Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 28 қазандағы № 368-V ҚРЗ

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
      145-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бұзушылықтар;».
      2. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) бүкіл мәтін бойынша «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-бап мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) мемориалдық тақта – ғимараттар мен құрылыстардың қасбетіне орналастырылатын, аса көрнекті тұлғалар және айрықша оқиғалар туралы ақпаратты қамтитын мәрмәрдан, граниттен, металдан немесе басқа да материалдардан жасалған тақта;
      5-2) монументті өнердің жаңа құрылыстары – аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументті өнер туындылары (ескерткіштер, стелалар, бюсттер);»;
      3) 18-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
      10-2) мемориалдық тақта орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;»;
      4) 19-бапта:
      6)12) және 14-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) халықаралық және республикалық маңызы бар, мемлекеттік меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келіседі;»;
      «12) монументті өнердің жаңа құрылыстарының орнатылуын бақылауды жүзеге асырады;»;
      «14-6) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидаларын бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 14-9), 14-10), 14-11) және 14-12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-9) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекітеді;
      14-10) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекітеді;
      14-11) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөнінде комиссия құрады және ол туралы ережені бекітеді;
      14-12) мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары мен қағидаларын бекітеді;»;
      5) 20-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) монументті өнердің жаңа құрылыстарының орнатылуын;»;
      6) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға берудің тәртібі мен шарттары
      1. Жеке және заңды тұлғаларға тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ғылыми, мәдени-ағарту, туристік мақсаттар үшін жүзеге асырылады.
      2. Жергілікті маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша пайдалануға беріледі.
      Жергілікті маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның келісуімен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша пайдалануға беріледі.
      Халықаралық және республикалық маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның келісуімен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша пайдалануға беріледі.
      Халықаралық және республикалық маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның келісуімен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша пайдалануға беріледі.»;
      7) 40-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары алған барлық материалдар мен олжалар ғылыми тіркелгеннен және өңделгеннен кейін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі. Оларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге тыйым салынады.»;
      8) 41-бап алып тасталсын.
      3. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) тақырыптағы «мұрағат» және «мұрағаттар» деген сөздер «архив» және «архивтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) бүкіл мәтін бойынша:
      «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мұрағат», «мұрағаттарды», «мұрағаттардың», «мұрағаттар», «мұрағаты», «Мұрағат», «мұрағаттарының», «мұрағаттары», «мұрағаттың», «мұрағаттарындағы», «мұрағаттардағы», «мұрағатқа», «Мұрағатының», «мұрағаттарда», «мұрағаттарға», «мұрағаттық», «мұрағаттарынан», «мұрағаттарында» және «мұрағатты» деген сөздер тиісінше «архив», «архивтерді», «архивтердің», «архивтер», «архиві», «Архив», «архивтерінің», «архивтері», «архивтің», «архивтеріндегі», «архивтердегі», «архивке», «Архивінің», «архивтерде», «архивтерге», «архивтік», «архивтерінен», «архивтерінде» және «архивті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік архивтерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасы мемлекеттік архивтерінің, облыстар, қалалар, аудандар мемлекеттік архивтерінің және олардың филиалдарының, арнаулы мемлекеттік архивтердің, кітапханалардың, музейлердің құжаттары Ұлттық архив қорын қалыптастырудың негізі болып табылады.»;
      4) 7-баптың 2-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінде және олардың филиалдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде сақтаулы тұрған, оның ішінде 1917 жылға дейін жасалған, арнаулы мемлекеттік архивтердегі, мемлекеттік кітапханалардағы және музейлердегі республикалық меншіктегі, Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорындағы құжаттар;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының, Ұлттық Банкінің және басқа да мемлекеттік республикалық заңды тұлғалардың қызметі нәтижесінде жасалған және жасалып жатқан құжаттар;»;
      5) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау және пайдалану жөніндегі міндеттемелер олардың меншік иелері уәкілетті органмен және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасасқан шарттарда көрсетіледі.»;
      6) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының мемлекеттік және ведомстволық архивтер мен олардың филиалдарында сақталатын, Ұлттық архив қорының пайдалану үшін ашық құжаттарын тегін пайдалануға құқығы бар. Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген санаттарына құжаттарды пайдалануды шектеу осы Заңның 16-бабында белгіленеді.»;
      7) 18-баптың 2-тармағының 10) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың сұрау салулары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басып шығаруды және пайдалануды ұйымдастыру;»;
      «17) Ұлттық архив қоры құрамына жатқызылған және жеке архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау;».
      4. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат):
      1) бүкіл мәтін бойынша «мұражай», «мұражайларға», «мұражайлардың» деген сөздер тиісінше «музей», «музейлерге», «музейлердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1), 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсiнiктер мен пайымдардың нысандары, бiлiм мен дағдылар, сондай-ақ олармен байланысты құралдар, заттар;»;
      «3-1) қоғамдық маңызы бар әдебиет – қоғамның рухани-білім және зияткерлік-мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған өзекті шығармалар;
      3-2) материалдық емес мәдени мұраны қорғау – материалдық емес мәдени мұраның сәйкестендірілуін, құжаттандырылуын, зерттелуін, сақталуын, қорғалуын, кеңінен танылуын, рөлiнің артуын, сондай-ақ жаңғыртылуын қоса алғанда, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында шара қолдану;
      3-3) Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесі – Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұрасының мәдени құндылықтарының тізбесі;»;
      12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) мәдени құндылықтар – тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар, зайырлы және діни сипаттағы материалдық және материалдық емес құндылықтар;
      13) мәдени қызмет субъектілері – мәдениет саласындағы қызметке қатысатын мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) музей қоры – мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар қорындағы және Қазақстан Республикасына тиесілі мәдени құндылықтардың жиынтығы;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) ұлттық мәдени игілік – ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәні бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтар;»;
      3) 7-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізеді;»;
      9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;»;
      мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-2) қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      15-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-1) мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-1) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін енгізу туралы өтінімдер жібереді;»;
      21)21-1) және 35-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) салалық көркемдік кеңестер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;
      21-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      «35-1) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiленімдерді тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атаулары ретінде пайдалану үшін келiседi не келiсуден бас тартады;»;
      мынадай мазмұндағы 35-2), 35-3), 35-4), 35-5), 35-6) және 35-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «35-2) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      35-3) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
      35-4) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
      35-5) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
      35-6) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      35-7) мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлейді және оларды жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;»;
      4) 8-баптың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) театр, цирк, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;»;
      «5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»;
      5) 9-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»;
      6) 11-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мәдени құндылықтарды сақтауға қамқорлық жасауға;»;
      7) мынадай мазмұндағы 19-1 және 22-1-баптармен толықтырылсын:
      «19-1-бап. Салалық көркемдік кеңестер
      1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында уәкілетті орган консультативтік-кеңесші органдарды – театр, музыка қызметі және концерттік қызмет, цирк өнері, киноиндустрия, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн, әдебиет және кітап басып шығару жөніндегі салалық көркемдік кеңестерді құрады.
      Салалық көркемдік кеңестер құрамына мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, мамандар, шығармашылық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
      2. Салалық көркемдік кеңестердің негізгі функциялары мәдениет пен өнердің жоғары көркем туындыларын – бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау мақсатында мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.»;
      «22-1-бап. Цирктер
      1. Эстрадалық-цирк жанрындағы туындылардың сахналық көрсетілімдерін жүзеге асыратын театр-ойын-сауық ұйымдары цирктер болып табылады.
      2. Цирктер көркемдік бағыттарды, репертуарды, эстрадалық-цирк жанрындағы туындыларды көпшілік алдында орындау, сахналық туындыларды жасау және кеңінен таныту туралы шешімдерді қабылдауды таңдауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті болады.
      3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында мемлекеттік цирктерге бюджет қаражатынан халық үшін цирк іс-шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлінеді.»;
      8) 24-баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу, сыйға тарту және мемлекеттік тапсырыс бойынша басып шығарылған кітаптарды өтеусіз алу арқылы жүзеге асырылады.»;
      9) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-бап. Музейлер
      1. Музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған, мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдары музейлер болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында әртүрлі бейіндегі музейлер, оның ішінде музей-қорықтар мен жеке коллекциялар музейлері құрылуы мүмкін.
      3. Музей заттары мен музей коллекциялары музей қорының құрамына енгізіледі және Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады.
      Музей қорларын жинақтау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, мемлекеттік музейлерде құрылатын қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиялары шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік музейлерден музей заттары мен музей коллекцияларын жеке меншікке беруге тыйым салынады.
      4. Мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын, ақы төлеу міндетті сипатта болмайтын және жеке және заңды тұлғалармен келісу бойынша айқындалатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге құқылы.
      Мұндай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
      5. Мемлекеттік музейлер мен қорық-музейлердің:
      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
      2) байланыс операторымен шарт негізінде интернет қызметтерін ұсынуға;
      3) фото және бейне түсірілімдер жасауға;
      4) кәдесый және полиграфиялық өнімдерді өткізуге;
      5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізуге құқығы бар.
      6. Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу тәртібі мен шарттары және музей ісі саласындағы басқа да қатынастар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен реттеледі.
      7. Мәдени құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік музейлерге мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға субсидиялар бөлінеді.»;
      10) 28-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Фильмге прокаттау куәлігін беру уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жүзеге асырылады.»;
      11) 32-бапта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мәдени құндылықтарға материалдық және материалдық емес құндылықтар жатады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «2. Материалдық мәдени құндылықтарға:»;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) археологиялық олжалар;»;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) тарих және мәдениет ескерткіштерінің құрамдас бөліктері жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Материалдық емес мәдени құндылықтарға:
      1) материалдық емес мәдени мұраның жеткізгіші ретінде тілді қоса алғанда, пайымның ауызша дәстүрлері мен нысандары;
      2) орындаушылық өнерлер;
      3) салттар;
      4) әдет-ғұрыптар;
      5) мейрамдар;
      6) табиғат пен әлемге жататын білім және салттар;
      7) дәстүрлі кәсіптермен байланысты білім және дағдылар жатады.»;
      12) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «33-бап. Ұлттық мәдени игілік объектілерін есепке алу және жүйелеу
      1. Мәдени мұраны сақтау мақсатында:
      1) осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген және ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар объектілер Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі;
      2) осы Заңның 32-бабының 3-тармағында көрсетілген және ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар объектілер Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесіне енгізіледі.
      2. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесіне енгізілуге жататын объектілер туралы мәліметтерді уәкілетті органға беруге міндетті. Жаңа объектілер мен заттардың анықталуына қарай қажетті мәліметтері бар ақпарат ұсынылады.»;
      13) 35-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уақытша экспозиция, гастрольдік қызмет, реставрациялау жұмыстары мен ғылыми зерттеулер, таныстырылымдар, көрмелер және халықаралық мәдени іс-шаралар өткізу жағдайларын, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге тыйым салынады.
      2. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге заңсыз әкетілген мәдени құндылықтар міндетті түрде қайтарылуға жатады. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген, заңсыз әкетілген және Қазақстанға қайтарылған, сондай-ақ соттың шешімі бойынша тәркіленген мәдени құндылықтар тиісті бейіндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік музейлерге тапсырылуға жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Шет мемлекеттердің, шетелдік заңды және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын, мәдени ынтымақтастық мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген мәдени құндылықтар Қазақстан Республикасының қорғауында болады. Оларға Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының күші қолданылады.»;
      14) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды уақытша әкетуді заттардың меншік иесі не меншік иесі оған уәкілеттік берілген тұлға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік негізінде жүзеге асыруы мүмкін.
      Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлікті беруден бас тартуға:
      1) әкетілетін мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, олардың қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;
      2) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;
      3) мәдени құндылықтардың осы Заңның 35-бабының 1-тармағында көрсетілген уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.».
      5. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 138, 143-құжаттар):
      4-баптың 1-тармағының 64) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «64) театрдың, театр-ойын-сауық ұйымдарының, филармонияның, музейдің және мәдени-демалыс ұйымының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру және өнер туындыларын көпшілік алдында орындау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;».
      6. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат, № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 36-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының аумағындағы және жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылмайтын барлық тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.»;
      2) 74-баптың 10-тармағында:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық және республикалық маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Халықаралық және республикалық маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.
      Жергілікті маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.
      Жергілікті маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады.
      Егер тарих және мәдениет ескерткішіне жойылу немесе бүліну қаупі төнсе, пайдалануында тарих және мәдениет ескерткіштері бар тұлғаны сот шешімі бойынша оларды пайдалану құқығынан айырған жағдайда, шарт бұзылды деп есептеледі.».
       2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев