"Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 333 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қарашада № 5220 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 27.05.2016 № 168 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сырдария аудандық дене шынықтыру бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "16" қазандағы
№ 333 қаулысымен бекітілген

"Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Сырдария ауданының әкімдігі болып табылады.
      3. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      1) "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Сырдария спорт клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      4. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық, органдарында шоттары болады.
      6. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      7. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінен мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      9. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120600, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Амангелді көшесі, №3.
      "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      11. Мемлекеттік органның толық атауы: "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12. Осы Ереже "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетен жүзеге асырылады.
      14. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      16. Міндеттері:
      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
      3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
      4) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;
      5) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
      17. Функциялары:
      1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
      2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
      3) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      4) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
      5) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
      7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
      8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
      9) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      10) аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
      11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
      12) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      13) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      14) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
      15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      2) "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекеменің директорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде айқындайды;
      4) "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекеменің директорын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      7) "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шағаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.