Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 825 Қаулысы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2004 жылғы 3 тамыздағы   
N 827 қаулысымен     
бекiтiлген         

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873  қаулысымен

      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873  қаулысымен .

      3. "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 қазандағы N 1064 қаулысында:

      1-тармақтың 1) тармақшасында:
      "Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әмрин Ғұсман Кәрiмүлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға;";

      "Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;".