Об утверждении Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы "Еңбек"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2018 года № 746.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегііс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.

      4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 13 қарашадағы
№ 746 қаулысымен
бекітілген

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы

      1. Бағдарламаның паспорты

      2. Кіріспе

      3. Ағымдағы ахуалды талдау

      4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар

      6. Қажетті ресурстар


Атауы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша,Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Бағдарламаны жалпы үйлестіру

Мақсаты

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту

Міндеттері

1-міндет. Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
2-міндет. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.
3-міндет. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау.
4-міндет. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау.
5-міндет. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
6-міндет. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту.
7-міндет. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіру.
8-міндет. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.
9-міндет. Жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
10-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
11-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту

Іске асыру мерзімдері

2017 – 2021 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:
1) жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан аспайтын болады;
2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20%-дан аспайды;
3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 10,2%-дан аспайды;
4) белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі 10%-ды құрайды

Қаржыландыру көздері және көлемі

1) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат:
2017 жылы – 40 347 965 мың теңге;
2018 жылы – 67 392 995 мың теңге;
2019 жылы – 78 438 152 мың теңге;
2020 жылы – 86 177 355 мың теңге;
2021 жылы – 92 124 387 мың теңге.
2) жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат:
2017 жылы – 45 038 436 мың теңге;
2018 жылы – 45 311 093 мың теңге;
2019 жылы – 45 453 119 мың теңге

      2. Кіріспе

      Қазақстан тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, табысы орташадан жоғары деңгейдегі елдер тобына кірді.

      Мұндай орнықты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін анағұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздар мен нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылдық жерлердегі санын азайтуға мүмкіндік берді.

      Осы проблемаларды шешу үшін "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының (бұдан әрі – ЖЖК 2020 бағдарламасы) шеңберінде 2011 жылдан бері жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылған тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына тарту жөніндегі шаралар белсенді түрде іске асырылды. ЖЖК 2020 бағдарламасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарының ("2009 және 2010 жылдардағы жол карталарының" кадрларды жұмыспен қамту және қайта даярлау стратегиясы) қисынды жалғасы болып табылды әрі дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін қамтиды.

      Еңбек нарығындамыту және халықтың тұрмыс деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет алдына жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту жөнінде міндет қойды.

      Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капиталдың сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулы болуын қамтамасыз ету "Қазақстан – 2050" Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму басымдықтары ретінде айқындалды.

      Осыған байланысты Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктілікті меңгерудің тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағдарланған.

      2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен айқындамалар пайдаланылады:

      1) "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі –ӨКП) – жергілікті деңгейде қаржылай емес қолдау операторы;

      2) аудандық (қалалық) комиссия – ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы жанындағы жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      3) "АШҚҚҚ" АҚ – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы;

      4) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      5) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыссыздарды олардың жалақысын субсидиялай отырып жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны;

      6) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда практикалық көмек көрсетуге және жеке тұлғаның кәсіптік білімін, дағдыларын, мүдделері мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, біліктілігін арттыруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;

      7) әлеуметтік келісімшарт – Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысутуралыкелісім, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттарын, қаржыландырумерзімін және көздерін қамтиды;

      8) Бағдарлама операторлары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      9) бастапқы бизнес (стартап жоба) – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте бір жылдан аз уақытты құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес жобалары;

      10) білім беру ұйымы – оқу орны және/немесе оқу орталығы;

      11) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын және өтемақы төлемін ұсынып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

      12) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;

      13) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмыс беруші жұмсаған шығындардың бір бөлігін өтеу;

      14) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;

      15) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

      16) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, еңбек делдалдығын көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

      17) жұмысқа орналастыру бойынша жеке онлайн алаң – жұмыс іздеуге және персонал таңдауға арналған жеке сервис;

      18) жұмыс істеп жүрген кәсіпкер – ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ/МҚҰ/КС кредит/микрокредит алу үшін өтініш берген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан көп уақытты құрайтын кәсіпкер;

      19) зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермер) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бар басқа да үміткерлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және өнімдерді кепілді өткізу мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің орта және ірі субъектілерімен әріптестігі;

      20) кәсіптік ақпараттандыру –еңбек нарығындағы ахуал, игерген мамандығы бойынша жұмысқа орналасу, қайта оқытудан өту, біліктілікті арттыру мүмкіндігі туралы ақпарат ұсыну;

      21) кепілгер – "ҚазАгроКепіл" акционерлік қоғамы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      22) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша Кредитор алдында Кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;

      23) кепілдік шарты – кепілгердің, кредитордың және қарыз алушының арасында кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органдар бекітетін нысандар бойынша кепілдік беру туралы жасалған үшжақты жазбаша келісім;

      24) кредитор – микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/кредиттік серіктестіктер/"АШҚҚҚ" АҚ;

      25) кредит/микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктер (КС)/"АШҚҚҚ" АҚ ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шарттарында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында кредиттік желімен жаңартылмайтын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт бойынша Бағдарламаға қатысушыға беретін қарыз қаражаты;

      26) қаржылай емес қолдау операторы – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы ("Атамекен" ҰҚП);

      27) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлықтан өтуін талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еңбек қызметінің түрлері;

      28) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      29) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;

      30) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы – жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге жұмысқа орналастыруға бағытталған жоба;

      31) микрокредит беру ұйымы – "Аграрлық кредиттік корпорация" акционерлік қоғамы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      32) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      33) мобильді оқу орталығы – практиканы қамтамасыз етумен және конструкциялық элементтер мен жабдықтарды оқу орнына тасымалдау мүмкіндігімен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын көшпелі оқу орталығы;

      34) нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жұмыспен айналысатындар және/немесе жоғары, техникалық және кәсіптік білімі жоқ және/немесе біліктілігі төмен жұмыс орындарында жұмыс істейтіндер;

      35) оқу орны – жоғары, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      36) оқу орталығы – міндетті түрде өндірістік практиканы ұйымдастырып, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым;

      37) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы жанындағы ведомствоаралық комиссия;

      38) субсидиялау жөніндегі оператор – ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган;

      39) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрларды және орта буын мамандарын даярлауды көздейтін бөлігі;

      40) үміткер – халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскер және нәтижесіз жұмыспен қамтылған адам, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары, қызмет мерзіміне қарамастан зәкірлік кооперацияға қатысушылар, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылған жұмысшы;

      41) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      42) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – ЕДБ/"АШҚҚҚ" АҚ/МҰ/КС-ке кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын кәсіпкер.

      3. Ағымдағы ахуалды талдау

      Қазақстанның еңбек нарығында соңғы 10 жылда оң серпін байқалады. 2007 жылмен салыстырғанда жұмыс күші санының 9,7%-ға өсуімен бірге жалдамалы жұмыскерлердің де саны 1,7 млн. адамға артты, жұмыссыздардың саны 155 мың адамға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың саны 558 мың адамға төмендеді.

      ЖЖК 2020 бағдарламасықолданыста болған уақытта 770 мың азаматқа мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Нәтижесінде 580 мың адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

      Соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы 5,1%-дан 2016 жылы 5,0%-ға және 2017 жылы 4,9%-ға дейін төмендеді. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы 4,2%-дан 2016 және 2017 жылдары 3,8%-ға дейін төмендеді.

      Сонымен қатар, еңбек нарығына да, одан әрі экономикалық өсуге де әсер ететін мынадай жүйелі проблемалар сақталуда:

      1) Еңбек ресурстары сапасының еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі.

      Соңғы 3 жыл ішінде кәсіптік білімі бар еңбек ресурстарының үлесі өсті. Егер 2015 – 2017 жылдары жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар жұмыс күшінің үлесі 38%-ды құраса, онда техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің үлесі 2015 жылғы 38%-дан 2016 жылы 41%-ға дейін, 2017 жылы 42%-ға дейін өскен.

      Бұл ретте 2015 жылғы 24%-дан 2016 жылы 22,6%-ға дейін төмендегеніне қарамастан негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі жоғары болып отыр.

      Соңғы 3 жылда жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сыныптары түлектерінің қозғалыс серпіні жылына орта есеппен 21 мың адам жұмысқа біліктіліксіз орналасатынын көрсетеді.

      Бұл ретте еңбек ресурстары біліктілігінің еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес келмеуінен жыл сайын жұмыс берушілер мәлімдеген 20 мыңға жуық бос орынға ешкім орналаспайды.

      Ел кәсіпорындарына ұлттық сарапшылар жүргізген сауалнамалар кадрларға қажеттіліктің 73%-ға жуығы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға келетінін көрсетті.

      Осыған байланысты жастардың алғашқы жұмысшы кәсібін тегін игеруге қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптер бойынша ересек тұрғындарды қайта даярлау және олардың дағдыларын арттыру қажет.

      2) Нәтижесіз жұмыспен қамтылу.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 2015 жылғы 2,3 млн. адамнан (жұмыспен қамтылған халықтың 27%) 2017 жылғы 2,1 млн. адамға (24,5%) дейін қысқарды. Өз қызметін тіркелмей жүзеге асыратын немесе табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны соңғы үш жылда 66%-ға – 2015 жылғы 330,9 мың адамнан 2016 жылғы 301,2 мың адамға дейін және 2017 жылғы 217,7 адамға дейін қысқарды.

      2017 жылы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі негізінен ауыл шаруашылығында шоғырланған (58%), мұнда еңбек өнімділігінің ең төмен деңгейі байқалады (жан басына шаққанда 1402 мың теңге). Халықтың табыс деңгейі экономика салаларындағы еңбек өнімділігінің деңгейімен тікелей байланысты.

      Білім мен кәсіптік дағдылардың жеткіліксіздігі едәуір өнімді әрі табысты жұмыс орындарына қолжетімділікті шектейді. Нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың 49,1%-ында тек негізгі, орта, жалпы және бастауыш білім бар.

      Нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықты өнімді экономикалық қызметке тарту экономикалық белсенділіктің өсуіне және олардың табыстарының артуына ықпал етеді.

      3) Өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздік.

      2015 жылы солтүстік өңірлер тұрғындарының саны 2 946 мың адамды құраса, 2017 жылы – 2 934 мың адамды құраған, яғни 12 мың адамға қысқарған. Сол кезде оңтүстік өңірлерде халықтың саны 186 мың адамға – 2015 жылғы 6 564 мың адамнан 2017 жылғы 6 750 мың адамға дейін өскен. Бұл ретте 2017 жылы солтүстік өңірлердің барлық тұрғындарымен салыстырғанда 15 жастан кіші тұрғындардың үлесі орта есеппен 19%-ды, ал оңтүстік өңірлерде орта есеппен 34%-ды құраған.

      Ұлттық сарапшылар жүргізген болжамды бағалауға сәйкес еліміздегі тұрғындардың саны 2050 жылға қарай 24,5 млн. адамды құрамақ. Бұл ретте ағымдағы үрдістер сақталғанда солтүстік өңірлердің тұрғындары 0,9 млн. адамға азайып, ал оңтүстік өңірлердегі тұрғындардың саны 5,3 млн. адамға өседі деп күтілуде. Оңтүстік өңірлерде халықтың орналасу тығыздығы солтүстіктен 4 есеге артық болады.

      Сондықтан жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру бойынша шаралар қабылдаған жөн.

      4) Экономиканыңжеке секторындаөнімді жұмыс орындарының жеткіліксіз түрде генерациялануы.

      Жұмыспен қамтуда мемлекеттік сектордың (мемлекеттік меншік үлесі 50%-дан артық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың) үлесі 2015 – 2017 жылдары жұмыспен қамтылған халықтың орта есеппен 25,4%-ынқұрады. Аталған көрсеткішЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады, мұнда халықты жұмыспен қамту құрылымындағы мемлекеттік сектор үлесінің орташа мәні 18%-ды құрайды.

      ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда жұмыспен қамтамасыз етуде ШОБ-тың үлесі жеткіліксіз. ЭЫДҰ-да шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыспен айналысатындардың орташа үлесі 64%-ды құрайды, бұл Қазақстандағы деңгейден 1,4 есеге артық (45%).

      Осылайша, жеке секторда жұмыс орындарын құру үшін жаппай кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру қажет. Әлемнің дамыған елдерінің озық тәжірибесі микрокредит беруді дамыту жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ете отырып, кәсіпкерліктің тиімділігін және ауқымын арттыратынын көрсетеді.

      Әлемдік практикада еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары пайдаланылады, олар еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), ақпараттық сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институттарының қызметін жетілдіру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл экономикалық тұрғыдан нәтижелі жұмыспен қамту ықтималдығын арттыруды, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін көздесе, әлеуметтік тұрғыдан жұмыссыздықты қысқартуды, еңбек белсенділігінің өсуін және адами әлеуетті дамытуды көздейді.

      Технологиялық жаңғыру бірқатар дәстүрлі салаларда еңбек ресурстарына сұраныстың төмендеуімен және жаңа салаларда сұраныстың өсуімен байланысты еңбек нарығындағы едәуір өзгерістерге алып келеді.

      Цифрлы экономиканың талаптарын ескере отырып, жұмыс күшінің дағдылары мен біліктіліктеріне жаңа талаптар қойылады. Экономиканы сұранысқа ие кадрлардың заманауи және сапалы ұсынысымен және барлық азаматтарды қызмет түрін ауыстыруға арналған барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін қайта даярлау, біліктілікті арттыру бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, еңбек ресурстарын жаңа экономиканың қажеттіліктеріне бейімдеу қажет.

      Жаңа экономиканы өнімділіктің артуына, технологиялық жаңаруға және кәсіпорындар мен салалардың цифрлануына қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету еңбек нарығына білім беру жүйесінен жаңа білікті кадрлардың келуі есебінен, сондай-ақ жұмыс істейтін жұмыскерлерді оқыту арқылы жүзеге асырылады.

      4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      4.1 Бағдарламаның мақсаты

      Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

      4.2 Нысаналы индикаторлар

      Бағдарламаның 2021 жылға қарай қол жеткізілетін нысаналы индикаторлары:

      1) жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан аспайтын болады;

      2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі – 20%-дан аспайды;

      3) нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 10,2%-дан аспайды;

      4) белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі 10%-ды құрайды.


Р/с №

Нысаналы индикаторлар:

Өлшем бірлігі

Ақпарат
көзі

2017

2018

2019

2020

2021

Орындауға жауаптылар

1

2

4

3

5

6

7

8

9

10

1

Жұмыссыздық деңгейі

%

Статистикалық деректер

4,9

4,9

4,8

4,8

4,8

Еңбекмині, ЖАО

2

Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі

%

Статистикалық деректер

25

24

23

22

20

БҒМ, ЖАО

3

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі

%

Статистикалық деректер

15

10,3

10,3

10,2

10,2

Еңбекмині, ЖАО

4

Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі

%

Статистикалық деректер

3

5

7

9

10

ҰЭМ, ЖАО

      4.3 Міндеттер

      Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай үш бағыт бойынша жүргізілетін болады:

      1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;

      2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

      3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

      4.3.1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

      Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

      1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

      2) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту;

      3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау;

      4) еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау.

      1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар (ТжКБ) кадрларды даярлау.

      1-кесте. Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша нәтижелер көрсеткіштері


Р/с№

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орын-дауға жауап-тылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған адамдардың саны

мың адам

ЖАО есептері

21,3

37,2

53,2

53,3

50,9

БҒМ, ЖАО

2

Бағдарлама шеңберінде техникалық және кәсіптік білім алған, оқуды аяқтағаннан кейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі

%

ЖАО есептері

-

-

-

60

60

БҒМ, ЖАО


      2-міндет. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

      2-кесте. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытубойынша нәтижелер көрсеткіштері


Р/с №

Көрсеткіш атауы

Өлшембірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орын-дауға жауап-тылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылған азаматтардың саны

мың адам

ЖАО есептері

26

36

46

50

56

Еңбек-мині, ҰКП (келісім бойынша), ЖАО

2

Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған, оқуды аяқтағаннан кейін 6 ай ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі

%

ЖАО есептері

55

57

60

65

70

Еңбек-мині, ҰКП (келісім бойынша), ЖАО


      3-міндет."Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау.

      3-кесте. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" жобасы шеңберінде кадрлар даярлау нәтижелерінің көрсеткіштері


Р/с №

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орын-дауға жауап-тылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Техникалық және кәсіптік білімі бар "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша бөлінген гранттардың саны

бірлік

ЖАО есептері

720

715

740

-

-

БҒМ, ЖАО

2

Жоғары білімі бар "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" жобасы бойыншабөлінген гранттардың саны

бірлік

ЖАО есептері

3769

5089

5090

5099

-

БҒМ, ЖАО

      4.3.2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

      Бұл бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

      1) Бағдарламаға қатысушыларды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

      2) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредиттер мен кепілдіктер беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.

      1-міндет. Бағдарламаға қатысушыларды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

      4-кесте. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері

Р/с №

Көрсеткіш атауы

Өлшем
бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орын-дауға жауап-тылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдардың саны

мың адам

ЖАО есептері

15

15

15

15

15

ҰКП (келісім бойынша), ЖАО

2

Бизнестерін ашқан және кеңейткен қатысушылардың үлесі,оның ішінде өткен жылдары кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен қатысушылардың есебінен

%

ЖАО есептері

20

20

20

20

20

АШМ, ҰЭМ, ЖАО

      2-міндет. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредиттер мен кепілдіктер беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.

      5-кесте. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері


Р/с №

Көрсеткіш атауы

Өлш. бірлігі

Ақпа-рат көзі

 
Іске асыру жылдары

Орындау-ға жауапты-лар

2017

2018

2019

2020

2021


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Ауылдық елдік мекендерде және шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің көлемі

млн. теңге

ЖАО есеп-тері

30 114

54070

54070

54070

54070

ҰЭМ, АШМ, ЖАО, "ҚазАгроКепіл" АҚ (келісім бойынша),"Даму" КДП" АҚ (келісім бойынша)

2

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің саны, кемінде

бірлік

ЖАО есеп-тері

5800

14000

14000

14000

14000

ҰЭМ,
АШМ, ЖАО

3

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда берілген кепілдіктердің саны, кемінде

бірлік

ЖАО есеп-тері

752

690

820

846

873

ҰЭМ, АШМ, ЖАО, "ҚазАгроКепіл" АҚ (келісім бойынша),"Даму" КДП" АҚ (келісім бойынша)

4

Ауылдық елді мекендердегі және шағын қалалардағы, қалалардағы және моноқалалардағы қаржыландырылған бастапқы бизнестің үлесі, кемінде

%

ЖАО есеп-тері

20

20

20

20

20

ҰЭМ,
АШМ, ЖАО

      4.3.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

      Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

      1) жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

      3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.

      1-міндет. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

      6-кесте. Азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері


Р/с №

Көрсеткіш атауы

Өлш.
бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орын-дауға жауап-тылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан Бағдарламаға тартылған адамдардың үлесі

%

ЖАО есеп-тері

75

92,3

92,8

93

93,3

Еңбек-мині, ЖАО

2

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі

%

ЖАО есеп-тері

65

67

70

72

75

Еңбек-мині, ЖАО

3

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосылған әйелдердің үлесі

%

ЖАО есеп-тері

45

45

45

46

48

Еңбек-мині, ЖАО

4

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі

%

ЖАО есеп-тері

60

65

68

70

75

Еңбек-мині, ЖАО

5

Жастар практикасына қатысушылардың саны

мың адам

ЖАО есеп-тері

12,7

16,0

15,5

15,8

16,1

Еңбек-мині, ЖАО

6

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша адамдардың саны

мың адам

ЖАО есеп-тері

11,3

12,3

12,2

12,5

12,7

Еңбек-мині, ЖАО

7

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алған адамдардың саны

мың адам

ЖАО есеп-тері

-

3,0

4,1

4,2

4,2

Еңбек-мині, ЖАО

      2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

      7-кесте. Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша нәтижелер көрсеткіштері


Р/с №

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орын-дауға жауап-тылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған оралмандар мен қоныс аударушылардың саны

мың адам

ЖАО есептері

2,7

6,6

5,9

6,7

7,9

Еңбек-мині, ЖАО

2

Еңбек етуге қабілетті оралмандар мен қоныс аударушылардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

ЖАОесептері

90

92

94

95

96

Еңбек-мині, ЖАО

      3-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңдыдамыту.

      8-кесте. Жұмысқа орналастыру бойынша "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсын дамыту бойынша нысаналы көрсеткіштер


Р/с №

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орын-дауға жауап-тылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

"Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жұмысқа орналастырылған тіркелген жұмыс іздеушілердің үлесі

%

ЖАО-лар есептері

43

25

30

35

40

Еңбек-мині, "ЕРДО" АҚ
(келісім бойынша)

2

Тіркелген жұмыс іздеушілердің саны

мың адам

ЖАО-лар есептері

50

270

277

284

291

Еңбек-мині, "ЕРДО" АҚ
(келісім бойынша)

3

Тіркелген жұмыс берушілердің саны

мың бірлік

ЖАО-лар есептері

11

70

76

82

88

Еңбек-мині, "ЕРДО" АҚ
(келісім бойынша)

      5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар

      5.1.Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету

      Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

      1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

      2) еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту;

      3) "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау;

      4) еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау.

      Бағдарламаның бірінші бағытыныңоператоры Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және еңбек ресурстары мен қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.

      5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау

      Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне сәйкес тегін беріледі.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан,ағымдағы және өткен жылғы 9-11-сыныптардың түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар, аз қамтылған отбасылардың мүшелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

      ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

      Қатысу шарттары, кадрларды даярлау тетігі, стипендиямен және жол жүру ақысымен қамтамасыз ету және жобаға қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!"("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.

      ТжКБ бар кадрларды даярлауды жүзеге асыруға арналған оқу орындарының және мамандықтардың тізбесін, оқу орындары бойынша орындарды бөлуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша өңірлік комиссия бекітеді.

      Мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі –"ЕРДО" АҚ) және ӨКП-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін талдау мен болжау ескеріле отырып айқындалады.

      ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесі "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15-2) тармақшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес білім беру мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша біліктіліктер мен мамандықтар тізбесінің негізінде айқындалады.

      ТжКБ оқу орындары мыналар:

      1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы;

      2) ТжКБ саласында білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша кемінде үш жылдық тәжірибесі болған кезде тізбеге енгізіледі.

      ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру үшін аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әрбір республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалада, астанада, ауданның/қаланың кенттік, ауылдық округтерінде мобильді топтар құрылады.

      Мобильді топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлар кіреді.

      Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мобильді топтардың қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      Мобильді топтар жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан, жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың, қалалар құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге асырады және олармен түсіндіру және кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді.

      Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары қабылданған үміткерлер (Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, тұратын жерінің мекенжайы) жөніндегі ақпаратты (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) халықты жұмыспен қамту орталықтарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқаратын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде ұсынады.

      ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы тегін кәсіптік даярлау курстарына жіберілген адамдарға бұрын жасалған шарттардың мерзімі аяқталғанша және солардың талаптары бойынша осы Бағдарлама шеңберінде оқуды жалғастыруға құқық беріледі.

      5.1.2. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

      Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту дуальды оқыту элементтері бар білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі.

      29 жасқа толмаған жастар және халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, қысқартылатын жұмыскерлер қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқу білім беру ұйымы әзірлеген және жұмыс берушілермен және ӨКП-мен келісілген білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жинақталуына қарай кіші топтарда жүзеге асырылатын болады.

      Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады. Кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өткен кезде Бағдарламаға қатысушыға тұруға арналған (тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге) материалдық көмек төленбейді.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысушыға халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастыратын топтарда немесе білім беру курстарының ұйымдарын немесе оқу тобын өз бетінше таңдау жолымен оқудан өту мүмкіндігі беріледі.

      Мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқаратын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.

      2017 жылы мобильді оқу орталықтары арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту пилоттық режимде бес өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жүзеге асырылды.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін, біліктіліктер, дағдылар тізбесін және білім беру ұйымдары, біліктіліктер, дағдылар бойынша орындарды бөлуді облыстық деңгейдегі білім беру және халықты жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және ӨКП-нің ұсыныcы бойынша өңірлік комиссия айқындайды.

      Сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылардың тізбесі жұмыс берушілер өтінімдерінің, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, ӨКП-мен және"ЕРДО" АҚ-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін талдау мен болжау негізіндеқалыптастырылады.

      Білім беру ұйымдары мынадай талаптарға сәйкес келген кезде тізбеге енгізіледі:

      1) тәлімгерлікпен дуальды оқыту элементтерін пайдалану;

      2) оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік немесе сертификат бере отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу бойынша кемінде бір жылдық тәжірибесінің болуы не "Атамекен" ҰКП орталықтары тізіліміне қосылу;

      3) оқудан өткен адамдардың жұмысқа орналасу деңгейі (тізбеге қосуға өтінім беру сәтіне) кемінде 60%-ды құрауы;

      4) өндірісте кемінде бір жыл кәсіптік практикалық жұмыс өтілі бар оқытушылардың болуы;

      5) заманауи материалдық-техникалық базаның болуы;

      6) ӨКП және жұмыс берушілермен келісілген қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламаларының болуы.

      2019 жылдан бастап "Атамекен" ҰКП жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімін бекітеді.

      Бекітілген тізілім, сондай-ақ біліктіліктер мен дағдылар бөлінісінде олар ұсынған оқу бағдарламаларының тізбесі Электрондық еңбек биржасында еркін қол жеткізу түрінде орналастырылады және үнемі жаңартылып отырады.

      Тізілімге енген оқу орталықтары мен оқу орындары халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі арқылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өткен Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге құқығы бар.

      Білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың құнын облыстық деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынымы бойынша жыл сайын білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып, өңірлік комиссиялар белгілейді және өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеуді көздейді. Өндірістегі тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін міндетті шарт болып табылады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға Заңға сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

      ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды –білімберу саласындағы жергілікті атқарушы органдар, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін адамдар стипендиямен және материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі. Кәсіптік оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өткен кезде тұруға арналған материалдық көмек төленбейді.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға мынадай мөлшерде:

      1) облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында білім алған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде жол жүруге;

      2) Астана, Алматы, Шымкент, Атырау және Маңғыстау қалаларында тұруға ай сайын – 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарда5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

      Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай, білім беру ұйымы сабаққа келуі туралы берген анықтаманың негізінде төленеді.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары халықты жұмыспен қамту орталықтарының есептері негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту барысы туралы есепті ұсынады.

      Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша міндеттерді іске асыру шеңберінде тартылған тараптардың өзара іс-қимыл тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.

      5.1.3. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау

      Жұмыс күші артық 5 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасына қатысушылар болып табылады.

      Жоба шеңберінде кадрларды даярлау 9 өңірдің: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жоғарыбілім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.Жобаға қатысушылар оқуақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру пұлымен қамтамасыз етіледі.

      Жоба шеңберінде кадрларды даярлау жұмыс күші тапшы 6 өңірдің: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.

      Жобаға қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру пұлымен қамтамасыз етіледі.

      Қатысу шарттары, кадрлар даярлау тетігі, жобаға қатысушыларды стипендиямен, жол жүру пұлымен қамтамасыз етужәне жобаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.

      Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын жұмыс күші жетіспейтін өңірлердің білім беру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары кадрларға қажеттілікті және кейін өңірде жұмысқа орналастыруды ескере отырып қалыптастырады. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурстық негізде жоғары оқу орындары арасында жүзеге асырылады.

      Мамандықтардың, жоғары оқу орындарының тізбесі және жоғары оқу орындары бойынша білім беру гранттарын бөлу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Мамандықтар мен біліктіліктердің, ТжКБ оқу орындарының тізбесін және мемлекеттік білім беру гранттарын қалыптастыруды және бөлуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жоба шеңберінде жүзеге асырады.

      Мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, ӨКП-мен және "ЕРДО" АҚ-мен бірлесіп өткізетін өңірдің еңбек нарығындағы қажеттіліктерді талдау және болжау ескере отырып айқындалады.

      Оқу орындары жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы болса ғана тізбеге қосылады.

      Кадрларды даярлау ұзақтығы білім беру бағдарламаларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес таңдалған мамандыққа және біліктіліккебайланысты болады.

      Жоба шеңберінде оқуды аяқтаған ЖОО-лар мен колледждердің түлектері оқуды аяқтағаннан кейін оқыған өңірінде кемінде үш жыл жұмыс істейді. Жұмыспен өтеу білім беру ұйымы, жұмыс беруші мен білім алушы арасындағы түлекті жұмысқа орналастыру туралы үшжақты шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      Жас мамандарды бөлуді, жұмысқа жіберуді және жұмысқа орналастыруды білім беру ұйымдарының жолдамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) жүзеге асырады.

      5.1.4. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау

      Еңбек ресурстарының ағынын басқару жөніндегі жол картасы шеңберінде қысқартылатын жұмыскерлерКадрларды қайта даярлау жөніндегібағдарламаға қатысушылар болып табылады.

      Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау жұмыс берушілердің өтінімі бойынша Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнын оқу аяқталғанға дейін сақтау шартымен жүзеге асырылады.

      Жұмыс берушілер қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау үшін халықты жұмыспен қамту орталығына қайта даярлауға жіберілетін жұмыскерлер санын, кәсіптер және оқу нысанын көрсете отырып өтінім береді. Өтінімге жұмыс берушілердің құрылтай құжаттары және қысқартылатын жұмыскерлердің құжаттары қоса беріледі, олардың тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетінТехникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделген.

      Өтінім берілген күннен кейін екі жұмыс күні ішінде жұмыс беруші қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауға өтінім беру туралы хабардар етеді.

      Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау 4.0 индустрия элементтеріне негізделген жаңа экономиканың анағұрылым сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдыларыбойынша жүзеге асырылады. Біліктіліктер мен дағдылардың тізбесін халықты жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті орган салалық орталық атқарушы органмен және "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп айқындайды.

      Кадрларды қайта даярлау жүзеге асырылатын біліктіліктер мен дағдылар тізбесі экономика салаларын технологиялық жаңғырту жоспарлары мен Еңбек ресурстарының ағынын басқару жөніндегі жол карталары ескеріле отырып айқындалады.

      Қысқартылатын жұмыскерлерді сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қайта даярлау білім беру ұйымдары әзірлейтін және жұмыс берушілермен келісілетін қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары (курстары) бойынша жүргізіледі. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары (курстары) жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларына негізделуі мүмкін.

      Қайта даярлау және біліктілікті арттыру үшін білім беру ұйымдарының тізбесі оқу орталықтары мен оқу орындарының тізіліміне сәйкес айқындалады.

      Білім беру бағдарламаларының ұзақтығы біліктіліктер мен дағдылардың ерекшелігіне қарай он екі айға дейінгі мерзімді құрайды.

      Қайта даярлау бағдарламалары бойынша оқыту жұмыскерлердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруін ескере отырып:

      - жұмыс уақыты шегінде жұмыс орнында оқыту;

      - жұмыстан ішінара қол үзе отырып оқыту;

      - жұмыстан бос кезде (кешкі уақыт, демалыс күндері) оқыту сияқты әртүрлі нысанда ұйымдастырылуы мүмкін.

      Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау бір адамға арналған оқу жоспарларының және бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне байланысты білім беру процесіне кететін шығыстарға қарай білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген қайта даярлау курстары құнының кемінде 50%-ын жұмыс берушілердің қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымына қайта даярлау курсы құнының 50%-дан аспайтын сомасын аударуды жүзеге асырады.

      Қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау жөніндегі іс-шараларды іске асыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Еңбек ресурстарын қайта даярлауға арналған онлайн оқыту

      Ақпараттық технологиялардың дамуы аясында азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және адами капитал сапасын жақсарту, мамандарда жетпей тұрған және сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру үшін Электрондық еңбек биржасы базасында онлайн оқыту іске қосылады.

      Онлайн оқыту анағұрлым сұранысқа ие кәсіптік және "жайлы" дағдыларды игеру бойынша онлайн курстарды қамтиды. Онлайн курстарды халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, білім беру ұйымдарын тарта отырып әзірлейді.

      5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту

      Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

      1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

      2) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту;

      3) ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;

      4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі – қалаларда және моноқалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – ауылдық елдімекендер мен шағын қалаларда "Бастау Бизнес" жобасын іске асыру және микрокредит беру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру мәселесі бойынша Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып табылады.

      Мынадай:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына сәйкес мониторингтеуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;

      3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;

      4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары бола алмайды.

      5.2.1. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

      "Бастау Бизнес" жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, 2018 жылдан бастап қалада, оның ішінде моно және шағын қалада тұратындар "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.

      "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттер үшін белгіленген мөлшерде стипендиямен қамтамасыз етіледі.

      Оқу процесінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін идеялар мен кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдалған білім ұсынылады.

      Қатысушылар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары туралы хабардар етіледі.

      Әлеуетті қатысушыларды хабардар ету мақсатында қаржылай емес қолдау операторының базасында арнайы Call-орталық қызмет етеді.

      "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) тестілеу;

      2) бизнес-менторлық қағидаты бойынша топтарда практикалық оқу және дербес консультация беру;

      3) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық;

      4) 12 айға дейінгі мерзімде бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу.

      Оқу процесінің жалпы ұзақтығы кемінде күнтізбелік 25 күнді құрайды.

      Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды.

      "Атамекен" ҰКП халықты жұмыспен қамту орталықтары (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынған оқуға үміткерлердің тізімінен жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқытуды ұйымдастырады (жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың, оның ішінде мәртебені өзектілендіру кезінде анықталғандарының тізімін халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы қалыптастырады).

      Оқу қорытындысы бойынша "Бастау Бизнес" жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат және оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) беріледі.

      Бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу бизнес-жобаны іске асыру кезеңінде консультациялық қолдау көрсетуге бағытталған.

      "Бастау Бизнес" жобасын қаржыландыру Бағдарламаның екінші бағытының операторы мен қаржылай емес қолдау операторының арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      "Бастау Бизнес" жобасы республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылған кезде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен қаржылық емес қолдау операторы арасында тиісті шарт жасалады, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған кезде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен ӨКП-нің арасында тиісті шарт жасалады.

      ӨКП ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ға "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпарат ұсынады.

      "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі екінші бағыттың тиісті операторы бекітетін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында айқындалады.

      5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау

      Республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджеттер қаражатынан кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

      Кредиттер/микрокредиттер алуға "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) Бағдарламаға қатысушылар басым құқыққа иеболады.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан,"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмысын жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

      Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға берген жолдамасының болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады.

      Үміткерлер тікелей не ӨКП-нің аудандық филиалдары/қалалардың, аудандардың, ауылдық округтердің және елді мекендердің әкімдері арқылы мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін;

      2) бар болса, кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы құжаттың (куәлік, сертификат) көшірмелерін қоса бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарына консультация алу үшін жүгінеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы тексерулер нәтижелері бойынша кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін 2 жұмыс күні ішінде үміткерлерге жолдама береді.

      Микробизнес ашу немесе кеңейту/дамыту үшін кредиттер/микрокредиттер, оның ішінде бұдан бұрын ЖЖК 2020 бағдарламасының шеңберінде кредиттер/микрокредиттер алған Бағдарламаға қатысушыларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға және (немесе) құруға және Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуға мүмкіндік беріледі. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды және (немесе) құруды және жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Кредиттер/микрокредиттер:

      1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкердің қызметін кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу және зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін дамыту үшін;

      2) қалалар мен моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің қызметін кеңейту үшін ұсынылады.

      Микробизнес ашу үшін кредиттер/микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін не сертификат алған күннен бастап кредит/микрокредит алу үшін жүгінген күнге дейінгі соңғы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттары бар болса беріледі. "Бастау Бизнес" жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) алған Бағдарламаға қатысушылардың кредиттер/микрокредиттер алуға басым құқығы болады.

      Кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын қатысушыларды және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысушыларды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылар үшін кредиттер/микрокредиттер кемінде бір жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.

      Кредиттер/микрокредиттер басым тәртіппен аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға ұсынылады. Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ӨКП-мен бірлесіп, аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасын әзірлейді және қажет болған кезде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізеді. Бұл ретте аудандар мен шағын қалалардың мамандану картасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісіледі, оларды ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары бекітеді.

      Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)/кредиттік серіктестіктерге (КС)/ "АШҚҚҚ"АҚ-ға/ "ҚазАгроКепіл" АҚ-ға ұсынылады.

      Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы бизнесті дамыту үшін әлеуетті тауашалар мен перспективалы бағыттарды айқындау бойынша аудандық деңгейде өткізілетін маркетингтік зерттеу негізінде әзірленеді. Маркетингтік зерттеуді (скрининг әдісі бойынша) "Атамекен" ҰКП, қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді. Маркетингтік зерттеу аяқталғанға дейін аудандардың, шағын қалалардың бұдан бұрын бекітілген мамандану карталары қолданылады.

      Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша кредиттер/микрокредиттер "АШҚҚҚ" АҚ, сондай-ақ МҚҰ және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ арқылы қорландырылатын кредиттік серіктестіктер арқылы беріледі.

      Қалаларда және моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер "Даму" КДҚ АҚ арқылы қорландырылатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары арқылы беріледі.

      Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру мақсатында бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органдарға мынадай шарттармен беріледі:

      1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға;

      2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға микрокредит беру;

      3) ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің үштен бірінен аспайтын мерзімде негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға аударылған кезден бастап есептеледі.

      Кредиторлар жергілікті атқарушы органмен жасалатын қарыз шарты сомасының кемінде 20%-ын бастапқы бизнесті қаржыландыруға жолдайды.

      Бағдарламаға қатысушы жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің нысаналы бағытын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт жасаған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсатқа өзгертетін жағдайларды қоспағанда, кредиттер/микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, акцизделетін өнімдерді өндіруге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін (нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ) сатып алуға берілмейді.

      Микрокредит беру ұйымының және "АШҚҚҚ" АҚ қатысуы, сондай-ақ бөлінетін сомалар туралы шешім облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Бір облыста бір мезгілде екі микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ қатысуына жол беріледі. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға кредиттік келісімдер бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.

      Микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға бюджеттік кредит беру шарттары:

      1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;

      2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01%;

      3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚ" АҚ үшін – 12 ай;

      4) нысаналы мақсаты – "АШҚҚҚ" АҚ үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымдары үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру.

      МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:

      1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану шарттарында жүзеге асырылады. Қаржылық-тұрақты микроқаржы ұйымдарын қоспағанда, микроқаржы ұйымдары үшін қарыз қаражаты микрокредит ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес қамтамасыз етумен беріледі;

      2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

      3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – "Даму" КДҚ" АҚ үшін жылдық 1%-ға дейін және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ үшін жылдық 2%-ға дейін;

      4) игеру кезеңі – кредиттік келісім жасасқан күннен бастап шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде 12 ай, қалаларда және моноқалаларда 9 ай;

      5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру.

      Микрокредит беру ұйымдарына/ЕДБ/МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.

      Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:

      1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

      2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы:

      ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 мың АЕК-ке дейін;

      қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) – 6,5 мың АЕК-ке дейін;

      Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 мың АЕК-ке дейін;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды;

      4) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебімен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;

      5) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан), шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда кредит/микрокредит Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;

      6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;

      7) МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредит/микрокредит беру туралы шарттарда кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан аспайтын қатысушыларды қоспағанда,жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылар үшін жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт міндетті түрде көрсетіледі;

      8) қарыздың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Микрокредит беру қағидалары) сәйкес Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттары бойынша айқындалады;

      9) МҚҰ/КС/ ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ ЖЖК 2020 бағдарламасының және Бағдарлама шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен аудандардың және шағын қалалардың мамандану картасында көрсетілген қызметтердің басым түрлеріне қарамастан, Бағдарлама шарттарымен соңғы қарыз алушыларға қайта микрокредит/кредит беруді мынадай тәртіппен іске асырады:

      2018 жыл аяқталғанға дейін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша 2015 – 2016 жылдар ішінде соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен;

      осы Бағдарлама шеңберінде келесі қаржы жылы аяқталғанға дейін қаржы жылы ішінде және ЖАО-мен жасалған қаржыны тарту туралы шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша қайтарылған қаражат есебінен.

      Көрсетілген мерзім өткенге дейін аталған қаражат игерілмеген жағдайда, МҚҰ/КС/ ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ олардың тиісті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО-ға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес ай сайынғы негізде, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты (портал арқылы электрондық түрде/ қолма-қол), сондай-ақ есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы жөніндегі есепті ұсынады.

      Микрокредит беру ұйымы кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО-ға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ЖАО мен микрокредит беру ұйымы арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/ микрокредиттер және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.

      Қалаларда және моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалалар мен моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

      Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

      5.2.3. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы, қалалар мен моноқалалардағы кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру

      Кепілдік МҚҰ/КС/ЕДБ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, кооперативтер құруға;

      2) қалаларда және моноқалаларда жаңа микрокәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана ұсынылады.

      Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіруді – "ҚазАгроКепіл" АҚ, қалалар мен моноқалаларда – "Даму" КДҚ" АҚ жүзеге асырады.

      Кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік бергені үшін ЖАО-дан алынатын комиссиялардың мөлшері ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кепілдік мөлшерінің 30%-ын, қалаларда және моноқалаларда – 20%-ын құрайды.

      Бағдарламаға қатысушылар үшін кепілдік өтеусіз негізде ұсынылады.

      Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 85%-ынан аспайды.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында мемлекеттік тіркелу мерзімі кредит/микрокредит алу үшін КС/МҚҰ-ға жүгінген сәтте үш жылдан асқан жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мензәкірлік кооперациялардың мүшелері үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 50%-ынан аспайды.

      Кепілдік берілуге тиіс кредит/микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды.

      Кепілдік жүзеге асырылатын МҚҰ/КС/ЕДБ кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 6%-дан аспайды.

      Кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдікті қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен кепілгер арасындағы тиісті шартқа қол қою жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Облыстың бір әкімшілік аумақтық бірлігінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО Бағдарлама шеңберінде екі кепілгерді тартуына болады.

      Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру көлемі тиісті қаржы жылына жасалатын кепілдік шарттары бойынша комиссияларды төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.

      Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар келесі жылдың басында кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру үшін комиссияларға бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50%-ын кепілгерлерге аударады. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында кепілгерлерге аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай кепілгерлерге аударылады.

      Кепілдік шартының жасалу фактісі бюджет қаражатын игерудің растамасы болып табылады.

      Кепілдік шығарылған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кредиттің/микрокредиттің қолданылу мерзіміне беріледі.

      Кепілгер Кепілдік беру қағидаларында және/немесе кепілдік шартында белгіленген жағдайларда кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

      Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.

      Қалаларда және моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру тәртібі мен шарттары кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда және моноқалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.

      5.2.4. Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау

      МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялауды ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      МҚҰ-ның ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредиттер беруге арналған операциялық шығындары субсидиялауға жатады.

      МҚҰ субсидия алушылар болып табылады.

      Субсидиялар мынадай шарттар бойынша беріледі:

      1) субсидия мөлшері "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-дан алынған қорландыру қаражаты есебінен ауылдық жерлерде және шағын қалаларда МҚҰ берген микрокредиттің көлемінің 10%-ын құрайды;

      2) субсидия ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ ұсынған, оператор растаған қаражатты толық игеру көлемін субсидиялау бойынша бір уақытта МҚҰ-ға төленеді;

      3)агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына сәйкес МҚҰ-ға ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ ұсынған қаражаттың игерілуін субсидиялау жөніндегі оператор МҚҰ ұсынған құжаттар негізінде растауға тиіс;

      4) субсидиялау мақсаты үшін Бағдарламада көзделген мақсаттарға МҚҰ берген микрокредиттер ғана ескеріледі.

      Бұрын берілген, олар бойынша МҚҰ операциялық шығындарына субсидия алған микрокредиттерден қайтарылған (негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша төлемдер) қаражат есебінен МҚҰ берген микрокредиттерді беруге арналған МҚҰ-ның операциялық шығыстары субсидиялауға жатпайды.

      МҚҰ-ның операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған қаражатты бөлу туралы шешімді облыс әкімінің шешімімен құрылатын өңірлік комиссия (бұдан әрі – субсидиялау жөніндегі комиссия) қабылдайды, оның құрамына облыс әкімінің орынбасары – комиссия төрағасы, облыс әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің, субсидиялау жөніндегі операторлардың, ӨКП, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Субсидиялау жөніндегі комиссия консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      МҚҰ операциялық шығыстарын субсидиялау тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларында реттеледі.

      Микрокредит беру жөніндегі шараларды қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар арқылы республикалық бюджет және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Берілген микрокредиттер туралы есепті микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚҚ" АҚ кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті органдарға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.

      Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар микрокредит беру жөніндегі ұйымдардың есептері негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту орталықтарына және Бағдарламаның операторларына:

      1) "Бастау Бизнес" жобасының іске асырылуы;

      2) кепілдік беруді және субсидиялауды ескере отырып, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру барысы;

      3) кепілдік беруді ескере отырып, қалаларда және моноқалаларда микрокредит беру барысы;

      4) құрылатын жұмыс орындары туралы ақпарат береді.

      Бағдарлама операторлары ЖАО-дан алынған ақпараттың негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат береді.

      5.2.5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру

      Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

      Мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған Бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.

      Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде ұсынылады.

      Мемлекеттік грант қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға пайдаланылады.

      Мемлекеттік грант тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй мүлкін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге және жалдау ақысы ретінде берілмейді.

      Бағдарламаға қатысушының мемлекеттік гранттарды бір рет қана алуға құқығы бар.

      Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалады.

      5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

      Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

      1) жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

      3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бағдарламаның үшінші бағытының операторы болып табылады.

      5.3.1. Жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу

      Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;

      2) лайықты бос орындарды іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

      3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

      4) жастар практикасын ұйымдастыру;

      5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

      Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар және Заңға сәйкес басым құқықтарды пайдаланатын өзге адамдар жұмыспен қамтамасыз етуде қолдау көрсетілетін Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау

      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау мынадай шараларды:

      1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа орналасу немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіптік хабардар етуді;

      2) адамның жеке-психологиялық мінездемесінің, тұрмыс жағдайлары ерекшеліктерінің, кәсіптік білімінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығындағы қажеттіліктердің негізінде жұмыс орны мен кәсіп таңдауда кәсіптік консультацияны;

      3) нақты кәсіп (мамандық) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.

      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.

      Кәсіптік бағдарлауды жүргізу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидаларында айқындалады.

      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ӨКП мен жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге де ұйымдарды тарту құқығымен халықты жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.

      Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

      Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға:

      1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;

      2) жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;

      3) іске асырылатын мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар, инвестициялық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;

      4) халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына;

      5) жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

      Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі.

      Орталық мемлекеттік және ЖАО, ұлттық компаниялар мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жобаларға жұмысқа орналастыру үшін Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс және реконструкциялау кезінде – жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10%-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 15%-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеу

      Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және ЖАО құрылатын жұмыс орындарын есепке алу мақсатында жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізеді.

      Орталық және ЖАО мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған мәліметтердің негізінде жылдарға, құрылыс (іске асыру) және пайдалануға беру кезеңіне бөле отырып, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар шеңберінде құрылатын Жұмыс орындарының картасын қалыптастырады.

      Жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру үшін жауапты орталық және ЖАО жұмыс орындарының құрылуына мониторингті жүзеге асыру және жұмыс орындарының құрылуы туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында айқындалады.

      Әлеуметтік жұмыс орындарын құру

      Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады.

      Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

      Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос жұмыс орындарынан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.

      Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді.

      Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

      Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін құрылады, олардың арасында Заңның 20-бабы 2-тармағының 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар басымдыққа ие болады.

      Бос орын пайда болған кезде жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша және қатысушының келісімімен тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.

      Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсалған жұмыс беруші шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидия беру жолымен республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.

      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін берілетін өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35%-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.

      Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін ЖАО дербес белгілейді.

      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшердің негізінде нақты жұмыс істеген уақытына ай сайын жүргізеді.

      Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.

      Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына азаматтардың қатысу шарттары мен оларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.

      Жастар практикасын ұйымдастыру

      Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.

      Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтағанына 3 жыл болмаған және жиырма тоғыз жасқа толмаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.

      Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

      Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындардан тыс жүргізіледі.

      Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.

      Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.

      Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары түлектердің білім беру ұйымдарында меңгерген кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.

      Жұмыссыздар жастар практикасына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.

      Бос жұмыс орны пайда болған кезде жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша және жастар практикасына қатысушының келісімімен тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.

      Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда олармен жасалған тиісті шарт бұзылып, жұмыс берушілержастар практикасына қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды бюджетке өтеуге тиіс.

      Жастар практикасын қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.

      Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай бойы жүзеге асырылады.

      Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, республикалық немесе жергілікті бюджеттерден субсидиялаудың бір айдағы мөлшері 25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және жастар практикасын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында анықталады.

      Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытта болады.

      Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

      1) жұмыссыздардың;

      2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;

      3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.

      Қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқықты:

      1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;

      2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар пайдаланады.

      Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.

      Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.

      5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

      Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.

      Бағдарламаға қатысушылардың ерікті түрде қоныс аударуы мынадай бағыттар бойынша:

      1) өңіраралық қоныс аудару – жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жүзеге асырылады;

      Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2%-дан артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 адамнан асатын шығу өңірлері болып айқындалған.

      Бағдарламаға қатысушыларды қабылдау өңірлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады;

      2) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына жүзеге асырылады.

      Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:

      Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға арналған өңірлік квотасы бекітілгеннен кейін ЖАО ұсыныстары және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы этникалық қазақтар мен оралмандардан келген өтініштердің негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді.

      Ақпаратта кәсіптер (мамандықтарды) көрсетіліп, өңірдің еңбек ресурстарына қажеттіліктері, қоныс аударушыларды және оралмандарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылымның мүмкіндіктері мен бар болуы туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық ресурсқа орналастыру арқылы аталған ақпаратқа басқа өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

      Шығу өңірлерінің ЖАО-лары жыл сайын өңіраралық ерікті қоныс аударуға қатысу үшін әлеуетті қоныс аударушылардың санын айқындайды және оларды қабылдау өңірлері және қабылдау шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

      Шығу және қабылдау өңірлері шығу өңірлерінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру, қоныс аударушылар мен оралмандардың қажетті саны, еңбек нарығындағы ахуал, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шарттары туралы ақпаратты ұсыну және қабылдау өңірлеріне танысу мақсатында баруды ұйымдастыру арқылы өңіраралық ерікті түрде қоныс аудару бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.

      Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталарына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер болып табылады.

      Мыналар:

      1) жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алты жас пен жиырма үш жас аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберіндегі түлектер;

      2) оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;

      3) жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

      4) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысына сәйкес 10 пайыз мөлшерінде квотамен айқындалған қабылдау өңірлерінде оқып жатқан ауыл жастары қатарындағы түлектер өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуда басымдықты пайдаланады.

      "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасына қатысушылар қатарындағы және белгіленген квота шеңберінде өңірлерде оқып жатқан ауыл жастары қатарындағы түлектер, сондай-ақ оралмандар өңіраралық ерікті қоныс аударуға шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан қатысады.

      Шығу өңірлерінен қабылдау өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:

      1) мемлекеттік қызметшілерге;

      2) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының тоғызыншы тобына жататын біліктілігі төмен жұмысшыларға;

      3) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының бірінші тобына жататын басшыларға қолданылмайды.

      Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

      1) көшуге материалдық көмек беруді;

      2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;

      3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беруді;

      4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;

      5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;

      6) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.

      Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.

      Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.

      Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:

      1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

      - бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде;

      - отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК мөлшерінде;

      - отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК мөлшерінде төленеді;

      2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

      - бір адам үшін – 15 АЕК мөлшерінде;

      - отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК мөлшерінде;

      - отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде төленеді.

      Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен олардың жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасына бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.

      Отбасына жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде жүзеге асырылады.

      Егер қабылдау өңірлерінде сатып алынатын тұрғын үйдің құны:

      1) біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы Бағдарламаға қатысушыда қалады;

      2) біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын Бағдарламаға қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.

      Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс беруші кемінде бес Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыратын болса, оған кемінде үш жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК мөлшерінде субсидия беріледі.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы, қатысушы және жұмыс беруші арасында үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда жұмыс берушінің жұмыскердің көшуі бойынша шығыстарды өтеуі, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына жәрдемақы беруі, жұмыскерге қызметтік тұрғын үй немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеуі, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеуі, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне ақы төлеу шығыстарын толықтай немесе ішінара өтеуі бойынша міндеттемесі көзделеді.

      Жұмыс берушілер қоныс аударушылар мен оралмандарға қолдау көрсетудің қосымша шараларын белгілей алады, олар әлеуметтік келісімшартта көрсетіледі.

      Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

      Жұмыс берушіге субсидия берілген кезде, Бағдарламаға қатысушыға көшуге және тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төленбейді.

      Жұмыс берушілердің және ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуға қатысқысы келетін адамдардың Бағдарламаға қатысу, мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру, қаржыландыру және оны алу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында айқындалады.

      Шығу өңірінде тұрақты тіркелген және кемінде бір жыл тұрған және өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысқысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарындағы үміткерлер шығу өңірлерінің тұрғылықты тұратын жерлеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары туралы және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультациялар береді.

      Шығу өңірінде тұратын үміткерлер халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті қоныс аударуы қағидаларына сәйкес нысан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш береді және құжаттарды қоса береді.

      Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты отбасы құрамын, білімі, кәсібі, мамандығы туралы мәліметтерді көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жинақтау үшін жібереді.

      Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы қабылдау өңірлерінің жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына үміткерлердің жиынтық тізімін жолдайды.

      Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы өңірлік комиссияның отырысында үміткерлердің тізімін қарайды және қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.

      Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы шешім шығарылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органына өңірлік комиссия шешімінің көшірмесін жібереді.

      Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.

      Үміткерде бірнеше қабылдау өңірінен өңірлік квотаға қосу туралы оң қорытынды болған жағдайда, үміткер қабылдау өңірінің бірін өз бетінше таңдайды.

      Үміткердің таңдауы туралы қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органдары 3 жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

      Үміткерлер көшуді өздері жүзеге асырады.

      Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу жөніндегі комиссияның шешімімен қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.

      Үміткерлер көрсетілген елді мекендерге келген соң қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары өз бетінше келгендерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультациялар береді.

      Бағдарламаға қатысушылар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына құжаттар тапсырады.

      Үміткерлер Бағдарламаға қатысуға келіскен кезде қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді және құжаттарды қоса береді.

      Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты отбасы құрамын, білімі, кәсібі, мамандығы туралы мәліметті көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жинақтау үшін жібереді.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган өңірлік комиссияның отырысында үміткерлердің тізімін қарайды және қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы өңірлік комиссияның шешімін алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (еркін нысанда) және бұл туралы үміткерді хабардар етеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы өз бетінше келген адаммен ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қолдау ұсыну туралы жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады және оны Бағдарламаға қатысушының құрамына қосады.

      Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Бір облыс ішінде қоныс аударудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:

      Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматтары қатарындағы жұмыссыздар және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар болып табылады.

      Мыналар:

      1) жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алты жас пен жиырма үш жас аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберіндегі түлектер;

      2) оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;

      3) оқуды аяқтаған Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар;

      4) жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басымдықты пайдаланады.

      Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

      1) көшуге материалдық көмек беруді;

      2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беруді;

      3) жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үй беруді;

      4) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;

      5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналастыруды қамтиды.

      Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшесіне көшуге отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

      Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жеріне қоныс аударғаннан кейін ұсынылады.

      Бір облыс ішінде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Бір облыс ішінде қоныс аудару мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде жүзеге асырылады.

      Бір облыс ішінде қоныс аударуға қатысу тәртібі мен шарттары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегінде ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалар тізбесінің жобасын өңірлік комиссияның қарауына шығарады.

      Өңірлік комиссия жыл сайын, 15 қаңтарға қарай азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың тізбесін бекітеді және тізбені халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтердің әкімдеріне жібереді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері ауылдардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың бекітілген тізбесіне сәйкес халық арасында ерікті түрде қоныс аудару мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмыстар жүргізеді.

      Бір облыс шегінде қоныс аударуды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысқысы келетін адамдар тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтер әкімдеріне жүгінеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультациялар береді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары бір аудан ішінде және облыс шегінде көшуді жоспарлайтын үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары туралы консультациялар береді, құжаттарды қабылдайды, жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады, үміткерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушылармен жеке әлеуметтік шарт жасасады.

      ЖАО халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздерден қоныс аударушылар үшін жатақханалар салуды және/немесе тұрғын үй сатып алуды жүзеге асыра алады.

      ЖЖК 2020 бағдарламасының шеңберінде қабылдау өңірлеріне жатпайтын өңірлерде салынған (сатып алынған) жатақханаларға және қызметтік тұрғын үйге қоныстану үшін Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Бағдарламаға қатысушылардың құжаттарын қатысуға іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды және 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жолдайды.

      Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді хабардар етеді.

      Бағдарламаға қатысушылар тізіміне қосылған адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады, ол көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасу бойынша іс-шараларды қамтиды.

      Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес растаушы құжаттардың негізінде халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыға көшуге субсидиялар төлейді.

      Салынған жатақханалар мен сатып алынған тұрғын үйлерге, оның ішінде ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.

      Бағдарламаға қатысушылар және ерікті түрде қоныс аударуды ұйымдастыруға қатысатын жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылады.

      Тұрғын үйді сатып алу (құнын төлеп алу) арқылы қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету

      Қоныс аударушылар мен оралмандарды Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету пилоттық режимде жүзеге асырылуда.

      Қоныс аударушылар мен оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ЖАО мыналарды:

      1) тұрғын үй салуды, тұрғын үйді, оның ішінде өз қаражаты есебінен тұрғын үй салған жұмыс берушілерден сатып алуды (құнын төлеп алуды);

      2) Бағдарламаның салынып жатқан объектілері бойынша техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді;

      3) тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін жер учаскелерін бөлуді;

      4) магистральдық инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асырады.

      Тұрғын үйді сатып алу (құнын төлеп алу) жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырылған кезде жүзеге асырылады, бұл ретте жұмыс беруші тұрғын үй құнының кемінде 15%-ын қоса қаржыландырады.

      Тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен қаржыландырылады. Аталған міндетті іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерді тартуы мүмкін.

      Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылады.

      ЖАО мен жұмыс беруші ниет шартын жасасады, онда мынадай міндеттемелер көзделеді:

      1) тұрғын үйді бірлесіп салу тәртібі;

      2) қоныс аударатын азаматтарды міндетті түрде жұмысқа орналастыру;

      3) жұмыс берушінің қоса қаржыландыру мөлшері.

      Тұрғын үйлер салу кезінде жобаны жергілікті жерге байланыстыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      Заңнамада белгіленген тәртіппен мердігерді және объектінің соңғы құнын анықтағаннан кейін ЖАО бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі, мердігер және жұмыс беруші тұрғын үй құрылысы және жұмыс берушінің аталған құрылысты қоса қаржыландыру шарттары туралы үшжақты шарт жасасады.

      Пайдалануға енгізілгеннен кейін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдардың теңгеріміне беріледі.

      Құрылыс кезінде ЖАО үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасайды, оның шарттарының бірі Бағдарламаға қатысушының жұмыс берушіде 5 жыл бойы жұмыспен өтеуі болып табылады.

      Әлеуметтік келісімшарт талаптарын, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйде тұрудың 5 жылдық мерзімін бұзған кезде жалға алу төлемдері қайтарылмайды, ал тұрғын үй келесі қатысушыға беріледі.

      20 жылдық мерзім аяқталған соң Бағдарламаға қатысушы тұрғын үйді жекешелендіру шарттарынан бас тартқан жағдайда жалға алу шарты ұзартылады.

      ЖАО, жұмыс беруші және Бағдарламаға қатысушы арасында 20 жыл мерзімге тұрғын үй бере отырып, жалға алу шарты жасалады.

      Әлеуметтік келісімшарт талаптары сақталған жағдайда,5 жыл тұру мерзімі аяқталған соң Бағдарламаға қатысушының мына талаптарды сақтау шартымен тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар:

      1) сатып алынған кездегі тұрғын үйдің баланстық құнынан қалған соманы біржолғы төлеммен енгізу;

      2) қалған соманы келесі 15 жыл ішінде тең үлестермен енгізу(бұл ретте тұрғын үйдің құны бюджетке толық өтелгенге дейін олқатысушының меншігіне әділет органдарында жылжымайтын мүлік ауыртпалығы салынып беріледі).

      Бағдарламаға қатысушылардың нақты тұрған кезеңінде төленген жалға алу төлемдерінің бұдан бұрын енгізілген сомалары тұрғын үй құнының есебіне қосылады.

      Тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді сатып алу (құнын төлеп алу) және бөлу бойынша іс-шараларды қаржыландыру тетігі, тұрғын үй беру, оған қоныстану және оны пайдалану тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында айқындалады.

      5.3.3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту

      Бағдарламаның бұл бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсын құруды көздейді.

      "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында:

      1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы;

      2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдардың дерекқорындағы;

      3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет-порталындағы (бұдан әрі – портал) деректер қамтылған.

      "Еңбек нарығы" ААЖ жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, мониторинг жүргізу және есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қоса алғанда, ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған.

      "Еңбек нарығы" ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады және ол жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек делдалдығы туралы ақпаратты қамтиды.

      Қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру мақсатында "Еңбек нарығы" ААЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен (ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, СК АЖ, АХАЖ, МОДҚ, ҚР ІІМ) интеграцияланған және қажетті құжаттардың тізімі мен жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын қысқартады.

      "Еңбек нарығы" ААЖ-ны қалыптастыруды өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО және халықты жұмыспен қамту орталықтары қамтамасыз етеді.

      "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы қалыптастырылған мәліметтер порталда еркін қолжетімділікте орналастырылады.

      Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында жұмыс істейді және халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет көрсетуге арналған.

      Портал жұмыс іздеушілер мен бос орындар (бос лауазымдар) туралы ақпаратты, оған қоса "Еңбек нарығы" ААЖ, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы орналастырылатын мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің түлектер дерекқорынан шығарылған және жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер порталға өздері орналастырған мәліметтерді шоғырландырады.

      Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар дерекқорларын жұмысқа орналастырудағы делдалдық бойынша қызметтер көрсету шеңберінде, сондай-ақ порталға еркін қолжетімділікте орналастырылатын мәліметтер есебінен өздері дербес қалыптастырады.

      Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар өздерінің қалауы бойынша порталға жұмыс іздеушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты еркін қолжетімділікте орналастыра алады.

      Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері халықты жұмыспен қамту орталықтары порталда "жеке кабинет" арқылы өткізетін халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысады.

      Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті тәжірибесі, материалдық және еңбек ресурстары болуға тиіс.

      Аутсорсинг туралы шарт халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арасында жасалады.

      Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, шарттың үлгілік нысанын және халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      Жұмыс іздеушілер туралы ақпаратты жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі және жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаң порталдан интеграциялау не жұмыс іздеуші туралы ақпаратты қолмен енгізу арқылы экспорттауы мүмкін.

      Жұмыс берушілердің, жұмыс іздеушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің, жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Бағдарламаның тетіктеріне сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ қоса алғанда, еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – "Еңбек биржасын" және порталды республикалық деңгейде сүйемелдеуді "ЕРДО" АҚ қамтамасыз етеді.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының түлектері туралы деректерді (ағымдағы жылғы) Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына енгізуді білім беру саласындағы уәкілетті орган ЖАО-мен бірлесіп қамтамасыз етеді.

      Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды және сүйемелдеуді қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.

      5.3.4. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету

      ЖАО осы Бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті бюджет қаражатын мынадай жұмыстар мен объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға пайдалана алады:

      1) әлеуметтік-мәденет объектілерін (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол беріледі;

      2) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңқайларын жайластыру);

      3) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, ағымдағы жөндеу;

      4) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);

      5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері).

      ЖАО инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде:

      1) жаңа жұмыс орындарын құруды;

      2) инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша тіркелген Бағдарламаға қатысушыларға инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыс орындарының кемінде 50%-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, осы ауданда (қалада) тұратын Бағдарламаға қатысушыларды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-мердігерлерге жібереді.

      Іске асыру тәртібі мен шарттары:

      ЖАО жобаларды іріктеуді және іске асыруды:

      1) пайдаланылмаған жергілікті бюджет қаражатының қалдығы және үнемдеу, бұл ретте бір жұмыс орнының құны жобалардың барлық түрі бойынша 3 млн. теңге лимитінен аспайды;

      2) құрылыс саласында сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;

      3) жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып отырған ақау ведомосінің, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемінің шығыстар сметасының болуы;

      4) мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері және отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі;

      5) елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттігі;

      6) бірінші кезектілігі және өзектілігі;

      7) жобаларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімдері;

      8) құрылатын жұмыс орындарының саны және ұсынылған жобалар бойынша есептелген орташа айлық жалақының мөлшері;

      9) жобаларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи-климаттық жағдайлары және басқа да ерекшеліктері негізінде дербес жүзеге асырады.

      Бұл ретте Бағдарламаға қатысушылар үшін көбірек жұмыс орындарын құратын және ұзақ мерзімді жұмыспен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық беріледі.

      Құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштері берілмеген және құны 3 млн. теңгеден асатын жұмыс орындарын құруды көздейтін жобалар іске асырылуға жатпайды;

      10) ЖАО инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштерімен қоса, іріктелген инфрақұрылымдық жобалар бойынша жобалардың тізбесін ұсынады;

      11) облыстардың, Астана,Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға инфрақұрылымдық жобаларды және абаттандыруды іске асыру бойынша:

      басталған (аяқталған) жобалардың саны, жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың көлемі;

      құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа айлық жалақысының мөлшері;

      қаржыландыру көлемдері, бөлінген қаражаттың игерілуі және уақтылы игерілмеуінің себептері;

      жол берілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер қамтылған есептерді ұсынады;

      12) іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналасуға ниет білдірген және мүмкіндігі бар Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды:

      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелерін;

      тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімдердің анықтамасы), уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін;

      бар болса, білімі туралы құжаттың көшірмесін (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттарды (куәлік, сертификат) қоса береді.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін ескере отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылдайды және оларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жібереді;

      13) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

      Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру

      Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ВАК (ведомствоаралық комиссия), Бағдарламаның операторлары, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді.

      Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:

      республикалық деңгейде:

      1) ВАК;

      2) Бағдарлама операторлары;

      облыстық (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейде:

      1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия;

      2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;

      аудандық (қалалық) деңгейде:

      1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия;

      2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;

      3) кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.

      ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

      1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ тиісінше салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.

      Бағдарлама операторлары өз құзыреті шегінде бір-бірімен және басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып:

      1) Бағдарламаны нормативтікқұқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      2) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      3) Бағдарламаның бағыттары бойынша тетіктердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      4) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді және Бағдарлама бағыттары бойынша қатысушылар және мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректердің дәйектілігіне жауапты болады;

      5) Бағдарламаның бағыттарын іске асыру тетіктерін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;

      6) жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпарат негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.

      Өңірлік комиссия:

      1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильді оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекітеді;

      2) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде оқу орталықтарының базасында оқыту үшін біліктіліктердің тізбесін бекітеді;

      3) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары және мамандықтар (кәсіптер) бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз етеді.

      Аудандық (қалалық) комиссия:

      1) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін бекітеді;

      2) Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару және үміткерді бос орынға ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      3) ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құрады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

      1) Бағдарламаның бағыттарын іске асыруды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді қамтамасыз етеді;

      3) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      4) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп, Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеп, бекітеді;

      6) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимитін белгілеу және қаражат бөлу бойынша ұсыныстар дайындайды;

      7) экономиканың кадрларға қажеттілігінің болжамын әзірлейді және оны мүдделі орталық атқарушы органдармен келіседі;

      8) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылуын жалпы үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;

      9) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;

      10) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жемісті аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастырудың мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар:

      1) өңірлік еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдауды, болжауды жүргізеді;

      2) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;

      3) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;

      4) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқитын Бағдарламаға қатысушылардың мониторингін жүргізеді;

      5) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның жұмысын ұйымдастырады.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган:

      1) ТжКБ бар кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның бірінші бағытын үйлестіруді және іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      2) Бағдарламаның бірінші бағытының іс-шараларын іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;

      3) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және ТжКБ бойынша және "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлаужөніндегі шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;

      4) "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын бекітеді.

      Білім беру саласындағы ЖАО:

      1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімін мобильді топтар ұсынған деректердің негізінде қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;

      2) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарының, біліктіліктердің, мамандықтардың тізбесін қалыптастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;

      3) ТжКБ бар кадрларды даярлауды үйлестіреді және мониторингтеуді жүзеге асырады;

      4) қаражатты бірінші бағыт шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруға орналастырады;

      5) ай сайынғы негізде білім беру саласындағы уәкілетті органға Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпарат береді.

      Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы ЖАО:

      1) жергілікті жерлерде тартылған барлық тараптардың Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру жөніндегіжұмысын үйлестіреді;

      2) жергілікті бюджет қаражатын ТжКБ бар кадрларды даярлауға орналастырады;

      3) ТжКБ бар кадрларды даярлау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;

      4) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім беру ұйымдарының тізбесін, біліктіліктер мен мамандықтардың тізбесін қалыптастырады және оларды өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;

      5) аудандар және ауылдық округтер бойынша мобильді оқу орталықтарының шығу кестесін қалыптастырады;

      6) ай сайынғы негізде білім беру саласындағы уәкілетті органға ТжКБ бар кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.

      Аудандық (қалалық) деңгейдегі ЖАО:

      1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімін аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімі бойынша құрылған мобильді топтар ұсынған деректердің негізінде қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;

      2) аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді және мониторингтеуді жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары:

      1) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін ӨКП-мен бірлесіп, дуальды оқыту моделінің элементтерімен оқу бағдарламаларын әзірлейді;

      2) цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тілін және кәсіпкерлік негіздерін оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларын әзірлейді;

      3) дуальды оқыту моделінің элементтері бар ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламалары бойынша оқытуды жүргізеді;

      4) халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқитын Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат ұсынады;

      5) белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы құжаттарды (диплом, сертификат, куәлік) береді;

      6) порталдағы жеке кабинет арқылы тұрақты негізде оқып жатқан, оқуды аяқтаған, оқудан шығарылған адамдар бойынша ақпаратты енгізуді жүзеге асырады. Аталған ақпарат порталдық шешім арқылы облыстық деңгейдегі білім және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ мониторинг және есептілікті құруды іске асыру үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына қолжетімді болады.

      Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ЖАО:

      1) микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;

      2) кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдендіру шараларын іске асыру үшін қаржы қаражатын бөледі;

      3) қалалар мен моноқалаларда кредит/микрокредит берудің іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      4) ай сайынғы негізде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпарат береді.

      Ауыл шаруашылығы мәселелері ЖАО:

      1) "АШҚҚҚ" АҚ және микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;

      2) микрокредиттерді кепілдендіру және субсидиялау шараларын іске асыру үшін қаржы қаражатын бөледі;

      3) ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит берудің іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      4) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

      5) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялау шеңберінде субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады;

      6) ай сайынғы негізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпарат береді;

      7) ӨКП-мен бірлесіп, Бағдарламаға қатысушыларды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастырады.

      "Атамекен" ҰКП және ӨКП:

      1) ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша білім беру ұйымдарының, біліктіліктер мен мамандықтардың тізбесін, сондай-ақ қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылардың тізбесін айқындауға қатысады;

      2) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімін бекітеді;

      3) ТжКБ бар кадрлар даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын келіседі;

      4) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша қаржылай емес қолдау операторы болып табылады;

      5) мобильді оқу орталықтарын құруға, іске қосуға және іске асыруға қатысады;

      6) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аудандардың және елді мекендердің мамандану карталарын әзірлейді;

      7) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      8) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру/бермеу туралы қорытынды береді;

      9) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алған Бағдарламаға қатысушыларды 1 жыл бойы сүйемелдеуді жүргізеді.

      Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері:

      1) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарлама бағыттары шараларының тиімді іске асырылуына жәрдемдеседі;

      2) аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарлама шараларының іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      3) ӨКП-мен бірлесіп, аудандардың және елді мекендердің мамандану картасын айқындайды;

      4) Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпорындарға, ұйымдарға және іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      5) жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты үйлестіреді;

      6) кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

      Кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдері:

      1) елді мекендерде Бағдарлама шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      2) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, халық арасында Бағдарламаға қатысу мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;

      3) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген адамдарға консультациялар береді және қажеттілігіне қарай оларды халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ӨКП-ға/ЕДБ-ға/МҚҰ-ға жібереді;

      4) мобильді топтардың құрамында ТжКБ бар кадрлар даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыруға қатысады;

      5) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді

      6) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      7) ауданның және елді мекендердің мамандану картасын дайындауға қатысады;

      8) Бағдарламаның әртүрлі бағыттары бойынша қатысатын адамдарға мониторинг жүргізеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары:

      1) Бағдарламаға қатысу мәселелері жөнінде азаматтарды хабардар етеді және консультациялық қызметтер ұсынады, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің қажеттілігін зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалайды, Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдайды;

      2) тізім қалыптастырады және Бағдарламаға қатысушыларды білім беру ұйымдарына қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жібереді;

      3) ӨКП-мен бірлесіп, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге көзделген қаржы қаражатын бөледі және ұсынады;

      4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      5) оқу орталықтарында қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру бойынша ӨКП-мен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

      6) ай сайынғы негізде порталдан деректерді жүктеу арқылы мониторинг жүргізеді және есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін "ЕРДО" АҚ-ға оқып жүргендер жөнінде ақпарат береді;

      7) Бағдарламаға қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуын және шарттары орындалмаған кезде заңнамаға сәйкес санкциялардың қолданылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      8) "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуын және міндетті зейнетақы жарналарының болуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      9) жергілікті еңбек нарығындағы кадрларға қажеттілікке мониторинг жүргізеді және айқындайды;

      10) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны іске асыру мәселесімен, жұмыс берушілермен, білім беру ұйымдарымен және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасауды үйлестірумен айналысатын өкілдіктері, бөлімшелері (немесе мамандары) болуы мүмкін.

      Білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, кәсіпкерлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың осы Бағдарламада көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыреттері білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы, кәсіпкерлік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың тиісті ережелеріне енгізілетін болады.

      Бағдарламаны іске асыруға қажет ресурстар:

      1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 347 965 мың теңге, 2018 жылы – 67 392 995 мың теңге, 2019 жылы – 78 438 152 мың теңге, 2020 жылы – 86 177 355 мың теңге, 2021 жылы – 92 124 387 мың теңге көзделеді;

      2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге, 2018 жылы – 45 311 093 мың теңге, 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге көзделеді.

  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
  2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына
қосымша

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с№

Атауы

Өлшем бірлігі

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Оның ішінде жылдар бойынша

Барлығы

Қаржыландыру көзі

Бюджет

тік бағдарла

ма коды

2017

2018

2019

2020

2021

      кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Мақсат. Халықтың нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту

1

Жұмыссыздық деңгейі

%

*

*

Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, АШМ

4,9

4,9

4,8

4,8

4,8



*

2

Жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі

%

*

*

Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, АШМ

25

24

23

22

20



*

3

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі

%

*

*

Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, АШМ

15

10,3

10,3

10,2

10,2




4

Белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсімі

%

*

*

ҰЭМ, АШМ, Еңбекмині, БҒМ

3

5

7

9

10




Бірінші бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету

1-міндет. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау


Нәтижелер көрсеткіштері:













1)

Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған адамдардың саны

мың адам

*

*

БҒМ, ЖАО

21,3

37,2

53,2

53,3

50,9


*

*

2)

Бағдарлама шеңберінде техникалық және кәсіптік білім алған, оқуды аяқтағаннан кейін 12 ай ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі

%

*

*

БҒМ, ЖАО

-

-

-

60

60


*

*

Іс-шаралар


1

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқаратын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын қабылдау


Білім және ғылым министрінің бұйрығы

2018 жылғы қараша

БҒМ, Еңбекмині, ҰКП (келісім бойынша), ЖАО







талап етілмейді


2

Білім беру ұйымдарының, мамандықтардың, біліктіліктердің тізбесін және оқу орындары бойынша орындарды бөлуді бекіту


өңірлік комиссиялардың шешімі

жыл сайын, 1 қыркүйекке дейін

ЖАО, ӨКП (келісім бойынша)







талап етілмейді


3

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құру


аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімі

жыл сайын, 1 наурызға дейін

ЖАО, ӨКП (келісім бойынша)







талап етілмейді


4

Мобильдік топтардың оқу орындарын және мамандықтарды көрсете отырып, үміткерлердің тізімін жасауы


үміткерлердің тізімі

жыл сайын 23 тамызға дейін

ЖАО







талап етілмейді


5

Қалыптастырылған тізімдерді аудандық (қалалық) комиссияның қарауына және бекітуіне ұсыну


аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімдері

жыл сайын 25 тамызға дейін

ЖАО







талап етілмейді


6

Оқу бағдарламаларын және оқу жоспарларын бекіту


оқу жоспарлары мен бағдарламалары

жыл сайын 25 тамызға дейін

білім беру ұйымдары







талап етілмейді


7

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау туралы оқу орындарымен шарттар жасасу


жасалған шарттар

жыл сайын тамыз айы

ЖАО







жергілікті бюджет


8

ТжКБ кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру туралы ақпарат ұсыну


Еңбекминіне есеп

әр айдың
5-күніне қарай

БҒМ, ЖАО







талап етілмейді


2-міндет. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту


Нәтижелер көрсеткіштері:













1)

Қысқа мерзімдік кәсіптік оқытумен қамтылған азаматтардың саны

мың адам

*

*

Еңбекмині, ЖАО

26

36

46

50

56




2)

Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуды аяқтаған, оқуды аяқтағаннан кейін 6 ай ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі

%

*

*

Еңбекмині, ҰКП (келісім бойынша), ЖАО

55

57

60

65

70


*

*

Іс-шаралар

1.

Кадрларды даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға арналған оқу бағдарламасын әзірлеу


оқу бағдарламалары

жыл сайын

білім беру ұйымдары, ЖАО, ӨКП (келісім бойынша), жұмыс берушілер (келісім бойынша)







талап етілмейді


2.

Цифрлық сауаттылық, ағылшын тілі дағдыларына оқыту бойынша оқу бағдарламасын әзірлеу


оқу бағдарламалары

жыл сайын

білім беру ұйымдары







талап етілмейді


3.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімін бекіту


тізілім


ҰКП (келісім бойынша), Еңбекмині, БҒМ, ЖАО









4.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту өткізу үшін ұйымдардың тізбесін бекіту


өңірлік комиссиялардың шешім
дері

жыл сайын, ақпан

ЖАО, ҰКП (келісім бойынша), ӨКП (келісім бойынша)







талап етілмейді


5.

Үміткерлердің тізімдерін қалыптастыру және аудандық (қалалық) комиссияға жіберу


тізімдер

түсу шамасына қарай

ЖАО







талап етілмейді


6

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға үміткерлердің тізімдерін бекіту


аудандық комиссиялардың шешімдері

қалыптастырылу шамасына қарай

ЖАО







талап етілмейді


7

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша оқытылатын Бағдарламаға қатысушыларға мониторинг жүргізу


БҒМ-ге есеп

ай сайын

ЖАО







жергілікті бюджет


8

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқытылатын Бағдарламаға қатысушыларға мониторинг жүргізу


Еңбекминіне есеп

ай сайын

ЖАО







жергілікті бюджет


Нәтижелер көрсеткіштері:

1)

"Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасымен қамтылған техникалық және кәсіптік білімі бар адамдардың саны

адам

*

*

БҒМ, ЖАО

720

715

740

-

-


*

*

2)

"Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасымен қамтылған жоғары білімі бар адамдардың саны


*

*

БҒМ, ЖАО

3 769

5 089

5 090

5 099

-


*

*

Іс-шаралар

1

Білім беру ұйымдарының және мамандықтардың тізбесін қалыптастыру және орындарды оқу орындары бойынша бөлу


білім беру ұйымдарының тізбесі

жыл сайын

ЖАО







талап етілмейді


2

Білім беру ұйымдарының және мамандықтардың тізбесін және орындарды оқу орындары бойынша бөлуді бекіту


аудандық комиссиялардың шешім
дері

жыл сайын

ЖАО







талап етілмейді


3

Оқу орындары мен мамандықтарды көрсете отырып үміткерлердің тізімдерін жасау


Үміткер
лер тізімі

жыл сайын тамыз айы

ЖАО







талап етілмейді


4

"Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасының орындалу барысы туралы ақпарат ұсыну


Еңбекминіне есеп

әр айдың
5-күніне қарай

БҒМ, ЖАО







талап етілмейді


Екінші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1-міндет. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту


Нәтижелер көрсеткіштері:













1)

Кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткен адамдардың саны

мың адам

*

*

ҰКП (келісім бойынша), ЖАО

15

15

15

15

15


*

*

2)

Бизнес ашқан және/немесе кеңейткен қатысушылардың үлесі

%

*

*

ҰКП (келісім бойынша), ЖАО

20

22

23

24

25


*

*

Іс-шаралар

1

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын қабылдау


Ауыл шаруашылығы министрі
нің бұйрығы

2018 жылғы қараша

АШМ, ҰЭМ, ҰКП (келісім бойынша)







талап етілмейді


2

Оқуға үміткерлердің тізімін қалыптастыру (жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың, оның ішінде статустарды өзектілендіру кезінде анықталғандар)


үміткерлердің тізімдері

ай сайын

ЖАО, ӨКП (келісім бойынша)







талап етілмейді


3

Өту орны мен уақытын көрсетумен оқыту кестесін құру


"Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыту кестесі

жыл сайын, ақпан

ҰКП (келісім бойынша), АШМ, Еңбекмині, ЖАО







талап етілмейді


4

Үміткерлерге тестілеу өткізу, оқушылар тобын қалыптастыру


ЖАО-ға ақпарат

жыл сайын, наурыз

ҰКП (келісім бойынша), ӨКП (келісім бойынша)







талап етілмейді


5

"Бастау Бизнес" жобасын қаржыландыруға шарт жасау


қызмет көрсетуге шарт

2018 жыл

АШМ, ҰКП (келісім бойынша)







республикалық бюджет


6

Оқуға жіберілген, оқуды аяқтаған, жеке ісін ашқан, кредиттер/микрокредиттер алған адамдардың саны туралы ақпарат ұсыну


ЖАО-ға есеп
 

әр айдың
2-сіне қарай

ӨКП (келісім бойынша)







талап етілмейді


7

"Бастау Бизнес" жобасының орындалуы туралы ақпарат ұсыну


Еңбекминіне есеп

әр айдың
5-күніне қарай

АШМ, ҰКП (келісім бойынша), ЖАО







талап етілмейді


2-міндет. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қаржыландыру


Нәтижелер көрсеткіштері:













1)

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда берілген кредиттердің/
микрокредиттердің саны

бірлік

*

*

ҰЭМ, АШМ, ЖАО

5800

14 000

14000

14000

14000


*

*

2)

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алған адамдардың саны

мың адам

*

*

Еңбекмині, ЖАО

-

3,0

4,1

4,2

4,2




Іс-шаралар

1

Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын қабылдау


Ұлттық экономика министрі
нің бұйрығы

2018 жылғы қараша

ҰЭМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша)







талап етілмейді


2

Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру қағидаларын қабылдау


Ауыл шаруашылығы министрі
нің бұйрығы

2018 жылғы қараша

АШМ, "Қазагро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)







талап етілмейді


3

Қалаларда және моноқалаларда МҚҰ/ЕДБ беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын қабылдау


Ұлттық экономика министрі
нің бұйрығы

2018 жылғы қараша

ҰЭМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша)







талап етілмейді


4

Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын қабылдау


Ауыл шаруашылығы министрі
нің бұйрығы

2018 жылғы қараша

АШМ, "Қазагро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)







талап етілмейді


5

Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларын қабылдау


Ауыл шаруашылығы министрі
нің бұйрығы

2018 жылғы қараша

АШМ, "Қазагро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)







талап етілмейді


6

Кепілдік шартының нысанын бекіту


Ұлттық экономика министрі
нің бұйрығы

2018 жылғы қараша

ҰЭМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша)







талап етілмейді


7

Аудандарды және елді мекендерді мамандандырудың өңірлік картасын әзірлеу және түзету


өңірлік карталар

жыл сайын 20 ақпанға дейін

ЖАО, АШМ, ӨКП (келісім бойынша)







талап етілмейді


8

Бағдарламаға қатысушыларға кредиттер/микрокредиттер беру


кредит беру/микрокредит беру шарттары

үнемі

МҚҰ (келісім бойынша), КС (келісім бойынша), ЕДБ (келісім бойынша), "АШҚҚҚ" АҚ (келісім бойынша)







республикалық және жергілікті бюджеттер


9

Берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша есептер ұсыну


ЖАО-ға есеп

әр айдың
3-күніне қарай

МҚҰ (келісім бойынша), КС (келісім бойынша), ЕДБ (келісім бойынша), "АШҚҚҚ" АҚ (келісім бойынша)







талап етілмейді


10

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда микрокредит беруді іске асыру барысы туралы ақпарат ұсыну


Еңбекминіне есеп

әр айдың
5-күніне қарай

АШМ, ҰЭМ, ЖАО







талап етілмейді


11

Мемлекеттік грантты алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөнінде комиссия құру


комиссия құрамын бекіту

жыл сайын

ӨКП (келісім бойынша), ЖАО







талап етілмейді


12

"Атамекен" ҰКП, халықты жұмыспен қамту орталығы және кәсіпкер арасында шарт жасасу


Мемлекет
тік грант алуға жасалған шарттар

ай сайын

ӨКП (келісім бойынша), ЖАО







талап етілмейді


13

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды беру барысы туралы ақпарат ұсыну


Еңбекминіне есеп

әр айдың
5-күніне қарай

ҰКП (келісім бойынша), ЖАО







талап етілмейді


Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

1-міндет. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу


Нәтижелер көрсеткіштері:













1)

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан Бағдарламаға тартылған адамдардың үлесі

%

*

*

Еңбекмині, ЖАО

75

92,3

92,8

93

93,3


*

*

2)

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі

%

*

*

Еңбекмині, ЖАО

65

67

70

72

75


*

*

3)

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарынан Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосылған әйелдердің үлесі

%

*

*

Еңбекмині, ЖАО

45

45

45

46

48


*

*

4)

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарындағы тұрақты жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі

мың адам

*

*

Еңбекмині, ЖАО

60

65

68

70

75


*

*

5)

Жастар практикасына қатысушылардың саны

мың адам



Еңбекмині, ЖАО

12,7

16,0

15,5

15,8

16,1


*

*

6)

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша адамдардың саны

мың адам



Еңбекмині, ЖАО

11,3

12,3

12,2

12,5

12,7


*

*

Іс-шаралар

1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 және 515 бұйрықтарымен бекітілген:
- әлеуметтік жұмыс орындарын;
- жастар практикасын;
-қоғамдық жұмыстарды;
-жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті қоныс аударуды;
-әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

2018 жылғы қараша

Еңбекмині, ЖАО







талап етілмейді


2

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша іс-шаралар өткізу


"ЕРДО" АҚ-ға есеп

әр айдың
5-күніне қарай

ЖАО, ӨКП (келісім бойынша), ЖЖА (келісім бойынша)







жергілікті бюджет


3

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру


"ЕРДО" АҚ-ға есеп

жыл сайын, қаңтар

ЖАО







Талап етілмейді


4

Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын ұйымдардың тізбесін бекіту


ЖАО шешімі

жыл сайын, ақпан

ЖАО







талап етілмейді


5

Жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға шарттар жасау


шарттар

жыл сайын, ақпан

ЖАО







талап етілмейді


6

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру


Еңбекминіне есеп

әр айдың
5-күніне қарай

ЖАО







республикалық бюджет


7

Жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру


"ЕРДО" АҚ-ға есеп

жыл сайын, қаңтар

ЖАО







талап етілмейді


8

Жастар практикасын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту


ЖАО шешімі

жыл сайын, қаңтар

ЖАО







талап етілмейді


9

Жұмыс берушілермен жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға шарттар жасау


шарттар

жыл сайын, ақпан

ЖАО







талап етілмейді


10

Жастар практикасын ұйымдастыру


Еңбекминіне есеп

әр айдың
5-күніне қарай

ЖАО







республикалық бюджет


11

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру


Еңбекминіне есеп

әр айдың
5-күніне қарай

ЖАО







жергілікті бюджет


2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру


Нәтижелер көрсеткіштері:













1)

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған оралмандар мен қоныс аударушылардың саны

мың адам

*

*

ЖАО

2,7

6,6

5,9

6,7

7,9


*

*

2)

Еңбекке қабілетті қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

*

*

Еңбекмині, ЖАО

90

92

94

95

96


*

*

Іс-шаралар

1

Жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігі, кәсіптер бөлінісінде қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігі туралы ақпарат ұсыну


Еңбекминіне ақпарат

қажеттілігіне қарай

ЖАО







талап етілмейді


2

Шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын кәсіптердің тізбесін бекіту


өңірлік комиссиялардың шешімдері

қажеттілігіне қарай

ЖАО







талап етілмейді


3

Қоныс аударушылармен және/немесе оралмандармен жеке әлеуметтік келісімшарттар жасасу


Еңбекминіне есеп

әр айдың 5-күніне қарай

ЖАО







талап етілмейді


4

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша шараларды ұйымдастыру және іске асыру


Еңбекминіне есеп

әр айдың 5-күніне қарай

ЖАО







республикалық бюджет


3-міндет. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай алаңның жұмыс істеуі


Нәтижелер көрсеткіштері:













1)

"Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет ресурсы арқылы жұмысқа орналасқан тіркелген жұмыс іздеушілердің үлесі

%

*

*

Еңбекмині, "ЕРДО" АҚ (келісім бойынша)

43

25

30

35

40


*

*

2)

Тіркелген жұмыс іздеушілердің саны

мың адам

*

*

Еңбекмині, "ЕРДО" АҚ (келісім бойынша)

 
50
 

 
270
 

277

284

291


*

*

3)

Тіркелген жұмыс берушілердің саны

мың адам

*

*

Еңбекмині, "ЕРДО" АҚ (келісім бойынша)

11

70

76

82

88


*

*

Іс-шаралар

1

"Еңбек биржасы" бірыңғай цифрлық алаңның дамыту


Еңбекминіне ақпарат

ай сайын

"ЕРДО" АҚ (келісім бойынша)







республикалық бюджет


2

"Еңбек нарығы" ААЖ қалыптастыру


Еңбекминіне ақпарат

пысықталу шамасына қарай

"ЕРДО" АҚ (келісім бойынша), ЖАО







республикалық бюджет


3

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары білім ұйымдарының түлектері туралы деректердің жүктемесін қамсыздандыру


Еңбекминіне ақпарат

ай сайын

БҒМ, "ЕРДО" АҚ (келісім бойынша)







талап етілмейді


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      ҰКП – "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      ӨКП – өңірлік кәсіпкерлер палаталары

      "ЕРДО" АҚ – "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы

      "Даму" КДҚ" АҚ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту орталығы" акционерлік қоғамы

      "Қазагро" ҰБХ" АҚ – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

      "АШҚҚҚ" АҚ – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы

      ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер

      МҚО – микроқаржылық ұйымдар

      КС – кредиттік серіктестіктер

      ЖЖА – жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері

      білім беру ұйымдары – білім беру мекемелері және/немесе оқу орталығы, әскери-техникалық мектеп және оның филиалдары.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 13 қарашадағы
№ 746 қаулысына
қосымша

Қазақстан РеспубликасыYкiметiнiң күші жойылған кейбiр шешiмдерiнің тізбесі

      1. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 70, 472-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 және "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 390 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 25-26, 196-құжат).

      3. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 882 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 419-құжат).

      4. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 216 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 22, 116-құжат).