Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 18 сәуір N 596. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 452 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 184 (тіркелген N 1140) "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға N 8 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------       

      БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  V991058_  "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" бұйрығына мынандай толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы:
     "13.9.105.68 Аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "13.9.105.71 Аймақтардың республикалық маңызы бар шараларға қатысуы";
     "12.1.274.39 Елдi мекендер аумағындағы жолдардың жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "12.1.274.46 Қалалық көлiктi дамыту".
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Министр