"Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 262 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 тамызда № 5120 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 27.05.2016 № 168 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірсерікұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "10" тамыздағы
№ 262 қаулысымен бекітілген

"Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсiпкерлiк, өнеркәсiп, туризм мен сауда қызметi салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы Сырдария ауданының әкiмдiгi болып табылады.
      3. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi 120600, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентi, Д.А.Қонаев көшесi, № 9 Б ғимарат.
      "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс кестесi: сенбi және жексенбi, заңнама актiлерiмен белгiленген басқа демалыс және мереке күндерiнен бөлек, күн сайын дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 09.00-ден 19.00-ге дейiн (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейiн үзiлiс).
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджетiнен жүзеге асырылады.
      13. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлермен "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiм" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: ауданда кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм салаларын дамыту жөнiндегi саясатты жүргiзу.
      15. Мiндеттерi:
      1) кәсiпкерлiк дамуын үйлестiрудi қамтамасыз ету;
      2) өнеркәсiп салалары қызметiн үйлестiру және дамуының мониторингiн жүргiзу;
      3) сауда, қоғамдық тамақтану кәсiпорындарының, қызметiн үйлестiру;
      4) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
      5) ауданда шағын кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасын және оны iске асырудың iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және олардың орындалуын бақылау.
      6) заңнамамен жүктелген басқа да мiндеттердi орындау.
      16. Функциялары:
      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;
      2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      3) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
      4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Қызылорда облысының кәсiпкерлер палатасының Сырдария ауданындағы филиалымен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
      5) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
      6) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;
      7) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк емес тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуына өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
      9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және үйлестiрудi жүзеге асыру;
      10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туризмдi дамыту туралы ақпарат жинақтап, талдап және оны "Қызылорда облысының кәсiпкерлiк және туризм басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне ұсыну;
      11) аудандық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және енгiзу;
      12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
      13) балалар мен жастар лагерьлерiнiң, туристер бiрлестiктерiнiң қызметiне және өз бетiнше туризмдi дамытуға жәрдем көрсету;
      14) туристiк ақпаратты, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
      15) аудандағы туристiк маршруттар мен соқпақтардың тiзiлiмiн жүргiзу;
      16) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
      17) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
      18) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
      19) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      20) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативiне қол жеткiзу жөнiнде шаралар әзiрлеу және iске асыру;
      21) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      Құқықтары:
      1) кәсiпкерлiктiң инвестициялық мүмкiндiктерi туралы ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, несие және грант алуға кәсiпкерлерге әдiстемелiк көмек көрсету;
      2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
      3) мүдделi органдармен келiсе отырып, уақытша жұмысшы топтар құрылуына ықпал ету, үйлестiру, ғылыми-техникалық және сараптамалық комиссиялар, сондай-ақ кәсiпкерлiк мәселелерi дамуының, сауда қызметтерiнiң проблемалары жөнiнде кеңес-семинарлар, дөңгелек үстелдер өткiзiлуiн ұйымдастыру;
      4) кәсiпкерлiк, туризмдi дамыту мен қолдау стратегиясын жүзеге асыру;
      5) бөлiм қызметi мәселелерi бойынша аудан басшылығының және аудан әкiмдiгiнiң отырыстарының қарауына ұсыныстар енгiзу;
      6) аудан әкiмi мен әкiмдiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға қатысу;
      7) бөлiм мұқтаждығына қажеттi тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жасау үшiн конкурстар ұйымдастыру;
      8) меншiк нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан ауданда кәсiпкерлiк пен сауда қызметтерiн дамыту мәселерi бойынша кәсiпорындар қызметiне талдау жасауға және мониторинг жүргiзу;
      9) Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң, облыс әкiмi және облыс әкiмдiгi, аудан әкiмi және аудан әкiмдiгiнiң актiлерiн орындау жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      10) меншiк нысанына және ведомствалық бағынысқа қарамастан, кәсiпкерлiк кәсiпорындарынан және сауда қызметтерiнен қажеттi ақпарат сұрау және алу;
      Мiндеттерi:
      1) жеке және заңды тұлғалардың "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жолдаған өтiнiштерiн қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртiппен олар бойынша жауаптар беруге;
      2) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдауды ұйымдастыру;
      3) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
      4) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен мiндеттердi мен жүзеге асырады;

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысын аудан әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының өкiлеттiлiгi:
      1) қызметкерлер арасында қызметтiк мiндеттердi және олардың жауапкершiлiк дәрежесiн үйлестiредi және бекiтедi;
      2) қызметкерлердi лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      3) заңда белгiленген тәртiппен қызметкерлердi көтермелеу және тәртiптiк жаза белгiлеу мәселелерiн шешедi;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшiн дербес жауапты болады;
      5) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      6) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдауды жүргiзедi;
      7) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
      8) өз құзыретi шегiнде бұйрықтарға қол қояды;
      9) гендерлiк теңдiк стратегиясын жүзеге асырады.
      10) заңнамаларға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      11) "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiлiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Заңды тұлға мен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның, заңды тұлға мен жергiлiктi атқарушы органның, заңды тұлғаның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      22. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      23. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiге бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      25. Сырдария ауданының әкiмдiгi "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне берiлген мүлiктердiң сақталуын және тиiмдi пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.
      "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiктi Сырдария ауданының әкiмдiгi қайтарып алуға немесе өзi құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде басқа да түрлерi белгiленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Сырдария ауданының кәсiпкерлiк, өнеркәсiп және туризм бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.