Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 3 шiлдедегi № 357-VI ҚРЗ.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 99, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 120, 122, 123, 127-құжаттар; 2020 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 1 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан "Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнындағы 721-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "721-бап. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган";

      2) 721-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 804-баптың бірінші бөлігінің 60) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "60) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (99, 154, 173, 462 (үшінші және төртінші бөліктері), 465, 661, 681-баптар);".

      2. "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат):

      1) 7-бапта:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттардағы жұмыскерлерге өзге де әлеуметтік көмек шараларын айқындау;";

      4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;";

      2) 18-бапта:

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ауылдық елді мекендерге денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жұмыскерлерінің, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мемлекеттік қызметшілерінің тартылуын ынталандыру арқылы реттейді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.".

      3. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 17-18, 70-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 19-І, 98-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 7-8, 24-құжат):

      1) 8-баптағы "1." деген цифр және "Ассамблеяның атқарушы органы," деген сөздер алып тасталсын;

      2) 11-баптың 4-тармағының 1-2) және 1-3) тармақшалары алып тасталсын;

      3) 13-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      4) 13-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1-бап. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының қызметін қамтамасыз ету

      1. Ассамблеяның жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

      2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі айқындайтын коммуналдық мемлекеттік мекеме жүзеге асырады.";

      5) 14-бапта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аппарат (хатшылық) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының жұмыс органы болып табылады.";

      8-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;";

      4) тармақша алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 16, 55-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;".

      5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 119-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "А" корпусы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      19) тармақшадағы "лауазымдар тізіліміне" деген сөздер "мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің лауазымдар тізіліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 11-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және өзге де жобалардың сапалы орындалуын және оларды тиімді іске асыру үшін бақылауды қамтамасыз ету;";

      4) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік саяси лауазымға орналасуға кандидаттар осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына, олар болған жағдайда, сай болуға тиіс.";

      5) 15-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті комиссияның шешімімен "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшілiк лауазымдарына конкурс өткізілместен мына адамдар орналаса алады:

      1) өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындап жүрген қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер;

      2) өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан халықаралық қызметшілер, судьялар;

      3) уәкілетті комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыста болатын мемлекеттік саяси және әкiмшілiк қызметшілер лауазымдары тізіліміне сәйкес лауазымдары мемлекеттік саяси лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан мемлекеттік саяси қызметшілер;

      4) уәкілетті комиссия айқындайтын халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар;

      5) мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейіні бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған адамдар;

      6) уәкілетті комиссия айқындайтын, республикалық маңызы бар ірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бірінші басшы лауазымын немесе бірінші басшыдан кейін келесі төмен тұрған лауазымды кемінде екі жыл атқарып жүрген немесе атқарған адамдар;

      7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар.

      Белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.";

      3-1-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтағы "уəкілетті органмен келісу бойынша" деген сөздер "уəкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 16-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттік қызметке кiрер алдындағы үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған;";

      7) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакциясында жазылсын:

      "2. Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен біліктілік талаптары белгіленуі мүмкін.";

      8) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Мемлекеттік әкімшілік лауазым бойынша көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне енгізіледі.";

      9) 20-бапта:

      3-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сынақ мерзімі үш айды құрайды.";

      үшінші бөліктегі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін" деген сөздер "Азаматты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "мемлекеттік қызметшіні" деген сөздер "азаматты" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "кірген" деген сөз "кіретін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 22-бап алып тасталсын;

      11) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

      Азаматтарды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауды және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарынан босатуды осы мемлекеттік лауазымдарға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам уәкілетті комиссиямен келісу бойынша конкурс өткізбестен жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Президенті тағайындауды уәкілетті комиссиямен келіспей өзі жүзеге асыратын "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына азаматтарды тағайындайды және оларды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарынан босатады.";

      12) 25-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген мемлекеттік лауазымға орналасу ол өзгертілген күннен бастап үш ай ішінде осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекеттік лауазымы "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген мемлекеттік қызметші жұмысын осы баптың 1-тармағына сәйкес мемлекеттік лауазымға орналасқанға дейін жалғастыруға құқылы.";

      13) 27-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:

      1) жалпы конкурс;

      2) ішкі конкурс.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын белгіленген біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау;";

      7-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасқан адамдарды мемлекеттік орган ішінде кейіннен ауыстыруға жол берілмейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасқан адамдар, тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өткен жағдайда мемлекеттік лауазымға орналасқаннан кейін бір жыл өткен соң ішкі конкурсқа қатысуға жіберіледі.";

      8-тармақта:

      бірінші бөліктегі "тестілеуден өтпестен," деген сөздер "тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте ішкі конкурсқа қызметшілері осы мемлекеттік органның ішкі конкурсына қатысуға құқылы мемлекеттік органдардан қызметтен шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.";

      14) 28-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жалпы конкурс "Б" корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ төменгі лауазым болып табылмайтын өзге бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      15) 29-бапта:

      1, 1-1, 1-2 және 1-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына, төменгіні қоспағанда, орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда айқындалған өзге адамдар да қатысуға құқылы.

      Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс көрсетілген қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.

      1-1. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері өткізетін ішкі конкурстарға орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ осы орталық мемлекеттік органның өзге де аумақтық бөлімшелерінің, оның ведомстволарының және осы ведомстволар аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.

      1-2. Орталық мемлекеттік органның ведомствосы өткізетін ішкі конкурстарға осы орталық мемлекеттік органның және оның ведомстволарының, орталық мемлекеттік орган және оның ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.

      1-3. Орталық мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өткізетін ішкі конкурстарға осы орталық мемлекеттік органның және оның ведомстволарының, орталық мемлекеттік орган және оның ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.";

      1-4-тармақтағы "осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде осы Заңның 28-бабына сәйкес жалпы конкурс өткізіледі.";

      2-1 және 3-тармақтар алып тасталсын;

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Мемлекеттік орган құрылған кезде ішкі конкурс өткізілмейді.";

      16) 33-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 3-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалауды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымынан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) жүргізеді.";

      17) 34-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.";

      18) 37-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы мемлекеттік органдағы, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардағы жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдар деп неғұрлым жоғары біліктілік талаптары қойылатын, ал біліктілік талаптары тең болған кезде - неғұрлым жоғары жалақы белгіленген мемлекеттік лауазымдар түсініледі.";

      19) 41-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда өзгеше көзделмесе, мүгедек, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедек балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана (қорғаншы) болып табылатын немесе асырауында қарт ата-анасы бар мемлекеттік қызметшілерді басқа жерге көшумен байланысты ротациялауға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімімен ғана жол беріледі.";

      20) 42-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "А" корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бойынша көзделген міндеттерді уақытша атқару үшін жұмысқа қабылдау "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына белгіленген арнайы біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін адамдар қатарынан жүзеге асырылады.";

      21) 56-бап мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:

      "12. Басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.";

      22) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілердің іссапардағы барлық уақыт бойында жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) және жалақысы сақталады.";

      23) 61-баптың 1-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін олардың жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, басқа мемлекеттік лауазымға орналасуы;";

      9) тармақша "ақшаны," деген сөзден кейін "облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын," деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 173-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат):

      4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа адамдардан тұрады.

      Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Соттың Төрағасын, Бас Прокурорды, Әділет министрін, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның басшысын, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағаларын лауазымы бойынша Кеңес мүшелері етіп тағайындайды.

      Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес құрамына басқа адамдарды да, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, заңгерлер жұртшылығының өкілдерін де тағайындауы мүмкін.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ