"Сырдария аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 414 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 5293 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 168 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Ырғызбай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. "Жәнтікей ауылындағы көшелердің атауын өзгерту туралы" Ырғызбай ауылдық округі әкімінің 13 ақпан 2015 жылғы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
       Тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Жәнтікей ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ырғызбай ауылдық округінің әкімі А.Иманғалиева