РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат):
122-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.".
2. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша "саябақтарға", "саябақтар", "табиғи саябақ", "саябақтардың" деген сөздер тиісінше "парктерге", "парктер", "табиғи парктер", "парктердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында:
33-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарттарының нысаны және оларды мемлекеттiк тiркеу";
мынадай мазмұндағы 51-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"51-1-бап. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру";
91-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"91-бап. Басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз етуi";
мынадай мазмұндағы 117-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"117-1-бап. Орман шаруашылығының мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау";
3) 4-бап мынадай мазмұндағы 74-1) тармақшамен толықтырылсын:
"74-1) орманның экологиялық жүйелік қызметтері (бұдан әрі – орманның экожүйелік қызметтері) – орман қоры аумағында және оған іргелес жатқан учаскелерде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, пайдалы қасиеттерін қоса алғанда, орманды, оның функцияларын пайдаланудан алатын пайда;";
4) 12-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды және оларды алып қою көлемдерін бекітеді;";
17-20) тармақша алып тасталсын;
5) 13-бапта:
1-тармақта:
17), 18-4), 18-5) және 18-15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"17) мынадай: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің; орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және айқындау жөніндегі; орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінің көлемдерін және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;";
"18-4) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге арналған рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18-5) мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес қалыптастырады және бекітеді;";
"18-15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою және оларды алып қою көлемдерін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;";
18-16) және 18-17) тармақшалар "инспекциясы мен" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен толықтырылсын;
18-32) тармақшадағы "орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды" деген сөздер "орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінің көлемдерін және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-34) тармақшадағы "ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын" деген сөздер "ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-45), 18-46), 18-47) және 18-48) тармақшалармен толықтырылсын:
"18-45) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
18-46) өзінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) бекітеді;
18-47) өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге арналған рұқсаттар береді;
18-48) басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
2-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацы "ұзақ мерзімді" деген сөздерден кейін "және қысқа мерзімді" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 15-бапта:
15-3) тармақшадағы "ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын" деген сөздер "ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-4) және 15-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-4) өздерінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) бекітеді;
15-5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыруды жүзеге асырады;";
7) 18-бап мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар орман пайдаланушылар бойынша ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін қалыптастырады және бекітеді;
15) орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) әзірлейді.";
8) 21-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "ұзақ мерзімді" деген сөздерден кейін "және қысқа мерзімді" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 24-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Кoдекстe айқындалған тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;";
5) тармақшадағы "беру құқығы бар." деген сөздер "беру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын жасасу құқығы бар.";
10) 29-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тендерге қатысуға Қазақстан Республикасы азаматтарының және шетелдік қатыспайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құқығы бар.";
2-тармақтағы "орман билетiнiң" деген сөздер "қысқа мерзімді орман пайдалану шарты және (немесе) орман билетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартына" деген сөздер "ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 31-бапта:
1-тармақтағы "Мемлекеттiк", "және кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып" деген сөздер тиісінше "Осы баптың 1-1-тармағында көзделген орман пайдалану түрін қоспағанда, мемлекеттiк", ", кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында шарт ресiмделе отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі орман ресурстары аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде, кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында шарт ресiмделе отырып, берiледi.
1-2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезінде орман пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін:
1) сүрек дайындау;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалану;
4) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;
5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану;
7) жанама орман пайдалану.";
2-1-тармақтың бірінші абзацындағы "орман пайдалануға", "жеке және заңды тұлғалар" деген сөздер тиісінше "пайдалануға", "Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысусыз Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 33-бапта:
тақырыптағы "ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының нысаны және оны" деген сөздер "ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарттарының нысаны және оларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
"ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты" деген сөздер "ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2-тармақта:
"ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты" деген сөздер "ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ол мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап жасалған болып" деген сөздер "мемлекеттiк тiркелген кезінен бастап жасалды деп" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 34-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары қысқа мерзiмдi орман пайдалануға:
1) мемлекеттiк орман иеленушiлер беретiн орман билетi негiзiнде бiр жылға дейiнгi мерзiмге;
2) мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты негізінде бір жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге беріледі.";
2-тармақта:
бірінші абзац "пайдаланудың" деген сөзден кейін "мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "пайдалану сияқты түрлерiн ғана жүзеге асыруға болады." деген сөздер "пайдалану;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау.";
14) 36-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар орман пайдаланушылар үшін – орман мекемесі бекіткен, мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесудің жыл сайынғы көлемі.";
7-тармақтағы "аралық пайдалану мақсатында кесудi және өзгедей мақсатта кесудi", "мен (немесе)" деген сөздер тиісінше "басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесудi және басқа да мақсаттарда ағаш кесудi", "және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
"жүзеге асыруға" деген сөздерден кейін ", қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға" деген сөздермен толықтырылсын;
"аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар қажеттiгi" деген сөздер "ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 37-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік орман иеленушімен келісу бойынша ағаш кесудің барлық түрін жүргізуге, орман питомниктері мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді орналастыруға құқығы бар.";
16) 38-баптың 1) тармақшасындағы "ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының", "билетiмен, орман билетiмен белгiленген" деген сөздер тиісінше "ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының", "билетiнде, орман билетiнде айқындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 39-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының" деген сөздер "ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 40-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "ережелерiн", "ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында", "үнемi" деген сөздер тиісінше "қағидаларын", "ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарында", "жүйелі түрде" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 41-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының бұзылуы;";
20) 42-баптың 5-тармағындағы "заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жабайы өсiмдiктер мен саңырауқұлақ түрлерiн, сондай-ақ құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiктер мен құрамында есiрткi заттар" деген сөздер "заңнамасында айқындалған жағдайлардан басқа кезде, өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгiзiлген жабайы өсетін өсiмдiктер мен саңырауқұлақтар түрлерiн, сондай-ақ құрамында есiрткi бар өсiмдiктер мен құрамында есiрткi" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын:
"51-1-бап. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру
1. Басқа санаттардағы жерде табиғи өсiп шығатын екпелер орман қорының құрамына енгізілуге жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген екпелерді анықтауды, құжаттаманы ресімдеуді және оны уәкілетті органға ұсынуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
3. Басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";
22) 54-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың атауы, оларды орындау мерзiмдерi мен шарттары, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық талаптар, жер учаскелерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімдері көрсетiледi.";
23) 55-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 9) тармақшасындағы ", оның ішінде сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру" деген сөздер алып тасталсын;
24) 56-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бастапқы орман орналастыруды жүргiзбей және осы Кодексте айқындалған тәртiппен бекiтiлген орман орналастыру құжаттамасынсыз мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануға тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Мемлекеттік орман иелігі аумағында ревизиялық кезең аяқталған және орман орналастырудың жаңа құжаттамасы қолданысқа енгізілгенге дейін:
1) өртке қарсы іс-шаралар ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде орындалады;
2) ағашты санитариялық мақсатта кесуді қоса алғанда, орман қорғау іс-шаралары ормандардың санитариялық жай-күйіне қарай, мемлекеттік орман иеленушілер немесе уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдары жүргізетін орман-патологиялық зерттеп-қараулардың материалдары бойынша айқындалатын көлемдерде жүзеге асырылады;
3) ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шаралар орман дақылдары қорының болуына қарай, ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде, бірінші кезекте, ағаш кесілген жерлер мен өртеңдерде орындалады;
4) орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдыларының өсуіне кедергі келтіретін ағаштарды кесіп тастауды қажет ететін екпелердің болуына қарай, ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде орындалады;
5) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу есепті кеспеағаш аймағының орман орналастыру жобасында белгіленген шекте уәкілетті орган бекіткен жыл сайынғы кеспеағаш аймағы қоры мөлшерінде жүргізіледі. Бір жыл бойы есепті кеспеағаш аймағына осы Кодексте айқындалған тәртіппен өзгерістер енгізіледі;
6) орман пайдаланудың осы бөліктің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілмеген қалған түрлері осы Кодексте айқындалған тәртіппен ревизиялық кезеңнің соңғы жылына белгіленген көлемдерде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орман иеленушілер мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен орман пайдалану туралы деректерді бұрынғы орман орналастыру материалдарына енгізуге міндетті.";
25) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"70-бап. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау
1. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға жатады.
2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттiк орман күзетiнің лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар белгіленеді.
3. Мемлекеттiк орман күзетiнің лауазымды адамдарына мал жаю және шөп шабу үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жер учаскелері беріледі.";
26) 72-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген іс-шараларды орман мекемелері және орман пайдаланушылар орманның экожүйелік қызметтері үшін ерікті жарналар есебінен жүргізе алады.";
27) 77-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен анықталады, жасалады және пайдаланылады.";
28) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлер уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен анықталады, жасалады және пайдаланылады.";
29) 88-баптың 1-тармағында:
3) тармақшадағы "(қабықтар, бұтақтар, түбiрлер, тамырлар, жапырақтар, бүршiктер)" деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы "бау-бақша шаруашылығы" деген сөздер "бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 91-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"91-бап. Басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiнiң жергiлiктi халықтың сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз етуi
1. Жергiлiктi халықтың сүрекке, оның ішінде отындық сүрекке деген қажеттілігін қамтамасыз ету, одан өтiнiмдер болған кезде, басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде дайындалған сүректi мемлекеттiк орман иеленушiнiң өткiзуi есебiнен жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген өтiнiмдер басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу, сондай-ақ кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау жүргізілгенге дейін бір ай бұрын тиiстi мемлекеттік орман иеленушіге берiледі.";
31) 98-баптағы "бау-бақша шаруашылықтары," деген сөздер "бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 99-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сексеуіл ормандарынан басқа, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.";
33) 101-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшін мемлекеттiк орман иеленушiлер мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға – ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде бередi.";
34) 102-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға – ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға қысқа мерзiмдi орман пайдалану шарты және рұқсат беру құжаттары негiзiнде берiледi.";
35) 109-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жеке және заңды тұлғалардың қайырмалдықтары, ерiктi жарналары, оның ішінде орманның экожүйелік қызметтері үшін қайырмалдықтары, ерiктi жарналары;";
36) 112-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және басқа да мақсаттарда ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде алынған сүректі қайта өңдеуден алынған тауарлар мен өнімді, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімін өткізу және сүректі қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсету;";
37) 113-баптың 1-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарын, санитариялық қағидаларды, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларын бұзу;";
19) тармақшадағы "мен таксациялаудың уәкілетті орган бекіткен тәртiбiн" деген сөздер "және таксациялау қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
38) мынадай мазмұндағы 117-1-баппен толықтырылсын:
"117-1-бап. Орман шаруашылығының мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау
1. Орман шаруашылығының мамандары Қазақстан Респрубликасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғалуға жатады.
2. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығының мамандарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар белгіленеді.
3. Орман шаруашылығының мамандарына мал жаю және шөп шабу үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жер учаскелері беріледі.".
3. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат):
1) мазмұнындағы 21-тараудың, 107 және 108-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"21-тарау. Су объектілерін немесе олардың бөліктерін балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану
107-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн пайдалану
108-бап. Су объектілерін немесе олардың бөліктерін аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану";
2) 94-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
3) 21-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"21-тарау. Су объектілерін немесе олардың бөліктерін балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану
107-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн пайдалану
1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшiн (оның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерiнде немесе олардың бөлiктерiнде балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалану және балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес беріледі.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының осы Кодекске сәйкес су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдалануға алуға құқығы бар.
2. Балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн су объектiлерi немесе олардың бөліктері пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар:
1) уәкiлеттi органмен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша су объектiлерiнің немесе олардың бөліктерінің жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн балық жіберуді және балық шаруашылығы мелиорациясын және балық ресурстары мен басқа су жануарларының өсімін молайтуды жүргiзуге;
2) өздері пайдаланатын жерлерде су объектiлерiнің жағалауларын немесе олардың бөліктерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.
3. Мемлекеттік табиғи қорықтар, балық питомниктері, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауызсумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін жеке тұлғалар белгiленген балық аулау қағидаларын сақтай отырып, әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшiн пайдалана алады.
108-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану
1. Су объектiлерiн немесе олардың бөлiктерiн аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жергiлiктi өкiлдi органмен, уәкiлеттi органмен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша бередi.
2. Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын, көлдердi және басқа да су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды пайдалану кезiнде сулы-батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс.
3. Балық шаруашылығы мелиорациясын жүргiзу, жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлері мекендейтiн жерлерде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктерді су объектiлерiнде немесе олардың бөліктерінде өсiру уәкiлеттi органмен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша жүзеге асырылады.
4. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлері мекендейтiн жерлерде, сондай-ақ фаунаның өсімін молайту және оны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша жеке тұлғалардың болуына, әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшiлiк аң аулауға, жағалау белдеуiнде құрылыс салуға және су объектiлерiнің немесе олардың бөліктерінің жай-күйiн нашарлататын басқа да әрекеттерге және аңшылық шаруашылығын жүргiзуге шектеу қоюы мүмкін.".
4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
240-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"240-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар";
мынадай мазмұндағы 240-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"240-1-бап. Жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету";
252-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"252-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру";
2) 240-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"240-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме негізінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жол беріледі.
2. Будандастырылған жануарларды үйреншікті ортаға интродукциялауға тыйым салынады.
3. Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар түрлерін өз бетінше интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға тыйым салынады.
4. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен шағылысуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар осы жануарлардың табиғи ортаға шығуын болғызбау жөнінде іс-шаралар жүргізуге міндетті.";
3) мынадай мазмұндағы 240-1-баппен толықтырылсын:
"240-1-бап. Жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен берілетін рұқсат бойынша жол беріледі.
Жануарларды Қазақстан Республикасынан үшінші елдерге әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";
4) 245-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жануарлар санын реттеу қағидаларын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.";
5) 246-баптың 3) тармақшасындағы "ережелерін, нормаларын" деген сөздер "қағидаларын, нормаларын, нормативтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 249-баптың 2-тармағындағы "еріксіз немесе" деген сөздер "еріксіз және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 250-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қоныс аударту;";
8) 251-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар мекендеу ортасынан алып қойылған, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері дара нұсқаларының санына сәйкес келетін, қолдан өсіру жолымен алынған жануарларды белгіленген мерзімдерде мекендеу ортасына жіберуге міндетті. Жануарларды жіберу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының қатысуымен акт бойынша жүзеге асырылады.";
9) 252-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"252-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру";
2-тармақтың бірінші абзацындағы "Мамандандырылған питомниктерге және азаматтарға, олар:" деген сөздер "Жеке және заңды тұлғаларға, олар мынадай:" деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсатының болу талаптарын сақтаған кезде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге рұқсат етіледі.";
3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтардағы "еріксіз және", "экологиялық питомниктерде", "еріксіз немесе" деген сөздер тиісінше "еріксіз және (немесе)", "зоологиялық питомниктерде", "еріксіз және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 255-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "интродукциялауға және жануарларды жерсіндіруге" деген сөздер "және жануарларды интродукциялауға" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 15 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 499-бапта:
5-тармақтың 1) тармақшасындағы "көшiру, жерсiндiру, жасанды көбейту және будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып" деген сөздер "қоныс аударту, қолдан өсіру және шағылыстыру мақсаттары үшiн алып қойып" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей ұсынады.";
2) 503-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "көкөніс шаруашылығы, бақша шаруашылығы" деген сөздер "бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы тараудың мақсаттары үшін орман пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою да жатқызылады.
Табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде мұндай алып қою көлемдерін, төлемақы мөлшерін және оны төлеу мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір жекелеген жағдайда белгілейді.";
3) 504-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою құқығын алған жеке және заңды тұлғалар да төлемақы төлеушілер болып табылады.";
4) 507-бапта:
1-тармақтағы "Төлемақы" деген сөз "Мөлшері осы Кодекстің 503-бабының 1-1-тармағына сәйкес айқындалатын төлемақыны қоспағанда, төлемақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші абзацы "орман пайдаланудың өзге түрлері кезінде" деген сөздердің алдынан "төлемақы мөлшері осы Кодекстің 503-бабының 1-1-тармағына сәйкес айқындалатын орман пайдалануды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 3) тармақшасындағы "кешіктірілмей төленеді." деген сөздер "кешіктірілмей;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қойғаны үшін – әрбір жекелеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде белгіленетін мерзімдерде төленеді.".
6. 2014 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 378-баптың тақырыбындағы "жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру" деген сөздер "жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 378-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру" деген сөздер "жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
1) 18-баптың 2) тармақшасындағы "және ветеринария" деген сөздер ", ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 139-баптың 9-тармағының екінші және үшінші бөліктеріндегі "және ветеринария" деген сөздер ", ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат):
6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Туризм түрлері – әлеуметтiк, экологиялық, аңшылық, балық аулау, шытырман оқиғалы, спорттық, iскерлiк, конгрестiк, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, дiни, медициналық, балалар-жасөспірімдер, оқиғалы және басқа да түрдегі туризм.".
9. "Өсiмдiктердi қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша тіркеу – пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша мемлекеттік тіркеу;";
2) 14-6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Таралуы өсімдіктер мен өсімдік шаруашылығы өніміне айтарлықтай зиян келтіруге, фитосанитариялық жағдайдың нашарлауына алып келуі мүмкін жекелеген зиянды және аса қауiптi зиянды организмдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған карантинді объектілерге қарсы күрес үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пестицидтерді (улы химикаттарды) екі жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркеуге жол беріледі.".
10. "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат):
32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-3) қолданылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау құралдарын;
4-4) сексеуіл сүрегінен жасалған өнімді, Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілердің оны өткізуін қоспағанда, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл екпелерін кесуге тыйым салу қолданылатын кезеңде;".
11. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
1) 1-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) аушы жыртқыш құс – аң аулауда пайдаланылатын қыран, сұңқар, қаршыға және жыртқыш құстардың басқа да түрлері;";
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) балық өсіру материалы – балық өсіру объектісіне қарай, су айдындарына балық жіберуге арналған дернәсілдер, құртшабақтар, шабақтар және балықтардың жасына байланысты басқа да топтары;";
19) тармақшадағы "су жинайтын және гидротехникалық құрылыстарға түсуін болдырмауға" деген сөздер "су тарту және ағызу құрылыстарына түсуін болғызбауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) тармақша алып тасталсын;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"40) жануарлар дүниесі объектілерін қолдан өсіру – көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарын қоса алғанда, жануарлар түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;";
43) және 44) тармақшалардағы "жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның" деген сөздер "уәкілетті органның, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
57) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 59-1), 60-1) және 62-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"59-1) ихтиологиялық байқаулар – балық шаруашылығы су айдыны ихтиофаунасының жай-күйі туралы деректерді жинау және зерделеу;";
"60-1) кәсіпшілік күш-жігер – балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға тікелей бағытталған өндірістік операциялар көлемі, оның ішінде ол кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулау құралдары мен техникалық құралдардың, жүзу құралдарының, балықшылардың рұқсат берілетін санын қамтиды;";
"62-1) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы – табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;";
71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"71) су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу;";
мынадай мазмұндағы 71-1) және 73-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"71-1) сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығы – сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологиясы қолданыла отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын қолдан өсірумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;";
"73-1) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы – табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;";
75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"75) уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдары (бұдан әрі – мамандандырылған ұйымдар) – жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер және республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;";
мынадай мазмұндағы 78-1) тармақшамен толықтырылсын:
"78-1) фермерлік аңшылық шаруашылығы – жеке меншіктегі жануарларды аңшылық мақсатында қолдан өсіруге маманданатын аңшылық шаруашылығы;";
79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"79) шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру – жобаланатын аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық шаруашылығының шекарасы мен санаттарын айқындау, оның алаңын есептеу, жануарлар дүниесi мен ол мекендейтiн ортаның жай-күйiн, жануарларды есепке алу әдістемелерін, жануарларды есепке алудың бақылау маршруттары мен алаңқайларын айқындау;";
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жануарлар түрлерiн санаттарға жатқызу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесiнiң түрлiк саналуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында биологиялық негіздеме негізінде ведомствоаралық зоологиялық комиссияның ұсынымы бойынша жүргiзiледi.";
3) 6-баптың 3) тармақшасындағы "экспорттау" деген сөз "өткізу" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 6-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;";
5) 6-2-баптағы "оның аумақтық бөлімшелері бар ведомстволарын" деген сөздер "аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 8-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету туралы шешім қабылдайды;";
9) тармақшадағы "ерiксiз немесе" деген сөздер "ерiксiз және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 9-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Уәкiлеттi органның, аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосының және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті";
бірінші бөлікте:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердi әзiрлейдi және бекітеді;";
6) тармақшадағы "уәкiлеттi органның" деген сөздер "уәкiлеттi орган ведомствосының" деген сөздермен ауыстырылсын;
7), 12) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрілген зиянның орнын толтыру мөлшерлерiн айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдiстемелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;";
"12) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітедi;";
"17) екі және одан көп облыстың аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;";
20) тармақшадағы "су тарту құрылыстарының балық" деген сөздер "су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) және 44) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"23) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;";
"44) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;";
50) тармақшадағы "жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киімді киюге құқығы бар" деген сөздер "айырым белгілері бар нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
54) тармақша алып тасталсын;
62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"62) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың және (немесе) пайдалануға тыйым салудың белгіленген мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;";
мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын:
"65-1) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзірлейді және бекiтедi;";
69) тармақшадағы "еріксіз және" деген сөздер "еріксіз және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"71) жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
72) және 73) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 77-1), 77-2), 77-3), 77-4), 77-5), 77-6), 77-7) және 77-8) тармақшалармен толықтырылсын:
"77-1) ихтиологиялық байқаулар қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
77-2) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
77-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;
77-4) балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
77-5) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
77-6) мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлері өнімін қайта өңдеуі кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығыстарының нормаларын әзірлейді және бекітеді;
77-7) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
77-8) сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
екінші бөліктегі "Аумақтық бөлімшелер" деген сөздер "Аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомство" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 10-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiтедi;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтедi;";
5-3) тармақшадағы ", халықаралық және республикалық" деген сөздер "және халықаралық" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5-4) жануарларды, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жөнiндегi, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;";
мынадай мазмұндағы 5-11) және 5-12) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-11) облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
5-12) резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;";
9) 11-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өсімін молайту мақсатында аулауды және ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, бекіре тұқымдас балық түрлерін үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, қайта өңдеу және олардың уылдырығы мен өнімінің басқа да түрлерін өткізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны тек қана мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін қолдан молайту мен балық өсіру материалын және олардан өсімін молайту мақсатында жыныстық өнімдер алынғаннан кейін бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде өткізу жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметке жатады.";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бекіре тұқымдас балық түрлері кездейсоқ ауланған жағдайларда, сондай-ақ бекіре тұқымдас балық түрлерімен бірге иесіз балық аулау құралдары табылған кезде тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары үйреншікті мекендеу ортасына жіберілуге немесе мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарға берілуге тиіс, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары үйреншікті мекендеу ортасына жіберілуге тиіс.
4. Бекіре тұқымдас балық түрлерін өсімін молайту мақсатында және ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою балық аулау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
10) 13-баптың 1) тармақшасындағы "ережелер мен нормаларды" деген сөздер "қағидаларды, нормалар мен нормативтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 14-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы "қажеттігі негіз болып табылады." деген сөздер "қажеттігі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) гидрометеорологиялық жағдайларға қарай балықтардың уылдырық шашуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету қажеттігі негiз болып табылады.";
7) тармақшадағы "сирек кездесетiн және жойылып кетуi қаупi төнген жануарлар түрлерiн және олардың дериваттарын", "алуға" деген сөздер тиісінше "жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын", "алып қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен артық және жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттарда немесе жолдамаларда көрсетiлген мерзiмдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында аулауға;";
12) тармақшадағы "бүлдiруге тыйым салынады;" деген сөздер "бүлдіруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) балықтарды қорғау құрылғыларынсыз, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін су жинау және ағызу құрылыстарын пайдалануға тыйым салынады.";
12) 15-баптың 3-тармағының бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша:
1) ғылыми, өсімін молайту, коммерциялық мақсаттарда арнайы жасалған жағдайларда өсіру, сондай-ақ кейіннен мекендеу ортасына жіберу;";
13) 17-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды уәкілетті органның ведомствосымен жасалған шарт негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді, уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіруді және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын көздейтін іс-шараларды орындау арқылы, уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатын мөлшерде өтеудің орнын толтыруға міндетті.";
14) 18-1-бап алып тасталсын;
15) 19-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерін қолдан өсіру мақсаттары үшін өсімін молайту кешенінің мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік кәсіпорындары кездейсоқ ауланым ретінде алынған балықтарды балықтардың уылдырық шашуын гормондық демеу препараттарын өндіру, сондай-ақ оларды ұстауға азық өндіру үшін пайдалануы мүмкін.";
4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жануарлар түрлерін қолдан өсiру, оның ішінде көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарында, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында қолдан өсіру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен кәсiпкерлiк қызмет мақсатында жүзеге асырылады.";
"6. Үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.";
16) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
17) 21-баптың 3-тармағындағы "оның аумақтық бөлімшелері" деген сөздер "аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомство" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 22-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы "нормативтердi және ғылыми ұсынымдар әзірлемелерін негіздеу" деген сөздер "нормалар мен нормативтердi негіздеу және ғылыми ұсынымдарды әзірлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі "шегіндегі ғылыми зерттеулер бағдарламаларына сәйкес," деген сөздер "шегінде" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізеді.";
19) 3-тарау мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
"22-1-бап. Ихтиологиялық байқаулар
1. Ихтиологиялық байқауларды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
2. Ихтиологиялық байқаулардың негізгі бағыттары: балық шаруашылығы су айдындарының жай-күйін бақылау; бақылау үшін аулауды жүргізу; ихтиофаунаның жай-күйі туралы биологиялық материалдарды жинау; өріс аудару жолдарын, уылдырық шашу мерзімдерін және су айдындарына кәсіпшілік жүктемені зерделеу; балық құртшабақтарының кездейсоқ ауланымын, уылдырық шашатын орындарды және қыстау шұңқырларын айқындау; гидрометеорологиялық жағдайларға қарай уылдырық шашу кезеңіндегі тыйым салу мерзімдерін ауыстыруды қоса алғанда, балық аулау режимін реттеу бойынша, балық аулау құралдары бойынша, балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау; балықтың қырылу қаупі бар су айдындарын есепке алу және балықтардың қырылуының профилактикасы және оны жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; су тарту, ағызу құрылыстарын қарап-тексеру және балықтарды қорғау құрылғылары болмаған кезде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды айқындау болып табылады.
3. Ихтиологиялық байқаулардың деректері балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар дайындау үшін қолданылады.";
20) 23-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Реинтродукциялау мақсатында аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендеу ортасынан алып қоя отырып пайдалану жатады.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Фермерлік аңшылық шаруашылықтарында еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген және ұсталатын жануарларды пайдалануды олардың иеленушілері айқындайды.";
21) 24-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану;";
22) 25-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "уәкілетті органның", "аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің", "қырылу" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органның немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның", "аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының", "балықтың қырылу" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 26-баптың 1-3-тармағының бірінші бөлігіндегі "балықтардың және басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша өтініш беруші жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуға ұсыным жасаған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өтініш түскен сәттен" деген сөздер "өтініш беруші жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатын берген кезде балықтар мен басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өтініш келіп түскен кезден" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 27-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қарумен қамтамасыз етуге;";
7) тармақшадағы "аң-құсты өсіруді жүзеге асыруға" деген сөздер "аң-құс өсіруді жүзеге асыруға және аң-құс (еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда) өсіру үшін бөлінген аумақта әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге, сондай-ақ аң-құс өсіру нәтижесінде өсімі молайған жануарларды өз бетінше пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
4) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыруға және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;";
11) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бақылау үшін аулауды – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне;";
14) тармақша "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін "ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері" деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ведомствоның аумақтық бөлімшесіне жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған шарттар туралы, оның ішінде оларды бұзу туралы ақпарат жіберуге;";
18) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес", "қызметтік қару-жарақпен," деген сөздер алып тасталсын;
22) тармақшадағы "уәкілетті органға хабарлауға міндетті." деген сөздер "уәкілетті органның ведомствосына хабарлауға;" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін сақтауға міндетті.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініш берушілер уәкілетті органның ведомствосына хабарламалар беруді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қызметтің немесе әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.";
25) 29-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бір бөлігі жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы болып табылады.";
26) 30-баптың 1) және 5) тармақшалары алып тасталып, 6) тармақшасындағы "берiлген рұқсаттар жойылған;" деген сөздер "арналған рұқсаттардан айырылған жағдайларда тоқтатылады." деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерде жануарлар дүниесiнiң, мекендеу ортасының сақталуын және оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi көрсеткiштердiң жол берiлетiн шектi сандық және сапалық мәнi айқындалады.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi және шаруашылық пен өзге де қызметті жоспарлау және жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.";
28) 33-бапта:
1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) аңшы куәлігі болған;
4) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат немесе жолдама алған жағдайда берiледi.";
2-тармақтағы "және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берiлген құжаттың" деген сөздер алып тасталсын;
29) 33-1-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 7) және 9) тармақшаларындағы "уәкілетті органға" деген сөздер "уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 34-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.";
8-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі балық аулау қағидаларында айқындалады.";
31) 35-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) балық шаруашылығын жүргізуге жергілікті атқарушы органмен жасалған шарты болған кезде берiледi.";
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ғылыми-зерттеу және мелиорациялық аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатында аулау құқығын жеке және заңды тұлғалар – жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаты, ал әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде иеленеді.
3. Бақылау үшін аулауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсатсыз балық аулау қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.";
32) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"36-бап. Қолдан жасалған су айдындарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балық шаруашылығы қызметiн реттеу ерекшелiктерi
Өздерi қолдан жасаған су айдындарында немесе сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балықтар мен басқа да су жануарларын өсiрген жеке және заңды тұлғалар осы балықтар мен су жануарларының меншiк иелерi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға иелiк етедi.";
33) 37-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"37-бап. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргiзу құқығын беру және тоқтату";
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу шартының" деген сөздер "аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "немесе балық аулау" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар:
1) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуден өз еркімен бас тартқан;
2) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың қолданыс мерзімі аяқталған;
3) аңшылық, балық шаруашылықтары субъектілерінің қызметі тоқтатылған;
4) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың талаптары жүйелі түрде бұзылған;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылған;
6) аңшылық алқаптар немесе балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік мұқтаж үшін алып қойылған жағдайларда тоқтатылады.";
34) 38-баптың 5-тармағында:
22) тармақшадағы "уәкiлеттi органмен келісiм" деген сөздер "уәкiлеттi органның ведомствосымен келісу" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"24) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілген жануарлар санынан асырып;
25) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілмеген жануарлардың басқа түрлерін;";
35) 39-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері биологиялық негіздемеге және балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларына сәйкес көлде тауарлы балық өсіру және (немесе) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы үшін пайдаланылуы мүмкін.";
5) тармақша "балықтарды" деген сөздің алдынан "осы Заңның 11-1-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) балық аулау қағидаларында белгiленген кәсiпшiлiк өлшемнен кем мөлшерде балық аулауға, қабылдауға, сатып алуға-сатуға, тасымалдауға және сақтауға;";
11) тармақшадағы "уәкілетті органмен келісусіз двигательдері" деген сөздер "уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісусіз қозғалтқыштары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Көлде тауарлы балық өсіру және (немесе) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін белгіленген тәртіппен бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 5) тармақшаларында көзделген әрекеттерге тыйым салынады.";
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының өлшемдері көрсетiлген жапсырмалары жоқ кәсіпшілік балық аулаудың балық аулау құралдарымен;";
36) 40-бапта:
екінші бөлік "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін "немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі "аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттың" деген сөздер "аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Екі және одан көп облыс аумағында орналасқан су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін қоспағанда, бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша, біліктілік талаптарына сай келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда, конкурс өткізілместен қайта бекітіп беріледі.";
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Екі және одан көп облыс аумағында орналасқан, бекітіп беру мерзімі өткен су айдындарының балық шаруашылығы учаскелері бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша, біліктілік талаптарына сай келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда, конкурс өткізілместен уәкілетті орган ведомствосының ұсынуы бойынша қайта бекітіп беріледі.";
жетінші бөліктегі "уәкілетті органның ұсынымы" деген сөздер "уәкілетті орган ведомствосының ұсынуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жатқызылған су объектісінде немесе оның бір бөлігінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын бүкіл су объектісін пайдалану құқығынсыз беру болып табылады.";
"5. Балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері кәсіпшілік балық аулау үшін үшінші тұлғалардың пайдалануына берілмейді.";
37) мынадай мазмұндағы 42-1-баппен толықтырылсын:
"42-1-бап. Жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану
Сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";
38) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"43-бап. Мамандандырылған ұйымдар
Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымдар құрады.";
39) 43-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсiмiн молайтуды мамандандырылған ұйымдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырады.";
40) 45-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес жүргізіледі.";
41) 46-бап алып тасталсын;
42) 49-баптың 2-тармағының бірінші абзацы "уәкiлеттi орган" деген сөздерден кейін ", ведомство" деген сөзбен толықтырылсын;
43) 50-баптың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жануарлар дүниесi объектілерін аулау құралдары, әдістері және (немесе) тәсілдері;";
"5) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар, аң аулауға арналған шарт, жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған шарт пен рұқсат, жолдама, кәсiпшiлiк журнал);";
44) 51-бапта:
1-тармақтағы "Ведомство" деген сөз "Уәкілетті орган ведомствосының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Ведомстволар басшыларының" деген сөздер "Уәкілетті орган ведомствосы басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Ведомствоның" деген сөз "Уәкілетті орган ведомствосы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "Аумақтық бөлімше" деген сөздер "Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
5 және 6-тармақтардағы "Ведомстволардың", "ведомстволардың", "Ведомстволардың аумақтық" деген сөздер тиісінше "Уәкілетті орган ведомствосы", "уәкілетті орган ведомствосының", "Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық" деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 52-бапта:
1-тармақтың 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1) су жинау және ағызу құрылыстарын балықтарды қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асыруға;";
4) тармақшадағы "ерiксiз немесе" деген сөздер "ерiксiз және" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы "нормативтердiң" деген сөз "нормалар мен нормативтердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 53-баптың тақырыбындағы, 1-тармағының бірінші абзацындағы және 2-тармағындағы "уәкiлеттi орган", "заңдары талаптарының бұзылуының белгiлi болуына байланысты", "уәкiлеттi органның" деген сөздер тиісінше "уәкiлеттi орган ведомствосы", "заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай", "уәкiлеттi орган ведомствосының" деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 54-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "уәкiлеттi органның және аумақтық бөлімшелердің", "заңдарына" деген сөздер тиісінше "уәкiлеттi орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің", "заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 56-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кейiннен уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне мiндеттi түрде беру үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;".
12. "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат):
1) 7-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы және 4-тармағының 8) тармақшасындағы "және агроөнеркәсіптік кешен", "қызметкерлерге", "қолдану" деген сөздер тиісінше ", агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар", "жұмыскерлерге", "көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасындағы "және агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінiң" деген сөздер ", агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жұмыскерлерінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 7-тармақтардағы "және ветеринария" деген сөздер ", ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1) және 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) биосфералық резерват – Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізілген мемлекеттік табиғи қорық, мемлекеттік ұлттық табиғи парк немесе мемлекеттік табиғи резерват және олардың қорғау аймақтары;";
"2-1) дәстүрлі жер пайдалану – табиғи кешендерге, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне зиянды әсер етпейтін, сондай-ақ сол экологиялық жүйеге бейімделген, жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы қызметінің сол өңірде тарихи қалыптасқан түрлері;";
"21-1) үйлестіру кеңесі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жасақталып, табиғат қорғау мекемелерінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;";
2) 3-баптың 9) тармақшасындағы "ынтымақтастық болып табылады." деген сөздер "ынтымақтастық;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) үйлестіру кеңестерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы болып табылады.";
3) 7-бапта:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға шешім қабылдау және оларды алып қою көлемдерін бекіту;";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын;";
сегізінші абзацтағы "тізбесін бекіту;" деген сөздер "тізбесін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту;";
6-3) тармақша алып тасталсын;
4) 8-баптың бірінші бөлігінде:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын мелиорациялық аулауды жүргізу қағидаларын;";
жетінші абзацтағы "сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің санатына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру тәртібін" деген сөздер "сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "ережесін әзірлеу және бекіту;" деген сөздер "ережесін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды биосфералық резерваттарға жатқызу қағидаларын;
заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру және рұқсат беру қағидаларын;
республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негiздемесінің жобаларын әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14-1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;";
14-2) тармақша алып тасталсын;
"мемлекеттік экологиялық" деген сөздердің алдынан "осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
"аумақтарда орналасқан", "ғылыми-зерттеулік", "молайту мақсатындағы" деген сөздер тиісінше "аумақтардың құрамына кіретін", "ғылыми-зерттеу үшін", "өсімін молайту мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16-1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн әзірлеу;";
16-3) тармақша алып тасталсын;
5) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) белгіленген режимді сақтай отырып, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағында орналасқан жер учаскелерін пайдалануды жүзеге асырады;";
6) 14-баптың 6-тармағының үшінші бөлігіндегі "Ерекше" деген сөз "Республикалық маңызы бар қалалардың шекарасында орналасқан мемлекеттік табиғат ескерткіштерін қоспағанда, ерекше" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 20-баптың 3-1-тармағындағы "жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша әрі" деген сөздер алып тасталып, "адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып" деген сөздер "тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері ескеріле отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"32-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау
1. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының, мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының мемлекеттік орман қоры жерінде және оларға іргелес жатқан жерде орналасқан табиғи кешендері мен объектілерін қорғауды Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің қызметтері, басқа санаттардағы жерде табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторлары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелеріне, табиғат қорғау мекемелеріне және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға бекітіп беру уәкілетті органның және өздерінің құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен жүргізіледі.";
9) 32-1-бапта:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында тұрақты немесе уақытша мекендейтін, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер (биік және аласа) мен жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) түрлері (кіші түрлері, таралымдары)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына үйреншікті мекендеу ортасында жойылып кеткендерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында тұрақты немесе уақытша мекендейтін өсімдіктердің (биік және аласа) және жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері (кіші түрлері, популяциялары)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 3) тармақшасындағы "сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін" деген сөздер "өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 34-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) гранттар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларының қаражаты;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) жеке және заңды тұлғалардың қайырмалдықтары, ерiктi жарналары, оның ішінде өздері шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу кезінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне келтірілетін және (немесе) болмай қоймайтын зиян үшін жасайтын қайырмалдықтары, ерiктi жарналары есебiнен жүргiзiледi.";
11) 35-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Iс-шараларды қаржыландыру табиғат қорғау мекемелерiн басқару жоспарларына сәйкес табиғат қорғау мекемелерiн дамыту мен күтіп-ұстауға олардың санатына қарай бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және мыналарға:";
9) тармақшадағы "жүргiзуге жұмсалады." деген сөздер "жүргiзуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктің туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында және мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймағында инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) салуға жұмсалады.";
12) 38-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу;";
2) тармақшаның алтыншы абзацы "өткiзуден" деген сөзден кейін ", балықты және балық өнімін өткiзуден" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 43-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығының су айдындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми ұсынымдар негізінде мелиорациялық аулауды жүргізуге жол беріледі.";
14) 45-баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Реттелмелі экологиялық туризмді қоспағанда, қорық режимi аймағында кез келген шаруашылық қызметке және мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумағын рекреациялық пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттiк табиғи қорық режимiнiң түрiне сәйкес келетiн қорықтық қорғау режимi белгiленедi.
Қорық режимі аймағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағының он пайызынан қырық пайызына дейінгі жерін құрайды.
3. Реттелмелi экологиялық туризмдi, мемлекеттiк табиғи- қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерi мен объектiлерiн қалпына келтiру бойынша iс-шаралар жүргiзудi, бал ара шаруашылығымен айналысу үшін қажетті уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыруды қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салына отырып, қорықтық қорғау режимi белгiленедi.
4. Туристiк және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркке келушiлердiң реттелмелi қысқа мерзiмдi демалысы мен ұзақ мерзiмдi демалысы учаскелерiне бөлiнедi.
Туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiнің сақталуын қамтамасыз ететiн қаумалдық қорғау режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), оның iшiнде рекреациялық жүктемелердің нормалары ескеріле отырып, туристiк маршруттар, соқпақтар ұйымдастыруға, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайларды, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай құрал-жабдығын прокатқа алу пункттерін орнатуға, бал ара шаруашылығымен айналысу үшін қажетті уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыруға жол беріледі.
5. Шектеулi шаруашылық қызмет аймағында әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлер орналастырылады, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктi қорғау және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, оған келушiлерге қызмет көрсету үшiн қажетті шаруашылық қызмет жүргiзiледi, рекреациялық орталықтарды, қонақүйлерді, кемпингтерді, музейлерді және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салу және пайдалану жүзеге асырылады.";
15) 46-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердегі туристік және рекреациялық қызметті өзінде туристік операторлық қызметке арналған лицензия болған кезде тікелей мемлекеттік ұлттық табиғи парк, сондай-ақ туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Осы учаскелерді беру мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
16) 46-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелерінде объектілерді салу жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік ұлттық табиғи парктің әкімшілігімен жасасқан ұзақ мерзімді пайдалану шартына сәйкес және сызбаға (сызба жобасына) орай әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүргізіледі.";
2-тармақ алып тасталсын;
17) 47-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) көшпелі және стационарлық омарталар пайдаланыла отырып, бал ара шаруашылығы;";
7) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі "аумақтарда орналасқан" деген сөздер "аумақтардың құрамына кіретін" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"48-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының режимi
1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында:
1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;
2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;
3) пайдалы қазбалар өндіруге;
4) аң аулауға;
5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;
6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);
7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;
8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3) туристік және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7) бүлінген жерді қалпына келтіру;
8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.
3. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де объектілердің дербестігі қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қорғау аймағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеулер осы Заңға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.";
19) 52-баптың 1-тармағында:
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) көшпелі және стационарлық омарталар пайдаланыла отырып, бал ара шаруашылығы.";
20) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"53-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорғау аймақтарының режимi
Мемлекеттік табиғи резерваттардың қорғау аймақтарында табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтің осы Заңның 48-бабында белгіленген түрлеріне рұқсат етіледі, тыйым салынады немесе шектеу қойылады.";
21) мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:
"9-1-тарау. Биосфералық резерваттар
53-1-бап. Биосфералық резерваттардың міндеттері
Биосфералық резерваттар:
1) мәдени және табиғи мұраға бай табиғи аумақтарды сақтау, қалпына келтіру және пайдалану;
2) табиғи ресурстардың сақталуы мен қалпына келтірілуі ескеріле отырып, аумақтардың ұзақ мерзімді, орнықты экономикалық және әлеуметтік дамуын, оның ішінде олардың рекреациялық пайдаланылуын қолдау;
3) ұзақ мерзімді экологиялық бақылау, мониторинг пен экологиялық зерттеулер, сондай-ақ халықты экологиялық тұрғыдан ағарту және тәрбиелеу мақсатында құрылады.
53-2-бап. Биосфералық резерваттардың аумағын функционалдық аймақтарға бөлу және оны қорғау режимі
Биосфералық резерваттардың аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөліп көрсетіледі:
1) ұйытқы аймақ – биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтауға арналған, осы Заңның 40-бабының 1-тармағында, 45-бабының 2 және 3-тармақтарында және 51-бабында көрсетілген аймақтарға сәйкес келетін қорықтық қорғау режимi бар аймақ;
2) аралық аймақ – экологиялық бағдарланған шаруашылық қызметті жүргізу және биологиялық ресурстардың өсімін орнықты молайту үшін пайдаланылатын, осы Заңның 45-бабының 4 және 5-тармақтарында және 52-бабында көрсетілген аймақтарға сәйкес келетін қаумалдық қорғау режимі бар аймақ;
3) сыртқы өтпелі аймақ – экологиялық бағдарланған шаруашылық қызметті жүргізу үшін пайдаланылатын, осы Заңның 43, 48 және 53-баптарында көрсетілген қорғау аймақтарына сәйкес келетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтан тыс аумақ учаскесі.";
22) 57-баптың 2-тармағындағы "қамауда немесе жартылай қамау жағдайларында" деген сөздер "еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 65-баптың 2-тармағында:
"түрiн Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "түрiн – уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
"түрлерiн – уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша" деген сөздер "түрiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
24) 68-баптың 3-тармағындағы "орман шаруашылығы мекемелерi", "күзету" деген сөздер тиісінше "орман шаруашылығы мекемелерi, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар", "қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 69-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы және 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттiк табиғи қаумалдарда мынадай қызметке:";
"2) зоологиялық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда – уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулауға, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсiлдермен және құралдармен жануарларды аулауға, жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқалар жинауға;";
1-1-тармақтағы "Кешенді зоологиялық", "мөлшерлі" деген сөздер тиісінше "Кешенді", "жол берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда белгіленген режимді сақтай отырып, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруға (ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу, мал жаю) және бал ара шаруашылығына рұқсат етіледі.";
26) 72-баптың 5-тармағындағы "орман шаруашылығы мекемелерi", "қызметiнiң" деген сөздер тиісінше "орман шаруашылығы мекемелерi, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар", "қызметтерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) мынадай мазмұндағы 75-1-баппен толықтырылсын:
"75-1-бап. Негізгі орнитологиялық аумақтар
1. Құстардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің едәуір жиынтығының, белгілі бір ландшафтарға тән құстар қауымдастықтарының, құрлықтағы немесе суда жүзетін және су маңындағы құстардың ұя салу немесе қоныс аудару кезінде едәуір тобының мекендеу орындары қызметін атқаратын учаскелер негізгі орнитологиялық аумақтар болып табылады.
2. Негізгі орнитологиялық аумақтарда қаумалдық режим белгіленеді.";
28) 78-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесі: үйреншікті мекендеу ортасында жойылып кеткен, толық жойылып кету алдындағы, жойылып кету қаупі төнген түрлерді қамтиды.";
бірінші абзацтағы "оның ішінде олардың дириваттарын" деген сөздер "олардың бөліктерін немесе дериваттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ғылыми, өсімін молайту, коммерциялық мақсаттарда арнайы жасалған жағдайларда өсіру, сондай-ақ кейіннен мекендеу ортасына жіберу үшін;";
29) 81-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Экологиялық дәлiздер барлық санаттағы жер учаскелерінде оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн, биологиялық әртүрлілікті сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейтiн жануарлардың табиғи қоныс аудару және өсетiн өсiмдiктердiң таралу жолдарын қорғау мен жайластыру мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiнiң басқа да элементтерi арасындағы кеңiстiкті байланысты қамтамасыз ету үшiн құрылады.";
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Экологиялық дәліздерді қорғау мен басқаруды табиғат қорғау мекемелері және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Экологиялық дәліздерді табиғат қорғау мекемелеріне және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға бекітіп беру уәкілетті органның шешімімен жүргізіледі.";
30) мынадай мазмұндағы 84-1-баппен толықтырылсын:
"84-1-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау
1. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға жатады.
2. Ауылдық жерлерде табиғат қорғау функцияларын жүзеге асыратын табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар белгіленеді.
3. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарына жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.".
14. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
236 және 261-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
236. | Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге рұқсат беру | Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге рұқсат |
";
"
261. | Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру | Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат |
";
312-жол алып тасталсын.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 29) тармақшасының үшінші абзацын, 31) тармақшасын, 5-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларын;
2) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 1) тармақшасының он төртінші абзацын, 7) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацын, 24) тармақшасының он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын;
3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 25) тармақшасының төртінші абзацын, 38) тармақшасының төртінші абзацын, 7 және 12-тармақтарын, 13-тармағы 30) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 30) тармақшасының үшінші абзацы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
"1. Жергiлiктi халықтың сүрекке қажеттілігін қамтамасыз ету одан өтiнiмдер болған кезде, басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде жергiлiктi халықтың қатысуымен дайындалған сүректi мемлекеттiк орман иеленушiнiң өткiзуi есебiнен жүзеге асырылады.
Жергiлiктi халықты отындық сүрекпен қамтамасыз ету өтiнiмдер болған кезде өтеусiз негiзде, мемлекеттiк орман иеленушi айқындайтын жерлерде, сексеуіл екпелерін қоспағанда, кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау есебiнен де жүзеге асырылуы мүмкiн." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы абзацтың қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
3. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
"2) 94-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Су объектiлерiн әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшiн пайдалануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен келiсу бойынша рұқсат бepeдi." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.НАЗАРБАЕВ |