1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N№4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 21 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 130-баптың екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің" деген сөздердің алдынан "жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып не онсыз" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 636-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он екінші абзацындағы "82" деген цифрлардан кейін ", 130" деген цифрлармен толықтырылсын;
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат):
1) 65-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "тарих, сәулет ескерткіштерін, археологиялық мұра" деген сөздер "тарихи-мәдени мұра объектілері" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 127-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тарихи-мәдени мұра объектілері, оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан жер учаскелері тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер деп танылады.
Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс.
Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жер пайдаланушылар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуге тыйым салынады.";
2-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) бекітеді.
Аталған аймақтарды айқындаудың тәртібі мен олардағы жерді пайдалану режимін тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қорғалатын аймақтардың, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шегінде тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.".
3. "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 15, 363-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):
2) бүкіл мәтін бойынша:
"бөлім" деген сөз "-тарау" деген сөзбен ауыстырылсын;
"тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органды", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органның", "уәкілетті орган", "уәкілетті органды", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органға", "Уәкілетті органның", "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.";
4) 1, 16, 18 және 42-баптардағы, 3-тараудың тақырыбындағы "тарихи-мәдени мұраны", "Тарихи-мәдени мұраны", "тарихи-мәдени мұраларды" деген сөздер тиісінше "тарихи-мәдени мұра объектілерін", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-баптың бірінші бөлігіндегі, 7-баптың екінші және үшінші бөліктеріндегі, 12-баптың төртінші бөлігіндегі, 15 және 37-баптардағы "ескерткіштер", "ескерткіш", "ескерткіштерді", "Ескерткішке", "ескерткіштің", "Ескерткіштің", "Ескерткіштерді" деген сөздер тиісінше "тарих және мәдениет ескерткіштері", "тарих және мәдениет ескерткіші", "тарих және мәдениет ескерткіштерін", "Тарих және мәдениет ескерткішіне", "тарих және мәдениет ескерткішінің", "Тарих және мәдениет ескерткішінің", "Тарих және мәдениет ескерткіштерін", "тарих және мәдениет ескерткіштерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 2, 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"
2-бап. Осы Заңның мақсаты
Осы Заңның мақсаты:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін, оларды қорғауды және пайдалануды айқындау;
2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін бекіту;
3) жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерін регламенттеу;
4) мемлекеттік органдардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы құзыретінің аражігін ажырату;
5) тарихи-мәдени мұра объектілеріне залал келтіргені үшін жауапкершілік шараларын белгілеу болып табылады.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын-ала есепке алу тізімі - тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі;
2) ансамбльдер - оқшауландырылған немесе біріктірілген ескерткіштердің, фортификация, сарай, тұрғын үй, қоғам, әкімшілік, сауда, өндіріс, ғылым, оқу мақсатындағы құрылғылар мен құрылыстардың, сондай-ақ діни мақсаттағы ескерткіштер мен құрылыстардың топтары, оның ішінде тарихи қалыптасқан аумақтарда оқшауланған қоныстардың тарихи жоспарлануы мен құрылысының фрагменттері;
3) археология ескерткіштері - тұрақтар, қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, ежелгі қорымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгі елді мекендердің тарихи мәдени қабатының учаскелері және ежелгі адамның өмірі мен қызметінің іздері бар өзге де орындар;
4) қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері - сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа да елді мекендердің ежелгі жоспарлануы мен құрылысының қалдықтары; азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғибадат ету сәулетінің, халық сәулетшілігінің құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументтік, сәндік-қолданбалы және бақ-саяжай өнерінің туындылары, табиғат ландшафты;
5) қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат;
6) тарих және мәдениет ескерткіштері - Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер;
7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық жұмыстар - археология ескерткіштеріне археологиялық қазба, барлау және сараптамалар жасау жолымен дала зерттеулерін жүргізу;
8) тарихи-мәдени қорық - айрықша тарихи, ғылыми және көркемдік құндылық болып табылатын ескерткіштердің ансамбльдері мен кешендері;
9) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
10) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары - тарих және мәдениет ескерткіштерінде жүргізілетін археологиялық жұмыстарды қоспағанда, өндірістік, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының барлық түрлері;
11) тарихи-мәдени мұра объектілері - тарихи оқиғалар нәтижесінде пайда болған, тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым мен техника, эстетика, этнология немесе антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым мен техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын мүлік объектілері;
12) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті орган) - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) тарихи-мәдени сараптама - тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызын және сақталу дәрежесін белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығын қамтитын қорытынды;
14) тарихи-сәулет тірек жоспары - тарихи, ғылыми, көркемдік және мәдени құндылық болып табылатын тарих пен мәдениет ескерткіштерінің және жаңадан анықталған объектілердің орналасуын тіркейтін құжат.
4-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері,
оларды қорғау және пайдалану
1. Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;
2) археология ескерткіштері;
3) ансамбльдер.
2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және насихаттауға;
2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін бекітуге;
3) жоюдан, тағылық актілерінен, өңін айналдырудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге;
4) археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жолымен қайта түлетуге және сақтауға;
5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуына;
6) этномәдени ортаны қайта түлету процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды.";
7) 5-бапта:
"құқықтық мәртебесі", "құқықтық мәртебеден", "құқықтық мәртебесінен" деген сөздер тиісінше "мәртебесі", "мәртебеден", "мәртебесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші, үшінші және бесінші бөліктердегі "тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне", "тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінде", "тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінен" деген сөздер тиісінше "Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне", "Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде", "Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші сөйлем "міндетті түрде" деген сөздерден кейін "ресми" деген сөзбен толықтырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Археология ескерткіштері олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін алады";
бесінші бөлікте:
"шығарып тастауға" деген сөздерден кейін "объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда ғана" деген сөздермен толықтырылсын;
"ғылыми" деген сөз "тарихи-мәдени" деген сөздермен ауыстырылып, "ерекше жағдайларда (дүлей зілзала салдарынан қираған кезде) ғана" деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы бөліктегі "Алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері олардың" деген сөздер "Жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері алдын ала есепке алу тізіміне енгізіледі және олар өздерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"
7-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану
жөніндегі құзыреті
Қазақстан Республикасы тиісті мемлекеттік органдардың атынан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етеді.
Халықаралық шарттарға сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, бірақ басқа мемлекеттердің аумақтарында орналасқан;
2) басқа мемлекеттердің меншігі болып табылатын, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан;
3) басқа мемлекеттердің меншігі болып табылатын, солардың аумақтарында орналасқан, бірақ тарихи тұрғыдан Қазақстан Республикасымен байланысты тарихи және мәдени ескерткіштер де қорғалуға, сақталуға және пайдаланылуға жатады.
Қазақстан Республикасы өзінен тыс жерде орналасқан және Қазақстан халқының тарихи-мәдени игілігі деп танылған тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алуды ұйымдастыру, сақтау және тарихи отанына қайтару жөнінде шаралар қолданады.";
9) 8-баптағы "республиканың басқа да заң актілерімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"
9-бап. Меншік құқығының объектілері
Осы Заңда белгіленген тәртіппен тарих және мәдениет ескерткіштері деп танылған тарихи-мәдени мұра объектілері тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығының объектілері болып табылады.
10-бап. Меншік құқығының субъектілері
Қазақстан Республикасы, жеке және заңды тұлғалар тарихи-мәдени мұра объектілеріне меншік құқығының субъектілері болып табылады.";
11) 11-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа субъектілерге тиесілі емес тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан Республикасының ерекше меншігі болып табылады.";
екінші бөліктегі "қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын, ол үшін тарихи-мәдени құнды" деген сөздер "қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да халықтардың тарихи-мәдени мұрасын құрайтын тарихи-мәдени құндылығы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 13-бапта:
бірінші бөлікте:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар етуге;";
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді - уәкілетті органмен, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісуге;";
6) тармақшадағы "арнайы шарттарда белгіленген тәртіппен шекте тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленген тәртіп пен шекте" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
Тарихи және мәдени ескерткіштердің меншік иелері мен оларды пайдаланушылардың міндеттемелері облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары беретін қорғау міндеттемесінде тіркеледі.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелер тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдаланушыларға да бірдей дәрежеде қатысты.";
14) 14-бапта:
бірінші бөліктегі "айыру сот шешімі негізінде ғана жүзеге асырылады" деген сөздер "айыруды сот жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
15) 15-бапта:
екінші бөліктің орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
үшінші бөліктегі екінші және үшінші сөйлемдер алып тасталсын;
17) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"
17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарихи-мәдени
мұра объектілерін қорғау және пайдалану
саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;
2) уәкілетті орган туралы ережені бекітеді;
3) мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілейді;
4) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережелерін бекітеді;
5) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру ережелерін бекітеді;
6) тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережелерін бекітеді;
7) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге лицензиялар беру ережелерін бекітеді;
8) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібін бекітеді.";
18) 18-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;";
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы "ескерткіштерді есепке алуды, қорғауды және қалпына келтіруді" деген сөздер "тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді;";
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы "тарихи-құрылыс" деген сөздер "тарихи-сәулет" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы "лауазымды адамдарды, азаматтарды, ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді" деген сөздер "жеке және заңды тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
"13) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың осы Заңды бұзғаны туралы нұсқамалар береді;
15) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады.";
екінші бөлікте:
1) тармақшадағы "азаматтар мен ұйымдардың" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы ", оларды бұзуды" деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) тарихи-мәдени сараптама негізінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалатындығын жариялау туралы ұсыныстар енгізеді.";
19) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"
19-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану саласында бағдарламалар әзірлейді және мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
4) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялар береді;
5) уәкілетті органның арнайы комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
6) мемлекет меншігі болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру жөнінде шешім қабылдайды;
7) тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережелерін бекітеді;
8) тарих және мәдениет ескерткіштері бар қалалар мен басқа елді мекендерді жоспарлау, салу және реконструкциялау жобаларын келіседі;
9) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
10) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануды және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;
12) жаңа тарих және мәдениет ескерткіштерін орнатуды бақылауды жүзеге асырады;
13) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың тәртібін және пайдалану режимін бекітеді.";
21) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
"
20-1-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Уәкілетті орган жүзеге асыратын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және олардың күтіп-ұсталу тәртібін;
2) тарих және мәдениет жаңа ескерткіштерінің орнатылуын;
3) лицензиаттың берілген лицензия шарттарын сақтауын;
4) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын бақылауды қамтиды.
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау:
1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды;
2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды қамтиды.
4. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тексерулер нысанында жүзеге асырады.
5. Тексерудің түрлері:
1) жоспарлы - жылына бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізілетін, уәкілетті органның, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының алдын ала жоспарлаған тексеруі;
2) жоспардан тыс - қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін, сондай-ақ шағымдарға, өтініштерге және арыздарға дереу ден қоюды талап ететін, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру болып табылады.
6. Тексерулер жүргізу мерзімі нұсқама тапсырылған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.";
23) 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"
5-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі
іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы
";
24) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"
22-бап. Жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени
мұра объектілерін қорғау және пайдалану
жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы
Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау мен танымал етуге қатысады, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына жәрдемдеседі.
Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оларға қамқоршылық жұмыстарын белгілеуге құқылы.";
26) 27-баптың екінші және үшінші бөліктеріндегі "тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін" деген сөздер "Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 28-баптағы "уәкілетті комиссиялар құрады, олардың құрамына" деген сөздер "арнайы комиссия құрады, оның құрамына" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 7-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"
7-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану
тәртібі
";
29) 29-бапта:
тақырыптағы және бірінші бөліктегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін" және "Тарихи-мәдени мұра объектілерді" деген сөздер тиісінше "Тарих және мәдениет ескерткіштерін", "Тарих және мәдениет ескерткіштері" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "Қала құрылысы және сәулет ескерткіштерін, қалалар" деген сөздер "Қалалар" деген сөзбен ауыстырылсын;
30) 30-бапта:
бірінші бөліктегі "ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге, кәсіпорындар мен азаматтарға" деген сөздер "жеке және заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері осы Заңға сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша пайдалануға беріледі.";
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның шешімі бойынша пайдалануға беріледі.";
32) 32-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланып отырған жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерін сипаты мен мақсатына сәйкес пайдалану жөніндегі міндеттерін бұзып, соның салдарынан тарих және мәдениет ескерткішіне жойылу немесе бүліну қатері төнген жағдайда, олар пайдалану құқығынан айрылады.";
екінші бөліктегі "пайдалану туралы шартта" деген сөздер "қорғау міндеттемесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 33, 34, 36, 38 және 39-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"
33-бап. Пайдалануға берілген жерлерде тұрған тарих
және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын
қамтамасыз ету
Жеке және заңды тұлғалар өздеріне пайдалануға берілген жерлерде тұрған тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
34-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі
ғылыми-реставрациялау жұмыстары
1. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарына:
1) ғылыми зерттеу - тарих және мәдениет ескерткішін сақтау жөнінде жобалау-сметалық құжаттама жасау және қажетті жұмыстар жүргізу мақсатында оның сапасын және сақталу деңгейін зерделеуге, бағалауға бағытталған іс-шаралар кешені;
2) консервациялау - тарих және мәдениет ескерткішін одан әрі бұзылудан сақтайтын және ескерткіштің тарихи қалыптасқан келбетін өзгертпей оның конструкциялық бөліктері мен сәндік элементтерін бекітуді және қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені. Ескерткіштің бүтін сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралардан тұратын аварияға қарсы жұмыстар да консервациялауға жатады;
3) реставрациялау - тарих және мәдениет ескерткішін құндылығы жоқ және ескерткіштің келбетін бұзатын қабаттардан тазарту жолымен оның тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетінің сақталуы мен ашылуын, ғылыми негізделген деректер арқылы ғимараттың, ансамбльдің, кешеннің жоғалған элементтерінің орнын толтыруды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;
4) қайтадан жасау - жеткілікті ғылыми деректері мен тарих және мәдениет ескерткішінің айрықша тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы болған кезде жоғалған тарих және мәдениет ескерткішін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені;
5) жөндеу - тарих және мәдениет ескерткішінің техникалық жай-күйін оның келбетін өзгертпей, кезеңдік жұмыстар жүргізу жолымен күтіп-ұстау жөніндегі іс-шаралар кешені;
6) бейімдеу - тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, көркемдік құндылығына және сақталуына нұқсан келтірмей, оның қазіргі заманға сай пайдаланылуы үшін жағдай жасау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.
2. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары - уәкілетті органның бақылауымен, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының бақылауымен жүзеге асырылады.
3. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары бюджет қаражаты, инвестициялар тарту есебінен, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жеке және заңды тұлғалар лицензия негізінде жүзеге асырады.";
"
36-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау
аймақтары
1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.
2. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) бекітеді және олар тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған объектілердің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.
3. Уәкілетті орган көзделген аймақтардың шегінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.";
"
38-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын
ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салу
1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салынады.
Тарих және мәдениет ескерткішінің жетпіс процентінен астамы бұзылған не оның тарихи-мәдени құндылығы жоғалған, не орнын ауыстыру оның сақталу жағдайын жақсартатын болған жағдайда:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен;
2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша уәкілетті органның шешімімен уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісе отырып тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде ғана олардың орнын ауыстыруға және өзгертуге жол беріледі.
2. Мұндай шешім алған жеке және заңды тұлғалар ескерткіштің орнын ауыстыруды немесе оларды өзгертуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, ал уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткішін ғылыми зерделеу және тіркеу бойынша жұмыстар жүргізуге міндетті.
3. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты шығыстар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе оларды өзгертуге шешім алған жеке және заңды тұлғалардың есебінен жүргізіледі.
39-бап. Аумақты игеру кезінде тарихи-мәдени мұра
объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету
1. Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс.
2. Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
3. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.";
34) 40-бапта:
тақырыптағы және бірінші бөліктегі "ескерткіштерге" деген сөздер "ескерткіштерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"рұқсат құжаттары және (немесе)", "рұқсат құжаттарын және (немесе)" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі "ескерткіштерінің археологиялық және реставрациялау" деген сөздер "ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 42-бапта:
бірінші бөліктегі "лауазымды адамдар мен азаматтар" деген сөздер "тұлғалар" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "азаматтар, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"
43-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және
пайдалану туралы Қазақстан Республикасы
заңнамасының орындалуын бақылау
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды:
1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары;
2) уәкілетті орган жүзеге асырады.".
4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1996 ж., N 18, 366-құжат; 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 782-құжат; 2001 ж., N 10, 121-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 15, 131-құжат):
5. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14-құжат):
27-баптың 1-тармағында:
18) тармақшадағы "тарих немесе мәдени мұраны сақтау" деген сөздер "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;".
6. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 175-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; 2003 ж., N 23, 168-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):
9-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "мәдени мұраларын" деген сөздер "тарихи-мәдени мұраларын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап . Осы Заң, 2007 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 6) тармақшасының жиырмасыншы және отыз төртінші абзацтарын, 13) тармақшасының сегізінші абзацын, 17) тармақшасының оныншы абзацын, 18) тармақшасының төртінші, алтыншы және он үшінші абзацтарын, 19) тармақшасының бесінші және жетінші абзацтарын, 21) тармақшасының сегізінші және он бірінші абзацтарын, 33) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 34) тармақшасының төртінші абзацын және 5-тармағының бесінші абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті