Ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктiк жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінің және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгінiң ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін жасау және ұшыру туралы ұсынысына (бұдан әpi - жоба) келiсiм берiлсiн.
2. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ғарыштық байланыс республикалық орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1267 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2-1. Қоғам мыналарды ұйымдастыру жөнiндегi уәкілетті ұйым болып белгiленсiн:
1) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарын және олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану;
2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1267 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
3) байланыс ғарыш жүйелерінің, оның ішінде байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутниктерінің және ғарыш аппараттарын басқарудың жер үсті кешендерінің техникалық тапсырмалары мен техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.18 N 1044 , өзгерту енгізілді - 2006.03.23 N 200 , 2007.10.31 N 1023, 2008.04.17 N 362, 2010.11.29 № 1267 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
3. Жүктелген өкiлеттiктердi iске асыру үшiн Қоғам мынадай қызметтi жүзеге асырады:
1) радиожиілiк спектрінің радиомониторингі жүйесiн және азаматтық мақсаттағы радио сәуле шығарушы құралдардың деректерiн есепке алу жүйесiн техникалық сүйемелдеу;
2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1267 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
3) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар таpaту аппараттарын әрi олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану;
4) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарының транспондерлерін ұсыну;
5) халықаралық шарттар негізiнде байланыс мәселелерi бойынша халықаралық қызметтi жүзеге асыруға қатысу.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.18 N 1044, 2008.04.17 N 362, 2010.11.29 № 1267 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Қоғам жарғысының бекiтiлуiн;
Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегi агенттiгiне Қоғам акциялары мемлекеттiк пакетінiң берiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсiн.
6. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес байланыс және xaбap тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшыру жөнiндегi сатып алудың Қазақстан Республикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер көрсетудiң жеткiзушiсi болып Ресей Федерациясының - "М.В. Хруничев атындағы ғылыми-өндiрiстiк орталық" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны (бұдан әрi - Жеткiзушi) белгiленсiн.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi және Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi 2004 жылғы 5 қаңтарға дейiн Телекоммуникациялық спутнигiн жасауға және бiрге жүретiн ғарыштық аппараттарды жерден басқару мен байланыс мониторингi жүйесi кешенiн геостанциялық орбитаға жеткiзуге арналған келiсiм-шартқа (бұдан әрi - Келiсiм-шарт) техникалық тапсырманы дайындасын және оны Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне ұсынсын.
8. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi және Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi ұсынған техникалық тапсырманың негiзiнде "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) Жеткiзушiмен Келiсiм-шарт жасасуын;
Қордың "Қазсат" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Қазсат" АҚ) құруын;
Келiсiм-шарт бойынша Қордың құқықтары мен мiндеттемелерiнiң "Қазсат" АҚ-ға берiлуiн қамтамасыз етсiн;
"Қазсат" акционерлiк қоғамы мен Жеткiзушi арасындағы Келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелер аяқталғаннан кейiн ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін, бiрге жүретiн ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенiн және байланыс мониторингi жүйесiн иелену және пайдалану құқығын Қоғамға берудi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.18. N 1044 қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп 2005 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезiнде байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшыруға, оның iшiнде Қордың байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшыру жөнiндегi шығындарды өтеуге қаражат бөлiнуi туралы мәселенi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзсiн.
10. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен жұмыстарды орындаудың бiрiншi кезеңiнен бастап Қоғамның тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi ықтимал жеткiзушiнiң Келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауын техникалық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.18. N 1044 қаулысымен.
11. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-52-жолмен толықтырылсын:
"21-52 "Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 278-жолмен толықтырылсын:
"278 "Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" АҚ".
12. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
13. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi