Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 12 және 34-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде N 870 болып тіркелген) 1999 жылғы 7 тамыздағы N 19/222
қаулысына
мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің, көрсетілген қаулымен бекітілген, Ережесінде:
1) 2 тармақтың 7) тармақшасындағы "мен бастамашыл топ мүшелерінің" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 8 тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Банктер тиісті сайлау комиссиясына арнаулы уақытша шотқа келіп түскен қаражат және олардың жұмсалуы туралы апта сайын есеп береді. Тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша сол мәліметтер жиырма төрт сағаттың ішінде беріледі.";
3) 9 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қайтадан дауыс беру өткізілген кезде өздеріне қатысты қайтадан дауыс беру өткізілетін кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржы операциялары қайтадан дауыс беру тағайындалған күні қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгі сағат он сегізде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңмен белгіленген шектен аспауға тиіс".";
4) 13 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "13. Кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның
34-бабының
1 - 8 тармақтарында белгіленген талаптарды және осы Ережені бұзуы - кандидатты, партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға, ал сайлау өткізілгеннен кейін кандидаттың Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркелуіне дейін тиісті аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.";
5) N 1 қосымшада:
1 тармақта "Қазақстан Халықтық Банкінің қай филиалында" деген сөздер "қай банкі мекемесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тармақта:
"199" деген сандар "200" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген тармақтың "(анықтаманы толтырудың үлгісі)" кестесінде:
"Қаражат қайдан түсті" бағанының екінші жолында "республикалық қоғамдық бірлестік" деген сөздер "саяси партия" деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын: "Ескертпе: Банкі мекемесі тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді";
"Банк филиалының директоры:" деген сөздер "Банкі мекемесінің директоры:" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) N 2 қосымшада:
1 тармақта "Қазақстан Халықтық Банкінің қай филиалында" деген сөздер "қай банкі мекемесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген тармақтың "(анықтаманы толтырудың үлгісі)" кестесінде:
"Қаражаттың банкке түскендігін растайтын құжат" бағанының бірінші жолында "199" деген сандар "200" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қаражат қайдан түсті" бағанының екінші жолында "республикалық қоғамдық бірлестік" деген сөздер "саяси партия" деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын: "Ескертпе: Банкі мекемесі тиісті сайлау комиссиясына қосылған ақша қаражатының дереу қайтарылуына қарай береді";
"Банк филиалының директоры:" деген сөздер "Банкі мекемесінің директоры:" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) N 3 қосымшада:
1 тармақта "Қазақстан Халықтық Банкінің қай филиалында" деген сөздер "қай банкі мекемесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тармақта "199" деген сандар "200" деген сандармен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын: "Ескертпе: Банкі мекемесі тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді";
"Банк филиалының директоры:" деген сөздер "Банкі мекемесінің директоры:" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) N 4 қосымшада:
3 тармақта "199" деген сандар "200" деген сандармен ауыстырылсын;
"Банк филиалының директоры:" деген сөздер "Банкі мекемесінің директоры:" деген сөздермен ауыстырылсын.