Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 10 желтоқсан N 1511.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.13. N 1140 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996 жылы жүргiзетiн тез қайтымды инвестициялық жобаларды конкурстық iрiктеудi ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 маусымдағы N 733  қаулысына  берiлген қосымшаға мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      Инвестициялық жобаларды бағалау және iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрамына Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрiнiң бiрiншi орынбасары Ж.О. Дүйсембеков енгiзiлсiн; 
      С.М. Байболов жоғарыда аталған құрамнан шығарылсын. 

        Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi