Жер учаскелерiне жекеменшiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 20 маусым N 760. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1995 жылғы жылдық есебiн қарай келiп, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының Z952155_ 3-бабына және "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының Z952733_ 15-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. "Артур Андрсен" аудиторлық фирмасының қорытындысы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 222903.5 млн теңге сомасындағы баланс валютасымен және 7 981.8 млн теңге сомасындағы пайдасымен 1995 жылғы қызметiнiң нәтижесi туралы жылдық есебi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 1995 жылғы жылдық есебiн жарияласын.
      3. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1996 жылғы қызметiнiң нәтижесi бойынша күтiлiп отырған пайдадан:
      - жарғылық қорға - 0;
      - резервтiк қорға - 0;
      - өндiрiстiк-әлеуметтiк даму қорына - 2537 млн. теңге жiберiлсiн.
      Ұлттық Банктiң 1996 жылғы нақты алынған пайдасының қалған бөлiгi республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiлсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi