Осы Конституциялық заң Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының сабақтастығын, елдегі бұдан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және демократиялық өзгерістерді қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан халқының бірлігін, Конституцияны , адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Қазақстан халқының көшбасшысы ретінде республика Тұңғыш Президентінің саяси және құқықтық жағдайын анықтайды.
1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің
мәртебесі
Осы Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының
Конституциясында
, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық
заңда
және республиканың басқа заңдарында көзделген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өз өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де айрықша құзыреттері мен кепілдіктері анықталады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:
1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының алдында, республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқару; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің заңды қызметіне кедергі жасауға жол берілмейді және ондай әрекет заңмен қудаланады.
2-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің
ордені мен жыл сайынғы бейбітшілік және прогресс
сыйлығын тағайындау
Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне мыналарды тағайындайды:
1) мемлекеттік награда - "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" ордені, онымен марапаттау азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген ерекше еңбегі үшін жүргізіледі;
2) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жыл сайынғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы, оны Қазақстан Республикасының Президенті демократия мен әлеуметтік прогресті дамытқаны үшін, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтқаны үшін
береді
.
U010691
,
P020396
3-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне
ешкімнің тиіспеушілігі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Ол
мемлекетке сатқындық жасау
жағдайларын қоспағанда, өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты іс-әрекет үшін жауапты болмайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне тиіспеушілік оның тұрғын, қызмет үй-жайларына, қол жүгіне, жеке және қызмет бабындағы көлігіне, жазылатын хат-хабарларына, ол пайдаланатын байланыс құралдарына, сондай-ақ оған тиесілі құжаттарға қолданылады.
4-бап. Қызметті қамтамасыз ету
Өз өкілеттіктерін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметін қамтамасыз ету және оның мәртебесін жүзеге асыру үшін қызметтік үй-жай бөлінеді, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кеңсесі құрылады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Кеңсесінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті белгілейді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кеңсесі қызметкерлерінің жалпы айлық еңбекақы қоры Қазақстан Республикасы Президентінің ай сайынғы лауазымдық жалақысының 2 еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Кеңсесінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет туралы
заңдар
қолданылады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кеңсесін орналастыру үшін ұйымдастыру техникасымен (оның ішінде жалпы жүйеге де, барлық қолда бар құқықтық базалар мен мемлекеттік ақпарат жүйелеріне де қосылған жеке компьютерлерімен, көшіру-көбейту техникасымен, факсимильді байланыс аппаратымен), байланыс құралдарымен, оның ішінде
үкіметтік байланыспен
, сондай-ақ қажетті офистік жиһазбен жабдықталған жеке қызметтік үй-жай беріледі.
5-бап. Байланыспен қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмір бойы Қазақстан Республикасының аумағында үкіметтік байланыспен және жергілікті атқару органдарында, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бар басқа да байланыс түрлерін тегін пайдалануға құқығы бар, сондай-ақ байланыс қызметтерін кезектен тыс алуға құқылы. Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің пошта және телеграф жөнелтімдерінің барлық түрлері үкімет жөнелтімдері дәрежесінде жіберіледі (беріледі), сұрыпталады және жеткізіледі.
6-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін
күзету
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін күзету Қазақстан Республикасы Президентінің
Күзет қызметіне
жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне ол үнемі тұратын немесе уақытша болатын жерлерінде өмір бойы мемлекеттік күзет беріледі.
Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен бірге тұратын немесе онымен бірге еріп жүретін отбасы мүшелеріне де мемлекеттік күзет беріледі.
7-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету
Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қажетті мемлекеттік қызмет көрсетіле отырып қызметтік пәтер мен мемлекеттік саяжай меншігіне беріледі.
8-бап. Көлікпен қамтамасыз ету
Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - өмір бойы жүргізушілерімен бірге жеке автомобиль, ал онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қызметтік автокөлікті пайдалану құқығы беріледі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өмір бойы елде көлікпен тегін жүруге және ресми адамдар мен делегацияларға арналған залдарды тегін пайдалануға құқылы.
9-бап. Қор, мұражай, бюст, жеке мұрағат және жеке
кітапхана
Республиканың Тұңғыш Президенті қызметте болған кезеңінде ол республиканың Тұңғыш Президентінің
қорын
, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын құрады және қалыптастырады.
U941502
,
P940298
,
N990052
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өкілеттігін тоқтатқаннан кейін жеке кітапхана мен жеке мұрағат республиканың Тұңғыш Президентінің меншігіне беріледі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің туған жерінде республиканың Тұңғыш Президентінің мұражайы
құрылады
және оның бюсті орнатылады.
10-бап. Медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз
ету
Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті конституциялық өкілеттігін орындауды тоқтатқан күнге дейін оларға көрсетіліп келген көлемі мен түрлеріндегі тегін медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу құқығы өмір бойы сақталады.
11-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру
Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жасына қарамастан Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымдық жалақысының 80 проценті мөлшерінде ай сайын зейнетақы алуға құқылы. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің зейнетақысы Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымдық жалақысының өсуі есепке алынып көтеріліп отырады.
Өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмірі мен денсаулығы республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Президентінің жылдық лауазымдық жалақысына тең сомада міндетті мемлекеттік сақтандырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен бірге тұрған әрбір отбасы мүшесіне ол қайтыс болған күнге дейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қарттығына байланысты зейнетақының 10 еселенген ең төменгі мөлшеріне тең сомада ай сайынғы жәрдемақы өмір бойына тағайындалады.
Осы Конституциялық заңда көзделген кепілдіктермен қатар өз өкілеттігін орындауды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне және оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де кепілдіктер берілуі мүмкін.
12-бап. Қаржыландыру көздері және Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президентінің қызметін
қамтамасыз етудің өзге де мәселелері
Осы Конституциялық заңда көзделген шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Республиканың Тұңғыш Президенті мен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тұрғын үй, медициналық, санаторий-курорттық, көлік қызметін және өзге де қызмет көрсетуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
13-бап. Осы Конституциялық заңды күшіне енгізу тәртібі
2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін 2 және 9-баптардың нормаларын қоспағанда, осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті