Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 мамырдағы N 230 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296 Заңымен

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институтына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн Мәскеу қаласындағы "ИЗОТОП" Бүкiлаймақтық бiрлестiгiмен жасалған 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 39/02/98 келiсiм-шартқа сәйкес Ресейден Қазақстан Республикасына белсендiлiгi 0,0675 Ки МИКХ-3 үлгiсiндегi радиоактивтi сәулелену көзiн (хромдағы 57-кобальт) әкелуге рұқсат

 

етiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.

     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Ғылым министрлiгi -

Ғылым академиясының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн.



Қазақстан Республикасының

  Премьер-Министрi