"Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 қарашадағы № 354 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қарашада № 5237 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 27.05.2016 № 168 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірсерікұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н.Өмірсерікұлы

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 02 қарашадағы
№ 354 қаулысымен бекітілген

"Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ведомствалық бағыныстағы аумақта сәулет және қалақұрылысын peттey саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқықғы бар.
      6. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120600 Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Азатбақыт Алиакбаров көшесі № 22/1 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      12. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
       Аймақта сәулет және қала құрылысы бойынша кешенді дамыту арқылы өңір халқының тіршілік етуге және өмір сүруге қолайлы орта жасау.
      14. Міндеттері:
      1) аудандағы жетекшілік ететін салалардың негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттарын және басымдылықтарын қалыптастыруға қатысу;
      2) елді мекендердің инженерлік қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіруде мемлекеттік ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүргізу;
      3) құрылыс индустриясын және оларды координациялауды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды әзірлеу мен мониторинг жүргізу;
      4) өз құзыреті шеңберінде халықаралық және республикалық көрмелер өткізуге қатысу, алыс және жақын шет елдермен сыртқы экономикалық қарым-қатынас пен байланыстарды қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      5) Заңнамаларды қарастырылған басқада мәселелерді жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) өзіне қарасты аумақта мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын жүзеге асыру;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіппен объектілерді және кешендерді орналастыру жөнінде жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар әзірлеу;
      3) аудандық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысының базалық кадастрын жүргізу;
      4) аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық қызметтер көрсету нарығындағы мониторинг негізінде сәулет және қала құрылысының өндірістік тиімділігін арттыру, жетілдіру және дамыту бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бағдарламалық ic-шараларды орындауды камтамасыз ету;
      5) құрылысы салынып жатқан және салынатын (қайта жаңғыртылатын, кеңейтілетін, жетілдірілетін, күрделі жөнделетін) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
      6) сәулет және қала құрылысы аумағындағы жұмыс түрлері мен көлемдеріне тендерлер (конкурстар) ұйымдастыру;
      7) республикалык және жергілікті бюджет қаржылары, несиелер, гранттар есебінен әлеуметтік, өндірістік және инженерлік-техникалық мақсаттағы объектілердің құрылысы мен жобасын жобалау үшін жоба-техникалык құжаттарын камтамасыз ету және келісім жасау;
      8) жетекшілік ететін салалардың дамуына талдау жасау;
      9) аудандағы жетекшілік ететін салаларда дамыту мәселелерін шешу үшін қаржы және валюталық қаржылар қажеттілігін негіздеу және белгіленген тәртіппен жоғары органдарға ұсыныстар енгізу;
      10) аудандағы жетекшілік ететін салалардың мемлекеттік активтерін тиімді басқару саясатын жүзеге асыруға қатысу;
      11) өз құзыреті шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен бipгe жетекшілік ететін салаларды дамыту үшін тікелей инвестицияларды тарту және пайдалану стратегиясын әзірлеугe қатысу;
      12) аудан аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларындағы аудандық жоспарлау жобасын немесе оның бөлігін), аумақтық қала құрылысы жоспарларының кешенді сызбаларын жүзеге асыру бойынша қызметтерді үйлестіру;
      13) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының құрамына жататын аумақтық қала құрылысын дамытудың кешенді сызбаларын (әкімшілік бірлігіне қарасты аудандық жоспарлау жобалары), сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, қала типтес қыстақтардың және ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобасын әзірлеуді, олардың шекарасын белгілеу мен өзгертуді ұйымдастыру және оны аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
      14) аумақтық құрылыс салу, аумақты көркейту және инженерлік қамтамасыз ету ережелерін, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорықтар қорлар объектілерін, тарихи және мәдени ескерткіштер, инженерлік коммуникациялар, өзге де ғимараттар мен тұргын үй азаматтық маңызы бар құрылыстар, тұрғын үй қорларын сақтау және күтіп ұстау туралы ережелерді аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан аумағына қарасты елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту бойынша қала құрушы факторлармен оқшауланған ұсыныстарды аудандық мәслихатка енгізу;
       16) қаланың ықпал ету аумағына заңды жолмен енетін, сондай-ақ өзге де аумақтар, қала маңындағы аумақтар, резервтегі аумақтар, ауданның елді мекендерінің бас жоспарларының жобаларына келісу, оның ішінде оларды аудан аумағының есебінен дамыту;
       17) Тереңөзек кентінің және де аудан көлеміндегі басқа да елді мекендердің бас жоспарларының жобаларына келісім жасау;
       18) тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссияны құру бойынша аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізу;
       19) аумақтық құрылыс жүргізу жоспарлары немесе өзге де қала құрылысындағы өзгерістер жөнінде тұрғындарды ақпараттандыру;
      20) Объект құрылысы үшiн сұралған жер учаскесіне алдын ала таңдау жұмыстарын жүргiзеді;
      21) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
       22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды cұрayғa және алуға,
      2) аудан әкімдінінің және әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын әзірлеуге қатысу;
      3) сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша сараптама және ғылыми-техникалык үйлестіру жөнінде уақытша жұмысшы топтар мен комиссия құруға;
       4) бөлімнің қызметін жетілдіру мәселесі бойынша аудан әкімдігі мен аудан әкіміне ұсыныстарды қарауды енгізу;
       5) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүргізуге құқығы бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. Бөлім басшысы ауданның Бас сәулетшісі болып табылады.
      18. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;
      2) өз құзыреті шеңберінде барлық мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға бөлімнің мүддесін білдіре алады;
      3) бөлімнің актілеріне кол кояды;
      4) заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамаларда белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін марапаттайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      6) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылықта болады;
      7) бөлімде гендерлік тендік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      8)Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге атқарады.
       "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
      21. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Сырдария аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.