"Қазақстан Республикасының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын тұрақты дамыту үшін қоршаған ортаны жақсарту" шатырлық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 наурыздағы N 264 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 29 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының және Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68  қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін: 
      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: 
      "Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының атқарушы дирекциясы;". 
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешімдерінің күші жойылды деп танылсын: 
      1) "Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 қыркүйектегі N 1112  қаулысы
      2) "Салық қызметі органдарын әлеуметтік дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын пайдаланудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1205  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 35, 327-құжат);
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 мамырдағы N 403-31қ қаулысы;
      4) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 қаңтардағы N 68 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 ақпандағы N 117  қаулысы .
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі