Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 28.08.2018 № 13/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 12-бабының 1) тармақшасына және 34-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 09.12.2014 № 23-251 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 28.08.2018 № 13/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын құрудың, жұмсаудың, есептеудiң және есеп берудің Тәртiбiн бекiту туралы" 1995 жылғы 12 қазандағы № 13, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 8 мамырда тiркелген, тiркелу № 304 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнің депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын құрудың, жұмсаудың, есептеудiң және есеп берудiң Тәртiбiнiң" 5-тармағын өзгерту туралы" Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы 12 қазандағы № 13, 1996 жылғы 26 маусымдағы № 55 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 8 мамырда тiркелген, тiркелу № 304 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрайымы |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысымен бекітілген |
Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 28.08.2018 № 13/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 34-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және Президенттікке, Парламент Сенатының депутаттығына, партиялық тізімдер бойынша ұсынылған Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау тәртібін реттейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Кандидаттардың сайлау қорын құрайтын ақшалай қаражат (ақша) банк мекемелерінде (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банк) ашылатын арнаулы уақытша шотта жинақталады. Арнаулы уақытша шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi.
3. Арнаулы уақытша шот (бұдан әрі - арнаулы шот) - бұл "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңмен (бұдан әрі - Конституциялық заң) айқындалған мақсаттар үшін банктік шот шарты негізінде екінші деңгейдегі банкте ашылатын ағымдағы шот.
2-тарау. Арнаулы уақытша шотты ашу тәртібі
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы шоттары ашылатын және жүргізілетін Республиканың барлық өңірлерінде филиалдары бар екінші деңгейдегі банктерді айқындайды.
5. Ортсайлауком арнаулы шотты ашуға және жүргізуге банктік шот шартын жасайды және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына жазбаша хабарлама жібереді.
Банктік шоттың шарты Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 10, 14, 22-тармақтарымен айқындалған мәліметтерді қамтиды.
6. Арнаулы шотты ашу үшін сайлау комиссиялары кандидаттың немесе саяси партияның тіркелгені туралы:
1) Ортсайлауком - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат (кандидаттар), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы;
2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат (кандидаттар) туралы;
3) тиісті аумақтық сайлау комиссиялары - мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы мәліметтерді олар тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банкке немесе оның филиалына береді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он екі мың еседен артық аспайтын кандидаттың өз қаражаты және кандидатқа өзін ұсынған республикалық қоғамдық бірлестік бөлген қаражат;
2) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он бес мың еседен артық аспайтын Республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары құрайды.
8. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгi жалақының екі жүз есе мөлшерiнен аспайтын кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
9. Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезiнде партиялық тізімді ұсынған саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспайтын жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
10. Мәслихат депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімді ұсынған саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен бір мың еседен аспайтын меншікті қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының занамасында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен екі мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
11. Алып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Арнаулы шот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен, өтініштің негізінде екінші деңгейдегі банк пен кандидаттың немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияның арасында банктік шот шарты жасалған кезде ашылады.
Екінші деңгейдегі банкте арнаулы шотты ашу үшін кандидат өтініште мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде);
2) оның туылған күні;
3) жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН) көрсете отырып, кандидаттың жеке басын куәландыратын құжат деректері;
4) кандидаттың тұрғылықты жерінің мекенжайы, оның байланыс деректері және электрондық мекенжайы;
5) арнаулы шотты ашу қажет болып табылатын екінші деңгейдегі банк филиалының атауы;
6) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.
13. Екінші деңгейдегі банкте арнаулы шот ашу үшін саяси партияның басшысы немесе саяси партияның немесе оның филиалының (өкілдігінің) басшы органының шешімімен уәкілеттік берілген адам өтініште мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) саяси партияның толық атауы;
2) саяси партияның арнаулы шотына иелік етуге уәкілетті адамдардың тегі, аты, және әкесінің аты (болған кезде), олардың байланыс деректері мен электрондық мекенжайлары;
3) заңды мекенжайы;
4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетілген мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат және банк деректемелері;
5) арнаулы шотты ашу қажет болатын екінші деңгейдегі банк филиалының атауы;
6) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.
14. Алып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Сайлау қорларының ақшалай қаражатын жұмсау тәртібі
15. Сайлау қорының қаражатына иелік ету құқығы тек Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарға немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияға тиесілi.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өздерiнің сайлау қорлары қаражатынан:
1) тiркелген кез келген бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен кездесулердi, сайлау алдындағы жария пiкiрталастар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткiзуге;
3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға;
4) заңды және жеке тұлғалардың үгiт жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты қызметтерiне ақы төлеуге;
5) Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлау алдындағы үгiтпен байланысты көлiк және iссапар шығындарын жабуға;
6) сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi және жалауларды, жалаушаларды және өзге де белгiлер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындауға арналған шығындарды төлеуге құқылы.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда екінші деңгейдегі банктер сайлау қорына түскен ақшаны оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады.
18. Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы күнтізбелік жетi күн ішінде тиiстi сайлау комиссиясына ақшалай қаражатты қайтарғаны туралы мәлiметтерді бередi.
4-тарау. Сайлау қорларының ақшалай қаражатын пайдалану туралы есеп
19. Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды тиiстi сайлау комиссиялары мен банктер жүзеге асырады. Тиiстi сайлау комиссияларының ұсынуы бойынша бақылауға өзге де мемлекеттік органдар олардың құзыретіне сәйкес тартылуы мүмкiн.
20. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн күнтізбелік бес күннен кешiктiрмей кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия тиiстi сайлау комиссиясына өз сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруі қажет, онда сайлау қорына ақшалай түсiмдер көздерi және жұмсалған барлық шығындар көрсетiледi.
Бұл орайда банк куәландырған арнаулы шотты ашу туралы хабарлама көшiрмесi табыс етiледi.
21. Сайлау қорлары қаражатының мақсатты жұмсалуын Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты депутаттығына кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия қамтамасыз етеді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өзiнің сайлау қорына қаражаттың түсу есебiн, сондай-ақ олардың жұмсалу есебiн жүргiзедi. Есеп түсiмнiң әр түрi бойынша, күнi, теңгедегі сомасы және осы қаражатты аударған нақты жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетiле отырып, жүргiзiледi. Шығыстар тiзiлімiнде: ақшаның шотқа келiп түскен күнi, ақшаның екінші деңгейдегі банкте алынған күні, сомасы, әрбір төлем құжаты бойынша төлемнің мақсаты жазылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.23. Арнаулы шоттарға қаражаттың түскені және оның жұмсалуы туралы есепті айына екі рет бұқаралық ақпарат құралдарында:
Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын партиялық тiзiмдер бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезiнде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары;
мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссиялары жариялайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.24. Арнаулы шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар сайлаудың алдындағы күні сағат он сегізде тоқтатылады.
Кандидаттардың қайта дауыс беруді өткізу кезінде өздеріне қатысты қайта дауыс беру өткiзiлетiн арнаулы шоттар бойынша қаржы операцияларын қайта дауыс беру күні тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған күннен бастап түскен ақшаның жалпы сомасы Конституциялық заңмен белгiленген шектерден acа алмайды.
25. Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражатының үштен екiсiн республикалық бюджетке жiбередi, ал үштен бiрiн кандидатқа немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияға қайтарады. Ол туралы мәлiметтер Ортсайлаукомға немесе есептi қабылдау туралы шешiм қабылдайтын тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылады.
26. Есептер Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттармен қоса беріледi.
27. Кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның Конституциялық заңның 34-бабы 1-8-тармақтарында белгіленген тәртіпті, сондай-ақ Қағидаларды бұзуы - кандидатты, партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға, ал сайлау өткізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент депутаттығына, мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелгеніне дейін тиісті аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Сайлау қорларына қаражаттың түскені туралы есеп
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партиялардың толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. 20___жылғы ______ жағдай бойынша сайлау қорының жалпы сомасы _____ теңге.
Р/с | Түскен күні | Сомасы (теңгемен) | Түсім көзі | Түскенін растайтын құжаттар | Төлем мақсаты |
Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
Төлем мақсаты - әрбір төлем құжаты бойынша сипаттама.
Қолдар:
Екінші деңгейдегі банк басшысы: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Жарналар белгіленген шекті мөлшерлерден асып кеткен, кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, партиялық тізім қайтарылып алынған немесе кандидатты, партиялық тізімді ұсыну немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда қаражатты қайтару туралы есеп
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партияның толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Р/с | Түскен күні және сомасы (теңгемен) | Түсім көзі | Төлем мақсаты | Қаражаттың банкке түскенін растайтын құжат | Қаражаттың қайтарылған күні және олардың қайтарылғанын растайтын құжат |
Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы тиісті сайлау комиссиясына енгізілген ақшалай қаражаттың дереу қайтарылу шамасына қарай береді.
Төлем мақсаты - әрбір төлем құжаты бойынша сипаттама.
Екінші деңгейдегі банк басшысы: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Сайлау қоры қаражатының жұмсалуы туралы есеп
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партияның толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. 20____ жылғы ______ жағдай бойынша сайлау қорының қалдығы ____ теңге.
Р/с | Күні | Сомасы (теңгемен) | Төлем мақсаты | Қаражат жұмсалған іс-шаралар | Қаражаттың жұмсалғандығын растайтын құжаттар (төлем құжатының нөмірі мен күні) |
Ескертпе: екінші деңгейдегі банк тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұратуы бойынша жиырма төрт сағаттың ішінде береді.
Төлем мақсаты - әрбір төлем құжаты бойынша сипаттама.
Екінші деңгейдегі банк басшысы: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың, саяси партиялардың сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы есебі
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қорға түскен ақшалай түсімдердің көздері: (есептер қаражаттың түскендігін растайтын құжаттармен қоса беріледі).
2. Сайлау алдындағы үгіт мақсатында жасалған шығындар: (есептер қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттармен қоса беріледі).
3. Сайлау қоры қаражатының қалдығы 20___ жылғы ______ жағдай бойынша -________ теңге.
4. Қалдықтың үштен екісі ________ теңге сомасында республикалық бюджетке аударылды (төлем құжатының күні мен №).
5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатқа, саяси партияға қалдықтың үштен бірі ____ теңге сомасында қайтарылды (төлем құжатының күні мен №).
Ескертпе: Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттар, саяси партиялар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі бес күннен кешіктірмей, екінші деңгейдегі банк растаған арнаулы шоттың көшірмесімен бірге ұсынады.
Есеп расталды:
Екінші деңгейдегі банк басшысының қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.
Партия басшысының немесе партияның ұжымдық органы уәкілеттік берген адамның қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.