Осы Заң депозиторлар – жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді және ислам банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарында) орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент банк - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен жасалған келiсiмнiң негiзiнде депозиторларға кепiлдiк берiлген өтем төлеу жөнiндегi рәсiмдердi орындайтын банк;
2) банк - екiншi деңгейдегi банк;
2-1) депозитор – қатысушы банкпен банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасасқан не пайдасына салым енгізілген жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектісі, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор;
3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесi - осы Заңда көзделген, қатысушы банктер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;
4) жарналар - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банктердiң осы Заңның талаптарына сәйкес төлейтiн төлемдерi;
5) кепiлдiк берiлген депозит - осы Заңға сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiсi болып табылатын депозит;
6) кепiлдiк берiлген өтем - осы Заңға сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген депозит бойынша депозиторға төлейтiн ақша сомасы;
6-1) кепілді өтем төлемдерінің электрондық порталы (бұдан әрі – төлемдердің электрондық порталы) – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге жасалған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілді өтемнің есеп-қисабы бар депозиторлар тізілімін (бұдан әрі – депозиторлар тізілімі) қамтитын және кепілді өтемді төлеуге өтініштер қабылдауға, сондай-ақ кепілді өтемді төлеудің автоматтандырылған есебін жүргізуге арналған, ақпараттық жүйесі;
6-2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы – кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде депозитор талап етпеген кепілді өтем сомасы;
7) қатысушы банк – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, тартылған депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне осы Заңға сәйкес кепілдік берілетін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы);
8) алып тасталды – ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;9) қосылу шарты – банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым айқындайды және олар жүйеге кіретін барлық банктер (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары) үшін стандартты болып табылады;
10) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң мақсаттары мен принциптерi
Ескерту. 3-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң мақсаты қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның iшiнде қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу арқылы банк жүйесiне деген сенiмдi қолдау болып табылады.
2. Мыналар:
1) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын банктердің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндеттілігі;
2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң айқындығын қамтамасыз ету;
3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiне байланысты тәуекелдердi азайту;
4) арнайы резервтi қалыптастырудың жинақтаушы сипаты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң негiзгi қағидаттары болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 2-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГE МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУДI ЖҮЗЕГЕ
АСЫРАТЫН ҰЙЫMHЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСI ЖӘНЕ OHЫҢ ҚЫЗМЕТI
4-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымды құру
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өз қызметiн осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінiң және жарғының негiзiнде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы – жалғыз акционерi болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.5-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi:
1) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу;
2) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда кепiлдiк берiлген депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өзiнiң негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн мынадай функцияларды орындайды:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес кепiлдiк берiлген өтемдi төлейдi;
2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
2-1) осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайда банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысады;
3) активтерді инвестициялайды;
4) арнайы резерв қалыптастырады;
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен банк-агенттерге қойылатын талаптарды белгілейді;
5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекітеді;
6) қатысушы банкті консервациялау кезеңінде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;
7) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргiзу лицензиясынан айыру кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;
8) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясының құрамына қатысады;
9) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.6-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның кепiлдiктерi
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап оның депозиторларына кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу жөнiнде өзiне мiндеттеме қабылдайды.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері, осы Заңның 21-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл өткен соң және (немесе) кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары осы Заңның 21-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылғаннан кейін тоқтатылуға жатады.
Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осындай банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.
Бұл ретте қатысушы банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасына азайтылады.
Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылуына байланысты кепілдік берілген өтемді төлеу жүзеге асырылмаған депозиторлар алдындағы қатысушы банктің міндеттемелері осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген кепілдік берілетін депозит сомасы мен қарсы талаптар сомасын есепке жатқызу нәтижелері ескеріле отырып сақталады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.7-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен мiндеттерi
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін:
1) қатысушы банктердiң жарналар төлеуiн талап етуге;
1-1) қатысушы банктердің қосылу шартының талаптарын тиісінше орындауын талап етуге;
2) депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған қатысушы банктен, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен (банкті уақытша басқарушыдан) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, осындай банктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) қызметі туралы, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды сұратуға;
3) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты алуға;
4) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкiлеттi органнан қатысушы банктердiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоса алғанда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ақпарат алуға;
5) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;6) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) Осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда қарыз алуды жүзеге асыруға;
8) қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясынан депозиторлар тізілімін және оған енгізілген өзгерістерді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған нысан бойынша және тәртіппен уақтылы ұсынуды талап етуге;
9) қатысушы банк Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда уәкiлеттi органның алдында оған ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану туралы өтiнiшхат беруге;
10) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктен осы банктің депозиторларына төленген кепілдік берілген өтем сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым:
1) қосылу шартының талаптарын айқындауға;
2) қатысушы банктердiң жарналарды толық әрi уақтылы төлеуiне бақылау жасауға;
3) барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктiң депозиторларына осы Заңда көзделген тәртiппен кепiлдiк берiлген өтем төлеуге;
3-1) банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыруға;
4) өзінің функцияларын жүзеге асыру процесінде мәлім болған қатысушы банктер және олардың клиенттері туралы ақпаратты тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;
5) уәкiлеттi органға қатысушы банктердiң Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы хабарлауға;
5-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;
5-2) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкілетті органға депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;
6) депозиторларға осы Заңның 21-бабының 1-тармағында және 21-1-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты беруге және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға хабарлау тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды;
7) арнайы резервтегі активтердің және меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін жүргізуге;
8) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына және осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бұрынғы жұмыскерлерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің қатысушы банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның өзара iс-қимыл жасау негiздерi
Ескерту. 8-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл жасау негіздері
1. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.
2. Осы Заңда көзделген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның активтерін инвестициялау тәртібін айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өз қызметін үйлестіреді, қабылданатын құжаттарды келіседі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жөнінде жүргізілетін іс-шаралар туралы бір-біріне хабарлайды.
Ескерту. 2-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).9-бап. Уәкiлеттi орган мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның өзара iс-қимыл жасау негiздерi
1. Уәкiлеттi орган мен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өз қызметтерiн үйлестiредi, қабылданатын құжаттарын келiседi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру бойынша жүргiзiлетiн iс-шаралар жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етедi.
2. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беруді жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органнан депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.
3. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру
Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Алып тасталды – ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиясын алған күні депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша жасалған өтінішті, сондай-ақ уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиясы туралы мәліметтерді ұсыну арқылы қосылу шартына қосылуға міндетті.
3. Уәкілетті орган қосылу шартына қосылу туралы өтініш ұсынбаған банкке (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес санкциялар қолдану туралы мәселені қарайды.
4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым банктен (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалынан) қосылу шартына қосылуы туралы өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ол туралы ақпаратты депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне енгізеді және банкті (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіргені жөнінде жазбаша нысанда хабардар етеді.
5. Банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болады.
6. Алып тасталды – ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.7. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) қосылу шартына қосылуы оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуының міндетті шарты болып табылады.
2. Қосылу шартында:
1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның толық атауы, оның орналасқан жерi және банктiк деректемелерi туралы мәлiметтер;
2) шарттың нысанасы;
3) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
4) жарналарды төлеу тәртiбi;
5) қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның оларды сақтау тәртібі;
5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктердің шарт талаптарын орындау сәйкестігін анықтау жөніндегі, оның ішінде қатысушы банктің кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша міндеттемелерін және кепілдік берілген өтем сомаларын автоматтандырылған есепке алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі;
6) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда қатысушы банктердiң кепiлдiк берiлетін депозиттер және солар бойынша депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өтейтiн сомалар бойынша өз мiндеттемелерiн есептеу тәртiбi;
7) шартты тоқтату талаптары;
8) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктiң банктік шоттарынан толық немесе iшiнара төленбеген жарналар сомасын, сондай-ақ қатысушы банк шарт бойынша өз міндеттемелерiн орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбын акцептсіз тәртiппен есептен шығару құқығын қоса алғанда, тараптардың шартты бұзғаны үшiн жауаптылығы туралы талаптар;
9) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қайтару тәртібі мен шарттары;
10) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен төлемдердің электрондық порталына қосылу және қол жеткізу шарттары мен тәртібін айқындайтын келісім жасасу міндеті қамтылуға тиіс.
3. Қосылу шарты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушы банктер тiзiлiмiне ақпарат енгiзiлген кезден бастап күшiне енедi және қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығарған жағдайда тоқтатылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.12-бап. Қатысушы банктер жарналарының түрлерi және оларды төлеу тәртiбi
1. Қатысушы банк осы Заңға және қосылу шартына сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға мынадай жарналар төлеуге мiндеттi:
1) мiндеттi күнтiзбелiк жарналар - қатысушы банктердiң тоқсан сайынғы төлемдерi;
2) қосымша жарналар – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің қаражаты және осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен пайдаланылатын меншікті активтері кепілдік берілген өтемді төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда төленетін қатысушы банктердің біржолғы төлемдері;
3) төтенше жарналар - қатысушы банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 23-бабында белгiленген тәртiппен алған қарыз сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны толық өтеуге арналған төлемдерi.
Төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк жарналарды төлеу мiндеттемелерiн тоқтатып қоймайды.
2. Қатысушы банктiң жарналарды төлеу тәртiбi мен мөлшерiн депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.
Қатысушы банктiң мiндеттi күнтiзбелiк жарнасының мөлшерi есеп берiлген тоқсаннан кейiнгi айдың бiрi күнгi жағдай бойынша қатысушы банктiң кепiлдiк берiлген депозиттерi сомасының 0,5 процентiнен аспауға тиiс.
Қатысушы банктiң қосымша жарнасының мөлшерi аталған қатысушы банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өткен тоқсан үшiн төлейтiн мiндеттi күнтiзбелiк жарнаның екi еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
Қатысушы банктiң төтенше жарнасының жылдық мөлшерi аталған қатысушы банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға тоқсан сайын төлейтiн мiндеттi күнтiзбелiк жарнаның жылдық мөлшерiнен аспауға тиiс.
3. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап қатысушы банктің жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.
4. Қатысушы банктердiң қосылу шартына сәйкес төлеген жарналары қайтарылмайды.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.13-бап. Қатысушы банктiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Қатысушы банк:
1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымнан жарна ставкалары және оларды төлеу мерзiмi жөнiндегi мәлiметтердi, сондай-ақ депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру мәселелерi бойынша банктiк және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараты жоқ өзге де мәлiметтердi алуға;
2) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3) бұқаралық ақпарат құралдарында өзiнiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысатыны туралы мәлiметтердi таратуға құқылы.
2. Қатысушы банк:
1) осы Заңға сәйкес жарналарды уақтылы және толық көлемде төлеуге;
2) клиенттерге өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы хабарлауға, сондай-ақ банктік шот шартын және (немесе) банктік салым шартын жасасқан кезде жазбаша немесе банктік шот шартында және (немесе) банктік салым шартында көзделген тәсілмен оларды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы бекіткен нысан бойынша осы Заңда көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімдері мен тәртібі туралы, оның ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударуы туралы хабардар етуге;
3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға кепiлдiк берiлген депозиттердi қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiн толық және уақтылы орындау мүмкiн болмай қалуына әкеп соғатын жағдайдың туындағаны туралы мұндай жағдай туындаған кезден бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде хабарлауға;
4) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өздерi төлеген жарналар бойынша есептердiң дұрыстығын растайтын мәлiметтердi ұсынуға;
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді беруге;
5-1) қатысушы банк депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша қатысушы банктің активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өз қызметі туралы, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды ұсынуға;
6) қосылу шартының талаптарын сақтауға;
7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қосылу шартында көзделген тәртіппен қайтаруға;
8) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым жүргізетін, кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекіту жөніндегі рәсімдерге қатысуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 8) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.
3. Қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілік (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге жасалған депозиторлар тізілімін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті.
Осы Заңның талаптарына сәйкес кепілді өтемді төлеу мақсаттары үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін жинауды және өңдеуді дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жүзеге асырады.
Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін өңдеуді және қорғауды Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-бап. Қатысушы банктiң атауын өзгерту салдары
1. Қатысушы банк мемлекеттік қайта тіркеу туралы (есептік қайта тіркеу туралы) анықтаманы алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды өз атауының өзгергені туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
2. Қатысушы банктiң атауы өзгерген жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктен растайтын құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күнi iшiнде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктер тiзiлiмiне тиiстi өзгерiстер енгiзеді.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-бап. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару
1. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығаруға мыналар:
1) уәкiлеттi органның қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, олардың банк шоттарын ашу мен жүргiзуге арналған лицензиясынан не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыруы;
2) қайта ұйымдастыру, тарату жолымен қатысушы банктің қызметін тоқтату немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату;
3) қатысушы банктiң уәкiлеттi органға жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргiзуге берiлген лицензияны ерiктi түрде қайтарып беруi;
4) қатысушы банктің осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамауы негіз болып табылады.
2. Қатысушы банк:
1) уәкiлеттi орган қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргiзуге арналған лицензиясынан не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырған кезде - уәкiлеттi органның осындай лицензиядан айыру туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап;
2) қатысушы банк мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған кезде - қатысушы банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап;
3) қатысушы банк ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуына уәкiлеттi органның рұқсатында көрсетілген күннен бастап;
3-1) қатысушы банк ерiктi түрде таратылған кезде – қатысушы банктiң ерiктi түрде таратылуына уәкiлеттi органның рұқсаты алынған күннен бастап;
3-2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметі ерікті түрде тоқтатылған кезде – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсаты алынған күннен бастап;
4) қатысушы банк уәкiлеттi органға жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банкте шоттарын ашуға және жүргiзуге арналған лицензияны ерiктi түрде қайтарған кезде - оның ерiктi түрде қайтарылуына байланысты лицензияның қолданылуы тоқтатылғаны туралы уәкiлеттi органның шешiмi күшiне енген күннен бастап;
5) қатысушы банк осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамаған кезде – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы шешім қабылдаған күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылуға жатады.
3. Қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктер тiзiлiмiнен ол туралы ақпаратты алып тастау арқылы жүзеге асырылады.
4. Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан уәкілетті органның айыруы, ерікті түрде қайта ұйымдастыру негізі бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша шығарылған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) шығарылған күнінен бастап үш ай ішінде депозиторлардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тікелей төлеу не басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтаруға міндетті.
Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шығарылған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) депозиторлардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қайтаруға міндетті.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (01.09.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-бап. Кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн және мәжбүрлеп таратылатын банктiң мүлкін бiр мезгiлде беру ерекшелiктерi
1. Депозиторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында төлемге қабілетсіз қатысушы банктің не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру операциясын жүргізуге жол берiледi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.
2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес басқа банкке (басқа банктерге) берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері төлемге қабілетсіз қатысушы банктің не барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған қатысушы банктің мүлкінің мөлшерінен асып түскен жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым пайда болған айырманы арнаулы резервтің қаражаты есебінен, ал олар жеткіліксіз болған жағдайда осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен пайдаланылатын меншікті активтерінің есебінен толтыруға міндетті.
4. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағына сәйкес беретiн қаражат мөлшерi кепiлдiк берiлген өтем ретiнде төленуге жататын, осы Заңның 18-бабына сәйкес айқындалатын сомадан аспауға тиiс.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 5-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГЕ МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУ ОБЪЕКТIЛЕРI.
КЕПIЛДIК БЕРIЛГЕН ӨТЕМДI ТӨЛЕУ МӨЛШЕРI МЕН ТӘРТIБI
17-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiлерi
Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, банк шоттарында жатқан және банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарымен куәландырылған теңге мен шетел валютасындағы депозиттерді және қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнге есепке жазылған осындай депозиттер бойынша сыйақыны осы Заңда көзделген кепілдік берілген өтем сомалары шегінде депозиторларға қайтару бойынша қатысушы банктiң мiндеттемелерi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiлерi болып табылады.
Талап ету құқықтары заңды тұлғалар мен жергілікті атқарушы органдарға өтетін депозиторлардың депозиттері депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылмайды.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.18-бап. Кепiлдiк берiлген өтем
1. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторларға:
ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша – жиырма миллион теңгеден аспайтын;
ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша – он миллион теңгеден аспайтын;
шетел валютасындағы депозиттер бойынша – бес миллион теңгеден аспайтын қалдықтар сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.
Депозитордың қатысушы банкте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік берілген депозиттердің бірнеше алуан түрі болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша жиынтық кепілдік берілген өтемді депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік берілген өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде, бірақ жиырма миллион теңгеден асырмай төлейді.
2. Кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне айқындалған нарықтық бағамы пайдаланылады.
3. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор ретінде әрекет еткен жағдайда, кепілді өтемнің мөлшері аталған қатысушы банктің кепілдік берілген депозит сомасын және қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызу нәтижесінде түзілген айырма сомасы негізге алына отырып, қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге айқындалады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.19-бап. Депозиторлардың кепiлдiк берiлген өтем алу құқықтары
1. Депозитор осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде кепiлдiк берiлген депозит бойынша кепiлдiк берiлген өтем алуға құқылы.
2. Алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Депозитор бiрнеше қатысушы банктерде депозиттер ашқан жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi әрбiр қатысушы банк бойынша жеке-жеке төлейдi.
4. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Кепілді өтемді банк-агенттер арқылы төлеу
Кепілді өтем төлеуді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтем төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесінен таңдап алынған банк-агенттер арқылы жүргізеді.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қоятын талаптарға сай келетін банк-агенттер қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күніне депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен кепілді өтемді төлеу туралы келісім жасасуға міндетті.
Кепілді өтем сомасын және депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке аудару шарттары мен тәртібі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.21-бап. Кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу тәртiбi
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде депозиторларға кепілді өтем төлеуді жүзеге асыратын банк-агенттердің тізбесін көрсете отырып, кепілді өтем төлеудің басталу күні, төлеу кезеңі мен орындары не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілді өтемді төлеудің басталуын кейінге қалдыру туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.
Кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым хабарландыруды жариялаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген өтемдi төлей бастау мерзiмiн кейiнге қалдырған жағдайда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде төлеудiң басталуы, кезеңi, орындары және шарттары туралы депозиторларға қосымша хабарлайды.
Депозитор аталған ақпаратты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымнан тiкелей алуға құқылы.
2. Кепілді өтемді алу үшін депозитор кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде:
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға төлемдердің электрондық порталы не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда;
осы Заңның 21-бабының 1-тармағында көрсетілген банк-агенттер тізбесінен таңдап алынған банк-агентке қағаз жеткізгіште кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге құқылы.
3. Депозитордың барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банкке талап ету құқығы расталған кезде кепілді өтемді төлеу кепілді өтемді төлеуге өтініш және растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Депозиторларға кепілді өтемді төлеу, сондай-ақ қатысушы банктерді, қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілікті және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясын төлемдердің электрондық порталына қосу және олардың қол жеткізу тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.
5. Алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-1-бап. Кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін отыз жұмыс күні бұрын:
кепілді өтемді төлеу мерзімінің аяқталатын күні;
осы баптың 2-тармағында көзделген шарттар болған кезде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатыны туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.
Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен, кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған депозиторларға ақпарат берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдері мен нысандарын пайдаланады.
Депозитор осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына:
депозиторлар тізіліміндегі депозитордың дербес деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесіндегі жеке тұлғаның дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) сәйкес келген, сондай-ақ депозитордың жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат болған;
депозитордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоты болған жағдайларда, аударуды жүзеге асырады.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзара іс-қимылы келісім негізінде жүзеге асырылады, онда:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында ақпарат алмасу тәртібі мен мерзімдері;
2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аудару, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қайтару тәртібі, мерзімдері және шарттары қамтылуға тиіс.
4. Осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген кепілді өтемді төлеуге өтініш депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде қарауына жатады:
депозитордың әскери қызметке кіруі;
депозитордың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуы;
депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;
депозитордың бас бостандығынан айыру орындарында болуы;
сот анықтаған өзге де мән-жайлар.
Кепілді өтемді төлеуге өтініш осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайлардың бірінің болғанын растайтын құжаттар қоса беріле отырып, қағаз жеткізгіште беріледі.
Кепілді өтемді төлеуге өтініш қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату) туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін не кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылған жағдайда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық басталғанға дейін берілуі мүмкін.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемді төлеуге өтініш келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.
5. Депозитор осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді өтемді төлеу туралы өтініш берген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағында көзделген келісімге сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлама жібереді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алғаннан кейін кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитор атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы шегінде қайтаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы қалдық кепілді өтемнің талап етілмеген сомасынан аз болған жағдайда, жетіспейтін бөліктің орнын толтыруды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Ескерту. 21-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 6-тарау. ДЕПОЗИТТЕРГЕ МIНДЕТТI КЕПIЛДIК БЕРУДI ЖҮЗЕГЕ
АСЫРАТЫН ҰЙЫМНЫҢ КЕПIЛДIК БЕРIЛГЕН ӨТЕМДI ТӨЛЕУГЕ АРНАЛҒАН
АРНАЙЫ РЕЗЕРВI
22-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңда көзделген қатысушы банк депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:
1) алып тасталды – ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;2) қатысушы банктердiң жарналары;
3) қосылу шарты бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн қатысушы банктерге қолданылған тұрақсыздық төлемi;
4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның төленген (төленетін) кепілді өтемнің сомалары жөніндегі талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша;
5) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерiн орналастырудан түскен кiрiс;
6) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртiппен оның шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған меншікті активтерін орналастырудан түскен кiрiс;
7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда одан алынған, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасы мөлшеріндегі ақша;
8) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотынан қайтарылған жағдайда, осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған ақша шегінде және есебінен арнайы резерв қалыптастырады.
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервiнiң нысаналы мөлшерi қатысушы банктердегi бүкiл кепiлдiк берiлген депозиттер сомасының бес процентiнен кем болмайды.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві:
кепілді өтемді төлеу;
банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманың орнын толтыру;
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасалған кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалған шарттарда және тәртіппен депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке өтеу;
осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының жетіспейтін бөлігінің орнын толтыру үшін пайдаланылады.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген мақсаттар үшін арнаулы резервтің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым шығыстарды өзінің жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегінде меншікті активтері есебінен көтереді.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның жалғыз акционері меншікті активтерінің қаражатын пайдаланудың осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шектен асатын өзге мөлшерін белгілеуге құқылы.
Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.23-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің қаражаты және осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен пайдаланылатын меншікті активтері кепілдік берілген өтемді төлеуге жеткіліксіз болған, сондай-ақ жетіспейтін соманы қатысушы банктердің қосымша жарналары есебінен жабу мүмкін болмаған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жетіспейтін ақша сомасында қарыз алуға құқылы.
Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді бастау уәкiлеттi органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсу бойынша қарыз алу үшiн қажеттi, бiрақ қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмге кейінге қалдырылады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
24-бап. Дауларды қарау тәртiбi
Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жөнiндегi қарым-қатынастардан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн банктер жеке тұлғалармен жасасқан банктiк шот және (немесе) банктiк салым шарттарынан туындайтын қарым-қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушылары болған банктер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен осы Заңда белгiленген тәртiппен қосылу шартын жасасуға мiндеттi.
3. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қатысушы банктермен жасасқан мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарды төлеу, жеке тұлғалардың тартылған депозиттерi бойынша сыйақының ең жоғары ставкалары және банктiң депозит саясаты жөнiндегi мәлiметтердi ұсыну туралы шарттар қатысушы банкпен осы Заңда белгiленген тәртiппен қосылу шартын жасасқан кезге дейiн қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президентi |