"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 418, 419-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына
418-қосымша
Ескерту. 418-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 197e қаулысымен .
Ескерту. 418-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.23. N 197K қаулысымен .
690 - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Сайлау өткiзудi ұйымдастыру"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның Паспорты
1. Құны: 1660568 мың теңге (бір миллиард алты жүз алпыс миллион бес жүз алпыс сегiз мың теңге). <*>
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы , Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңы , Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңының 21, 22, 23, 24 және 25-баптары , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы , Қазақстан Республикасының " 2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 3205 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереже, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты штатының саны туралы" 1998 жылғы 29 қазандағы N 1108 қаулысы,
"Сайлаушылардың тiзiмiн жасаудың, дауыс берудi өткiзудiң, дауыс беру қорытындыларын айқындаудың және сайлау нәтижелерiн анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер Министрiнiң 2004 жылғы 17 наурыздағы N 69-ө өкiмi .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратының, жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi атқаруына қол жеткiзуi үшiн, қызметiн қамтамасыз ету, мемлекеттiк қызметкерлердiң, қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес, өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiктерiн жетiлдiру үшiн кәсiби қызмет саласындағы оқыту бағдарламалары бойынша бiлiктiлiгiн көтеру, теориялық және практикалық бiлiмдерiн, икемдiлiгi мен ептiлiгiн жаңарту.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппаратын қамту, Парламент депутаттарының және мәслихаттар депутаттарының сайлауларын әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыру, комиссияны материалдық-техникалық жарақтандыру,оқулық семинар өткiзу, мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби бiлiктiлiгiн көтеру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 001 Сайлау
өткiзудi
ұйымдастыру
2 001 Орталық Қазақстан жыл Қазақстан
органның Республикасы бойы Республи.
аппараты Орталық сайлау касының
комиссиясы Орталық
аппаратын сайлау
бекiтiлген саны 46 комиссиясы
бiрлiк штат
кестесiне сәйкес
қамту. Саны 2
автомашина
қызметтiк
автокөлiктi қамту
және жалдау.
Бағдарламаларды
сүйемелдеу,
саны 46 дана
компьютерге,
саны 30 дана
принтерге,
саны 3 дана
ксероксқа, саны
3 дана факске
техникалық күтiм
көрсету жөндеуден
өткiзу. Оқулық
семинар өткiзу.
3 007 Мемлекеттiк Бекiтiлген жыл Қазақстан
қызметшi. бiлiктiлiк көтеру бойы Республи.
лердiң жоспарына сәйкес касының
бiлiктiлiгiн мемлекеттiк Орталық
арттыру қызметшiлердiң сайлау
бiлiктiлiгiн көтеру комиссиясы
оның iшiнде
мемлекеттiк тiлдi
оқыту жөнiндегi
қызметтердi сатып
алу. Курстарды
өтетiн мемлекеттiк
қызметшiлердiң
орташа жылдық
саны - 25 адам.
4 009 Мемлекеттiк Жиhаз сатып алу: жыл Қазақстан
органдарды жазу столдары - бойы Республи.
материалдық- 16 дана, жалғап касының
техникалық қоятын столдар - Орталық
жарақтандыру 16 дана, құжаттар Сайлау
үшiн шкафтар - комиссиясы
16 дана,
креслолар - 16
дана, мұрағат үшiн
металдан жасалған
шкафтар - 6 дана,
сейфтер - 16 дана.
5 100 Сайлау Парламент жыл Қазақстан
өткiзу Мәжiлiсiнiң 77 бойы Республи.
депутатының кезектi касының
сайлауын, шығып Орталық
қалғандардың орнына сайлау
Парламент Сенатының комиссиясы
бiр депутатының
сайлауын және
мәслихаттардың 63
депутатының
сайлауын әзiрлеу
мен өткiзудi
ұйымдастыру.
Қазақстан Респуб-
ликасы азаматының
жеке басын куәлан-
дыратын құжаттарға
бiр өлшемдi штрих-код
енгiзу жөнiндегi қыз-
меттердi сатып алу. __________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Орталық сайлау комиссиясына жүктелген мiндеттердi сапалы және уақтылы орындау, мемлекеттiк қызметшiлердiң, осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, кәсiби мемлекеттiк қызметтiң талаптарына сай бiлiктiлiк деңгейiн көтеру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына
419-қосымша
Ескерту. 419-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.17. N 197e , 2004.12.24. N 197ат қаулысымен.
690 - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн құру"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 1913200 мың теңге (6ip миллиард тоғыз жүз он үш миллион екi жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңы , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы , Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы .
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: сайлау үдерiсiн жетiлдiру, сайлауды өткiзудiң мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатында "Сайлау" автоматты ақпараттық жүйесiн жасау.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: "Сайлау" автоматты ақпараттық жүйесiн жасау, ендiру және техникалық жабдықтау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
__________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 002 "Сайлау" 1. Арнайы жабдық. жыл Қазақстан
автоматтан. тар сатып алу: бойы Республи.
дырылған штрих-кодтар касының
ақпараттық сканерi -3550 Орталық
жүйесiн құру бiрлiк, дауыс беру сайлау
пультi -24111 комиссиясы
бiрлiк, шолу
электрондық
таблосы -7100
бiрлiк, ИҚ-портты
дауыс беру жинақы
терминалдарын
жинаушы -3550
бiрлiк,
СОМ-порттарды
кеңейткiш -3400
бiрлiк, ЭЦҚ
қалыптастыру
жабдығы -3621
бiрлiк, штрих-
кодтардың жылжы-
малы сканерi -
3550 бiрлiк, да-
уыстарды жинақта-
ғышы бар дауыс
беру пультi - 3550
бiрлiк, штрих-код-
тарды тексеру құ-
рылғысы - 3550
бiрлiк.
2. Есептеу
техникасын сатып
алу: кластер
(дискiлi
жинаушысы,
ленталық
кiтапханасы және
лицензиялық
қамтамасыз етуi
бар 2 сервер)
-1 комплект
сервер -15 бiрлiк,
компьютер -3596
бiрлiк,
принтер -3585
бiрлiк, үздiксiз
қуаттандыру
көзi -3630 бiрлiк,
маршрутизатор -16
бiрлiк,
модем -3550 бiрлiк,
концентратор - 16
бiрлiк, ноутбук -
6 бiрлiк.
3. Лицензиялық бағ-
дарламалық қамтама-
сыз етудi сатып алу
Oracle 9i Database
Enterprise - 50
лицензия, Oracle
9i Database Standart
Edition - 65 лицензия,
Oracle 9i Lite -
800 лицензия.
4. Транспорттық
ортаны жобаны iске
асыру шегiнде
ұйымдастыру
(телекоммуникация
қызметтерi).
5. Кілттерді
сертификаттаудың
аппараттық-
бағдарламалық
кешенін сатып алу.
6. Жүйеге әкімшілік
ету.
__________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Сайлауларды ұйымдастыру және өткізу үрдісін автоматтандыру, олардың мөлдірлігін және бақылауына қол жеткізу, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету.