Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі N 962 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 7 ақпан N 144. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119 қаулысымен ~P041119

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі N 962  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 322-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде, 17-тармақтағы "бес" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі