Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы

Қазақстан Республикасының Заңы. 2001 жылғы 23 қаңтар N 148-ІІ.

Жаңартылған

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және өзiне сенiп тапсырылған аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi;
      2) әкiм аппараты - жергiлiктi атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекеме;
      3) мәслихат аппараты - тиiстi мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекеме;
      4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың жекелеген мiндеттерiн жүзеге асыруға әкiм уәкiлеттiк берген және тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме;
      5) мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билiк ету қызметiн жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;
      6) жергiлiктi мемлекеттiк басқару - осы заңда және басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет;
      7) жергiлiктi атқарушы орган (әкiмият) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
      8) жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
      9) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны;
      10) әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасы - тиiстi аумақта орналасқан, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесi;
      11) орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде орталық атқарушы орган мiндеттерiн жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi.

      2-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заңдар

      1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына  негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Осы Заң Алматы қаласының айрықша мәртебесi және астана мәртебесi туралы заңдарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде Алматы қаласы мен астананың аумағында қолданылады. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз Z980230_  )

      3-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару қызметiнiң
             экономикалық және қаржылық негiзi

      Жергiлiктi мемлекеттiк басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн:
      1) жергiлiктi бюджет;
      2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген мүлiк;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.

      4-бап. Мәслихаттар мен әкiмияттар үшiн белгiленетiн
             негiзгi талаптар мен шектеулер

      1. Мәслихаттар мен әкiмияттар өз қызметiнде:
      1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
      2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
      3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
      4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Мәслихаттар мен әкiмияттарға Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады.
      3. Мәслихаттар мен әкiмияттар қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.

2-тарау. МӘСЛИХАТТАРДЫ ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ
ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      5-бап. Мәслихаттарды құру тәртiбi

      1. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайлайды.
      2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
      3. Тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта - отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн белгiлейдi.
      4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
      5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледi. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз . (13 тарау)
      6. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
      7. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
      Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады.
      8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.

      6-бап. Мәслихаттардың құзыретi

      1. Мәслихаттардың құзыретiне:
      1) тиiстi аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту, соның iшiнде республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) ауданды, кенттi, ауылды (селоны), ауылдық (селолық) округтi ұстауға арналған шығыстар сметасын бекiту;
      2) тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де мәселелердi шешу;
      3) әкiмнiң ұсынуы бойынша әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын бекiту;
      4) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс және жергілікті қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мәселелерін шешу;
      5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімияттың дербес құрамын келісу;
      6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;
      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасау;
      10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
      11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікпен күрес бағдарламаларын бекіту;
      12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімият жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
      13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
      14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
      15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
      2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретіне облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгізу, әкiмшілік аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту де жатады.
      3. Аудандық мәслихаттар құзыретiне қалалар, тиiстi аудан аумағында орналасқан кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекiту де жатады.
      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi әкiмияттардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.

      7-бап. Мәслихаттың актiлерi

      1. Мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актiлерi болып табылады.
      2. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
      3. Мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылдаған шешiмдерi заңдарда белгiленген тәртiпте ресми жариялануға тиiс және ол тиiстi аумақта орындалуға мiндеттi.
      4. Мәслихаттың жалпыға бiрдей мiндеттi маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты шешiмдерiн заңдарда белгiленген тәртiпте Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз .)
      5. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.

      8-бап. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру

      1. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
      2. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
      Егер мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
      3. Мәслихат:
      1) мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың есептерiн тыңдайды;
      2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;
      3) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясының актiлерiн бекiтедi;
      4) заңдарда белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, жетi депутатқа бiр қызметкер қатынасында, бiрақ үш адамнан кем емес болып белгiленедi;
      5) мәслихаттың регламентiн бекiтедi;
      6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;
      7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.

      9-бап. Мәслихат регламентi

      Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткiзу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбi, сондай-ақ дауыс беру тәртiбi, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсiмдiк және ұйымдастыру мәселелерi сессияда бекiтiлетiн мәслихаттың регламентiнде белгiленедi.

      10-бап. Мәслихат сессиясын шақыру тәртiбi

      1. Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
      2. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессия оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкiн.
      3. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн қалғанда табыс етедi.

      11-бап. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi

      1. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткiзiледi.
      2. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Одан әрi мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.
      3. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
      Шешiмдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
      4. Сессия жұмысында мәслихат шешiмi бойынша мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге үзiлiс жасалуы мүмкiн.
      5. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгiлейдi.
      6. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешiмiмен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, жабық сессиялар өткiзуге жол беріледi.
      7. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшылары, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшiн мәслихат сессиясына келуге мiндеттi.

      12-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру
              және олардың қызметi

      1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
      2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.
      3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.

      13-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы
              көпшiлiктiк тыңдаулар

      1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады.
      2. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.
      3. Тұрақты комитеттерде көпшiлiктiк тыңдаулар өткізу тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.

      14-бап. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi
              мен өкiлеттiгi

      1. Тұрақты комиссиялар:
      1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзуге;
      2) өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
      3) өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
      4) өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзуге;
      5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
      2. Әкiмият, орталық атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлiмшелерiнiң, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.
      3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

      15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының
              және қаулылар қабылдауының тәртiбi

      1. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi.
      2. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
      Комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комитеттiң төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
      3. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.

      16-бап. Мәслихаттың тексеру комиссиясы

      1. Мәслихат жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн өз өкiлеттiгi мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң санын мәслихат белгiлейдi. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық), аудандық (қалалық) мәслихаттардың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негiзiнде тартылуы мүмкін.
      2. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешiмдерiмен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемiнде үштен бiрiнiң талап етуi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. Тексеру нәтижесi бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкiмиятқа хабарлайды. Тексеру жылына кемiнде бiр рет жүргiзiледi.
      3. Тексеру комиссиясының өкiлеттiгi мен жұмыс тәртiбi мәслихат регламентiмен белгiленедi.

      17-бап. Мәслихаттың уақытша комиссиялары

      1. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.
      2. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
      3. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.

      18-бап. Мәслихат сессиясының төрағасы

      1. Мәслихат сессиясының төрағасын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.
      2. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасын сайлау тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.
      3. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
      Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.
      4. Мәслихат сессиясының төрағасы:
      1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
      2) мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;
      3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
      5. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады.
      6. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

      19-бап. Мәслихаттың хатшысы

      1. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
      2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
      3. Мәслихат хатшысы:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      6) мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
      9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
      10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      11) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
      4. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
      5. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы уақытша жүзеге асырады.

      20-бап. Мәслихат депутаты

      1. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
      2. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
      3. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:
      1) депутат заңдарға сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
      2) депутатты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
      3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;
      4) депутат қайтыс болса;
      5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
      6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
      7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
      8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
      9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
      4. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.
      5. Мәслихат депутаты тұрақты негiзде мәслихат хатшысы болып сайланған жағдайда, оған тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiс әкiмiнiң орынбасары үшiн белгiленген мөлшерде жалақы белгiленедi.
      Мәслихат депутаты басқа жұмыстан босатылған негiзде тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланған жағдайда, оған тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмi аппаратының басшысы үшiн белгiленген мөлшерде жалақы белгiленедi.

      21-бап. Депутаттың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы
              кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi

      1. Депутат:
      1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
      2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
      3) тиiстi мәслихаттың аумағында орналасқан жергілiктi атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихаттың құзыретiне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жiберуге;
      4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;
      5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
      6) тиiстi әкiмият отырыстарының жұмысына қатысуға;
      7) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
      8) белгіленген заң тәртібімен тіркелген саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің депутаттық топтары түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Депутаттық топ мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс.
      Депутаттық топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады.
      Депутаттық топтардың өкілеттігі, қызметін ұйымдастыру мәслихаттың регламентімен белгіленеді;
      9) заңдарда және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
      2. Депутат:
      1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
      2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
      3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге мiндеттi.
      3. Мәслихаттың әрбір депутатына өкілеттіктерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасалуына, оның құқықтарын, қадір-қасиеті мен ар-ожданын қорғауға кепілдік беріледі.
      Ескерту. 1-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.05.21. N 324 Заңымен .

      22-бап. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты
              шығыстарды өтеу

      Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.

      23-бап. Мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері

      1. Мәслихат өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында  белгіленген оның өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
      2. Мәслихат өкiлеттiгін мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын сот тәртібімен заңсыз деп танылған шешімдер қабылдау түрінде бірнеше рет (екі және одан да көп) бұзса;
      2) егер жаңадан сайланған мәслихат бірінші сессиясы ашылған күннен бастап отыз күн өткенше өз құрылымын белгілемесе және тиісті органдарын құрмаса;
      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
      4) мәслихат өз депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің жасырын даусымен өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаса;
      5) жергілікті бюджетті, аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын екі рет бекітпеумен білдірілген әкімиятпен арада еңсерілмейтін келіспеушіліктер болса;
      6) әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын екі рет бекітпеумен білдірілген әкіммен арада еңсерілмейтін келіспеушіліктер болса, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мерзімінен бұрын тоқтатады.

      24-бап. Мәслихаттың әкiмге сенiмсiздiк
              бiлдiру өкiлеттiгi

      1. Мәслихат өз депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруге және тиiсiнше Қазақстан Республикасы Президентiнiң не жоғары тұрған әкiмнiң алдына оны қызметiнен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
      2. Әкiм ұсынған аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi мәслихаттың екi рет бекiтпеуi мәслихаттың әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруi туралы мәселенi қарауы үшiн негiз болып табылады.

      25-бап. Мәслихат аппараты

      1. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
      2. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
      4. Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

3-тарау. ӘКIМДЕР ЖӘНЕ ӘКIМИЯТТАР. ҚҰРЫЛУЫ, ҚҰЗЫРЕТI
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIНIҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

      26-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
              астананың) әкiмияттары. Құрылуы және құрамы

      1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмият Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi.
      2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмиятты облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқарады.
      3. Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмиятты әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.
      4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмиятының отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртiбi әкiмияттың регламентiнде белгiленедi. Yлгi регламенттi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. ).
      5. Әкiмияттың дербес құрамы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.
      6. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмиятының жұмысына орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.
      7. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмият - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.

      27-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала,
             астана) әкiмиятының құзыретi

      1. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмияты заңдарға сәйкес:
      1) облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы) дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттi, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      2) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
      4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
      5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      6) Қазақстан Республикасының өндiрiстiк күштерiн орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгiзедi; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды сатудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа бекiту үшiн ұсынады;
      7) су құбырлары, тазарту құрылыстары, электр беру, байланыс желiлерi мен басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектілерiнiң құрылысын салу мен пайдалануды ұйымдастырады;
      8) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      9) экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және өз құзыретi шегiнде табиғат пайдаланылуын бақылауды, табиғат қорғау объектiлерiнiң құрылысы мен олардың қайта жаңартылуын жүзеге асырады;
      10) облыстық маңызы бар жолдарды ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз етедi;
      11) мемлекеттiк стандарттардың сақталуын қамтамасыз етедi;
      12) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      13) ауданаралық (қалааралық) жолаушылар көлiгi қатынасын ұйымдастырады;
      14) белгіленген жалпымемлекеттiк стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың кепiлдiк берiлген медициналық қызметке құқығын iске асыруды қамтамасыз етедi;
      15) азаматтардың тегiн білiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз етедi;
      16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлiкпен күрес бағдарламаларын әзiрлеп, мәслихаттың бекiтуiне ұсынады және iске асырады;
      17) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
      18) тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлерi мен әдет-ғұрып салттарын дамытуға жәрдемдеседi;
      19) өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) әкiмияттар жұмысын үйлестiредi;
      20) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi мәслихат қарауына қарыз алу жөнiнде шешiмдер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi;
      21) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
      22) мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындар құрады, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн белгiлейдi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының штат саны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
      22-1) Қазақстан Даму Банкінің жарғылық капиталына қатысады.
      22-2) базарларда бiржолғы талондар беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
      2. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмияты өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімияты облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың алдында өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн жауап бередi.
      ЕСКЕРТУ. 27-бап 22-1) тармақшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.04.25. N 179 Заңымен.
      Ескерту. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен.

      28-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)
              әкiмiн қызметке тағайындау және қызметiнен
              босату тәртiбi

      1. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiн Премьер-Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды.
      2. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiн Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
      3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.

      29-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)
              әкiмiнiң құзыретi

      1. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi заңдарға сәйкес:
      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мүддесiн білдiредi;
      2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, облыс әкiмi мен әкiмиятының актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiн орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi қорытынды енгiзуге құқылы;
      3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;
      4) мына лауазымды адамдарды:
      жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң орынбасарларын;
      облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын;
      заңдарда белгiленген тәртiпте нысанды киiм кию құқығы және әскери немесе өзге де арнайы атақ берiлетiн басшыларды қоспағанда, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары құрылымдарының басшыларын тағайындау және қызметiнен босату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
      5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
      6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) әкiмияттар мен әкiмдер жұмысын үйлестiредi;
      7) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      8) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын тиістi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
      9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихатқа бекiтуге ұсынады;
      10) заңдарда белгiленген жағдайларда және тәртiпте кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
      11) өз құзыретi шегiнде жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттiк меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен тең дәрежеде келiсiм-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады.
      2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiгiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
      4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмият құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi алдында жауап бередi.

      30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық)
              әкiмияттар. Құрылуы және құрамы

      1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмият Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпымемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
      2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімиятты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімi басқарады.
      3. Әкім аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімиятты аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімiнің орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылары да жоғары тұрған тиісті органдар басшыларымен келісім бойынша әкімияттың мүшелері болуы мүмкін.
      4. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімияттың отырыстарын әзірлеу мен өткізу, сондай-ақ олардың шешім қабылдау тәртібі әкімияттың регламентінде белгіленеді. Үлгі регламентті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. ).
      5. Әкімияттың дербес құрамы аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
      6. Аудан әкімиятының жұмысына орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
      7. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімият - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.

      31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық)
              әкімияттың құзыреті

      1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімият заңдарға сәйкес:
      1) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін әзірлеп, олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің атқарылуы туралы есепті дайындайды;
      2) заң актілеріне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының , заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
      4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
      5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      6) осы аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы кенттер мен ауылдарды салудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi;
      7) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, электр беру, байланыс желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
      8) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
      9) қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
      10) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      11) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
      12) өз қарауындағы тұрғын үй қорын бөледi;
      13) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлiкпен күрес бағдарламаларын iске асыруға қатысады;
      14) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;
      15) аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
      16) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
      17) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдарды құрады.
      2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмият Қазақстан Республикасының заңдарында өзiне жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмият өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап бередi.

      32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiн
             қызметке тағайындау қызметiнен босату және
              өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi

      1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.
      2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.

      33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала)
              әкiмiнiң құзыретi

      1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi заңдарға сәйкес:
      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
      2) облыс әкiмiне орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы;
      3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi;
      4) мынадай лауазымды адамдарды:
      жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларын;
      әкiм аппаратының басшысы мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
      5) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      6) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      7) көпшiлiк пайдаланатын орындардың (парктердiң, саябақтардың, бульварлардың, жағажайлардың, су тоғандарының, демалыс аймақтары мен өзге де объектiлердiң) аумағын күтiп ұстау және абаттандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      8) мектепке дейiнгi, орта, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру мекемелерiн, әлеуметтiк-мәдени сала мекемелерiн қолдайды және оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      9) тиiстi аумақта мал дәрiгерлiк көмек көрсетудi ұйымдастырады;
      10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      11) әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
      12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
      13) өз құзыретi шегiнде жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
      2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкін.
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
      4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмияттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi және облыс әкiмi алдында жауап бередi.

      34-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)
             аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк,
             ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк
             әкiмияттар

      Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмияттар құрылмайды.

      35-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)
             аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл
             (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзыретi

      1. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi заңдарға сәйкес:
      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмияттың лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
      2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
      3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi ұстауға арналған шығыстарды қамтитын әкiм аппараты сметасын әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмияттың қарауына енгiзедi;
      5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
      6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      7) тұрғын үй қорының құрылысы мен жөнделуiн, жолдарды пайдалану мен күтiп ұстауды ұйымдастырады;
      8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
      9) өз құзыретi шегiнде жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      10) заңдарда белгiленген тәртiпте нотариаттық iс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады; (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз.  (II бөлім); ( 6 бөлім ); V980564_  ; Р990620_  (Ереже).
      11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      12) жоғары тұрған органдарға халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
      14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
      15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
      2. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
      3. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.

      36-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)
              аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл
              (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiн қызметке
              тағайындау,қызметiнен босату және өкiлеттiгiн
              тоқтату тәртiбi

      1. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.
      2. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.

      37-бап. Әкiмияттың, әкiмнiң актілерi

      1. Әкiмият Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерi, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар шығарады.
      2. Әкiмият қаулысына әкiм қол қояды.
      3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
      4. Әкiмияттың және (немесе) әкiмнің өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
      5. Әкiмият және (немесе) әкiм актiлерiнiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.
      6. Әкiмияттың және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады.
      7. Әкiмияттың және (немесе) әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi заңдарда белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз . ).
      8. Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, жоғары тұрған әкiмият және (немесе) әкiм, әкiмияттың және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмият және (немесе) әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.

      38-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана),
             аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң
             аппараты

      1. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.
      2. Әкiм аппаратын әкiм құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
      3. Әкiмнiң өкiлеттiгiн тоқтатуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
      4. Әкiм аппараты туралы ереженi, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген лимит шегiндегi оның құрылымы мен штат санын тиiстi әкiм бекiтедi.
      5. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

      39-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын
              атқарушы органдар

      1. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
      2. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретi мен қызметiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi белгiлейдi.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      40-бап. Жергiлiктi бюджет

      1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерi олар үшiн белгiленген салық және өзге де түсiмдер көздерi есебiнен құралады.
      2. Жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу, бекiту және атқару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз .).

      41-бап. Осы Заңның өзге заң актiлерiмен арақатынасы
              және оның ережелерiн iске асыру тәртiбi

      1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тетiктерiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Заң күшiне енген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi