынша               мемлекеттік
                          оқытудың              стандарттарының
                          3-курсынан            ұлттық орталығы
                          кейiн, жоғары
                          кәсіптiк
                          білiмнiң
                          басқа
                          мамандықтары
                          бойынша
                          2-курсынан
                          кейiн кешендi
                          тестілеу
                          негізiнде
                          жоғары
                          кәсiптiк
                          бiлiм беру
                          ұйымдарында
                          бiлiм
                          алушыларды
                          аралық
                          аттестаттауды
                          ұйымдастыру.
                          Аралық
                          аттестаттауға
                          жататын
                          студенттердің
                          жоспарланып
                          отырған
                          контингентi -
                          30 000 адам.                       ";

      көрсетiлген қаулыға  204-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 903924 мың теңге (тоғыз жүз үш миллион тоғыз жүз жиырма төрт мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай сөздермен толықтырылсын:
      "сканер - 2 дана; ксерокс - 7 дана; кондиционерлер - 6 дана; көлемi үлкен өсiмдiктер - 2 дана; диван - 9 дана; кресло - 24 дана; жарық беру жабдығы - 178 бiрлiк; дыбыстық техника жабдығы - 225 бiрлiк; тиiсті құрамдауыш бұйымдарымен механикалық жабдық - 675 жиынтық";
      көрсетілген қаулыға  206-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 10868336 мың теңге (он миллиард сегiз жүз алпыс сегіз миллион үш жүз отыз алты мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      peттік нөмiрi 8-жол мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      "Конкурстық iрiктеудi ақпараттық қолдау: бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулар, конкурс қорытындыларын ресми басылымдарда жариялау.";
      реттік нөмiрi 9-жолда:
      екiншi абзацта "Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінiң" деген сөздер "С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегiзiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалады;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 12-жолмен толықтырылсын:
"12  110  Жоғары оқу      Оқулық         Жыл    "С. Торайғыров
          орындары        әдебиетiн      бойы    атындағы Павлодар
          үшiн оқулық     сатып алу              мемлекеттік уни.
          әдебиетiн                              верситетi" РМҚК,
          дайындау және                          "Л.H. Гумилев
          сатып алу                              атындағы Еуразия
                                                 ұлттық уни.
                                                 верситетi "PMҚК",
                                                 "С. Сейфуллин
                                                 атындағы Қазақ
                                                 аграрлық
                                                 университетi" ААҚ,
                                                 "Қазақ ұлттық
                                                 аграрлық уни.
                                                 верситетi" РМҚК,
                                                 "Жәңгір хан
                                                 атындағы Батыс
                                                 Қазақстан аг.
                                                 рарлық-техникалық
                                                 университетi" РМҚК,
                                                 "М. Әуезов атындағы
                                                 Оңтүстiк Қазақстан
                                                 мемлекеттік уни.
                                                 верситеті" РМҚК,
                                                 "С. Аманжолов
                                                 атындағы Шығыс
                                                 Қазақстан
                                                 мемлекеттік уни.
                                                 верситетi" РМҚК,
                                                 "Д. Серiкбаев
                                                 атындағы Шығыс
                                                 Қазақстан
                                                 мемлекеттік
                                                 техникалық уни.
                                                 верситетi" РМҚК,
                                                 "Академик
                                                 Е.А.Бөкетов
                                                 атындағы
                                                 Қарағанды
                                                 мемлекеттік уни.
                                                 верситетi" РМҚК,
                                                 "М.Х.Дулати
                                                 атындағы Тараз
                                                 мемлекеттік
                                                 университеті"
                                                 РМҚК.";

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  220-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 677664 мың теңге (алты жүз жетпiс жетi миллион алты жүз алпыс төрт мың теңге).";
      5-тармақта "ғимаратына күрделi жөндеу жүргiзу" деген сөздер "ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу және мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және оған күрделi жөндеу жүргізу, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес iшкi байланысты жақсарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 5-жолда "ғимаратын күрделi жөндеу" деген сөздер "ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптама жүргiзу және оған күрделi жөндеу жүргiзу, сондай-ақ iшкi байланыс жүйелерiн жақсарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта "ғимаратын күрделi жөндеу жүргізу" деген сөздер "ғимаратының мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамадан өткен, жобалау-сметалық құжаттамасы және оған күрделi жөндеу жүргізу, сондай-ақ Iшкi байланысты жақсарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  222-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1842173 мың теңге (бiр миллиард сегіз жүз қырық екі миллион бір жүз жетпiс үш мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттік нөмiрi 2-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қарағанды мемлекеттiк медицина академиясының жатақханаларын материалдық-техникалық жарақтандыру.";
      7-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: "Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының жатақханаларын материалдық-техникалық жарақтандыру";
      көрсетiлген қаулыға  225-қосымшада :
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 7-жолда "5169,1" деген сандар "5391,3" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  229-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 4226867 мың теңге (төрт миллиард екi жүз жиырма алты миллион сегiз жүз алпыс жетi мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "Апаттар медицинасы орталығына активтер: қымбат тұратын медициналық" деген сөздерден кейiн "диагностикалық, емдеу-диагностикалық" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      "497" деген сандар "1029" деген сандармен ауыстырылсын;
      "диагностикалық," деген сөзден кейiн "емдеу-диагностикалық," деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  235-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 6838780 мың теңге (алты миллиард сегiз жүз отыз сегіз миллион жетi жүз сексен мың теңге).";
      5-тармақ "мiндеттерi:" деген сөзден кейiн "техникалық-экономикалық негіздеменi және" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "орталықтың," деген сөз "орталық салу; Республикалық балаларды оңалту орталығының құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негiздемесi мен жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу және оған мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптама жүргiзу және салу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта "құжаттамасы:" деген сөзден кейiн "Республикалық балаларды оңалту орталығының құрылысы жобасы бойынша мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамадан өткен және заңнамада белгіленген тәртiппен бекiтілген техникалық-экономикалық негiздемесi және жобалау-сметалық құжаттамасы;" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  249-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1138300 мың теңге (бiр миллиард бiр жүз отыз сегiз миллион үш жүз мың теңге).";
      4-тармақта "облыстардың" деген сөзден кейiн "және Астана қаласының" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "27" деген сандар "31" деген сандармен ауыстырылсын;
      "облыстар үшін:" деген сөздер "облыстар мен Астана қаласы үшiн: Астана қаласы - маммограф - 1," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ақмола облысы -" деген сөздерден кейiн "антиограф - 1," деген сөзбен толықтырылсын;
      "Шығыс Қазақстан облысы -" деген сөздерден кейiн "компьютерлi томограф - 1, УЗИ аппараты - 1," деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта "облыстардың" деген сөзден кейiн "және Астана қаласының" деген сөздермен толықтырылсын;
      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бойынша:
      осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес көрсетiлген қаулыға 268-1-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  271-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 4000000 мың теңге (төрт миллиард теңге).";
      5-тармақ "Амангелдi газ кен орындары тобын алғашқы игеру барысында "ҚазТрансГаз" ЖАҚ шеккен зиянды өтеу." деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Үш ұңғыманы бұрғылау және сынау жөнiндегi іс-шараларға "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту және Амангелдi газ кен орындары тобын игеру жөніндегі жұмыстарды одан әрi жүргізу.";
      7-тармақ "және Амангелдi газ кен орындары тобын игеру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жүргізу." деген сөздермен толықтырылсын;
      Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  274-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 888117 мың теңге (сегіз жүз сексен сегiз миллион бір жүз он жеті мың теңге).";
      2-тармақ ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388  Жарлығы " деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) негізгі ережелерiн түсiндiру." деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттiк нөмiрi 2-жол "Мемлекеттік бағдарламаның негізгі ережелерiн түсiндiру, соның iшiнде: брошюралар дайындау, Мемлекеттік бағдарламаны iске асыру тетiктерi жөніндегі көрнекi материалды шығару, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында түсiндiру сипатындағы материалдарды жариялау, бейнероликтерді, тақырыптық телебағдарламаларды шығару, жалға беру.";
       7-тармақ ", Мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi ережелерiн түсiндiру жөніндегі насихаттау жұмыстарын жүргізу." деген сөздермен толықтырылсын;
      осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес көрсетiлген қаулыға 274-1-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  289-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы қаулыға 6, 7-қосымшаларға сәйкес көрсетiлген қаулыға 290-1, 290-2-қосымшалармен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  291-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 3682649 мың теңге (үш миллиард алты жүз сексен екi миллион алты жүз қырық тоғыз мың теңге).";
      көрсетiлген қаулыға  292-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 3082130 мың теңге (үш миллиард сексен екi миллион бiр жүз отыз мың теңге).";
      5, 7-тармақтар ", сусыздандыру цехын iске қосу; Қарабидайық жинамасы бар нұсқа бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      осы қаулыға 8, 9-қосымшаларға сәйкес көрсетiлген қаулыға 291-1, 291-2-қосымшалармен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  293-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 12354310 мың теңге (он екi миллиард үш жүз елу төрт миллион үш жүз он мың теңге).";
      4-тармақта "Астана қаласының" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне, соның iшiнде: дөңгелек алаң, бас алаң, Астана қаласының жаңа әкiмшiлiк орталығының 1-кезектi су-көгалдандыру бульварын; Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және Парламентi Сенатының ғимараттарына тұғырнамалар; Астана қаласының бiрiншi кезектегі объектілерiне инженерлiк желiлер мен абаттандыру құрылыстарын; жобаланып жатқан және салынып жатқан тұрғын үй кешендерiне инженерлiк желiлер мен жолдар салу, Астана қаласында Абылай хан даңғылынан темiр жолға дейiнгi учаскедегi "Ақ бұлақ" өзенiн абаттандыру Астана қаласын парктер мен скверлердi орналастыра отырып, көгалдандыру бағдарламалары; Алматы қаласының объектілерiне инженерлiк желiлер құрылысы үшiн мақсатты инвестициялық трансферттер аудару.";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында "Астана қаласының бюджетiне" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың мемлекеттiк тiлдегі мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Астана қаласында Дөңгелек алаңды, Астана қаласының жаңа әкiмшiлiк орталығының су-көгалдандыру бульварының 1-кезегін; Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және Парламентi Сенатының ғимараттарына тұғырнамалар салуды аяқтау, жоспарлау жұмыстарын және "Ақ бұлақ" өзенiнiң аумағын инженерлiк дайындауды орындау, мемлекеттiк сараптамадан өткен және заңнамада белгіленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес бас алаң салу жөнiндегi құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемiн орындау; Астана қаласының бiріншi кезектегi объектілерiне инженерлiк желілер мен оларды абаттандыру жобасы бойынша мемлекеттiк сараптамадан өткен және заңнамада белгіленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама, Астана қаласында Сарыарқа көшесi мен Абылай хан даңғылы бойында, темiр жол вокзалы, Ресей елшiлігі ауданында, 2005 жылға арналған бастамамен сол жағалаудағы Заречный кентiнде, Президент паркiнде, Астана қаласында Есiл өзенiнiң бойында парктер мен скверлер орнату; Алматы қаласында Әуезов көшесiнен өтетін Райымбек даңғылы, Казаков, Боткин көшелерi; Молдағалиев, Ақынов, Толстой, Чернышевский көшелерi; Құлагер, Мамыр шағын аудандары шаршы алаңы массивтерінде инженерлiк желiлердi жобалау, инженерлiк коммуникациялар салу";
      көрсетiлген қаулыға 294-қосымша алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулыға  299-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 200000 мың теңге (екі жүз миллион теңге).";
      Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бойынша:
      көрсетілген қаулыға  304-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 62196 мың теңге (алпыс екi миллион бір жүз тоқсан алты мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында реттік нөмiрі 2-жол мынадай мазмұндағы и) тармақшасымен толықтырылсын:
      "и) құны АЕК-тiң 40 есе мөлшерінен аспайтын тауарлар сатып алу";
      Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігi бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  312-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 279978 мың теңге (екі жүз жетпіс тоғыз миллион тоғыз жүз жетпiс сегіз мың теңге).";
      6-тармақтың кестесiндегi 5-бағанда реттік нөмiрі 3-жолда:
      "Отырар қалашығындағы тарихи ескерткіштер, XIII-XV ғғ.;" деген сөздерден кейін "Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы;" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-бағанда "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі" деген сөздерден кейін "Республикалық жөндеу-құрылыс және қайта жаңарту басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  313-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1806795 мың теңге (бiр миллиард сегiз жүз алты миллион жетi жүз тоқсан бес мың теңге).";
      6-тармақ кестесiндегі 5-бағанда: "Ангелочек." деген сөзден кейiн "Божественная аномалия" көркем фильмiн аяқтау." деген абзацпен толықтырылсын;
      7-бағанда "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi" деген сөздерден кейiн "Қазақфильм" ҰК" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  320-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1269762 мың теңге (бір миллиард екi жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз алпыс екі мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрiнiң және "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдiк-концерттiк бiрлестiгiнiң ғимараттарын күрделі жөндеу үшiн жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу және оларға мемлекеттік сараптама жүргізу.";
      көрсетiлген қаулыға  321-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 235955 мың теңге (екi жүз отыз бес миллион тоғыз жүз елу бес мың теңге).";
      көрсетілген қаулыға  322-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 3410000 мың теңге (үш миллиард төрт жүз он миллион теңге).";
      5-тармақ "цирк" деген сөзден кейiн ", "Думан" ойын-сауық объектiлерiнiң кешенiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ ", Астана қаласында "Думан" ойын-сауық объектілерiнiң кешенiн салу" деген сөздермен толықтырылсын;
      осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулыға 322-1-қосымшамен толықтырылсын;
      Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға  326-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 6907831 мың теңге (алты миллиард тоғыз жүз жетi миллион сегiз жүз отыз бiр мың теңге).";
      2-тармақ ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегi N 478  қаулысы ." деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың кестесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 5-жолмен толықтырылсын:
"5  103   Қазақстан       Бұқаралық      Жыл    Ақпарат
          Республикасында ақпарат        бойы   министрлiгi
          тұрғын үй       баспасөз
          құрылысын       құралдарында
          дамытудың       ақпараттық-
          2005-2007       түсiндiру
          жылдарға        материалдарын
          арналған        жариялау.
          мемлекеттік     Бейнероликтердi
          бағдарламасын   шығару және
          насихаттау      жалға беру.                       ";

      көрсетiлген қаулыға  328-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 608592 мың теңге (алты жүз сегіз миллион бес жүз тоқсан екi мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде шығарылатын басылымдарға сараптама жүргізу жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу.";
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігі бойынша:
      көрсетілген қаулыға  331-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1227969 мың теңге (бiр миллиард екi жүз жиырма жетi миллион тоғыз жүз алпыс тоғыз мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      peттік нөмiрi 2-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Орталық аппарат ғимаратында орналасқан жекешелендiрiлген үй-жайларды сатып алу.";
      реттiк нөмiрi 4-жол мынадай мазмұндағы 008 кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"008      Мемлекеттік     Астана қаласы, Жыл    Қазақстан
          органдардың     Бейбiтшiлiк    бойы   Республикасының
          ғимараттары мен көшесi, 22 үй         Төтенше
          үй-жайларын     мекен-жайы            жағдайлар
          күрделi жөндеу  бойынша               жөнiндегi
                          орталық аппарат       агенттiгі
                          ғимаратын
                          күрделi жөндеу                       ";

      реттiк нөмiрi 5-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық инспекциялардың тексерiс жүргізуiн қамтамасыз ету үшiн жедел жеңiл автомобильдердiң (Нива базасында) 16 бiрлігін, байланыс құралдарымен жабдықталған, өтiмдiлiгі жоғары барлау-командирлiк автомобильдердiң (Газель базасында) 16 бiрлігін сатып алу.";
      көрсетiлген қаулыға  332-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 2012486 мың теңге (екi миллиард он екi миллион төрт жүз сексен алты мың теңге).";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Метеостанция-3 объектiсiнiң аяқталмаған құрылысының сақталуын қамтамасыз ету.";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Метеостанция-3 объектісiнiң аяқталмаған құрылысының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру.";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 2-жол "сүңгуiр қызметін жинақтау үшiн құрал-саймандар мен жабдықтар - 1 бiрлiк" деген сөздерден кейiн "iздеу-құтқару иттерi - 12 бiрлiк, иттердi ұстауға және жаттықтыруға арналған мүлiк пен жарақ, арнайы автокөлiк - 5 бiрлiк ("Ивановец" краны - 1 бiрлiк, Уаз Пикап - 1 бiрлiк, бортты тiркеме - 1 бiрлiк, иттердi тасымалдауға арналған тiркеме - 2 бiрлiк), кинологиялық қызметті орналастыруға арналған аңғар тұрпатындағы модуль - 1 бiрлiк, сүңгуір жарақтары - 22 бiрлiк, шатырлар - 5 бiрлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттiк нөмiрi 3-жол "сатып алу" деген сөздерден кейiн "химиялық барлау және қорғау құралдары - 4 бiрлiк; медициналық жабдық - 12 бiрлiк; авариялық-құтқару аспаптары мен жабдықтары - 66 бiрлiк; Газель автомобилiнiң базасында авариялық-құтқару сүңгуір станциясы - 1 бiрлiк, Газель базасында жедел-штабтық құтқару машиналары - 2 бiрлiк, Газель базасында авариялық құтқару машиналары - 6 бiрлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмiрi 4-жол "гидравликалық шланг - 5 бiрлiк" деген сөздерден кейiн "; "Газель" базасында авариялық-құтқару сүңгуiр станциясы - 5 бiрлiк, құтқару қайықтары - 5 бiрлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмiрi 5-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ахуалдық залдың жұмыс орындарын жарақтандыру үшiн тауарларды сатып алу.";
      реттiк нөмiрi 6-жол "он жеті гидротехникалық құрылысқа ағымдағы жөндеу" деген сөздерден кейiн ", Алматы облысы мен Алматы қаласында селден қорғау құрылыстары мен бөгетті жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "494 бiрлiк" деген сөздерден кейiн ", қопарғыш-бульдозер - 1 бiрлiк, КамАЗ самосвалы - 1 бiрлiк, қарда жүретiн машина - 1 бiрлiк, резеңке моторлы қайық - 1 бiрлiк сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 9-жолмен және 109 кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"9  109   Метеостанция-3  "Метеостанция-3 Жыл    Қазақстан
          объектiсiнiң    объектiсiнiң    бойы   Республикасының
          сақталуын       аяқталмаған            Төтенше
          қамтамасыз ету  құрылысын              жағдайлар
                          ұстау, оның            жөнiндегi
                          iшiнде:                агенттігі
                          сорғы -
                          2 бiрлiк,
                          электр
                          қыздырғыш -
                          4 бiрлiк,
                          калориферлер-
                          2 бiрлiк
                          сатып алу                             ";

      7-тармақта:
      "құрылғыларын жөндеу" деген сөздерден кейiн "Eciк" өзенi ағысында, N 9, 10 су ағу бөгеттерiнде, Қаскелең және Үлкен Алматы селден қорғау құрылыстарында, Ажар бөгетiнде, Кіші Алматы өзенiндегi "Дамба" су бөлгіштерiнде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргізу." деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Метеостанция-3 объектiсiнiң аяқталмаған құрылысының сақталуы.";
      көрсетілген қаулыға  336-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 148510 мың теңге (жүз қырық сегiз миллион бес жүз он мың теңге).";
      Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігі бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  359-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 249901 мың теңге (екі жүз қырық тоғыз миллион тоғыз жүз бір мың теңге).";
      5-тармақта:
      "серверлiк орталықты техникалық жабдықпен жарақтандыру;" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң Beб-порталын дамыту" деген сөздер "Қазақстан Республикасы электронды Yкiметінiң Beб-порталын құру (1-кезек)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "1. Мемлекеттiк органдардың серверлiк орталығын жарақтандыру:
      1.1. Құрылымдалған кабель желiсi үшiн белсендi жабдық және телекоммуникациялық жабдық сатып алу - 2 жиынтық.
      1.2. Кепiлдi қуат алуды (таза қуат алуды) ұйымдастыру, құру және орнату.
      1.3. Мәжiлiс залы мен оператор бөлмелерi үшiн: жиынтықтағы бейнепроектор - 1 дана; бейнеекiлiк - 1 дана; көрсету экраны - 1 жиынтық; акустикалық жүйе (конференц байланысымен) - 1 жиынтық; бағытталған бейнекамера - 4 дана сатып алу және құрастыру.
      1.4. Бағдарламалық кодтар депозитарийiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды, жобалық және нормативтiк-техникалық құжаттаманы сатып алу.
      1.5. Оқу сыныптарын ұйымдастыру үшiн 2 жиынтықта компьютерлiк жабдық пен ұйымдастыру техникасын сатып алу." деген сөздер "1.1 Мәжiлiс залы мен оператор кабинасы үшiн жабдық сатып алу мен монтаждау - 1 жиынтық." деген сөздермен ауыстырылсын;
      "5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Beб-порталын дамыту." деген сөздер "Қазақстан Республикасы электронды Үкiметiнiң Веб-порталын құру (1-кезек)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      "мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен жүйелердi қорғаудың тиiстi деңгейiн ұйымдастыру мақсатында мемлекеттiк органдар серверлiк орталығының жұмыс iстеуін қамтамасыз ету," деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Beб-порталын дамыту, "электронды Үкiмет" қалыптастыру үшiн техникалық база жасау" деген сөздер "электронды Үкiмет Веб-порталы үшiн негіз құру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  362-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 244320 мың теңге (екі жүз қырық төрт миллион үш жүз жиырма мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Астана қаласының пилоттық аймағында мемлекеттiк органдарға арналған бiртұтас мультисервистiк (көлiктiк) орта құру.";
      көрсетiлген қаулыға  363-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 23510 мың теңге (жиырма үш миллион бес жүз он мың теңге).";
      4-тармақтағы "жүргізу" деген сөз "жүйесін құру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ кестесінiң 5-бағанында:
      "Әлеуметтік-экономикалық даму мониторингі" ақпараттық жүйесiнiң техникалық тапсырмасын, оның iшiнде оны құру мен математикалық моделiнiң тұжырымдамасын әзірлеу" деген сөздер "1. Әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингінiң ақпараттық жүйесiнiң тұжырымдамасын, оның iшiнде техникалық тапсырманың математикалық моделi мен жобасын әзiрлеу.
      2. Консалтингтік қызметтерді алу." деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  365-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 150000 мың теңге (бiр жүз елу миллион теңге).";
      7-тармақта: "Астана қаласында cepвep орталығы ғимаратының құрылысын аяқтау және пайдалануға беру" деген сөздер "Астана қаласындағы сервер орталығының ғимаратын салуды жалғастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға  367-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 476784 мың теңге (төрт жүз жетпiс алты миллион жетi жүз сексен төрт мың теңге).";
      Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі бойынша:
      көрсетілген қаулыға  369-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 104999 мың теңге (бір жүз төрт миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 3-жол "Мемлекеттік қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға арналған iссапар шығыстары" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулыға  370-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 6973798 мың теңге (алты миллиард тоғыз жүз жетпiс үш миллион жетi жүз тоқсан сегіз мың теңге).";
      4-тармақ "және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ "және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшін тұрғын үй сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 4-жол "2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу, оның iшiнде облыстар бойынша: Ақмола - 9 отбасы, Алматы - 6 отбасы, Шығыс Қазақстан - 6 отбасы, Батыс Қазақстан - 2 отбасы, Қарағанды - 235 отбасы, Қостанай - 1 отбасы, Солтүстiк Қазақстан - 47 отбасы, Алматы қаласы - 10 отбасы." деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ "және 2003 жылға арналған оралмандардың көшiп келу квотасына енген 316 оралмандар отбасы үшiн тұрғын үй сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  401-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 3086251 мың теңге (үш миллиард сексен алты миллион екi жүз елу бiр мың теңге).";
      Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi бойынша:
      көрсетілген қаулыға  406-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 6508290 мың теңге (алты миллиард бес жүз сегіз миллион екi жүз тоқсан мың теңге).";
      Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы бойынша: көрсетiлген қаулыға  413-қосымшада :
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 4-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету";
      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бойынша:
      көрсетілген қаулыға  418-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 1660568 мың теңге (бір миллиард алты жүз алпыс миллион бес жүз алпыс сегiз мың теңге).";
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  420-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 5175766 мың теңге (бес миллиард бiр жүз жетпiс бес миллион жетi жүз алпыс алты мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 2-жол "қосалқы бөлшектердi" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ бағдарламалық өнiмдердi сүйемелдеудi" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақта "5000" деген сандар "20000" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 4-жол мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) Есiл өзенiнiң сол жағалауындағы Үкiмет Yйiнiң ғимаратында жалпы пайдаланудың жергілiктi есептеу желiлерiн құру үшiн инсталляция және персоналды оқыту жөніндегі қызметтер - 1 кешен; зертханалық-сынау (компьютерлік) жабдығы - 1 жиынтық қоса алғанда, жабдықтау және бағдарламалық қамтамасыз ету";
      көрсетілген қаулыға  426-қосымшада :
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Құны: 5061666 мың теңге (бec миллиард алпыс бiр миллион алты жүз алпыс алты мың теңге).";
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы 2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң резиденциясы, оның iшiнде аумақты және бақылау-өткiзу пункттерін қоршау периметрі, бұрқақ, аумақты абаттандыру;" және "Алматы қаласындағы N 5 объект";
      мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Алматы қаласындағы Стратегиялық зерттеулер институтын, офисi мен қорының құрылысы бойынша;
      6) заңнамада белгіленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес бірлескен мәжiлiс залымен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi ғимаратының құрылысын аяқтау бойынша;
      7) объектiлердi салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу бойынша.";
      7-тармақ ", Алматы қаласындағы Стратегиялық зерттеулер институтын, офисi мен қорының құрылысын аяқтау" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 427 және  428-қосымшаларда :
      6-тармақ кестесiнiң 7-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2004 жылғы 23 маусымдағы   
N 197к қаулысына       
1-қосымша          

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 1327 қаулысына       
152-1-қосымша       

217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған
"Семей қаласында Ертiс өзенi арқылы көпiр салу
жобасының шеңберiнде Шығыс Қазақстан облысының бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты

      1. Құны: 22015 мың теңге (жиырма екi миллион он бес мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Жапонияның Халықаралық Ынтымақтастық Қоры мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ертiс өзенiне салынатын көпiр құрылысының жобасы бойынша қарыз туралы 1997 жылғы 12 наурыздағы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 мамырдағы  Заңы ; "Ертiс өзенiне салынатын көпiрдiң жобасын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 4 тамыздағы N 1212  қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Семей қаласында Ертiс өзенi арқылы өтетiн көпiр салу жобасын аяқтау.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Семей қаласында Ертiс өзенi арқылы өтетiн көпiр салу жобасы шеңберiнде құрылыстық қадағалауды жүзеге асыру.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi|     Кiшi    | Бағдарламаны іске | Іске  | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі   | асыру | орындау.
   |лама|дар.|   лардың    |    іс-шаралар     |мерзімі|  шылар
   |коды|лама|   атауы     |                   |       |
   |    |коды|             |                   |       |
__________________________________________________________________
1    2    3         4                5             6        7
_________________________________________________________________
1   014       Семей қала.   Семей қаласында     2004    Шығыс
              сында Ертiс   Ертiс өзенi арқылы  жылдың  Қазақстан
              өзенi арқылы  өтетiн көпiр салу   ішінде  облысының
              көпiр салу    жобасы шеңберінде           әкiмi
              жобасының     құрылыстық қадаға.
              шеңберiнде    лауды жүзеге асыру
              Шығыс Қазақ.  үшін Әкімшілікті
              стан облысы.  ұстау
              ның бюджетiне
              берілетін
              мақсатты
              инвестициялық
              трансферттер
__________________________________________________________________
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: көпiрдiң құрылысын аяқтау.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2004 жылғы 23 маусымдағы   
N 197к қаулысына       
2-қосымша          

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 1327 қаулысына       
161-1-қосымша       

217 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған
""Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту" деген 053 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты

      1. Құны: 1500000 мың теңге (бiр миллиард бес жүз миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы  Заңы , "Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесiн дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 тамыздағы N 1290  қаулысы , "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 16 сәуiрдегi N 364  қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын толтыру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын толтыру.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi|     Кiшi    | Бағдарламаны іске | Іске  | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі   | асыру | орындау.
   |лама|дар.|   лардың    |    іс-шаралар     |мерзімі|  шылар
   |коды|лама|   атауы     |                   |       |
   |    |коды|             |                   |       |
__________________________________________________________________
1    2    3         4                5             6        7
__________________________________________________________________
1   053       "Қазақстанның "Қазақстанның тұр.  2004    Қазақстан
              тұрғын ұй     ғын үй құрылыс      жылғы   Республи.
              құрылыс жинақ жинақ банкi" акцио. 2-тоқ.  касының
              банкi" АҚ     нерлiк қоғамының    саны    Қаржы
              жарғылық      жарғылық капиталын          министрлігі
              капиталын     толтыру
              ұлғайту
__________________________________________________________________
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын толтыру.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2004 жылғы 23 маусымдағы   
N 197к қаулысына       
3-қосымша          

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 1327 қаулысына       
268-1-қосымша       

231 - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған
"Ақшабұлақ - Қызылорда қаласы газ құбырын салу"
деген 020 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты

      1. Құны: 3390000 мың теңге (үш миллиард үш жүз тоқсан миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңы , Президенттiң Қазақстан халқына "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлетті экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" 2004 жылғы 19 наурыздағы  Жолдауы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қызылорда қаласының өнеркәсiп кәсiпорындарын және халқын газбен қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Ақшабұлақ - Қызылорда қаласы газ құбырын салу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi|     Кiшi    | Бағдарламаны іске | Іске  | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі   | асыру | орындау.
   |лама|дар.|   лардың    |    іс-шаралар     |мерзімі|  шылар
   |коды|лама|   атауы     |                   |       |
   |    |коды|             |                   |       |
__________________________________________________________________
1    2    3         4                5             6        7
__________________________________________________________________
1   020       Ақшабұлақ -   Ақшабұлақ - Қызы.   Жыл     Қазақстан
              Қызылорда қа. лорда қаласы газ    бойы    Республи.
              ласы газ құ.  құбырын салу үшін           касының
              бырын салу    "ҚазМұнайГаз"               Энергетика
                            ұлттық компаниясы"          және
                            акционерлiк қоға.           минералдық
                            мының жарғылық ка.          ресурстар
                            питалын ұлғайту.            министрлігі
__________________________________________________________________

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Ақшабұлақ - Қызылорда қаласы газ құбыры құрылысын аяқтау.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2004 жылғы 23 маусымдағы   
N 197к қаулысына       
4-қосымша          

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 1327 қаулысына       
274-1-қосымша       

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған
"Тұрғын үй салуға облыстық бюджеттерге, Астана және
Алматы қалаларының бюджеттерiне кредиттер беру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты

      1. Құны: 12460000 мың теңге (он екi миллиард төрт жүз алпыс миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Лицензиялау туралы ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабiлетті Қазақстанға, бәсекеге қабiлеттi экономикаға, бәсекеге қабiлеттi ұлтқа" атты Қазақстан халқына  Жолдауы ; "Қазақстан Республикасындағы тұрғын ұй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2004 жылғы 11 маусымындағы N 1388  Жарлығы ; "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: тұрғын үй саясатын iске асыру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: тұрғын үй саясатын iске асыру шеңберiнде тұрғын үй құрылысын салуды бастау.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi|     Кiшi    | Бағдарламаны іске | Іске  | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі   | асыру | орындау.
   |лама|дар.|   лардың    |    іс-шаралар     |мерзімі|  шылар
   |коды|лама|   атауы     |                   |       |
   |    |коды|             |                   |       |
__________________________________________________________________
1    2    3         4                5             6        7
__________________________________________________________________
1   002       Тұрғын үй са. Қазақстан Республи. Жыл     Қазақстан
              луға облыстық касының Үкiметi бе. ішінде  Республи.
              бюджеттерге,  кiтетiн тұрғын үй           касының
              Астана және   салуға арналған             Индустрия
              Алматы қала.  сыйлықақының (мүд.          және сауда
              ларының бюд.  денiң) нөлдiк став.         министрлігі
              жеттеріне     касы бойынша жергі.
              кредиттер     лікті атқару орган.
              беру          дарының кредит беру
                            шарттарын айқындау;

                            Кредиттік келiсiм.
                            дерге сәйкес жергі.
                            лікті атқару орган.
                            дарына кредит ре.
                            сурстарын бөлу
__________________________________________________________________
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Тұрғын үй саясатын iске асыру аясында тұрғын үй салуды бастау

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2004 жылғы 23 маусымдағы   
N 197к қаулысына       
5-қосымша          

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 1327 қаулысына       
289-қосымша         

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының инновациялық
инфрақұрылымын қалыптастыру" деген 018 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты

      1. Құны: 1600000 мың теңге (бiр миллиард алты жүз миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166  Жарлығы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: инновациялық инфрақұрылымның негiзгi элементi және Қазақстан экономикасының жаңа салаларын құру үшiн орта ретiнде - Қазақстанның өңiрлерiнде үш технопарк құру, технологиялардың индустриялық-инновациялық жобаларын, трансфертiн дамыту, ғылыми және өндiрiстiк әлеуеттi, даму институттарының күшiн шоғырландыру орындарын бiрiктiру және инновациялық жобалар үшiн көмекшi қызмет көрсетулер жасау; бiрiншi кезекте "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймақ құру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: технопарктердiң жарғылық қорын қалыптастыру, "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын қалыптастыру және дамыту; бiрiншi кезекте Парктың тұрпаттық инфрақұрылымының бөлiмiн құру;
қазiргi заманғы экспортқа бағдарланған және импорт алмастырушы бағдарламалық және техникалық ақпараттар мен байланыстардың отандық өндiрiсiн ұйымдастыру.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi|     Кiшi    | Бағдарламаны іске | Іске  | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі   | асыру | орындау.
   |лама|дар.|   лардың    |    іс-шаралар     |мерзімі|  шылар
   |коды|лама|   атауы     |                   |       |
   |    |коды|             |                   |       |
__________________________________________________________________
1    2    3         4                5             6        7
__________________________________________________________________
1   018       Қазақстан     1. "Инжиниринг және Жыл     Қазақстан
              Республи.     технологиялар тран. ішінде  Республи.
              касының       сферті орталығы"            касының
              инновациялық  АҚ" жарғылық капи.          Индустрия
              инфрақұрылы.  талын ұлғайту, оның         және сауда
              мын қалыптас. iшiнде: оқу курстары        министрлігі
              тыру          мен семинарлар, тех.
                            нопарктер жүйесін
                            дамытудың айналымды
                            қаражатын толықты.
                            руды ұйымдастырудың
                            технологиялары ры.
                            ноктарын дамыту са.
                            ласында ғылыми-қол.
                            данбалы зерттеулер
                            жүргiзу бойынша
                            инженерлік қызмет
                            көрсетулер мен тех.
                            нологиялар транс.
                            ферті үшін.
                            2. Алатау кентiнде
                            "Ақпараттық техно.
                            логиялар паркi"
                            технопаркін қалып.
                            тастыру мен дамыту
                            үшін Ақпараттық
                            технологиялар
                            паркін дамыту
                            жөнiндегi компания.
                            лардың мақсатты
                            және капиталдық
                            трансферттерi аудару
                            жолымен ақпараттық
                            технологиялық паркін
                            құру, оның ішiнде:
                            1) Ақпараттық тех.
                            нологиялар паркінің
                            технологиялық да.
                            муының басымдықты
                            бағыттарының тұжы.
                            рымдамасын әзiрлеу;
                            2) белгіленген тәр.
                            тiпте мемлекеттiк
                            сараптамадан өткен
                            және бекiтiлген
                            жобалық-сметалық
                            құжаттамаға сәйкес
                            Ақпараттық техно.
                            логиялар паркінің
                            1-кезектегi объек.
                            тiлерінің құрылысын
                            салу:
                            аумақты құрылысқа
                            дайындау;
                            аумақты қоршау және
                            бақылау-өткiзу
                            пунктінің құрылысы;
                            360 адамға арналған
                            кеңселік үй-жайдың
                            құрылысы;
                            инженерлiк инфро.
                            құрылымның энерге.
                            тикалық шаруашылық.
                            тың құрылысы;
                            сыртқы жарықтандыру;
                            қалдықтар үшін
                            алаңдар;
                            3) 2-кезектегi
                            құрылыс үшiн жоба-
                            сметалық құжаттама
                            әзiрлеу;
                            4) ақпараттық техно.
                            логиялар саласындағы
                            алдыңғы қатарлы
                            отандық және шетелдiк
                            компанияларды тарту
                            жөнiндегi iс-шара.
                            ларды жүргiзу
                            (5 ақпараттық техно.
                            логиялардың жетекшi
                            халықаралық және
                            өңiрлік көрмелерiне
                            қатысу, әлемдiк
                            бренд компаниялары.
                            ның өкiлдерімен
                            шетелде келісссөз.
                            дер жүргiзу,
                            Қазақстанда отандық
                            кәсiпкерлер мен
                            ғылыми ұйымдар үшін
                            3 семинар өткiзу,
                            тұсау кесерлiк
                            материалдар шығару)
___________________________________________________________________
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: 2004 жылы, Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi мақсатты iс-қимылдардың алғашқы жылы негiзгі нәтижелер ұйымдық қорытындылар мен бiрыңғай инновациялық жобалар болады:
инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырудың тұжырымдамалық негiзiн қалыптастыру, Қазақстанның өңiрлерiндегi үш технопарктiң және Ақпараттық технологиялар паркiнiң және басқарушы компаниялардың тұрпаттық инфрақұрылымын құру, жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес 1-кезектегі Ақпараттық технологиялар паркінің құрылысы; мемлекеттiк сараптамадан өткен және бекiтiлген 2-кезектегi құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеу; ақпараттық технологиялардың 5 халықаралық және өңiрлiк көрмелерiне қатысу, Қазақстанда отандық кәсiпкерлер мен ғылыми ұйымдар үшiн 3 семинар өткiзу.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2004 жылғы 23 маусымдағы   
N 197к қаулысына       
6-қосымша          

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 1327 қаулысына       
290-1-қосымша        

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының Бiртұтас экономикалық
кеңiстікті қалыптастыруға қатысу үлесi"
деген 021 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты

      1. Құны: 69300 мың теңге (алпыс тоғыз миллион үш жүз мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 сәуiрдегi N 549  Заңы , "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру үшiн қажеттi келiсiмдер әзiрлеудi қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi|     Кiшi    | Бағдарламаны іске | Іске  | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі   | асыру | орындау.
   |лама|дар.|   лардың    |    іс-шаралар     |мерзімі|  шылар
   |коды|лама|   атауы     |                   |       |
   |    |коды|             |                   |       |
__________________________________________________________________
1    2    3         4                5             6        7
__________________________________________________________________
1   021       Қазақстан     2004 жылғы 22 ма.   Жыл     Қазақстан
              Республи.     мырдағы N 12 хатта. ішiнде  Республи.
              касының       мадағы Бiрыңғай             касының
              Бiртұтас эко. экономикалық кеңiс.         Индустрия
              номикалық ке. тіктi құру жөнiн.           және сауда
              ңiстікті қа.  дегi бекiтілген             министрлігі
              лыптастыруға  Жоғарғы деңгейдегi
              қатысу үлесі  топқа сай Бiрыңғай
                            экономикалық кеңіс.
                            тіктің сараптама-
                            ұйымдастырушылық
                            топтарын әзірлеуге
                            жататын халықара.
                            лық-құқықтық құжат.
                            тардың тізбесіне
                            сәйкес құжат жоба.
                            ларын әзiрлеу
                            Бiрыңғай экономика.
                            лық кеңiстіктің
                            сараптама-ұйымдас.
                            тырушылық топтарын
                            ұстау.
__________________________________________________________________
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2004 жылғы 23 маусымдағы   
N 197к қаулысына       
7-қосымша          

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 1327 қаулысына       
290-2-қосымша        

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған
""Ұлттық инновациялық қор" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту" деген 023 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты

      1. Құны: 10500000 мың теңге (он миллиард бес жүз миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi N 333  Заңы , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2004 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығы , "Ұлттық инновациялық қор" ашық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 502  қаулысы , "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостанциялық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355  қаулысы , "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы инновациялық белсендiлiктi көтеру және жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу. Ғарыштық аппараттар мен байланыс мониторингі жүйесiн басқарудың жер кешенiнiң жанама геостанциялық орбитасын, телекоммуникациялық спутнигін жасау және жеткiзу.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi|     Кiшi    | Бағдарламаны іске | Іске  | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі   | асыру | орындау.
   |лама|дар.|   лардың    |    іс-шаралар     |мерзімі|  шылар
   |коды|лама|   атауы     |                   |       |
   |    |коды|             |                   |       |
__________________________________________________________________
1    2    3         4                5             6        7
__________________________________________________________________
1   023       "Ұлттық инно. "Ұлттық инновация.  жыл     Қазақстан
              вациялық қор" лық қор" АҚ-тың     ішінде  Республи.
              АҚ жарғылық   жарғылық капиталын          касының
              капиталын     ұлғайту, оның ішін.         Индустрия
              ұлғайту       де "Ұлттық иннова.          және сауда
                            циялық қор" акцио.          министрлігі
                            нерлік қоғамы мен
                            Хруничев атындағы
                            Мемлекеттiк ғарыш.
                            тық ғылыми-өндiрiстік
                            орталығы" Федерал.
                            дық мемлекеттiк бiр.
                            тұтас кәсіпорны
                            арасындағы геоста.
                            ционарлық орбита,
                            телекоммуникациялық
                            спутник, ғарыштық
                            аппараттарды жерден
                            жанама кешендi
                            басқару мен байланыс
                            мониторингi жүйесiн
                            жасау және жеткiзуге
                            арналған келісiм-шарт
                            бойынша шығындарды
                            өтеу
___________________________________________________________________
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Инновациялық әзiрлемелердi енгiзуге және коммерциялауға, венчурлық қорларды құруға, технопарктер, технополистер мен басқа ұлттық инновациялық инфрақұрылымдардың элементтерiн құруға қатысуға, ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргiзуге, "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ның қаржылық тұртақтылығын қамтамасыз етуге, оның халықаралық стандартқа сәйкес институционалдық-ұйымдастырушылық дамуына арналған "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ның инвестициялар көлемiн ұлғайту, телекоммуникациялық спутнигiнiң геостанционарлық орбитасын жасау және жеткiзу жөнiндегi аралық жұмыстар.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2004 жылғы 23 маусымдағы   
N 197к қаулысына       
8-қосымша          

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 1327 қаулысына       
291-1-қосымша        

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған
"Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын-үй қорының тұрғын үйiн
салуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетін мақсатты инвестициялық трансферттер"
деген 025 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты

      1. Құны: 6400000 мың теңге (алты миллиард төрт жүз миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңы , "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымындағы N 1388  Жарлығы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Заңнамада белгiленген азаматтардың жекелеген санаттарына беруге арналған мемлекеттік тұрғын үй салу.
      5. Бюджетіне бағдарламаның мiндеттерi: Облыстардың бюджеттерiне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын ұй құрылысына арналған мақсатты инвестициялық трансферттер аудару.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi|     Кiшi    | Бағдарламаны іске | Іске  | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі   | асыру | орындау.
   |лама|дар.|   лардың    |    іс-шаралар     |мерзімі|  шылар
   |коды|лама|   атауы     |                   |       |
   |    |коды|             |                   |       |
__________________________________________________________________
1    2    3         4                5             6        7
__________________________________________________________________
1   025       Мемлекеттік   Облыстардың бюджет. жыл     Қазақстан
              коммуналдық   терi, Астана және   ішінде  Республи.
              тұрғын-үй     Алматы қалаларының          касының
              қорының тұр.  бюджеттерiне тұрғын         Индустрия
              ғын үйiн      үй салуға арналған          және сауда
              салуға об.    мақсатты инвести.           министрлiгi
              лыстық бюд.   циялық трансферттер
              жеттерге,     аудару
              Астана және
              Алматы қала.
              ларының бюд.
              жеттерiне
              берiлетiн
              мақсатты
              инвестициялық
              трансферттер
__________________________________________________________________
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыс көлемiн орындау

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2004 жылғы 23 маусымдағы   
N 197к қаулысына       
9-қосымша          

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 1327 қаулысына       
291-2-қосымша        

233 - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған
"Тұрғын үй салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын
әзiрлеуге Астана қаласының бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер" деген 026 республикалық
бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты

      1. Құны: 522000 мың теңге (бec жүз жиырма екi миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының  12-бабы , "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi  Заңы , "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2004 жылға дейiнгi кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 19 наурыздағы N 574  Жарлығы , "Астана қаласының бас жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 15 тамыздағы N 1064  қаулысы , "Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 926  қаулысы , "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: тұрғын үй салуға дайындық.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Тұрғын үй құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттамалар әзiрлеуге республикалық бюджеттен Астана қаласының бюджетiне мақсатты трансферттер бөлу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi|     Кiшi    | Бағдарламаны іске | Іске  | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі   | асыру | орындау.
   |лама|дар.|   лардың    |    іс-шаралар     |мерзімі|  шылар
   |коды|лама|   атауы     |                   |       |
   |    |коды|             |                   |       |
__________________________________________________________________
1    2    3         4                5             6        7
__________________________________________________________________
1   026       Тұрғын үй     Тұрғын үй құрылы.   Жыл     Қазақстан
              салу үшiн     сына арналған жоба. iшiнде  Республи.
              жобалау-сме.  лық-сметалық құжат.         касының
              талық құжат.  тамалар әзiрлеуге           Индустрия
              тамасын әзiр. және мемлекеттiк            және сауда
              леуге Астана  сараптама жүргізуге         министрлігі
              қаласының     Астана қаласының
              бюджетiне     бюджетіне мақсатты
              берiлетiн     трансферттер аудару
              мақсатты
              инвестициялық
              трансферттер
__________________________________________________________________
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: бекiтiлген жобалық-сметалық құжаттамалар (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегі комитетінің жобалық-сметалық құжаттамалары туралы бұйрығының нөмiрi мен күнi) және тұрғын ұй құрылысына арналған мемлекеттiк сараптаманың қорытындысы.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2004 жылғы 23 маусымдағы   
N 197к қаулысына       
10-қосымша          

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2003 жылғы 26 желтоқсандағы  
N 1327 қаулысына       
322-1-қосымша        

235 - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған
"Мәдени объектілерiн салу және қайта жаңарту"
деген 015 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты

      1. Құны: 4000 мың теңге (төрт миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының  33-бабы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: материалдық-техникалық базасын құру және мәдениет ұйымдары ғимараттарының техникалық жағдайын жақсарту.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: мәдениет ұйымдары ғимараттарын салу және қайта құруды жүргiзу жөнiнде мемлекеттiк сараптама және жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi|     Кiшi    | Бағдарламаны іске | Іске  | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі   | асыру | орындау.
   |лама|дар.|   лардың    |    іс-шаралар     |мерзімі|  шылар
   |коды|лама|   атауы     |                   |       |
   |    |коды|             |                   |       |
__________________________________________________________________
1    2    3         4                5             6        7
__________________________________________________________________
1   015       Мәдени объек. Немiс театрының     жыл     Қазақстан
              тілерiн салу  негiзгі ғимаратына  бойы    Республи.
              және қайта    қосымша құрылысты           касының
              жаңарту       және Мемлекеттік            Мәдениет
                            академиялық би              министрлiгi
                            театрының көрермен.
                            дер залының құрылы.
                            сын аяқтау үшiн
                            ЖСҚ мен мемлекеттiк
                            сараптаманы дайын.
                            дау және жүргiзу
                            жөнiндегi iс-шара.
                            ларға Қазақстан
                            Республикасы Үкiме.
                            тiнің 2003 жылғы 12
                            желтоқсандағы  N 1260
                            "2004 жылға арналған
                            республикалық
                            бюджет туралы"
                            Қазақстан Республи.
                            касының Заңын iске
                            асыру туралы" қау.
                            лысының 2-шi
                            қосымшасына сәйкес
                            инвестициялық
                            жобаларды жүзеге
                            асыру.
__________________________________________________________________
      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Немiс театрының негiзгi ғимаратына қосымша құрылысты және Мемлекеттiк академиялық би театрының көрермен залының құрылысын аяқтау үшiн белгiленген тәртiппен бекiтiлген және мемлекеттiк сараптамадан өткен, жобалау-сметалық құжаттамасы.