Сырдария ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 168 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" № 480 Заңының 27-бабының талаптарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сырдария ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Лекеров

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2016 жылдың "27" мамырдағы
№ 168 қаулысына қосымша

Сырдария ауданы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 27 шілдедегі "Сырдария ауданы әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 252 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 20 тамызында № 5112 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 12 қыркүйегінде №70 (8377) санында жарияланған);
      2. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 24 тамыздағы "Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 269 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 01 қазанында №5161 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 10 қазанында №79 санында жарияланған);
      3. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 желтоқсандағы "Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 421 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 14 қаңтарында №5300 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 20 ақпанында №14 (8422) санында жарияланған);
      4. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 желтоқсандағы "Қоғалыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 422 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 13 қаңтарында №5295 болып тіркелген);
      5. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 желтоқсандағы "Бесарық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 423 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 20 қаңтарында №5312 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 20 ақпанында №14 (8422) санында жарияланған);
      6. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 желтоқсандағы "Жетікөл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 424 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 30 желтоқсанында №5275 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне 2016 жылдың 26 ақпанында жарияланған);
      7. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 желтоқсандағы "Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 425 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 14 қаңтарында №5297 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 05 наурызында №18 (8426) санында жарияланған);
      8. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 желтоқсандағы "Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 426 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 19 қаңтарында №5308 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 24 ақпанында №15 (8423) санында жарияланған);
      9. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 желтоқсандағы "Шаған ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 427 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 14 қаңтарында №5299 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 05 наурызында №18 (8426) санында жарияланған);
      10. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 желтоқсандағы "Іңкәрдария ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 428 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 14 қаңтарында №5298 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 17 ақпанында №13 (8421) санында жарияланған);
      11. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 желтоқсандағы "Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 429 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 19 қаңтарында №5310 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 12 наурызында №19 (8427) санында жарияланған);
      12. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 желтоқсандағы "Қалжан ахун ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 430 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 13 қаңтарында №5294 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 27 ақпанында №16 (8424) санында жарияланған);
      13. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 желтоқсандағы "Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №431 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 13 қаңтарында №5296 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 17 ақпанында №13 (8421) санында жарияланған);
      14. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 желтоқсандағы "Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 432 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 20 қаңтарында №5313 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 24 ақпанында №15 (8423) санында жарияланған);
      15. Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылдың 18 қаңтардағы "Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 35 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 15 ақпанында №5355 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 27 ақпанында №16 (8424) санында жарияланған);
      16. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 29 қаңтардағы "Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 44 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 13 ақпанында №4869 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 21 ақпанында №14 (8321) санында жарияланған);
      17. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 6 сәуірдегі "Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 132 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 30 сәуірінде №4969 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 06 мамырында №33 (8340) санында жарияланған);
      18. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 16 сәуірдегі "Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 147 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 18 мамырында №4984 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 27 мамырында №39 (8346) санында жарияланған);
      19. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 16 сәуірдегі "Сырдария аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 150 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 21 мамырында №4987 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 06 маусымдағы №42 (8349) санында жарияланған);
      20. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 9 шілдедегі "Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 231 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 11 тамыздағы №5095 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 15 тамыздағы №62 (8369) санында жарияланған);
      21. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 10 тамыздағы "Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 262 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 27 тамыздағы №5120 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 9 қыркүйектегі №69 санында жарияланған);
      22. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 14 тамыздағы "Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 265 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 18 қыркүйектегі № 5139 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 23 қыркүйектегі №73 (8380) санында жарияланған);
      23. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 4 қыркүйектегі "Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 289 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 18 қыркүйектегі №5140 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 20 қыркүйектегі №73 (8380) санында жарияланған);
      24. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 21 қыркүйектегі "Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 300 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 21 қазанында №5187 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 28 қазанда №83 (8390) санында жарияланған);
      25. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 16 қазандағы "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 333 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 17 қарашасында №5220 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 26 желтоқсанда №100 (8407) санында жарияланған);
      26. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 2 қарашадағы "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 354 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 30 қарашасында №5237 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 13 ақпанында №12 санында жарияланған);
      27. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 20 қарашадағы "Сырдария аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 375 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 7 желтоқсанда №5248 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 9 желтоқсанда №95 (8402) санында жарияланған);
      28. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 3 желтоқсандағы "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 396 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 10 желтоқсанда №5256 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 16 қаңтарында №4 санында жарияланған);
      29. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 14 желтоқсандағы "Сырдария аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 414 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 11 қаңтарында №5293 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2016 жылдың 13 ақпанында №12 санында жарияланған);
      30. Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 27 шілдедегі "Сырдария ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 253 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 26 тамызында № 5117 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылдың 16 қыркүйегінде №71 (8378) санында жарияланған);
      31. Сырдария ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 14 қарашадағы ""Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сырдария ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы №107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 438 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 08 желтоқсанда №4811 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 19 желтоқсанында жарияланған);