2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:
       33,   34,   35,   36,   37,   38,   39,   40-қосымшаларға  сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2006 жылғы 15 желтоқсандағы      
N 1220 қаулысына           
33-ҚОСЫМША              

202  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
             Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік
материалдық резерв жүйесін басқару саласындағы уәкілетті
органның қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   5296528 мың теңге (бес миллиард екі жүз тоқсан алты миллион бес жүз жиырма сегіз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :    "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы  Заңы ; "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі  Заңы ; "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы  Заңы ; "Авариялық құтқару қызметтері және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы  Заңы ; "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңы ; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі  Заңы ; "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы  заңы ; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   төтенше жағдайлардың алдын алу және мемлекеттік материалдық резервті құру мен дамытуды қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдарлама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар  саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік органдардың, Азаматтық қорғаныстың, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жұмыстарын үйлестіру. Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс академиясында оқитын тыңдаушылардың және олардың отбасыларының белгіленген орынға бару және кері қайту транспорттық шығындарын қамтамасыз ету. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарды, оның ішінде стандарттарды, ережелерді, нұсқауларды, басшылықтар мен ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі мерзімді журналдар шығару бойынша қызмет көрсетулерді төлеу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті

3

  

002

Аумақтық органдардың аппараттары

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламаларды ұйымдастыру және орындау.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдары

4

  

007

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік органдардың, Азаматтық қорғаныстың, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жұмыстарын үйлестіру. Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс академиясында оқитын тыңдаушылардың және олардың отбасыларының белгіленген орынға бару және кері қайту транспорттық шығындарын қамтамасыз ету. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарды, оның ішінде стандарттарды, ережелерді, нұсқауларды, басшылықтар мен ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі мерзімді журналдар шығару бойынша қызмет көрсетулерді төлеу.

ІІ-ІҮ тоқсан

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

5

  

008

Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу

Министрліктің аумақтық органдарының ғимараттары мен үй-жайларын күрделі жөндеу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс Қазақстан, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының ТЖД, Қызылорда облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы

6

  

009

Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Орталық аппарат пен оның аумақтық органдарының қызметтерін материалдық-техникалық жарақтандыру

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және оның аумақтық органдары

7

  

017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Ақпараттық жүйелерді техникалық, технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету.
Есептеу техникасы мен лицензиялық бағдарламалық өнімдерді, оның ішінде: жинағымен дербес компьютерлер, ноутбуктар, сканерлер, серверлер, ЕСЭДО серверлерін, жоғары жылдамдықтағы сканерлер, 4 ТБ тұрақты сақтайтын дискілер сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және оның аумақтық органдары

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже:
а) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
б) - 250 адамның, оның ішінде: аумақтық органдардан 225 адамның кәсіби деңгейін көтеру;
  - 1776 адамға, оның ішінде: аумақтық органдардан 1641 адамға мемлекеттік тілді оқытып-үйрету.
Түпкі нәтиже:
а) төтенше жағдайлар оқиғаларын азайту, төтенше жағдайлардың алдын алатын жұмыс істеп тұрған жасақтарды күшейту;
б) мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін 17,3 пайызға, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілді оқытып-үйретуді 44,3 пайызға арттыру қажеттілігін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) республикалық бюджеттің қаражатын тиімді бөлу;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеуге - 44300,0 мың теңге, өрт қауіпсіздігі саласында - 8185,0 мың теңге;
3) бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 31,1 мың теңге.
4) бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытып-үйретуге кететін орташа шығын - 13,1 мың теңге.
Сапасы:
а) төтенше жағдайлардың алдын алуға, оларды жоюға белгіленген регламент шеңберінде дер кезінде ден қою;
б) адам факторларына байланысты төтенше жағдайлар санының, қаза болғандар мен зардап шеккендердің, сондай-ақ өрттердің, өндірістік объектілердегі және жеке меншік секторларындағы апаттардың нәтижесіндегі материалдық залалдың өсуін азайту;
в) қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсына бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудегі үлесі - 44,3 пайыз; біліктілігін арттыру курсын өткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 6,2 пайыз.
Уақтылығы: іс-шараларды жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2006 жылғы 15 желтоқсандағы      
N 1220 қаулысына           
34-ҚОСЫМША              

       Ескерту. 34-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.17.  N 704 , 2007.11.06.  N 1052  Қаулыларымен.

202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды 
жоюды ұйымдастыру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 17640678 мың теңге (он жеті миллиард алты жүз қырық миллион алты жүз жетпіс сегіз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі  Заңы ; "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы  Заңы ; "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы  Заңы ; "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңы ; "28237, 52859, 68303 әскери бөлімдерін Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына бағындыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі N 264  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 наурыздағы N 400  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 40  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112  қаулысы .
      3. Бюджеттік   бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық объектілері мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі және олар туындаған кезде қорғауды қамтамасыз ету және халыққа жедел көмек көрсету; авариялық-құтқару күштерінің ұдайы дайындықты және төтенше жағдайларға уақтылы ден қоюды тұрақты және үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   дүлей зілзала, авариялар мен апаттар нәтижесінде зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету;
бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда іс-қимылдарға жоғары дайындықты қамтамасыз ету, апат аудандарына және берілген жауынгерлік міндеттер орындалатын аудандарда авариялық-құтқару қызметтерінің жедел ден қоюы, уақтылы баруы; жетуі қиын аудандарда, қиындығы жоғары объектілерде құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
ақпараттарды уақтылы және тұрақты түрде қабылдау және жедел өңдеу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттік басқару органдарымен үздіксіз және тиімді байланысты қамтамасыз ету;
қадағалау және хабардар ету қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; мониторинг және сел қауіпі бар объектілер мен сел ағындарын бақылау;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде уақтылы ден қою үшін арнайы техникалық құралдардың дайындығын қамтамасыз ету;
төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылардың дайындық деңгейін арттыру;
өрт қауіпсіздігі, өрттің алдын алу мен оларды жою саласындағы, шаруашылық ету объектілері мен тұрғын үйлердің өртке қарсы қорғанысын арттыру бойынша жұмыстарды жетілдіру;
төтенше жағдайлардың салдарларын жою бойынша іздестіру-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жедел жүргізу.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдар лама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру

  

  

  

2

  

100

Республикалық жедел құтқару жасағы

"Республикалық  жедел-құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесін ұстау (штат саны - 56 бірлік). Ауа қабы бар кемелерді, амфибия жол талғамайтын көлігін, жедел жұмыс үшін сүңгуір жарақтары; авариялық құтқару құралдарын мен оргтехника сатып алу. Алматы қаласындағы РЖҚЖ ММ базасын күрделі жөндеу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

3

  

101

Әскери бөлімдер

Әскери бөлімдерді ұстау (штат саны - 1202 бірлік, оның ішінде мерзімді қызметтегі 929 бірлік әскери қызметшілер).
Азық-түлік, дәрі-дәрмектер, заттай мүліктер сатып алу, мерзімді қызметтегі 153 бірлік әскери қызметшінің келісім-шартты қызметке өтуі.
Камаз базасындағы отын құятын көлік, КС кранын, Камаз базасында (бортты 6х6) автомобилін, 15 т ж/т өздігінен    түсіргіш Камаз, жеке құрамды тасымалдау үшін ПАЗ жедел құтқару автомобилін, құтқару жабдығын; спорт құрал-саймандарын; байланыс мүліктерін; тыл   жабдықтарын, оның ішінде "Ливенка" отын құйғышын,   кір жуғыш машиналар, центрифугалар, шойын қазандықтар, шатырлар, бейнебақылау жүйелерін, дала асханасын, мұздатқыш камералар, мұздатқыштар, дизель электр станциясы, су қайнататын қазандықтар, отын құятын колонкалар; техникалық құралдар, оның ішінде "Самсунг" теледидарын, бейнекамера, санитарлық бөлімнің жабдықтарын, оның ішінде ДТ-50-3 тоқпен емдеу, ОКН-1 сәулелендіргіш аппаратын сатып алу. 52859 әскери бөлімінің үй-жайларын (үйлер мен ғимараттарын) күрделі жөндеуді аяқтау.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

4

  

102

Аэроұтқыр өңірлік жедел-құтқару жасақтары

Өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасақтарын ұстау (штат саны - 168 бірлік). Автокөлік құралдарын, оның ішінде Нива-Марш авариялық құтқару автомобилін, Камаз базасында кунгті автокөлік, қарда жүретін көлікке арналған автотіркеме, авариялық құтқару, сүңгуір жабдықтарын, байланыс құралдарын, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын, құтқарушы құрамалардың тыныс-тіршілігі үшін құрал-саймандар, оның ішінде "Максим" тренажерын, атлетикалық тренажер, электрлі, жүгіру жолын, кинология, оның ішінде иттерді тасымалдауға арналған бокстар, үйрету костюмдерін, іздестіру және авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін иттер сатып алу. Астана қаласындағы ОӨАЖҚЖ ММ ғимаратын, коммуникацияларын күрделі жөндеу және оның аумағын көгалдандыру

Жыл бойы

Орталық өңірлік жедел-құтқару отряды, Батыс өңірлік жедел-құтқару отряды, Шығыс өңірлік жедел-құтқару отряды, Солтүстік өңірлік жедел-құтқару отряды, Оңтүстік өңірлік жедел-құтқару отряды мемлекеттік мекемелері.

5

  

103

Республикалық дағдарыс орталығы

"Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесін ұстау (штат саны - 25 бірлік).
Төтенше жағдайларға ден қою бойынша жабдықтар, оның ішінде бейнеконференц
байланыстың
мобильдік
жинағын,
конференц
жүйесінің бейнекамерасын, А3 түрлі түсті лазерлік желілік принтер түрлі түсті көшіру аппаратын (А3 форматы), ноутбуктер, плоттерлер, ақпаратты уақытында және сапалы қабылдау мен жедел өңдеу үшін желілік сымсыз жабдықтарды (желіге кіру нүктелері, антенна, желілік карталар), жерсеріктік терминал сатып алу.

Жыл бойы

"Республикалық дағдарыс   орталығы" мемлекеттік мекемесі

6

  

104

Қазселденқорғау

"Қазселденқорғау" ММ ұстау (штат саны - 540 бірлік).
1) Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында он жеті гидротехникалық құрылыстарға, гидрологиялық бекеттерге, диспетчерлік пункттерге, сейсмикалық полигондар мен бөгеттерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, бақылау және хабарлау бекеттерін ұстау, аэрошолу жұмыстары, мұздық көлдерді ағызу бойынша алдын алу жұмыстары, жер сілкіністерін қысқа мерзімді болжауды қамтамасыз ету бойынша ғылыми-болжау жұмыстарын жүргізу, қар көшкіндерін, сел тасқындары мен сырғымаларды алдын ала түсіру бойынша жару жұмыстары.
2) Құрылыс техникасы мен автокөлік, оның ішінде САТ-319 СLN экскаваторын, НYNDAI НL760-7 жүк тиеуішін, Б-10 бульдозерін, КС-55713 автокранын, Камаз базасындағы бетонсорғыш, 6520 Камаздарын (өзі түсіретін) НЕФАЗ тіркемелерін, АГП-40 гидравликалық көтергіш, мотопомпалар, ДЗ-98 автогрейдерін, МТЗ базасындағы баралық машинасын, МТЗ базасындағы қар тазартқыш машинасын, электр станцияларын, жедел қызметтік автомобилдерін, байланыс құралдары мен жабдықтарын, гидрометеорологиялық аспаптар, оның ішінде жауын-шашын өлшеуіштер, аспирациялық психрометрлер, ұйымдастыру техникасы мен жабдықтар, оның ішінде компьютерлер, А3 түрлі түсті көшіру аппараттарын, бейнекамералар, фотоаппараттар, ақ-қара түсті көшіру аппаратын, ламинатты аппарат, А3 офистік сканер, UРS кернеу реттеуіштерін сатып алу .

Жыл бойы

"Казселезащита" ММ

7

  

105

Төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету үшін арнайы техникалық жабдықтардың дайындығын ұйымдастыру

Авиациялық техникаларды ұстау, ұшу-техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу, оның ішінде жанар жағармай материалдарының шығындары, ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету, авиациялық техниканы орналастыру, метео қамтамасыз ету, авиатехникаларға әуежай және жер арқылы қызмет көрсету, әуе кемелерін орналастыру, сақтандыру.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

8

  

106

"Қазқұтқару" бөлімшесі құтқарушыларының сайынғы (халықаралық) жиын-семинарын өткізу

"Қазқұтқару" құтқарушыларының жыл сайынғы жиын семинарын өткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде кеңсе және басқа тауарларды, жанар-жағармай материалдарын сатып алу, жиын семинарға қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету, вымпелдар, дипломдар, мақтау қағаздарын, бейдждер жасау, жүлделер сатып алу, жүлделер мен кубокторға жазу түсіру, фото және бейнематериалдарды жасау.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

9

  

107

Өрт сөндіру қызметі

"Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесін ұстау (штат саны - бірлік). Автокөлік құралдарын, оның ішінде Урал базасында АЦ-40 автоцистерналарын, ЗИЛ базасында АЦ-40 автоцистерналарын, Камаз базасында АГВТ газбен-сумен өшіру автомобильдерін, Камаз базасында АЦЛ-4-40/22 сатылы автоцистерналар, арнайы көліктер, оның ішінде Камаз базасында АСА-20 авариялық құтқару автомобильдерін, Камаз базасында АСО-20 байланыс және хабарлау автомобильдерін, Мерседес Бенс базасында 54 м барынша жоғары биіктікті телескопиялық көтергіштер, қосалқы көліктер, оның ішінде Нива базасында ОСА-5 жедел қызметтік автомобилін, жылдам жүретін жедел қызметтік автомобиль, сығылған ауамен жұмыс істейтін резервтік композициялық баллондары және панарамалық маскалары бар демалу аппаратының жинаған, Тейзер-1600" мотопомпасын, компрессорлар, "Тhurаyа" спутниктік телефондарын, ақпараттарды өңдеу мен өрттерді жедел жоюға арналған радиостанциялар жинағын сатып алу. Қызмет филиалдарының өрт сөндіру депосы ғимараттарын күрделі жөндеу және олардың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша шығындар. "АРМ Диспетчер" орталықтан басқарудың автоматтандырылған ақпаратты жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеу бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу.

Жыл бойы

"Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары" мемлекеттік мекемесі

10

  

108

Жедел құтқару қызметі

Жедел құтқару жасақтарын ұстау (штат саны - 285 бірлік).
Автокөлік құралдарын, оның ішінде жабдықтарды тасымалдауға арналған Газель, жедел қызметтік Нива автомобилін, УАЗ базасында өткізгіштігі жоғары автомашина (11 орындық), байланыс құралдарын, авариялық құтқару аспаптары мен жабдықтарын, суда құтқару жабдығын және сүңгуір жарағын сатып алу

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақтөбе қаласындағы "Жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесі, Екібастұз қаласындағы "Жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласындағы "Жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласындағы "Жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласындағы "Жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесі, Орал қаласындағы "Жедел-құтқару отряды" мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласындағы "Жедел-құтқару отряды мемлекеттік мекемесі.

11

  

109

Апаттар
медицинасы
орталығы 

Табиғи және
техногендік
сипаттағы төтенше
жағдайлар кезінде
медициналық көмек
көрсету. Қазақстан
Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
бұйрығымен
бекітілетін
Тізбеге сәйкес
медициналық (емдік
және диагностика-
лық), зертханалық
жабдықтар,
медициналық емес
жабдықтар, маман-
дандырылған
автокөлік сатып
алу.

Жыл
бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Төтенше
жағдайлар
министр-
лігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтижелер:
Құтқарушылар азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен, заттай киім-кешектермен қамтамасыз етілді, ғимараттарға, жабдықтарға және басқа да негізгі құралдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- Алматы қ. ӨЖҚЖ ММ күрделі жөндеу жүргізілді; 1 ауа қабы бар кеме, 1 амфибия жол талғамайтын көлігін, сүңгуір жарақтары мен аспабын, авариялық-құтқару аспаптары мен жабдықтары, ұйымдастыру техникасының жинағы сатып алынды;
- 52859-әскери бөліміне күрделі жөндеу жүргізілді; 1 құтқару жабдығы, 5 автомобиль техникасы, оның ішінде: Камаз, базасындағы отынқұйғыш, КС Краны, Камаз (өзі түсіретін) базасындағы автокөлік, ПАЗ базасындағы жеке құрамды тасымалдау үшін ОСА; спорттық заттар, байланыс мүлігін, тыл жабдығын; техникалық құралдар; санитарлық бөлім жабдығы сатып алынды.
- ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді және ОӨАЖҚЖ аумағы көгалдандырылды; 6 автокөлік құралдары, оның ішінде: 4 бірлік Нива "Марш", Камаз автомобилі, қарда жүретін автоприцеп; авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтары; сүңгуір құралдары мен жабдықтары; байланыс құралдары; тіршілікпен қамтамасыз ету құралдары; кинологиялық қызмет жабдықтары сатып алынды;
- бейнеконференц байланысының 2 жинағы, конференц жүйесінің 2 бейнекамерасы, 1 принтер, 1 түрлі түсті көшіру аппараты, 2 ноутбук, плоттер, жерсеріктік терминал, желілік сымсыз жабдықтар жинағы сатып алынды;
- жер сілкінісін қысқа мерзім ішінде болжауды қамтамасыз ету жөнінде аэрошолу, алдын алу, жарылыс және гидрометеорологиялық сипатын айқындау жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 1 бульдозер, 1 автокран, Камаз базасындағы 1 бетон сорғыш, өзі түсіретін 3 КАМАЗ 6520, НЕФАЗ 2 тіркемесі, 1 автокөлік гидравликалық көтергіш, 2 мотопомпа, 1 автогрейдер, МТЗ базасындағы 1 бар машинасы, МТЗ базасындағы 1 қар жинайтын машина, электр станцияларын 2 жинағы, 15 жеделқызметтік автомобилі, байланыс құралдары мен жабдықтары, гидрометеорологиялық аспаптары; ұйымдастыру техникасы мен жабдықтар жинағы сатып алынды;
- авиация техникасын ұстау жөніндегі қызмет көрсетулер қамтамасыз етілді, 1 отын құятын орын сатып алынды;
- республикалық (халықаралық) "Қазқұтқару" жиын-семинары жүргізілді және оған 335 құтқарушыны қатыстыру қамтамасыз етілді;
- Жамбыл облысындағы, Қызылорда облысындағы, Ақмола облысындағы өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараттарына; ММ-ның Батыс Қазақстан облысы филиалының әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді және Тараз қаласындағы өрт сөндіру депосының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Автокөлік құралдары, оның ішінде Урал базасындағы 68 АЦ-40 автоцистернасы, ЗИЛ базасындағы АЦ-40 68 автоцистернасы, КамАЗ базасындағы 2 АГВТ газбен-сумен сөндіру автомобилі, ЗИЛ базасындағы жұмыс істеу биіктігі 30 м 12 өрт сөндіру автосатысы; арнайы автоқұралдар, оның ішінде КамАЗ базасындағы 4 АСА-20 авариялық-құтқару автомобилі, КамАЗ базасындағы 7 АСО-20 байланыс және жарық беру автомобилі, Мерседес Бенс базасындағы 54 м барынша жоғары биіктікті 2 телескопиялық көтергіш, қосалқы көліктер, оның ішінде Нива базасындағы 1 ОСА-5 жедел қызметтік автомобилі, 1 жылдам жүретін жедел қызметтік автомобиль, өрт сөндіру техникалық құрал-жарақтарының жинағы, сығылған ауамен жұмыс істейтін резервтік композициялық баллондары және панарамалық маскалары бар демалу аппаратының жинағы; "Тейзер-1600" мотопомпы; компрессорлар; байланыс құралдары, оның ішінде 17 спутниктік телефон, радиостанция жинағы сатып алынды;
- Орал қаласындағы ЖҚЖ күрделі жөндеу жүргізілді, автокөлік құралдары, оның ішінде жабдықтарды тасымалдау үшін 2 Газель автомобилі, 3 Нива жедел қызметтік автомобилі, УАЗ базасындағы (11 орындық) 1 өткізгіштігі жоғары автомашина; байланыс құралы; оның ішінде авариялық-құтқару жабдығы; суда құтқару және сүңгуір жарақтары сатып алынды.
Соңғы нәтиже:
төтенше жағдайлар оқиғаларын кеміту мен азайту бойынша іс-шараларды жүргізу, оның ішінде төтенше жағдайлардан күтілетін материалдық шығынды 2-3 % азайту, зардап шеккендер мен қаза болғандардың санын 3-4 % азайту, құтқарылғандардың санын 5-6 % көбейту.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
бір әскери бөлімді ұстау орташа 265181,0 мың теңгені құрайды;
бір өңірлік аэромобильдік жасақты ұстау орташа 47262,8 мың теңгені құрайды;
"Қазқұтқару" семинарына қатысатын бір құтқарушыны 10 күн ішінде орташа қамтамасыз ету - 22,4 мың теңге;
1 тікұшақты бір жылда пайдалану, ұстау және оған техникалық қызмет көрсетудің орташа құны - 38407 мың теңге;
бір өрт сөндіру бөлімін ұстау орташа 36868,2 мың теңгені құрайды;
бір жедел құтқару жасағын ұстау 34173,4 мың теңгені құрайды.
Сапасы:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы функцияларға сәйкес адамзат факторымен, қаза болғандар мен зардап шеккендер санымен байланысты төтенше жағдайлар санының артуын, сондай-ақ өндіріс объектілері мен жеке секторлардағы өрт, дүлей зілзала нәтижесіндегі материалдық шығынды тежеу жөніндегі іс-шаралардың 100%-ға орындауды қамтамасыз ету.
Уақтылығы:
барынша уақыт мүмкіндігімен белгіленген регламент шеңберінде төтенше жағдайларға ден қою, олардың алдын алу және жою.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2006 жылғы 15 желтоқсандағы      
N 1220 қаулысына           
35-ҚОСЫМША              

202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу мен реконструкциялау"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1582868 мың теңге (бір миллиард бес жүз сексен екі миллион сегіз жүз алпыс сегіз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы  Заңы ; "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1383  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   Қазақстан Республикасының аумағын табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандарын дайындаудың білім деңгейін көтеру.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   Қазақстан Республикасының аумағын болуы ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету жағдайын жасау.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдарлама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу мен реконструкциялау

"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының сәйкес белгіленген сома шегінде инвестициялық жобаларды мына іс-шаралар бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес іске асыру:
1) Астана қаласын Есіл өзенінің су тасқынынан қорғау құрылыс кешенін салу (2004 жылғы 31 тамыздағы N 7-386/2004 сараптау қорытындысы);
2) Астана қаласындағы Есіл өзенінің сол жағалауындағы 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу жаңа әкімшілік орталығында (2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 17-318/23 сараптау қорытындысы).
3) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау және оған мемлекеттік сараптама жүргізу және Көкшетау техникалық институты оқу кешенінің құрылысын бастау (Мемлекеттік сараптаманың техникалық-экономикалық негіздемеге 2005 жылғы 28 шілдедегі N 2-484/05 қорытындысы)

қаңтар-желтоқсан

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, мемлекеттік мекемелер "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі", "Қазселқорғау", "Көкшетау техникалық институты"

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже:
- Астана қаласын Есіл өзенінің су тасқынынан қорғауға арналған объектілер кешенін салу (орындалған жұмыстар көлемінің 11,5 пайызға);
- Астана қаласында 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салуды жаңа әкімшілік орталығында 2007 жылы аяқтау;
- 2900 бірлікке арналған Көкшетау техникалық институты оқу кешенін салу жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу.
Түпкі нәтиже: аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғауға арналған объектілерді, сондай-ақ оқу процесін жүргізу бойынша тиісті жағдайларды қамтамасыз ету үшін Көкшетау техникалық институты оқу кешенін пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісінің кестесіне және жасалған келісім-шартқа сай.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сай.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2006 жылғы 15 желтоқсандағы      
N 1220 қаулысына           
36-ҚОСЫМША              

202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Өрт қауіпсіздігі саласында сынақтарды талдау және жүргізу"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   10399 мың теңге (он миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы  Заңы ; "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы  Заңы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   өрт қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-техникалық және нормативтік-құқықтық базаны дамыту.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   Қазақстан Республикасының заңнамаларына, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өрт қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ өртпен күрестегі тәжірибе негізінде, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердің, бұйымдардың, конструкциялардың, үйлер мен ғимараттардың өрт қауіптілігін бағалау.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдарлама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Өрт қауіпсіздігі саласында сынақтарды талдау және жүргізу

Өрт қауіпсіздігі саласында сынақтар мен зерттеулер жүргізу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу:
- өрт сөндіру автоматикасы мен жабдықтарының техникалық құралдарын, оттан қорғау материалдарының өрт сөндіру заттарын жобалау, монтаждау және пайдалануға берудің нормативтік құжаттарын (мемлекеттік стандарттар, әдістемелік ұсынымдар) әзірлеу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласында қолданыстағы халықаралық стандарттармен үйлесуін ескере отырып, оларды сынаудың әдістерін айқындау;
- өрт қауіпсіздігі саласында қолданыстағы халықаралық стандарттарға сәйкес нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша:
1. "Өрт сөндіру техникасы. Өрт сөндіру шкафтары. Өрт қауіпсіздігінің техникалық талаптары. Сынау әдістері";
2. "Өрт сөндіру техникасы. Қысымы бар өрт сөндіру сораптары. Өрт қауіпсіздігінің техникалық талаптары. Сынау әдістері".
3. "Өрт сөндіру техникасы. Өрт сөндіру крандарының қақпақшалары. Өрт қауіпсіздігінің техникалық талаптары. Сынау әдістері".
4. "Өрт сөндіру техникасы. Өрт сөндіру каскалары. Жалпы техникалық талаптар және сынау әдістері".
5. "Өрт сөндіру техникасы. Өрт сөндіру, құтқару белдіктері. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері".
6. "Өрт сөндіру техникасы. Өрт сөндіру карабині. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері".

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: 4 сынаулар мен зерттеулер жүргізу және өрттерді анықтау мен сөндірудің автоматтық жүйелерін, құтқару қондырғылары мен жеке қорғану құралдарын сынау әдістерін және жалпы техникалық талаптарды реттейтін 6 нормативтік құжаттар әзірлеу.
Түпкі нәтиже: өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік стандарттағы бір нормативтік-техникалық құжаттың сараптамасы.
Сапасы: республикада шығарылатын және Қазақстан рыногына әкелінетін сынақ үлгілерінің, бұйымдардың және өнімдердің өрт қауіпсіздігі көрсеткіштерін айқындау бойынша қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 100% орындалуын қамтамасыз ету.
Уақтылығы: сынаулар мен зерттеулердің нәтижелерін белгіленген мерзімде ұсыну.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2006 жылғы 15 желтоқсандағы      
N 1220 қаулысына           
37-ҚОСЫМША              

202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   330421 мың теңге (үш жүз отыз миллион төрт жүз жиырма бір мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы  Заңы ; "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 шілдедегі  Заңы ; "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы N 243  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   өрт сөндіру қызметі бөлімшелерін өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   051001 "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімі бар инженерлерді дайындау сапасын барынша ұлғайту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдарлама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

  

Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау

Штаттық саны 120 бірліктен тұратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесін ұстау. Тыңдаушыларды азық-түлікпен, киім-кешекпен және стипендиялар төлеумен, ғимараттарға, үй-жайларға, құрал-жабдықтарға ағымдағы жөндеу жасаумен және басқа да негізгі құралдармен қамтамасыз ету. Вахта автобустарын,
компьютерлік және
ұйымдастыру
техникаларын
сатып алу; оқу
әдістемелік және
ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен
қоса, білім беру
жұмыстарын жүзеге
асыру.
Мемлекеттік
сараптамадан
өткен сметалық
құжаттамаға
сәйкес жатақхана
ғимаратына
күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесі

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы  N 1282  Қаулысымен.
       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: 480 тыңдаушы оқыту, 10 автобустар сатып алу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Түпкі нәтиже: "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша жоғары білімді мамандарды дайындау - күндізгі оқу бөлімі факультетінің түлектері - 106 адам, сондай-ақ сырттай оқу бөлімі факультетінің түлектері - 100 адам.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір студентті бір жылда оқытудың орташа құны - 688,4 мың теңге.
Сапасы: 051001 "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша (академиялық дәрежесі - бакалавриат) білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес мамандарды дайындап шығару.
Уақтылығы: мамандарды дайындаудың бекітілген кестесіне сәйкес.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2006 жылғы 15 желтоқсандағы      
N 1220 қаулысына           
38-ҚОСЫМША             

202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Мемлекеттік органдар мен мекемелер мамандарын
төтенше жағдай ахуалында іс-әрекет жасауға даярлау"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   11145 мың теңге (он бір миллион бір жүз қырық бес мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі  Заңы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы басшы құрам мен мамандардың кәсіби деңгейін көтеру бойынша көмектесу, азаматтық қорғаныс әскерлері үшін білікті офицерлер кадрларын және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесі үшін жоғары білікті мамандар даярлау.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   азаматтық қорғаныс әскерлері үшін офицерлер кадрларының және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесі үшін жоғары білікті мамандардың біліктілігін арттыру, басшы құрамның, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, еліміздің азаматтық қорғаныс саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың мамандарын дайындау және қайта даярлау, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына, республиканың басқа да ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдарлама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

007

  

Мемлекеттік органдар мен мекемелер мамандарын төтенше жағдай ахуалында іс-әрекет жасауға даярлау

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында кадрлар даярлау жөніндегі қызмет көрсетулерді (жұмыстарды) сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: бюджет саласындағы қызметкерлерді 47 санат бойынша оқыту, оқу бағдарламасында төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бойынша 62 тақырып көзделген, оқыту курстары бір аптадан (42 оқу сағатынан) тұрады.
Түпкі нәтиже: төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы 1750 бюджет саласындағы қызметкерлердің білім деңгейі мен дағдысын арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір тыңдаушыны оқытуға - 6369 теңге, оқытудың бір сағаттық құны - 265,3 теңге.
Сапасы: Бюджет саласындағы қызметкерлерді оқыту жоспары бойынша.
Уақтылығы: бекітілген кестеге сәйкес кадрларды дайындау және қайта даярлау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2006 жылғы 15 желтоқсандағы      
N 1220 қаулысына           
39-ҚОСЫМША              

202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны :   4752079 мың теңге (төрт миллиард жеті жүз елу екі миллион жетпіс тоғыз мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы  Заңы ; "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 237  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112  қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   бекітілген номенклатураға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуын және қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   бекітілген номенклатураға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің тауарларын жаңартып отыруды қамтамасыз ету; сақтау режимінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сапалы және сандық сақталуын және қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдарлама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

008

  

Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау

  

  

  

2

  

 100

Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау, мемлекеттік материалдық резервтің тауарлық-материалдық құндылықтар қорларын сақтау нормаларына дейін жеткізу, төтенше жағдайларды жоюға арналған тауарлар мен материалдар номенклатурасын қалыптастыру үшін материалдық құндылықтарды сатып алу, жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті

3

  

101

Мемлекеттік материалдық резервті сақтау

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын ведомстволық бағынысты ұйымдар мен сақтау пункттерінде сақтауды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бүтіндігін қамтамасыз ету үшін оларды түгендеу, ауыстыру, бағалау, сертификаттау және сақтауды жүзеге асыру.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыруға байланысты міндеттері бар ұйымдарда сақтау мен ұстауды жүзеге асыру.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті

4

  

103

Сақтау пункттерін күрделі жөндеу

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өндірістік қуаттарына күрделі жөндеу жүргізу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Құпия.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2006 жылғы 15 желтоқсандағы      
N 1220 қаулысына           
40-ҚОСЫМША              

202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
"Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны :   95502 мың теңге (тоқсан бес миллион бес жүз екі мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Республика аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 19 наурыздағы N 451  өкімі .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   халықтың және табиғи-шаруашылық жүргізуші объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   - Алматы қаласының аумағы үшін сейсмикалық мониторингтің жаңа бірегей ұңғымалық жүйесін әзірлеу және енгізу;
- төтенше жағдайлар саласындағы жаңа геофизикалық материалдар алу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағдарлама коды

Кіші бағдарлама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

009

  

Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

"Қиратушы жер сілкіністерін қысқа мерзімде болжау үшін жаңа ғылыми-технологиялық бағыт - микросейсмологияны болжауды әзірлеу"; "Алматы қаласының сейсмикалық қауіптілігінің тереңдік ұңғымалық сейсмикалық мониторингі саласын зерттеу" тақырыптары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қызмет көрсетулерді сатып алу. Мемлекеттік ғылыми зерттеу сараптамасын жүргізу бойынша қызмет көрсетулерге ақы төлеу.

Жыл бойы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже:
- қиратушы жер сілкінісінен қорғалатын аумақтардың шағын сейсмикалығын бақылаудың технологиялық жүйесін жасауда жаңа әдістерге жету;
- болжау ақпараттарын жинаудың жаңа технологиялық әдістерін әзірлеу;
- болжау мониторингінің жүйесіне көп түскен сейсмометрикалық ақпаратты жедел өңдеу алгоритімін әзірлеу;
- сейсмикалық режимнің математикалық үлгілерін әзірлеу;
- шағын жер сілкіністері бойынша деректер базасын құру;
- Алматы қаласы үшін қиратушы жер сілкіністерінің қауіптілігі бойынша аумақтың шағын сейсмикалық мониторинг жүйесінің инфрақұрылымдарын оңтайландыру бойынша зерттеу-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- өңірдің сейсмикалылығын және оның тереңдік құрылысын зерттеу (шағын сейсмикалылықты, қалалық жарылым аймақтарын зерттеу);
- тереңдікті бақылаудың жаңа әдістерін әзірлеу;
- мониторингтің тереңдік және жер бетілік жүйесі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
- тереңдік мониторинг бойынша деректер базасын құру;
- Алматы қаласын шағын сейсмикалық аудандарға бөлуге арналған деректерді өңдеу;
- сейсмикалық тереңдік мониторинг деректерін республикалық жер сілкіністерін болжау желісіне бейімдеу және енгізу.
Түпкі нәтиже:
- Алматы қаласының маңайында болуы мүмкін қиратушы жер сілкінісі туралы алдын алу қызметтеріне арналған жаңа технологиялық әдістемелер алу;
- Алматы қаласын шағын сейсмикалық аудандарға бөлу міндеттерін орындау үшін бірегей геофизикалық материалдар алу арқылы алдын алу қызметтеріне деректер беру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- Алматы қаласының маңайында болуы мүмкін қиратушы жер сілкінісі туралы алдын алу қызметтері үшін жаңа технология әзірлеу саласында ғылыми зерттеу жүргізу бойынша шығыстар - 65502,0 мың теңге;
- Алматы қ. сейсмикалық қауіптілігінің тереңдік ұңғымалық сейсмикалық мониторингі саласында ғылыми зерттеу жүргізу бойынша шығыстар - 30000,0 мың теңге.
Сапасы:
төтенше жағдайлар мониторингінің жаңа технологиясының көмегімен Алматы қаласының халқы мен табиғи-шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету.
Уақтылығы:
жасалған шарттарға сәйкес жыл ішінде.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына      
40-1-ҚОСЫМША       

       Ескерту. 40-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.

202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
     Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
012»"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи дүлей апаттардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған нысаналы даму трансферттері"»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны :   711 689 мың теңге (жеті жүз он бір миллион алты жүз сексен тоғыз мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : "Республика аумағындағы төтенше оқиғалардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 451  өкімі .
       3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі :   республикалық бюджет қаражаты.
       4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағындағы халықты және табиғи шаруашылық объектілерін табиғи дүлей апаттардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттік бағдарламаның міндеті :   Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағына инженерлік қорғаныштық жағалауды бекітетін құрылыстар салу.
       6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ- дар- лама- ның коды

Кіші бағ- дар- лама-
ның
коды

Бағдарла- маның
(Кіші
бағдарла-
маның
коды)

Бағдарламаны (кіші
бағдарламаны) іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты орындау-
шылар

  1

012  

  

Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалалары- ның бюд- жеттеріне халықты, объекті- лерді және аумақтар- ды табиғи
дүлей апаттар- дан инженер- лік қорғау жөніндегі жұмыстар- ды жүргізуге арналған нысаналы даму трансферт-тері

"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы"»Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
14 желтоқсандағы N 1204 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітілген сомалар шегінде инвестициялық
жобаларды іске асыру:
1. Жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу және Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағына инженерлік қорғаныштық жағалауды бекітетін құрылыстар салуды бастау бойынша.
2. Алматы облысында Алакөл көлінің аумағында инженерлік қорғаныштық жағалауды бекітетін құрылыс бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша

шілде- желтоқ-сан

Қазақстан,Республи- касы Төтенше жағдайлар министрлі-гі, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Алматы облысының әкімі

      7. Бюджеттік бағдарлама орындалған жағдайда күтілетін нәтижелер :   Тікелей нәтиже: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағында инженерлік қорғаныштың жағалауды бекітетін құрылыстар бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен, бекітілген жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ).
      Түпкі нәтиже: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары Алакөл көлінің аумағындағы халықты, объектілерді инженерлік қорғау бойынша объектілерді пайдалануға беру.
      Уақтылығы: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары Алакөл көлінің аумағындағы халықты, объектілерді инженерлік қорғау бойынша жұмыстар жүргізуге өндірістің жұмыс кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
      Сапасы: құрылыс салу нормалары мен ережелеріне сәйкес.