Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының1999 жылғы 7 тамыздағы N 19/222 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005 жылғы 14 ақпандағы 153/219   қаулысымен , ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .

     "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Конституциялық заңның  12-бабының 1-тармағы және  34-бабының  6-тармағы негiзiнде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 
     1. Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезiнде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің ұсынылып отырған Ережесi бекiтiлсiн. 
   Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005 жылғы 14 ақпандағы 153/219   қаулысымен , ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .
     2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын құрудың, жұмсаудың, есептеудiң және есеп берудің Тәртiбiн бекiту туралы" 1995 жылғы 12 қазандағы N 13, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 8 мамырда тiркелген, тiркелу N  304  қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 
     3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнің депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын құрудың, жұмсаудың, есептеудiң және есеп берудiң Тәртiбiнiң" 5-тармағын өзгерту туралы" Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы 12 қазандағы N 13, 1996 жылғы 26 маусымдағы N 55 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 8 мамырда тiркелген, тiркелу N 304  қаулысының  күшi жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     төрайымы     

     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     хатшысы

Қазақстан Республикасы Орталық       
сайлау комиссиясының 1999 жылғы       
7 тамыздағы N 19/222 қаулысымен       
бекітілген                 

  Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар
депутаттарын және әкімдерді сайлау кезiнде
сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және
оны пайдалану туралы есеп берудiң 
Ережесі  

     Ескерту: Ережелердің атауындағы және бүкіл мәтіні бойынша "Парламент Мәжілісінің депутаттарын" деген сөздер тиісті септіктердегі және етістіктің түрлеріндегі "Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді" деген сөздермен ауыстырылды;
     ережелердің бүкіл мәтіні бойынша "саяси партияның" және "партияның" деген сөздерден кейін тиісті септіктердегі "(сайлау блогының)" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2005 жылғы 14 ақпандағы 153/219   қаулысымен , өзгерту енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .

  1. Сайлау қорларының ақшалай қаражатын жұмсау 

     1. Сайлау қорларының қаражатын пайдалану құқығы тек қана кандидаттарға немесе саяси партиялар тiзiмiн ұсынған саяси партияларға берiледi. Саяси партияның (сайлау блогының) сайлау қорының қаражатын пайдалануға байланысты қаржылық және басқа да құжаттарға қол қою құқығын саяси партияның (сайлау блогының) басшысы немесе партияның алқалық органының шешiмiмен өкiлеттiк берiлген адам ғана iске асыра алады. 

     2. Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттарына және әкімдікке кандидат немесе саяси партия өздерiнің сайлау қорларындағы қаражаттан: 
     1) тiркелген кез келген бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеген сөздерiне; 
     2) сайлау алдындағы шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен кездесулердi, жария түрдегi сайлау алдындағы пiкiр таластары мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және өзге де сайлау алдындағы шараларды), кандидаттар мен олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулер өткiзуге; 
     3) заңды және жеке тұлғалардың қызметiне төлемақы жасауға; 
     4) баспа, бейне-дыбыс жазу және өзге де үгiт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға; 
     5) заңды және жеке тұлғалардың үгiт жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты қызметтерiне ақы төлеуге; 
     6) адвокат қызметiне, мемлекеттiк бажға ақы төлеуге; 
     7) сенiм бiлдiрген адамдар сайлау алдындағы үгiтке байланысты көлiк және iссапар шығындарын жабуға; <*>
     8) сайлау науқанына арнайы тегін тарату үшiн дайындалған баспа материалдарын, соның ішінде безендiрмелiк материалдарды, сондай-ақ белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды, өзге де белгiлер мен нышандарға арналған шығындарды төлеуге құқылы.
     Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 109/133   қаулысымен ,   ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .

     3. Кез келген басқа көздерден өзге де ақшалай қаражат тартуға, заңды және жеке тұлғалардың үгiт жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi сайлау қорларынан төленбеген кез келген қызметiн қабылдауға, аталған заңды және жеке тұлғаларға осы қызметтердi көрсеткенi үшiн кандидат немесе саяси партия тарапынан кез келген ықпалды әрекет жасауына тыйым салынады. 

     4. Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған жағдайда, саяси партия партиялық тiзiмдi керi шақырып алғанда немесе партиялық тiзiмдегi кандидатты ұсыну мен тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жойған жағдайда сайлау қорына түскен ақшалай қаражат оны енгiзген азаматтар мен ұйымдарға дереу қайтарылатын болады. Бұл орайда қаражатты қайтаруға байланысты шығындар оны енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады. 

     5. Тиiстi банк бөлiмшелерi жетi күн мерзiмде тиiстi сайлау комиссиясына ақшалай қаражатты қайтару туралы мәлiмет бередi. 

  2. Сайлау қорларының ақшалай қаражатын пайдалану
туралы есеп беру 

      6. Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуына бақылауды тиiстi сайлау комиссиялары мен банк бөлiмшелерi жүзеге асырады. Тиiстi сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша бақылауға өзге де мемлекеттік органдар олардың құзырына сәйкес қамтылуы мүмкiн. 

      7. Сайлау қорлары қаражатының бұрмалануы мен мақсатты жұмсалмауына Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына және әкімдікке кандидат, саяси партия жауапты болады.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .  

      8. Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына және әкімдікке кандидат, саяси партия өзiнің сайлау қорына қаражаттың түсу есебiн, сондай-ақ олардың жұмсалу есебiн жүргiзедi. Есеп түсiмдердiң әр түрi бойынша, күнi, теңгемен есептелген сомасы және бұл қаражатты аударған нақты жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетiле отырып жүргiзiледi. Шығыстар тiзiмдемесiнде мыналар жазылады: қаражаттың шотқа келiп түскен күнi, қаражатты банктен алған күнi, қаражат сомасы, қаражат жұмсалған шаралар (қағаз сатып алу, баспаханада үгiт материалдарын басу, тарату, жапсыру, көлiк және iссапар шығындарын жабу т.б.) қаражаттың келiп түскенiн және жұмсалғанын растайтын құжаттар (шек, түп қағаз, актi, қолхат, және т.б.). 
      Банктер тиісті сайлау комиссиясына арнаулы уақытша шотқа келіп түскен қаражат және олардың жұмсалуы туралы апта сайын есеп береді. Тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша сол мәліметтер жиырма төрт сағаттың ішінде беріледі. <*>
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 109/133   қаулысымен , ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .

      9. Арнаулы уақытша шот бойынша барлық қаржы операциялар сайлаудың алдындағы күнi сағат 18.00-ден бастап тоқтатылады.
      Қайтадан дауыс беру өткізілген кезде өздеріне қатысты қайтадан дауыс беру өткізілетін кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржы операциялары қайтадан дауыс беру тағайындалған күні қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгі сағат он сегізде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы, осы тармақтың үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Конституциялық заңмен  белгіленген шектен аспауға тиіс.
     Әкімдікке кандидаттың сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы әкімдердің сайлауын өткізудің тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес белгілеген шектен аспауға тиіс. 
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 109/133   қаулысымен , ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .  

      10. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей кандидат немесе саяси партия тиiстi сайлау комиссиясына өзінің сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруге мiндеттi, онда сайлау қорына ақшалай түсiмдер көздерi және сайлау алдындағы үгiт мақсатына жұмсалған барлық шығындар көрсетiледi. Бұл орайда шоттың банк куәландырған көшiрмесi табыс етiледi. 

      11. Есептер ұсынылған нысан бойынша қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттар N 1, N 2, N 3, N 4 қосымшаларымен тiркеле отырып табыс етiледi. 

      12. Банктің тиiстi бөлiмшелерi сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражатының үштен екiсiн республикалық бюджетке жiбередi, ал үштен бiрiн кандидатқа немесе саяси партияға тиiстi сайлау комиссиясына мәлiмет бере отырып қайтарады, ал сайлау комиссиясы есептi қабылдағандығы туралы шешiм алып, бұл жөнiнде тиісті аумақтық әділет органдарын жетi күн мерзiм iшiнде хабардар етедi.
      Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдалануы туралы есебін қабылдауы туралы шешімді сайлаудың қорытындылары айқындалғаннан кейін жеті күн мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетіне ұсынады.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .   

      13. Кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның (сайлау блогының) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның  34-бабының  1-8 тармақтарында белгіленген талаптарды және осы Ережені бұзуы - кандидатты, партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға, ал сайлау өткізілгеннен кейін кандидаттың Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттары және әкімі ретінде тіркелуіне дейін тиісті аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 109/133   қаулысымен , ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .

                          Қазақстан Республикасы Президентін,
                        Парламент, мәслихаттар депутаттарын және
                                әкімдерді сайлау кезінде
                         сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың
                        және оны пайдалану туралы есеп берудің
                                      Ережесіне
                                     N 1 Қосымша                  

   Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау
комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 109/133   қаулысымен , ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .

         Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент,
     мәслихаттар депутаттарына және әкіміне кандидаттар
     мен саяси партиялардың сайлау қорларына қаражаттың
                      түсуі туралы
                        Анықтама      

    1. Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарына және әкіміне кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты немесе саяси партиялардың толық атауы, қай банкі мекемесінде шот ашылған.
    2. Сайлау қорының 200__ жылғы ________________ жағдай бойынша 
жалпы сомасы _______________ теңге.

                 (анықтаманы толтырудың үлгісі)
--------------------------------------------------------------------
Қаражаттың ! Сомасы   !  Қаражат қайдан түсті ! Қаражаттың банкке
түскен күні!(теңгемен)!                       !түскендігін растайтын
           !          !                       ! құжаттар
--------------------------------------------------------------------
10.11       500       Президенттікке,            Кіріс ордері_____
                      Парламент, мәслихаттар     
                      депутаттарына және әкіміне
                      кандидаттың жеке қаражаты  N_________________
                     (Тегі, аты, әкесінің аты,   Төлқұжат деректері
                      тұрған жері)
--------------------------------------------------------------------
20.11       1000      Кандидатты ұсынған саяси   Төлем қағазы____
                      партия                     N_______________
                      (орналасқан жері)          қоғамдық бірлестік
                                                 шотының
                                                 N ________________
                                                Банктің орналасқан
                                                жері
--------------------------------------------------------------------
27.11       100      Азаматтардың ерікті        Жарнаны салт ақшамен
                    қайырмалдықтары (Тегі,     төлегендігі туралы 
                    аты, әкесінің аты,төлқұжат өтініш, кіріс ордері
                    деректері, тұратын жері)   N ________________
--------------------------------------------------------------------
28.11       1000000  Ұйымның атауы (орналасқан  Төлем қағазы _____
                    жері)                      N ________________
                                               ұйымның шот N ____
                                               Банктің орналасқан 
                                               жері
--------------------------------------------------------------------
29.11       100000   Саяси партиялардың жеке    Төлем қағазы _____
                    қаражаттары                N ________________
                                               Саяси партияның
                                              (сайлау блогының) шот
                                               N ________________
                                               Банктің орналасқан
                                               жері
--------------------------------------------------------------------
      Ескертпе : Банкі мекемесі тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.

    Банкі мекемесінің директоры:         (Тегі, аты, әкесінің аты)
    Бас бухгалтер:                       (Тегі, аты, әкесінің аты)

                           Қазақстан Республикасы Президентін,
                        Парламент, мәслихаттар депутаттарын және
                                әкімдерді сайлау кезінде
                         сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың
                        және оны пайдалану туралы есеп берудің
                                      Ережесіне                                                          N 2 Қосымша                 

   Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 109/133   қаулысымен , ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .

      Жарналардың шекті мөлшерден асып кеткен, кандидаттың
      өз кандидатурасын алып тастаған, партиялық тізім
   қайтарылып алынған немесе кандидатты, партиялық тізімді
    ұсыну не тіркеу туралы шешімнің күші жойылған кезде
                   қаражатты қайтару туралы
                            Анықтама  

   1. Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарына және әкіміне кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, қай банкі мекемесінде шот ашылған.

              (анықтама толтырудың үлгісі)
-------------------------------------------------------------------
Қаражаттың ! Қаражат қайдан түсті ! Қаражаттың банкке!Қаражаттың
түскен күні!                      !түскендігін растай!қайтарылған 
және сомасы!                      !тын құжат         !күні және
(теңгемен) !                      !                  !олардың қайта
           !                      !                  !рылғандығын
           !                      !                  !растайтын 
           !                      !                  !құжат     
--------------------------------------------------------------------
28.11     Ерікті қайырымдылық (Тегі, Кіріс ордері____ ____________
300000    аты, әкесінің аты, тұрған   200 ___ ж.       жері)      
                                    Төлқұжат деректері
--------------------------------------------------------------------
28.11     Республика ұйымы (атауы,   Төлем қағазы_____ ____________
300000    орналасқан жері)           N _______________
                                    шот N __________,
                                    Банктің атауы және
                                    орналасқан жері
--------------------------------------------------------------------
29.11     саяси партия                Төлем қағазы _____ ___________
200000    (орналасқан жері)           N ________________
                                     Банктің атауы және
                                     орналасқан жері
--------------------------------------------------------------------
21.11     Саяси партиялардың жеке     Төлем қағазы _____ ___________
         қаражаттары                 N ________________
                                     Банктің атауы және
                                     орналасқан жері
--------------------------------------------------------------------
    Ескертпе: Банкі мекемесі тиісті сайлау комиссиясына қосылған
ақша қаражатының дереу қайтарылуына қарай береді.

    Банкі мекемесінің директоры:      (Тегі, аты, әкесінің аты)
    Бас бухгалтер:                    (Тегі, аты, әкесінің аты)

                          Қазақстан Республикасы Президентін,
                        Парламент, мәслихаттар депутаттарын және
                                әкімдерді сайлау кезінде
                         сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың
                        және оны пайдалану туралы есеп берудің
                                      Ережесіне
                                     N 3 Қосымша                 

       Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау 
комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 109/133   қаулысымен , ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент,
      мәслихаттар депутаттарына және әкіміне кандидаттың
     және саяси партияның (сайлау блогының) сайлау қоры
                 қаражатының жұмсалуы туралы
                         Анықтама  

    1. Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарына және әкіміне кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, саяси партияның (сайлау блогының) толық атауы, қай банкі мекемесінде шот ашылған. 
    2. Сайлау қорының 200 ___ жылғы ______________ қалдығы
________ теңге.
-------------------------------------------------------------------
Күні!Сомасы (теңге)!Қаражат жұмсалған іс- !Қаражаттың жұмсалғандығын
   !              !шаралар               !растайтын құжаттар (Төлем
   !              !                      !қағазының немесе чектің
   !              !                      !берілген күні мен нөмірі)
--------------------------------------------------------------------
     Ескертпе : Банкі мекемесі тиісті сайлау комиссиясына апта сайын,
ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың
ішінде береді.

    Банкі мекемесінің директоры:         (Тегі, аты,әкесінің аты)
    Бас бухгалтер:                       (Тегі, аты, әкесінің аты)

                          Қазақстан Республикасы Президентін,
                        Парламент, мәслихаттар депутаттарын және
                                әкімдерді сайлау кезінде
                         сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың
                        және оны пайдалану туралы есеп берудің
                                      Ережесіне
                                     N 4 Қосымша

       Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау
комиссиясы Төрайымының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 109/133   қаулысымен , ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005.08.02. N 8|16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)  қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент,
    мәслихаттар депутаттарына және әкіміне кандидаттың,
          саяси партиялардың сайлау қорытындылары
       анықталғаннан кейінгі сайлау қоры қаражатының
                 жұмсалуы туралы есебі 

     1. Қорға түскен ақша қаражатының көздері:
   (анықтама қаражаттың түскендігін растайтын құжаттармен бірге беріледі).
    2. Сайлау алдындағы үгіт мақсатында жасалған шығындар:
    (анықтама қаражаттың түскендігін растайтын құжаттармен бірге беріледі).
    3. Сайлау қоры қаражатының 200 __ жылғы _____ қалдығы _______ теңге.
    4. Қалдықтың үштен екісі ________ теңге мөлшерінде республикалық бюджетке аударылды. (Төлем құжатының N мен күні).
    5. Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкіміне кандидатқа, саяси партияға қалдықтың үштен бірі ____ теңге мөлшерінде қайтарылады. (Төлем құжатының N мен күні).
    Ескертпе: Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкіміне кандидат, саяси партия Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі бес күннен кешіктірмей банк растаған жеке шоттың көшірмесімен бірге ұсынады.

    Есепті растап қол қоюшылар:

    Банкі мекемесінің директоры:     (Тегі, аты, әкесінің аты)
              М.О.

    Президенттікке, Парламент,
    мәслихаттар депутаттары
    және әкімі:                      (Тегі, аты, әкесінің аты)
              М.О.     

    Партия (сайлау блогының)
    жетекшісі немесе партияның 
    (сайлау блогының)
    ұжымдық органымен өкілеттік
    берілген адам:                   (Тегі, аты, әкесінің аты)

    Орталық сайлау комиссиясының
    төрайымы:
    М.О.                             (Тегі, аты, әкесінің аты)