Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 1195 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 452 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02.  N 452  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 219-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiнде:

      23-тармақта:
      бiрiншi абзац "Кәсiптiк" деген сөздiң алдынан "Бакалавр академиялық дәрежесiн тағайындай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақшада:
      үшiншi абзацтағы "қолданбалы сипаттағы" деген сөздер алынып тасталсын; 
      бесiншi абзацтағы "40" деген сандар "45" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "оқу процесiнде инновациялық ақпараттық және бiлiм беру технологияларын пайдалану;";
      тоғызыншы абзац "100 басылымнан келуi;" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте кiтапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтiк-гуманитарлық бейiндегi пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негiзгi оқу әдебиетi басылымдарын қамтуға тиiс.";
      мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi және қазiргi заман талаптарына жауап беретiн оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;";
      2) тармақшада:
      үшiншi абзацтағы ", әсiресе, ғылым немесе мәдениет салаларының бiреуiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      бесiншi абзацтағы "50" деген сандар "55" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "оқу процесiнде инновациялық ақпараттық және бiлiм беру технологияларын пайдалану;";
      тоғызыншы абзац "120 басылымнан келуi;" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте кiтапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтiк-гуманитарлық бейiндегi пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негiзгi оқу әдебиетi басылымдарын қамтуға тиiс.";
      мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi және қазiргi заман талаптарына жауап беретiн оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;";
      3) тармақшада:
      бесiншi абзацтағы "60" деген сандар "65" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "оқу процесiнде инновациялық ақпараттық және бiлiм беру төхнологияларын пайдалану;";
      тоғызыншы абзац "140 басылымнан келуi;" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте кiтапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтiк-гуманитарлық бейiндегi пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негiзгi оқу әдебиетi басылымдарын қамтуға тиiс.";
      мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi және қазiргi заман талаптарына жауап беретiн оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;";

      23-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23-1. Магистр академиялық дәрежесiн тағайындай отырып, жоғары кәсiптiк бiлiм және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн университеттердiң, академиялардың қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) университеттер үшiн 12 және одан да көп мамандық бойынша, академиялар үшiн 3 және одан да көп мамандық бойынша жоғары кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру;
      2) тиiстi мамандықтар бойынша бакалавриат бағдарламаларын жүзеге асыру;
      3) магистрлердi даярлау бейiнiнiң бiлiм беру ұйымдары ғылыми зерттеулерiнiң тақырыбына сәйкес келуi;
      4) тиiстi даярлау бағыттары бойынша жетекшi деп танылған ғылыми, ғылыми-бiлiм беру, өндiрiстiк және ғылыми-өндiрiстiк орталықтармен ынтымақтастық туралы келiсiмнiң болуы;
      5) әрбiр даярлық бейiнi бойынша ғылым докторының болуы;
      6) олардың жалпы санындағы штаттағы оқытушылардың үлесi, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша да университеттер үшiн кемiнде 65 пайыз; академиялар үшiн кемiнде 55 пайыз;
      7) штаттағы оқытушылар санындағы ғылыми дәрежесi мен ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесi, оның iшiнде әрбiр даярлық бейiнi бойынша да университеттер үшiн кемiнде 45 пайыз; академиялар үшiн кемiнде 40 пайыз;
      8) аталған ұйымда толық ставкада жұмыс iстейтiн, тиiстi бейiндегi ғылыми дәрежесi, кемiнде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, отандық және шетелдiк журналдарда, халықаралық конференциялар еңбектерiнде ғылыми жарияланымдары, магистрлiк даярлау бейiнi бойынша оқу және оқу-әдiстемелiк құралдары бар жетекшi мамандар, штаттағы оқытушылар магистранттарға ғылыми жетекшiлiктi жүзеге асыруға тиiс;
      9) оқу процесінде инновациялық ақпараттық және бiлiм беру технологияларын пайдалану;
      10) бiлiм алушылар контингентiн және оқу құнын негiзге ала отырып айқындалатын, бiрақ мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес, бiлiм алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы материалдық-қаржылық активтерiнiң болуы;
      11) магистранттың бiр жылғы оқуына жоспарланған ең аз шығыстар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiту жөнiндегi қаулысында көзделген шығыстар деңгейiне сәйкес болуға тиiс;
      12) толық оқу циклiне магистранттардың келтiрiлген контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға кемiнде 140 бiрлiк басылымнан келетiн мамандандырылған оқу, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттер қорының болуы. Бұл ретте кiтапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтiк-гуманитарлық бейiндегi пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы табиғи, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негiзгi оқу әдебиетi басылымдарын қамтуға тиiс. Электронды және магниттi тасығыштардағы оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң кемiнде 20 пайызы; 
      13) оқу сабақтарының ауысымдылығын ескере отырып, меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы дәрiсханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерiнiң, шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың күндiзгi нысанда оқитын бiр бiлiм алушыға келетiн жалпы алаңының қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуi және мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттарында көзделген оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету мүмкiндiгi;
      14) бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi және қазiргi заман талаптарына жауап беретiн оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;
      15) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (шарттарда бiлiм беру ұйымының, практикадан өткiзу базалары болып табылатын ұйымдардың және бiлiм алушылардың мiндеттерi айқындалуы тиiс);
      16) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру орындарының болуы.";

      23-3-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 23-4-тармақпен толықтырылсын:
      "23-4. Дiни оқу орындарының қызметтерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) даярлық бейiнi бойынша жоғары дiни бiлiмi бар және дiни бiрлестiктер қоятын талаптарға сәйкес келетiн штаттағы оқытушылардың болуы;
      2) толық оқу циклiне бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға саны кемiнде 50 бiрлiк басылымнан келетін оқу және оқу-әдiстемелiк әдебиет қорының болуы;
      3) бiлiм беру процесiн ұйымдастыру үшiн қажеттi меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы, санитарлық нормалар мен ережелердiң талаптарына сәйкес келетiн оқу-материалдық базасының болуы;
      4) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсету мен оларды тамақтандыру орындарының болуы;
      5) аталған дiни бiлiм беру мекемесiн лицензиялау орындылығының негiздемесi бар тиiстi дiни конфессия қолдаухатының және Қазақстан Республикасының аумағында дiни конфессияны тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiнiң болуы;
      6) дiни конфессия басшылығы бекiткен даярлық бейiнi бойынша бiлiм беру бағдарламаларының (оқу жоспарларының) болуы;
      7) мәлiмделген дiни бiлiм беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi қорытындысының болуы.";

      24-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында екiншi абзац "жұмыс iстейтiн" деген сөздерден кейiн ", кемiнде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, отандық және шетелдiк журналдарда, халықаралық конференциялар еңбектерiнде даярлық бейiнi бойынша ғылыми жарияланымдары, оқу және оқу-әдiстемелiк құралдары бар" деген сөздермен толықтырылсын;

      26-тармақтың 1) тармақшасындағы "болмауының анықталуы" деген сөздер "сәйкес келмеуi" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi