Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 519 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 94  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 5, 42-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2006 жылға арналған  жоспарында :
      реттiк нөмiрi 26-жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі