Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейдi және микрокредиттiк ұйымдардың құқықтық жағдайының, оларды құрудың, олардың қызметiнiң, оларды қайта ұйымдастырудың және таратудың ерекшелiктерiн белгiлейдi.
1) қарыз алушы - микрокредиттік ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2) кредиттiк досье - микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес берiлген, микрокредиттiк ұйым әрбiр қарыз алушыға қалыптастырған құжаттар мен мәлiметтер;
3) микрокредит - микрокредиттiк ұйым қарыз алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзiмдiлік және қайтарымдылық талаптарымен беретiн ақша;
4) микрокредиттiк ұйым - осы Заңда белгiленген тәртiппен микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) мақсатты микрокредит - қарыз алушыға микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес белгiлi бiр мақсаттарға пайдалану талаптарымен берiлген микрокредит.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.08.
N 198
Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2-бап. Қазақстан Республикасының микрокредиттiк ұйымдар
туралы заңдары
2.
Шаруашылық серiктестiгiнiң
,
коммерциялық емес ұйымдардың
, оның iшiнде
қоғамдық қорлардың
қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде микрокредиттiк ұйымдарға қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2. Осы Заң талаптарын сақтай отырып, микрокредиттi берудiң тәртiбi мен талаптары микрокредиттiк ұйымның жоғары органы бекiткен микрокредиттердi беру ережелерiнде және микрокредиттi беру туралы шартта белгiленедi.
Mикрокредиттік ұйым өз қызметiн микрокредиттердi беру ережелерi болған кезде ғана жүзеге асыруға құқылы.
3. Берiлген микрокредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақы ставкасы, микрокредиттiң берiлу мерзiмiне қарамастан, жылға қайта есепте көрсетiледi.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.08.
N 198
Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
4-бап. Микрокредит беру туралы шарттың мiндеттi
талаптары және оны пайдалану
2. Микрокредит беру туралы шартта:
1) микрокредиттiк ұйымның толық атауы мен қарыз алушының тегiн, атын және әкесiнiң атын немесе толық атауын қоса алғанда, микрокредиттiк ұйым және қарыз алушы туралы мәлiметтер;
6) микрокредит беру туралы шарт бойынша (ол болған жағдайда) қарыз алушының мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету;
7) сыйақы ставкаларының мөлшерi, оның iшiнде микрокредит бойынша сыйақының жылдық ставкасының мөлшерi;
3. Мақсатты микрокредит беру жағдайларында микрокредиттiк ұйымның оның мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал қарыз алушы микрокредиттiк ұйымның мұндай бақылауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Қарыз алушы микрокредиттi мақсатты пайдалану жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттi орындамаған кезде микрокредиттiк ұйым микрокредит беру туралы шартты микрокредиттiң берiлмеген бөлiгiне сәйкес орындаудан бас тартуға және қарыз алушыдан микрокредиттi мерзiмiнен бұрын қайтаруды және ол бойынша сыйақыны талап етуге құқылы.
5-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт
бойынша мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету
Микрокредиттi беру туралы шарт қарыз алушының мiндеттемелерiн орындауы Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микрокредиттi беру туралы шартта көзделген тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.
1) қамтамасыз ете отырып не қамтамасыз етпей микрокредиттердi беруге, оның iшiнде берiлген микрокредитке Қазақстан Республикасының
заңдарында
белгiленген тәртiппен және жағдайларда мүлiктi кепiлге қабылдауға;
2) микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажет мәлiметтердi қарыз алушыдан сұратуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына және микрокредит беру туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Микрокредиттік ұйым:
1) орналасқан жерi өзгерген не атауы өзгерген жағдайда қарыз алушыларды микрокредиттiк ұйымның және оның қарыз алушыларының орналасқан жерi бойынша екi баспа басылымында, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бұл туралы тиiстi ақпарат жариялау жолымен, не мұндай өзгерiстер болған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, әр қарыз алушыны жазбаша хабарландыру жолымен хабардар етуге;
2) микрокредиттердi беру ережесiнiң көшiрмесiн оны көруге және онымен танысуға қолжетiмдi жерде орналастыруға;
3) қарыз алушы микрокредиттi алғанға дейiн микрокредиттi алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар туралы оны хабардар етуге;
4) қарыз алушыны микрокредиттi алуға байланысты оның құқықтары мен мiндеттерi туралы хабардар етуге;
2) егер микрокредиттi беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, алған микрокредиттi өз қалауы бойынша пайдалануға;
2. Қарыз алушы:
1) алған микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша есептелген сыйақыны микрокредиттi беру туралы шартта белгiленген мерзiмде және тәртiппен төлеуге;
8-бап. Микрокредиттi беру туралы шарт бойынша
мiндеттемелердi тоқтату
Микрокредиттi беру туралы шарт бойынша мiндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтатылады.
9-бап. Микрокредиттiк ұйымның құқықтық жағдайы
1. Коммерциялық микрокредиттiк ұйым шаруашылық серiктестiк нысанында құрылуы мүмкін.
2. Коммерциялық емес микрокредиттiк ұйым қоғамдық қор нысанында құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес микрокредиттiк ұйым тек қана жеке және заңды тұлғалардың қызметiн ынталандыруға бағытталған мiндеттердi қамтамасыз ету және оларға осы Заңға сәйкес қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылады.
Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн коммерциялық емес микрокредиттiк ұйым микрокредиттер беру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi, сондай-ақ осы Заңда көзделген қызметтiң қосымша түрлерiн жүзеге асыруға құқылы. Коммерциялық емес микрокредиттiк ұйымдардың кiрiстерi оның мүшелерiнiң (қатысушыларының) арасында бөлiнбейдi және осы Заңда көзделген қызмет мақсаттарына бағытталады.
3. Микрокредиттiк ұйымға бағалы қағаздар шығаруға тыйым салынады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.08.
N 198
Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
10-бап. Микрокредиттiк ұйымның жарғылық капиталын
қалыптастыру
2. Құрылатын микрокредиттiк ұйымның жарғылық капиталының және барлық қатысушылар салымдарының ең төменгi мөлшерi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиiстi қаржы жылына арнап белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
11-бап. Микрокредиттiк ұйымның атауы
1. Микрокредиттiк ұйымның толық атауында мiндеттi түрде "микрокредиттiк ұйым" деген сөздер немесе олардың туынды сөздерi болуға тиiс.3. Микрокредиттiк ұйым ретiнде тiркелмеген заңды тұлғаның өз атауында "микрокредиттiк ұйым" деген сөздердi, ол микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады деп болжайтын олардың туынды сөздерiн немесе "МКҰ" аббревиатурасын пайдалануға құқығы жоқ.
12-бап. Микрокредиттердi беру ережесi
Микрокредиттердi беру ережесiнде мынадай мәлiметтер қамтылуға тиіс:
4) микрокредиттiк ұйым беретiн қамтамасыз етуге ұсынылатын талаптар (ол болған жағдайда).
Микрокредиттердi беру ережесiнде микрокредиттердi берудiң өзге де талаптары және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн мәлiметтер де болуы мүмкiн.
2. Iшкi бақылау қызметiнiң жұмыс тәртiбi жарғымен, сондай-ақ ережелермен және микрокредиттiк ұйымның iшкi қызметiн реттейтiн өзге де құжаттармен белгiленедi.
14-бап. Микрокредиттiк ұйымдар қызметiнiң қосымша
түрлерi
1) Қазақстан Республикасының резиденттерiнен және резидент еместерiнен қарыз (азаматтардан кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қарыз түрiнде ақша тартуды қоспағанда) және гранттар тарту;
2) уақытша еркiн активтердi мемлекеттiк бағалы қағаздарға, корпоративтiк бағалы қағаздарға, екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдермен орналастыру;
3) микрокредиттi қамтамасыз ету ретiнде алынған кепiлге салынған мүлiкпен Қазақстан Республикасының
заңдарында
көзделген тәртiппен мәмiлелер жасасу;
6) микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
15-бап. Берiлген микрокредит бойынша құжаттаманы
жүргiзу тәртiбi
3. Микрокредиттiк ұйым әрбiр берiлген микрокредит бойынша микрокредиттi беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап жасалатын кредиттiк досьенi жүргiзуге тиiс.
Кредиттiк досье мыналарды қамтуға тиiс:
1) қарыз алушы қол қойған, микрокредиттi пайдалану мақсаты туралы (мақсатты микрокредит берiлген жағдайда), микрокредиттi өтеу және сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi қарыз алушының орындауын қамтамасыз етуге берiлетiн, құны көрсетiлген мүлiк туралы не қамтамасыз етудiң болмауы туралы мәлiметтер қамтылған өтiнiш;
2) қарыз алушының белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшiн);
5) микрокредит беру туралы шарт;
6)
(Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.12.08.
N 198
Заңымен)
4. Қазақстан Республикасының
заңдарында
көзделген жағдайларда, мемлекеттiк тiркеуге жататын мүлiк кепiлi осы мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған органда тiркелуге тиiс.
5. Мiндеттемесiн орындау кепiлдiкпен немесе кепiлгерлiкпен қамтамасыз етiлген микрокредит бойынша кредиттiк досьеге мынадай қосымша құжаттар қоса берiледi:
2) кепiлдiк берушi атынан кепiлдiк шартына немесе кепiлгер атынан кепiлгерлiк шартына қол қоятын өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттар.
6. Микрокредит бойынша берешектiң толық немесе iшiнара өтелгенiн растайтын құжаттар кредиттiк досьеге қоса берiлуге және микрокредиттi өтеу көзiн (қарыз алушы аударған не кепiлге салынған мүлiктi сатудан түскен ақша) көрсетуге тиiс.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.08.
N 198
Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
16-бап. Микрокредиттi беру құпиясы
1. Микрокредиттi беру құпиясы қарыз алушылар, микрокредиттердiң мөлшерi, қарыз алушыға қатысты микрокредиттi беру туралы шарттың өзге де талаптары туралы және микрокредиттiк ұйымның операциялары туралы (микрокредиттердi беру ережелерiн қоспағанда) мәлiметтердi қамтиды.Тарату процесiндегi микрокредиттiк ұйымның микрокредиттi беру туралы жасалған шарттары жөнiндегi мәлiметтер микрокредиттердi беру құпиясына жатпайды.
3. Микрокредиттi беру құпиясы тек қана қарыз алушыға, қарыз алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде үшiншi тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ашылуы мүмкiн.
4. Қарыз алушылар туралы, микрокредиттiң мөлшерi туралы, микрокредиттi беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары туралы, микрокредиттiк ұйым жүргiзетiн операциялар туралы мәлiметтер:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: мөрмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал салу негiзiнде олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
2) соттарға: соттың ұйғарымы, қаулысы, шешiмi және үкiмi негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;
2-1) атқарушылық іс жүргізу органдарына: сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген қаулысы негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;
3) прокурорға: оның құзыретi шегiнде, оның қарауында жатқан материал бойынша тексеру жүргiзу туралы қаулысы негiзiнде;
4) салық органдарына: нұсқама негiзiнде тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
5. Қарыз алушы, микрокредит мөлшерi, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары жөнiндегi мәлiметтер, қарыз алушы қайтыс болған жағдайда, осы баптың 4-тармағында көзделген тұлғаларды қоспағанда, жазбаша сауал салу негiзiнде, сондай-ақ:
2) нотариустерге: нотариустiң мөрiмен расталған, оның жазбаша сауал салуы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустiң жазбаша сауал сaлуына қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;
3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
Ескерту. 16 бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.06.22. N
147
Заңымен.
17-бап. Бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу және қаржы
есептiлiгiн жасау
Микрокредиттiк ұйымның бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзуi және қаржы есептiлiгiн жасауы осы Заңның және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржы есептiлiгi туралы заңдарының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Микрокредиттiк ұйымның қызметiне байланысты құжаттарды сақтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
19-бап. Микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке және
шындыққа сәйкес келмейтiн жарнамаға тыйым салу
2. Микрокредиттiк ұйымдарға өздерiнiң қызметi туралы, ол жарияланған күнi шындыққа сәйкес келмейтiн, жарнама беруге тыйым салынады.
20-бап. Микрокредиттiк ұйымдарды қайта ұйымдастыру
және тарату
Микрокредиттiк ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
21-бап. Микрокредиттiк ұйымдардың қызметiн мемлекеттiк
бақылау
Микрокредиттiк ұйымдардың қызметiн мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.