Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1140 қаулысы. Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.30.  N 77  (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгі штаттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 1168  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 38, 395-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жалпы білім беру мектептерінде қосымша штат бірліктерін енгізу 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап бес жыл ішінде кезең-кезеңімен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында жыл сайын мақсатты трансферттермен көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп жыл сайын республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде тиісті есептер мен қосымша штат бірліктерін енгізу жөніндегі негіздемелерді берсін".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі