Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және Қазақ КCP Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 964 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      мына:
      "Дәрiбаев             - Қазақстан Республикасы Индустрия және
      Мұрат Амангелдiұлы      сауда министрлiгi Кәсiпкерлiктi дамыту
                              департаментiнiң директоры"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алдабергенов         - Қазақстан Республикасы Табиғи
      Нұрлан Шәдiбекұлы       монополияларды реттеу агенттiгі
                              төрағасының бiрiнші орынбасары".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі